Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_uanysh_a_1171_ay.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

4.2. Жерге орналастырудың зерттеу тақырыбы, объектісі және қисындық құрылымы

Жерге орналастырудың тақырыбы - экономикалық тұрғыдан тиімді, экология жағынан қолайлы жер санаттарының, жер иеліктері мен жер пайдаланушылық-тардың, өндірістік бөлімшелер мен әкімшілік территориялар-дың, жер алаптары мен эртүрлі шаруашылык алқаптарының -ауыспалы егістіктер мен танаптардың, ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың жеміс-жидек көшеттері кварталдарының, сондай-ақ сызықтық объектілердің (жолдардың, каналдардың жэне т.с.с.) межелері мен аудандарын анықтау және негіздеу заңдылықтары мен әдіс- тәсілдері.

Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашы-лық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтары,жеке жер алаптары мен учаскелері болып табылады.

Жерге орналастырудың қисындық қүрылымына сәйкес, жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтарды құруға немесе реттестіруге қатысты жерге орналастыру жұмыста-рының мазмұны шаруашылықаралық (ШАЖО) және ішкішаруашылық ШЖО) түрлеріне болінеді.

Жерге орналастыру объектісіне орналастыру екі тур тармаққа

қарай шаруашылықаралык жерге ажыратылады.Олардың

біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалану-

шылықтарын кұруға, қайта құруға,реттестіруге және жетілдіруге,

екіншісі-ауылшаруашылық емес мақсаттарға жер бөліп

беру – әр түрлі мемлекеттік, (өнеркәсіптік, құрылыстарды

жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс,ғылым,мәдениет

қоғамдық азаматтық,

жэне жеке шаруашылық муқтаждықтарға энергетикалық, гидротехникалық жэне бас

және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты.

Бұрын ішкішаруашылық жерге орналастырудың екі формасы бөлінетін: жаппай ұжымдау мен совхоздарды ұйымдастырудан кейінгі алгашқы жылдары ішкіколхоздық және ішкісовхоздық формалары болатын. Жерге орналас-тырудың бұл түрінде түр тармақтары белгіленбеді. Кейінірек, колхоздарда еңбек ақысын ақшалай төлеу жүйесі енгізілгенде, МТС-ры жойылып, техника колхоз-дардың қарамағына ауыстырылғанда, ішкіколхоздық және ішкісовхоздық жерге орналастыру формаларыныц ешбір айырмашылығы болмады. Алайда, колхоздарда да, совхоз-дарда да олардың мамандандырылғанына,ұйымдастыру-шаруашылықтық құрылымдарына, жерлерінің реттестірі-луіне байланысты өндірістерінің көлемінде, міндеттерінің мазмұны мен атқару әдістерінде, сондай-ақ ішкішаруашы-лық формаларында да айтарлықтай айырмашылық сақталды. Негізінен ішкішаруашылық тек сол шаруашылықтың ғана мүдделерін қозғайды.

Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер санаттары мен жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен әкімшілік-территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіпорындарға қатысты.

Қазіргі шаруашылыкаралық жерге орналастыру салааралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға багытталған іс-қимылдарды қамтиды. Салааралық жерге орналастыру арқылы жер қорының санаттарға бөлінуі, соңғыларының көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының (осылардың катарында аудандық экімшілік жанындағылары мен оралмандарға арналғандары) құрылуы, елді мекендердің, басқаша айтқанда, ішінде жер иелену-шіліктер мен жер пайдаланушылықтар орналасқан агломерация шептерінің жүргізілуі жүзеге асырылады. Елді мекенніц жер массиві мен межелері әкімшілік-территориялық бірлік иемесе ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Сонымен бірге шаруашылықаралық жерге орналастыруға облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу, тіпті мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі іс-қимылдар жатады. ІІІаруашылықаралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында да жүргізіледі. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік жэне мемлекеттік емес заң тұлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылық-тарын құру немесе қайта құру аркылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылык және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.

