- •Екінші блок - Практика Емтихан билеттері
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстан табиғаты
- •Астанаға сапар
- •Су астындағы қонақүйлер
- •«Байқоңыр» ғарыш айлағы
- •Адамның табиғатты тануы
- •Адам мен табиғат
- •Телефонның шығу тарихы
- •Ағайын-туыс
- •Ұлттық киімдер
- •Құтты болсын!
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Кәсіпкерлік
- •Бауыржан Момышұлы
- •Назарбаев университеті
- •Мамандығым – мәртебем
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Ұлттық тәрбие
- •Өнер түрлері
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Отбасы және дәстүр
- •Достықтың алтын көпірі
- •Тыңдалымға арналған мәтіндер
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Экологиялық мәдениет
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Қазақ ғарышкерлері
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Спорт жетістіктері
- •Денсаулық – зор байлық
- •Бисердің шығу тарихы
- •Сән және стиль түрлері
- •Тарихи тұлға
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу –махаббат символы
- •Сыйластық
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
Мемлекеттік рәміздер тарихынан
Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. Рәміздер сол елдің мәдениеті мен дәстүрінен хабар береді. Біздің еліміздің рәміздері қазақ халқының танымымен ұштасып жатыр. 1992 жылы 4 маусымда ресми рәміздеріміз туралы заң қабылданды. Оларды егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті. Біздің мемлекетіміздің рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олардың әрқайсының мәні, өз орны, тарихы бар.
Мемлекеттік Ту Республика Президенті сарайына, Парламент, үкіметтің, министрліктердің ғимараттарына ілінеді. Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің ғимараттарына тұрақты орнатылады. Бұлардан басқа ту ұлттық мерекелер кезінде көтеріледі. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Қазақстан спортшылары қатысқан олимпиадаларда жеңімпаздарымыз туымызды аспанда желбіретіп жүр.
Мемлекеттік Елтаңба мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға салынады. Қазақстан Республикасының азаматы екендігін айқындайтын төлқұжатта да елтаңба бар. Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлихан.
Мемлекеттік Әнұранды салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде орындайды. Қазақстан Республикасының Әнұраны көпшілік алдында орындалған кезде, қатысушылар әнұранды тұрып тыңдайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам Қазақстан Республикасының Туын, Әнұранын және Елтаңбасын құрмет тұтуға міндетті.
№8 мәтін
Ұлттық валюта – теңге
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютаны енгізу туралы шешім 1992 жылдан басталды. Теңгені жасау мен енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өзі қабылдады. Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді.
Төл теңгемізді дүниеге әкелуде еңбек сіңірген төрт суретші болды. Сол төрттіктің қатарында сәулетші, суретші, дизайнер Хайрулла Ғабжалилов және Тимур Сулейменов болған. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Теңгеде он төрт түрлі қорғаныс жүйесі бар. Әлемде «Ақшаның сапасы» деген байқау өткізіледі. Осы бәйгеде Қазақстан теңгесі ең үздік жұмыс ретінде аса жоғары бағаланды.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
№9 мәтін
Қазақ ғарышкерлері
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, авиация институтын бітірген. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғарышта өтеген мерзімі – 7 күн 22 сағат 13 минут. Тоқтар Әубәкіров – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.
Талғат Мұсабаев 1951 жылы қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 жылы Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер. 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда 208 күн ғарышта өткізген.
Айдын Айымбетов 1972 жылы Талдықорған облысының Талдықорған ауданында дүниеге келген. Еліміздің үшінші ғарышкері 2015 жылдың 2 қыркүйегінде СОЮЗ ТМА 18М ғарыш кемесімен Астана уақыты бойынша 10 сағат 37 минутта ұшты. Айдын Айымбетов ғарышта оншақты ғылыми эксперимент жүргізді. Қазақ халқы ғарышкерлерді мақтан тұтады.
№10 мәтін
