- •Екінші блок - Практика Емтихан билеттері
- •Ұлттық байлық
- •Қазақстан табиғаты
- •Астанаға сапар
- •Су астындағы қонақүйлер
- •«Байқоңыр» ғарыш айлағы
- •Адамның табиғатты тануы
- •Адам мен табиғат
- •Телефонның шығу тарихы
- •Ағайын-туыс
- •Ұлттық киімдер
- •Құтты болсын!
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Кәсіпкерлік
- •Бауыржан Момышұлы
- •Назарбаев университеті
- •Мамандығым – мәртебем
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Ұлттық тәрбие
- •Өнер түрлері
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Отбасы және дәстүр
- •Достықтың алтын көпірі
- •Тыңдалымға арналған мәтіндер
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Экологиялық мәдениет
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Қазақ ғарышкерлері
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Телефон және ұялы телефон арқылы байланысу
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Спорт жетістіктері
- •Денсаулық – зор байлық
- •Бисердің шығу тарихы
- •Сән және стиль түрлері
- •Тарихи тұлға
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу –махаббат символы
- •Сыйластық
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
Шынықсаң шымыр боласың
Спортпен айналысу – өте пайдалы. Әр адам спортпен шұғылдануы керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. Мен бокспен шұғылданып жүрмін. Жаттығу үшін спорт залына барамын. Күніне 4-5 сағат жаттығамыз. Жаттықтырушымыз – өте қатал және өз ісіне шебер адам. Жаттығуға кешікпеуімізді талап етеді. Ол бізге қарсыласымызды қалай жеңуді үйретеді. Кей күндері қатты шаршаймын. Бокс спорттың ең ауыр түрі деп ойлаймын. Бірақ, спорттың осы түрін таңдағаныма өкінбеймін. Мүмкін, кейін атақты боксшы болармын. Ол үшін көп тер төгу керек. Ал, әкем футболды өте жақсы көреді. Футбол десе ішкен асын жерге қояды. Ол жас кезінде футбол ойнаған. Оның арманы атақты футболшы болу еді. Бірде жаттығу барысында ол аяғын қатты жарақаттап алады. Сөйтіп, көп жүгіруге жарамай қалады. Қазір футболдың нағыз жанкүйері. Ол әлемдік футбол ойындарын жібермей көреді. Қалтасы көтерсе футбол ойынын өз көзімен көріп қайтады.
2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).
ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.
Қазақстан мерекелері
№25 БИЛЕТ
ТЫҢДАЛЫМ (7мин)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №25 «Асар» (тыңдауға – 2 мин.).
Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).
№ |
|
дұрыс |
бұрыс |
1 |
Ауыр жұмыс атқарылғанда жақындарының көрсеткен көмектері асар деп аталады. |
|
|
2 |
Көмекке келген асаршыларға ақы төленеді. |
|
|
3 |
Үлкендер балаларға жеңіл-желпі жұмыстар беріп, еңбекке баулиды. |
|
|
4 |
Асар туысқандар арасындағы қарым-қатынасты күшейтпейді. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).
СӨЙЛЕСІМ (10 минут)
1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).
Мамандықтың бәрі жақсы
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).
Үлкенге құрмет, кішіге ізет
ОҚЫЛЫМ (9 минут)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).
Махаббатсыз дүние бос...
Адамдар ежелден «махаббат» ұғымымен таныс. Олар жақсы көрді, сүйікті болғысы келді. Бүгінде біз мына сұраққа жауап іздейміз: махаббат дегеніміз не? Махаббаттың нақты, айқын анықтамасы жоқ, себебі әр адам бұл сезімді өзінше түсінеді.
Махаббат – өмірдің негізі. Өмір екі адамның сүйіспеншілігінен басталады. Бірде-бір рет жақсы көрмеген адам өмірді бекер өткізген боп есептеледі.
Адамдардың көбі үшін махаббат – ол арман, үміт. Махаббатты тек адамға емес, дүниедегінің бәріне білдіре аламыз. Махаббат бізді тамаша нәрсе туралы армандауға итермелейді. Жақсы көру арқылы біз ең жақсы нәрселерге ұмтыламыз, жарқын болашақтан үміттенеміз.
Махаббат – адам бойындағы ең бір жұмбақ, ең іңкәр сезім. Ол саған жеткенде өн бойыңды алапат бір күш билеп, тағатсыз күйге түсесің. Кенет бөгде бір жан сенің ең асыл жақыныңа айналады. Онымен жүздесу, оны жаныңда сезіну өміріңнің мәні, тірлігіңнің тірегі болып көрінеді.
«Махаббат – отбасы тірегі» деген сөз дұрыс айтылған деп ойлаймын. Нағыз отбасы махаббаттан басталады. Себебі, отбасы беріктігі және отбасы сыйластығы бір-біріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Махаббат – мәңгіліктің негізі, дүниенің барлығы!
2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин).
ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.
Менің туыстарым
№26 БИЛЕТ
ТЫҢДАЛЫМ (7минут)
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №26 «Үйлену тойы» (тыңдауға – 2 мин.).
Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).
№ |
|
дұрыс |
бұрыс |
1 |
Үй болу үшін үлкен дайындық пен мол қаражат керек. |
|
|
2 |
Қазақ халқында «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақал бар. |
|
|
3 |
Қыз ұзату тойын жігіттің отбасы жасайды. |
|
|
4 |
Келін түсіру тойлары қыздың шаңырағында өткізіледі. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).
СӨЙЛЕСІМ (10 минут)
1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).
Ғашықтар мерекесі
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).
Экологиялық мәдениет
ОҚЫЛЫМ (9 минут)
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).
Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).