Ішкішаруашылық жерге орналастыру ауылшаруашы-лық кәсіпорындарының,серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мэдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялык реттілік жасау.

ІШЖО формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері аркылы орындалуымен себептеледі.

Суарылмайтын егіншілік аймактарында жер учаскелері-нің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін,жердің

сортаңданғандығын жэне баска да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен катар басқа территориялардың да (аридтік және маусымдық жайылымдар) ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару және коллекторлық - дренаждық жүйенің, оның жеке элементерінің орналасуымен, суды пайдалану мэселелерімен тығыз байланысты.

Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алап түрінің шеңберінде жүргізіледі.Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:

- эрозияға қарсы шараларды жобалау;

- культуртехникалық шараларды жүргізу;

- ауылшаруашылык алаптарды жақсарту;

- бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);

- жаңа жерлерді игеру;

- мелиоративтік шараларды жоспарлау.

4.3. Жерге орналастыруда ескерілетін табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлар

Жерге орналастыруда әр түрлі табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды ескеріп отырған әрқашанда қажетті. Бұл - жерге орналастырудың негізгі принциптерінің бірі.

Жерге орналастыру факторларын 3 топқа түйістіріп қарастыруға болады:

1. жердің кеңістік қасиеттер мен экологиялық жағдайлар;

2. климат (жауын- шашын мөлшері, жел белсенділігі мен бағыты және т.б.);

3. әлеуметтік - экономикалық факторлар.

Жердің кеңістік қасиеттері мен ландшафттың экологиялық жағдайларына келесілері жатады:

- топырақтың орналасу сипаты мен күйі;

- бедер;

- гидрография мен гидрогеология, жалпы ландшафттың сипаттамасы;

- табиғи өсімдік жамылғысы.

Климаттық факторлардың арасында жерге орналастыру шешімдеріне әсер ететіндері: жауын-шашын мөлшері және жердің ылғалдану деңгейі, жел бағыты мен белсенділігі және температуралық режим.

Жерге орналастыру объектісі орналасқан аймақта, әсіресе вегетациялық кезенде түсетін жауынашынныц түрі мен мөлшері бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемесін себептейді. Соцңғыларының мазмұны жеткілікті, артық немесе жеткіліксіз ылғалдану аймақтарында, құрғақ далада, шөлейіт немесе шолде әртүрлі. Ал, суармалы аймақтарда жерге орналастыру әдістемесі,тәлімі егіншілік аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгеше.

Желдің күші мен багыты, әсіресе көктем мен жазда жел эрозиясы процестерінің өршуіне, олардың қауіптілігіне тікелей ықпал жасайды. Бүндай процестер көбінесе Қазақстанның жазық далаларына тән. Олар әсіресе жеңіл механикалық құрамды топырақтарда көп тараған. Дефляциялық үрдістердің алдын алу немесе бәсеңдету мақсатымен, желдің зиянды бағыттары ескеріле отырып, егістік және орман жолақтары жобаланады.

Желдің зияндылығы, өзі кезегінде ауа агындарының температуралық режимімен себептеледі. Аса қауіпті аңызак жел температураның жоғары және ауа ылғалдылы-ғының томен көрсеткіштерінде пайда болады. Ол шаң дауылдарының негізгі себепкері. Сондықтан да аймақтың температуралык режимі туралы мәліметтер аса қажетті болып табылады.Вегетациялык кезендегі температура қосындысынан өндірістің мамандандырылғандығы мен салалардың орналасуы тәуелді. Соңғылары ауылшаруашылық алаптарының кұрамы мен орналасуын тікелей себептейді.

Жерге орналастыруда ескерілетін факторлардың ең бастысынын бірі -топырақ қыртысы және оның террито-рияда таралу сипаты.

