Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать

Отбасылық бюджетті жүргізу

Отбасылық бюджетті жоспарлау – өте маңызды іс. Бұл жоспар арқылы түскен қаржыны дұрыс жұмсауды үйренеміз. Отбасылық бюджет кіріс пен шығыстан тұрады, дегенмен отбасылық бюджетті қалай жүргізу керек? Мысалы, үйлеріңе ата-аналарыңнан тұрақты табыс түсіп тұрады делік. Сонымен қатар, қосымша табыс сыйақы ретінде келеді дейік. Және де өткен айдан қалған қаржы бар деп те есептейік. Осының барлығын қосқан кезде отбасылық бюджет шығады, әйтсе де отбасылық бюджеттің барлық табысын есептеп болғаннан кейін міндетті түрде шығындарды қарастырған жөн. Ақшаның қай бөлігін, қай жерге және қалай жұмсау керектігін анықтау керек.

Шығынды үш түрге бөлуге болады. Яғни, тұрақты шығын, бұл шығынның мөлшері өзгермейді және ол тұрақты түрде жұмсалып тұрады. Тұрақты шығынға азық-түлік, коммуналдық төлемдер, үйге қажетті керек-жарақтар, дәрі-дәрмек, дәрігерге қаралу, туған-туысқанға көмек пен қоғамдық көлікті жатқызуға болады. Сонымен қатар құбылмалы шығыс түрі бар. Ол түрлі нәрселерге байланысты. Құбылмалы шығын немесе шығыс түріне киім-кешек пен ойын-сауықтарды жатқызуға болады және күтпеген жерден пайда болатын шығын түрін де ескерген жөн.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Денсаулық – зор байлық

23 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №23 «Аққу – махаббат символы» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Аққуды көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтемеген.

2

Аққу – сұлулықтың, асқақ ананың, айрылмас жардың символы.

3

Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңемеген.

4

Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин).

Жастар – еліміздің болашығы

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Жас отбасы және дәстүр

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

Халықтық медицина еміне құлақ түрсек…

Халық емшілері ауруға қажетті дәрі- дәрмектерді шөптен, жан- жануарлардан жасаған, тіпті топырақты да пайдаланған. Табиғатта бостан-бос ештеңе жаратылмаған. Мысалы: тарақан – несеп жүргізетін, бүйректі емдейтін қасиеті бар жәндік. Шие мен сары өрік компотын үнемі үздіксіз ішіп жүрсе, жүректің талмасын кетіреді. Көздің көруі нашарлай бастағанда, бір пиязды үккіштен өткізіп, дәл сол көлемдегі балмен араластырып, күніне 2-3 реттен ішу керек.

Қолдың тырнағындағы грибокты емдеу үшін кофені қою қылып шығарыңыз да, тұнбасына саусақтарыңызды салыңыз.

Бас ауырғанда әр тамақтанар алдында 2 ас қасық бал жеген жөн. Бас ауырмаған күнде де 1 ас қасық бал жеген пайдалы. Бас ауруы бал жеген соң жарты сағаттан кейін қояды.

Егер асқазаныңыз үнемі батып ауыратын болса, таңертең ашқарынға 1 дана шикі жұмыртқаны ішіңіз. Үстіне шекер сеуіп буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады.

Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа.

Үккіштен жаңа өткізілген қызылшаның шырынын сығып алып, сонша мөлшерде бал қосып ішсеңіз қан қысымыңыз төмендейді. Асқабақты бұқтырып жеу ағзаны шлактардан тазартады. Абайсызда бір жеріңді күйдіріп алғанда, картоп немесе бал таңып қойған дұрыс.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Асыл ана

24 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №20 «Сыйластық» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Өзін сыйлату үшін, өзін де, өзгені де сыйлай білу керек.

2

Сыйласаң ғана сыйлы болмайсың.

3

Адам өзін сыйлату үшін, өзгеге паңдана қарау керек.

4

Өзiңдi сыйлау дегенiмiз ол – адамның жүрiс тұрысы, жан тазалығы және тән тазалығы.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Өнер – таусылмас азық

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Қазақстандағы мәдени орындары

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).