Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты + аудиотекст 3 ур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.3 Кб
Скачать

Әлем таныған Қазақстан

Бүгінгі таңда Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Қазақстан дипломатиясы дамып келеді. 1992 жылы 2 наурызда мемлектіміз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Әлемнің жүздеген елімен дипломатиялық қатынас орнатылды. Сонымен қатар Қазақстан әлемдік мәселелерді шешуге араласып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), Европадағы қауіпсіздік және ынтымастық жөніндегі ұйым секілді 64 халықаралық ұйымда өкілдігі бар.

Қазақстан Ұлыбритания, Франция, Германия, Америкамен тығыз қарым-қатынас жасауда. Қазақстанның сыртқы саясатында Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл мемлектермен энергетика, сауда және инвестициялар, ғылым мен жаңа техногиялар мәселелері шешіледі.

Елбасымыз ЕҚЫҰ Саммитін тәуелсіз Қазақстанды әлемге паш етудің бірегей мүмкіндігі деп бағалады. Шындығында, Қазақстан – жас мемлекет бола тұра, аз уақыт ішінде дүние жүзіне бірлігі жарасқан берекелі ел ретінде танылды. Бұқаралық ақпарат құралдары Саммитте ұйым­ның негізгі өлшемдері мен қағидаттарын жүзеге асыру барысында қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауды жазды.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Білім күні

19 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №19 мәтін «Сән және стиль түрлері»(тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Сәнді арнайы көркемдеуші адамды «сәнгер» деп атаймыз.

2

«Сән» (мода) – латын сөзі, «өлшем», «әдіс», «іс-әрекет» деген ұғымды білдіреді.

3

Классикалық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер.

4

Фольклорлық стиль (этникалық) – спорттық сипаттағы киімдер.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Ғаламтор – ақпарат көзі

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Достарымның жақсы қасиеттері

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).

Қазақстандық коллекционерлер

Семей қаласының тұрғыны өрт сөндірушілердің каскаларын жинаумен әуестенеді екен. Игорь Ильичев кәсіби құтқарушы боп жұмыс істеген. Оның ерекше коллекция жинаумен айналысқанына ширек ғасыр өткен. Жәдігерлердің ішіндегі ең көне касканы бір ғасыр бұрын Норвегия өрт сөндірушілері пайдаланыпты. Қоладан құйылған. Ирландия, Үндістан, Бразилия мен Португалияның өрт сөндірушілері киген кәсіби каскалар да бар. Бұйымдардың кейбірін өзі сатып алған, кейбірін жолдастары сыйға тартқан көрінеді. Игорьдің көпшіліктен жасырған тың дүниесі де бар. Елімізде арнайы тапсырыспен жасалған әдемі каска.

Пошта маркасын жинаушылардың бірі Қызылжарда тұрады. Николай Анисин пошта маркасын қағаз бетіне түскен тарих деп бағалайды. Өйткені онда әр кезеңнен сыр тартатын сәттер көрсетілген. Қарт коллекционер соғыс уақытында жинаған алғашқы коллекцияны сақтап қала алмаған. Жинақта ТМД елдерінің, Куба, Қытай, Моңғолия, Чехословакия, Германия сияқты мемлекеттердің маркалары бар. Тақырыптары да алуан. Марка жиынтығының негізгі бөлігін Авиацияның даму тарихы мен ғарыш алады. Жалпы, коллекциядағы ең көнесі – 1914 жылы басылған 3 сом 50 тиынның маркасы. Пошта маркасы алғаш рет Англияда басып шығарылды. Ал, тәуелсіз еліміздің өз маркасы 1992 жылы наурыз айында пайда болды. Қазақстандық маркалар Н. Анисиннің коллекциясынан мол орын алған.

2-тапсырма. Мәтіннің бір абзацын аударыңыз (дайындалуға -3 мин., жауап беруге-1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 минут)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз (жазуға -13 мин., тексеруге-1 мин.) - 60 сөз.

Сүйікті мамандық

20 БИЛЕТ

ТЫҢДАЛЫМ (7минут)

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз. №20 «Тарихи тұлға» (тыңдауға – 2 мин.).

Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз (толтыруға 1 мин., жауап беруге-1 мин.).

дұрыс

бұрыс

1

Қандай да бір айбынды әмірші болса да, ол халықпен бірге көтеріліп, халықпен бірге төмендейді деген ойды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтқан.

2

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар жоқ.

3

Тарихи тұлға қаншалықты данышпан болса да, оның барша болмысы қоғамдық өмірмен байланыста болады.

4

Қазақтың шежірелік зердесінде адам – тарихтың негізгі тұлғасы.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге -1 мин.).

СӨЙЛЕСІМ (10 минут)

1-тапсырма. Берілген жағдаят/тақырып бойынша пікірталастырыңыз (дайындалуға-2 мин., жауап беруге-2 мин.).

Сәнді киіну – заман талабы

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгімелеңіз (дайындалуға -5 мин., жауап беруге-1 мин.).

Хобби

ОҚЫЛЫМ (9 минут)

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз (іштей оқуға-1 мин., дауыстап оқуға-2 мин.).

Мәтін бойынша жоспар құрыңыз (дайындалуға -1 мин., жауап беруге-1 мин.).