Топырақтың құнарлылығы, әсіресе экономикалық (тиімділік) құнарлылығы диқан еңбегінің нәтижелігіне, дақылдардың түсімділігіне және мал азығы алаптарының өнімділігіне тікелей әсер етеді.Су мен жел эрозиялары-ның өршуі топырақ құрылымынан, оның экологиялық

төзімділігінен тәуелді. Сондықтан да қазіргі кезде ішкі-

шаруашылық жерге орналастырудың басты бағытының бірі

болып табылатын территорияны эрозияга қарсы бейімдеу

топырақтың түрлерін, физикалық-химиялық және механика-лық қасиеттерін, эрозияға ұшырағандығын, ұшырауға ықтималдығын сипаттайтын нақты материалдарға негізделеді.Сонымен қатар топырақ қыртысының тұзданған және сортаңданған мөлшері, ластанғандығы және басқа жағымсыз құбылыстарға ұшырағаны ескеріліп отырады. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиісті түрде орналастыру, жоғары тиімді ауылшаруашылық өндірісті

ұйымдастыруға, сондай-ақ, агроландшафттың экологиялық

тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, топырактың құнарлылығын

арттыруға және ұдайы өндіруге қолайлы территориялық

жағдайларды жасауды көздейді. Бүндай методологиялық

амал, жердің ауылшаруашылық өндірістің негізгі құралы

ретіндегі басты ерекшелігінен дұрыс пайдаланғанда өндіргіш қасиеттерін (құнарлылығын) жоғалтпай, калпына келіп отыру қабілеттілігінен, туындайды.

Бонитет және құндылық бағалау балымен сипатталатын

топырақ күйін ескеру,бірінші кезекте, жер алаптарының

құрамы белгілеуге,оларды бір-біріне ауыстыруға,жыртылған егістіктер жүйесін (ауыспалы егістердің түрлері мен типтерін таңдау, олардың танаптары мен жұмыс учаскеле-рін, мал азығы алаптарын орналастыру) жобалауға қажет.

Қазіргі нарықтық жағдайда жер жөніндегі әр түрлі келісім-шарттарды жүргізуде, салық салуда, мемлекеттік жер кадастрын жасауда және көптеген басқа да жер қатынаста-рын реттеуге байланысты мәселерді шешкенде, кең

қолданылатын жер учаскелерінің бағалау балын топырақтың күйі себептейді.

Шаруашылық жүргізу жағдайлары мен жердің пайдала-нынуына бедер саналуан ықпал жасайды.

Жер қыртысының топыраққа айналу процесі бедердің әр түрлі элементтерінде (суайрық,суағар, баурайдың басы мен етегі) өзіне тән сипатқа ие болады. Сонымен бірге бедер су эрозиясының басты себебі, топырақтың шайылуы, оның табиғи құнарлылығын жоғалтуы, кордасының азаюы, жыра-жырақалардың пайда болуы бедердің кеңістік қасиеттеріне байланысты.

Баурайлардың әрбір беткейінде (экспозициясында) жеке микроклимат болады. Демек, тәулік пен жылдың мезгілігіне қарай ерекше температуралык және ылғалдық режим қалыптасып отырады. Осыған байланысты ауылшаруашылық алаптары мен дақылдардың, әсіресе жеміс-жидектердің орналасуы белгіленеді.

Ғимараттар мен құрылыстарды, жол мен ирригациялық жүйелерді және баска да объектілерді салу бедердің сипатынан айтарлықтай тәуелді.

Бедер машина-тракторлык агрегаттардың да тиімділігіне әсер етеді. Құламалы баурайларда олардың өнімділігі күрт төмендейді.Өрге карай тракторға қосымша тарту күші қажет. Осы жағдайды танаптар мен жұмысшы учаскелерін жобала-ғанда әрқашанда ескеріп отырған жөн.

Макро-, мезо- және микробедер сан алуан жағдайлармен сипатталатын және әр түрлі көлемді агроландшафттарды құрайды.Жерге орналастыру шешімдерін қабылдау барысында олардың ерекшеліктерін ескеру мақсатымен түрлі-түрлі амалдарды іздестіру керек. Бұл шешімдердің дәлелді болуы үшін жер бедері көрсетілген план-картографиялық материалдар міндетті түрде қолданылуы қажет.

