- •Екінші блок - Практика Емтихан билеттері
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстан табиғаты
- •Астанаға сапар
- •Су астындағы қонақүйлер
- •«Байқоңыр» ғарыш айлағы
- •Адамның табиғатты тануы
- •Адам мен табиғат
- •Телефонның шығу тарихы
- •Ағайын-туыс
- •Ұлттық киімдер
- •Құтты болсын!
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Кәсіпкерлік
- •Бауыржан Момышұлы
- •Назарбаев университеті
- •Мамандығым – мәртебем
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Ұлттық тәрбие
- •Өнер түрлері
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Отбасы және дәстүр
- •Достықтың алтын көпірі
- •Тыңдалымға арналған мәтіндер
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Экологиялық мәдениет
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Қазақ ғарышкерлері
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Спорт жетістіктері
- •Денсаулық – зор байлық
- •Бисердің шығу тарихы
- •Сән және стиль түрлері
- •Тарихи тұлға
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу –махаббат символы
- •Сыйластық
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
Бейжіңдегі мемлекеттік мұнай университетінде оқып жатқан отандасымыз Аслан Жанұзақов «Жыл студенті» атанды.
Қытайда мұндай атақ оқу үлгерімі бойынша жоғары көрсеткішке жеткен, қоғамдық және спорттық шараларға белсене қатысқан және үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаған білімгерлерге беріледі. Жерлесіміз Аслан Жанұзақов қазір ғылыми диссертациялық жұмысын жазуда. Ол келер жылы магистратураны аяқтаған соң, Қазақстанға оралып, инновациялық жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Аслан Жанұзақов Қытайдың белді оқу орнында 7 жылдан бері білім алуда. Мұнай компаниясының бөлген грантын жеңіп алған Ақтөбелік түлек, 2007 жылы Бейжің мемлекеттік мұнай университетіне қабылданды. 5 жыл бойы үздік оқыған Аслан Қытай Білім министрлігінің оқу грантын иеленіп, білімін магистратурада жалғастыруына мүмкіндік алды. Қазір ол түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарына атсалысып, инновациялық технологияларды терең меңгеруде. Асланның ғылыми жетекшісі Хан Гуоцин қазақстандық студентке үлкен үміт артып отыр.
Жастар – еліміздің болашағы. Қазіргі жас ұрпақ өкілдері заманның қорғаушы күші – шын мәнінде жастар екенін түсінді. Сондықтан жастарды білікті маман, озық ойлы азамат етіп тәрбиелеу керек. Барлық нәрсенің іргетасы – білім болуы тиіс.
№11 мәтін
Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
Адам екі нәрсені таңдауда жаңылыспауы керек. Соның алғашқысы – мамандық таңдау екен. Өйткені мамандық әрбірімізге өмір бойы азық болады. Кәсіп адам жанына тұрмыстық, рухани тұрғыда жайлылық береді. Қазақстан мұнайлы өлке болғандықтан, еліміздегі ең таңдаулы табысы мол мамандық та мұнаймен байланысты. Қазіргі таңда экономикалық мамандықтар ауадай қажет. Елімізде бизнес-консалтингтер де сұранысқа ие. Сондай-ақ заңгер мамандығы да әлі күнге талапкерлер арасында «танымал» мамандықтардың қатарында. Одан кейінгі орында ақпараттық технология және телекоммуникация мамандығы орналасқан. Үздік мамандықтар тізімінің соңына маркетинг, PR саласы орнықты. HR-мамандарының айтуынша, бұл саланың кең етек жаюы елімізде компаниялардың көбеюімен байланысты. Осыдан бір жыл бұрын құрылысшы, банкир мамандықтары сұранысқа ие болса, биыл аталмыш мамандық түрлері үздік мамандықтардың қатарынан көрінбеді. Бұған қоса, әлеуметтік салаға қажетті мамандық түрлері тізіміненде бой көрсетпеді. Елімізде техникалық мамандарға сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар экономика, құрылыс, өндіріс салаларына да заманауи талапқа сай мамандар қажет. Мысалы: болашақта Қазақстан сәулетінің өркендеуіне үлес қосатын мамандарды дайындау қарқынды түрде жүріп жатыр. ХХ ғасырда пайда болған дизайн мамандығының күнделікті тұрмыстық жағдайдағы қажеттілігі күн сайын артып келеді.
№12 мәтін
Іскерлік
Іскерлік – қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы. Мұндай іскер адам барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды ала біледі.
Шағын бизнеспен айналысам деген адам алдымен өз материалдық мүмкіндігін анықтап алуы қажет. Ол өз күш-қуатын, өз іскерлігін, біліктілігін, тіпті денсаулығын объективті түрде бағалауға тиіс. Екіншіден, қолыңыздан не келеді, қандай іспен айналысқыңыз келеді? Сол жұмыс, сол қызмет, сол өнім нарықта сұранысқа ие бола ала ма? Осы мәселені шешпей, бизнеске кірісуге болмайды. Үшіншіден, кәсіпорын құрып, өнім шығара бастағанда, жарнама арқылы өз өнімдеріне тұтынушылардың көңілін аудару қажет.
Қазіргі кезде бірыңғай әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар бар. Іскер әйел басқаратын мекемелер, фирмалар, мемлекеттік органдар да бар. Білімі, іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті мықты басшы әйелдер аз емес. Дегенмен, басшы қызметте отырған әйел адамның бірнеше маңызды сипаттары болуы керек. Өз басқаруындағы ұжым мүшелерінің мінез-құлқын, іскерлік қабілетін, көңіл күйін сезімталдықпен байқау керек. Басшы әйел адамдарды ұжымдастырып, істі ілгері жүргізе алады. Басшы әйел ең алдымен психолог, содан кейін ұйымдастырушы болуы тиіс.
№13 мәтін
