Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать

Тыңдалымға арналған мәтіндер

1 мәтін

Ұшқыш

Менің аты-жөнім – Тоты Әмірова. Мен бала кезден ұшқыш болуды армандадым. Әрине қыз балаға ұшқыш болу қиын боп көрінген. Бірақ үнемі дайындық пен білімнің арқасында мен өз арманыма жеттім. Мен Оксфорд авиация академиясын бітірдім. Қазақстанда ұшқыштарды жоғары дәрежеде тексеретін мамандар жоқ. Сондықтан Лондонға баруға тура келді. Сонда медициналық тексеруден өтіп, емтихан тапсырдым. Кез келген ұшқыш жыл сайын екі мәрте тексеруден өтуі керек. Амстердамдағы инструкторға бір ай бұрын тапсырыс беріп, сынақтан өттім.

Қазақстанда шетелде оқыған, шетелдік лицензиясы бар ұшқыштар аз. Мұндай ұшқыштардың жалақылары өте жоғары болады. Оларды шетелдік компаниялар жиі жұмысқа шақырады. Оксфорд авиация академиясын бітіргеннен кейін маған көптеген елдерден шақыртулар келіп түсті. Бірақ менің осындағы жалақым да жаман емес. Қазір әуе кемесі экипажы командирімін және «Құрмет» ордені иегерімін.

Бізге компаниядағы жағдай ұнамай жатса, шетелге кетуге мүмкіндігіміз бар. Ресейлік компаниялар «Эйр Астананың» кез-келген ұшқышын алуға дайын. Сондықтан, бізге басшылық та жалақымызды көтеріп, шетелдегі іссапар кезінде қолайлы жағдай жасауға тырысады. Мамандығым өзіме ұнайды.

2 мәтін

Шарм Эль Шейх курорты

Әлемнің әр түкпірінде демалыс орындары, курорттар көп. Соның бірі – Каир қаласынан 120 км қашықтықта, Синай түбегінің оңтүстігінде орналасқан Шарм Эль Шейх курорты. Оның атауы араб тілінен аударғанда «патша шығанағы» дегенді білдіреді. Шарм Эль Шейх курорты туристерді тыныш жағажайлық демалыстарымен тартады. Ол жерде Қызыл теңіздің ғажайып су асты дүниесімен танысасыз. Бұл курорт жыл бойы туристерге қызмет көрсетеді. Туристерге, ең бастысы, жоғары қызмет көрсететін қонақүй болуы керек. Шарм Эль Шейх курортының қонақүйлері жанға жайлы, бағасы да жақсы. Наама Бей бухтасының жағалауында туристерге арналған бірінші класстық қонақүйлер мен туристік кешендер салынған. Ол жерде демалу және спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Шарм Эль Шейхты су астында жүзуді ұнататындар жоғары бағалайды. Жиырмаға жуық дайвинг орталықтары су астында жүзушілерге барлық қызмет түрлерін ұсынады. Туристердің көбісі джип-сафариді ұнатады. Ол жерде барлық қауіпсіздік шаралары жасалған. Туристер Синай түбегіндегі Әулие Екатерина монастыріне экскурсияға шығады. Монастырь Синай тауының етегінде орналасқан. Қазіргі таңда Шарм Эль Шейх Египеттің ең көрікті курорттарының бірі болып саналады.

3 мәтін

Қазақстан туризмі

Туризм – кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік-қоғамдық өмірінде ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары мен экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Мемлекетімізде туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп келеді. Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы дамығалы еліміздің азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды.

Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Теледидар жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де теледидар жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысып шықты. Ол достарымен ақылдаса келе биылғы кезекті еңбек демалысында отбасымен туристік сапарға шығуды жөн көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік бағдарламамен танысу керек. Ол өзі тандаған «Саяхатшы» туристік бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға барып келді. Фирма қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті екен. Олар келушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол лезде Ерсінді қызықтырған сауалдарға жауап беріп, еліміздегі демалыс орындар туралы толық мәлімет берді. Туристік фирмалардың жеңілдіктерін пайдалану арқылы табысы орташа адамдар да алыс сапарларға баруына болады.

4 мәтін