Ландшафттар, сонымен бірге агроландшафттар гидрографиялык тармақты да қамтиды. Өзі кезегінде соңғысы (өзен-өзек, көл-тоган, сай-жыра жүйесі) ландшафттың жалпы сипатын себептейді.Ландшафттарды айтарлықтай өзгертіп отыратын жерге орналастыру шешім-дері өте жоғары дәрежеде территорияның гидрографиялық тармақпен кескіленуінен тәуелді.

Бір қатар жағдайларда жерге орналастыру міндеттері-нің орындалуы гидрогеологиялық жағдайлармен байланысты.Соңгыларына су көздерінің дебиті, жер асты және артезиан суларының орналасу тереңдігі жатады. Бұл жағдайлар елді мекендер мен ауылшаруашылық өндірісін сумен камсыздандыру мүмкіншіліктерін және орналасуын себептейді.

Адам тіршілігіне байланысты ландшафттардағы түбегейлі өзгерістерге қарамастан, онда әлі де біраз табиғи өсімдіктер кездеседі. Жерге орналастыру шешімдерін қабылдағанда аса маңызды табиғи шөп жамылғысы, оның түрлері мен улы арам шөптермен басылуы назардан тыс қалмағаны жөн. Мал азығы алаптарының культуртехникалық күйін, олардың территориясында батпақ, төмпешіктер, тас және басқа, сапа-сына теріс әсер ететін заттардың бар болуын сипаттайтын мағлұматтар қажет.

Сонымен бірге территорияны реттестіргенде шөп жамылғысы мен табиғи алаптарының сапалық сипаттамасы, мал азыктығы ескерілуге тиісті. Осыған байланысты план-картографиялық материалдардың құрамында жалпы ситуация мен жер бедері бейнеленген жер пайдаланушы-лықтың геодезиялық планы жэне топырақ картасымен қатар геоботаникалык карта да енеді.Ал аса күрделі жағдайларда өсімдіктер түрлері және баска да сипаттамаларды қамтыған картограммалар қолданылады.

Жоғарыда аталған жердің негізгі кецістік қасиеттерінен туынды болып, жер алаптарының орналасуы мен құрылымы, кескін үйлесімдігі мен бытыраңқылығы, жер учаскелерінің (ауыспалы егістер мен олардың танаптарының, ауыспалы жайылымдар мен ауыспалы шабындықтар танаптарының, жұмыс учаскелерінің) орналасу ерекшеліктері мен межелері жэне т.б. табылады.

Жерге орналастыру, қоғамдық өндірістің құрамды бөлігі ретінде, эрқашанда нақты экономикалық жағдайларда жүргізіледі. Ол бірінші кезекте сол кездегі өндіріс әдісіне тән объективтік экономикалық заңдар мен өндіргіш күштерінің және өндірістік қатынастарының арасындағы белгілі бір байланыстармен себептеледі. Сондықтан жерге орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге асару максатымен, басқаша айтқанда, жоғары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке барынша тез жету үшін, осы заңдарды жан-жақты ескеру кажет. Шаруашылықаралық жерге орналастыруды жүргізгенде оларға қатысты объектілердің макроэкономика-лық күйін, салалар мен шаруашылықтардың мүдделерін, сонымен қатар нақты экономикалық жағдайларын зерттеу қажет.

Әлеуметтік-экономикалық факторларға жерге орналастыру объектісінің қаржы-шаруашылық іс- әрекеттері-нің көрсеткіштері, елді мекендерінің (шаруашылық орталықтарының, тұрақты және уақытша қоныстарының) саны мен орналасуы, жабдықталғандығы, су, энергия және керекті қорлармен қамтамасыз етілгендігі, негізгі а.ш. дақылдарының соңғы 5 жыл ішіндегі орташа түсімділігі,өнімінің өзіндік құны және т.с.с.жатады. Тө-менде осы факторлардың эрбірі нақты түрде қаралып өтеді. Экономикалық факторлардың қатарына, негізінен ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыруда ескері-летіндеріне, келесілері жатады:

- ауылшаруашылық кәсіпорындары мен бірлестіктердің шаруа-шылық жүргізу жүйесі және экономикалық нэтижелері, сала-ларының көлемі мен құрылымы, егіншілік жүйелері мен егістік аудандары, өндірістік жэне қаржы көрсеткіштері (егіншілік және мал шаруашылығы бойынша), а.ш. дақылдарының түсімді-лігі мен алаптарының өнімділігі,

жалпы өнімі мен табысы, кі-рістері мен өндірістің рентабель-ділігі;

- серіктестіктер мен кооперативтердің, шаруа қожалықтары мен басқа да агроқұрылымдардың мамандандырылғандығы, шаруашылықаралық және интеграциялық байланыстары, нарықтық инфракұрылымдары мен өнім тапсыру және жабдықталу пунктерінің орналасуы;

-шаруашылықтардың ұйымдастыру-өндірістік құрылымы, еңбектің ұйымдастырылу деңгейі;

- кәсіпорындардың еңбек ресурстарымен,а.ш. техникасымен, өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы және еңбек-тің энергиямен қаруландырылғандығы;

- шаруашылықтардың ақшалай қорлары, алынған несиелері, күрделі қаржы жұмсау және несие беру мүмкіндіктері.

- жер алаптарының құрамы мен аудандары, оларды әр түрлі мақсаттарға игеру мүмкіншіліктері;

Шаруашылықтың іс жүзіндегі жер алаптарының қүрамы мен аудандары оның өндірістік бағытын, мамандандырыл-ғандығын жэне салаларының үйлесімін себептейді. Мысалы, жыртылған жердің үлес салмағы жоғары болса - астық өндіруге, табиғи жайылымдардың молшылығы - қой шаруашылығын жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Айтарлықтай кең ауданды шабындықтары мен жайылым-дары бар шаруашылықтарда басты назар осылардың өнімділігін арттыру, территорияларын реттестіру мәселелеріне аударылады.Керісінше,мал азығы алаптары шамалы кәсіпорындар мал азығын өндіру жыртылған жерге ауыстырылып, көк азық конвейері ұйымдастырылады, арнайы мал азығы ауыспалы егістері енгізіліп, осы мақсатпен жұмысшы учаскелері мен суармалы жайылымдар жобаланады. Осымен қатар трансформацияға жарамды учаскелер белгіленіп, шаруашылықтың мелиоративтік қоры жасалады.

Құндылық бағалауға қатысты материалдар шаруашылықтың қарамағындағы жерлердің экономикалық құнарлылығын сипаттайды. Бұнда табиғи құнарлылықпен бірге жердің елді

мекендерден шалғайлығы, эрозияның ершіп кету қауіптілігі, жер массивтерінің технологиялык қасиеттері, конфигурациялары, көлемдері және бедері ескеріледі.

Жерге орналастыруда экономикалық жағдайлар екі әдіспен ескеріледі: біріншісі,территорияны өндірістің мұқтаждықтарына қарай бейімдеу арқылы, екіншісі, өндірісті территорияның реттілігі мен қасиеттерін ескере отырып өзгерту. Бірінші жағдайда өндірістің салалық құрамына сәйкес алаптардың аудандары мен құрамы қалыптастырылады, еңбек пен көлік шығындарын мол талап ететін дақылдардың егістіктерін шаруашылық орталықтарына, мал фермаларына барынша жақындату мүмкіншіліктері және жер массивтерінің пішін кескіндіктерін жақсарту, алаптардың ұсақ контурлылығы мен ыдыраңқылығын жою қажеттілігі қарастырылады. Екінші жағдайда шаруашылықтың өндіріс-тік бағыты, маманданды-рылғандыгы, мал фермалары мен бөлімшелерінің орналасуы, ауыспалы егістіктері мен а.ш. дақылдарды өсіру технологиялары топырақтардың құнарлылығы мен таралуына, эрозиялангандыгына және жердің басқа да кеңістік ерекшеліктеріне қарай анықталады. Шаруашылық орналасқан аймақтың топырақ - климаттық жағдайлары алаптардың құрамы мен арақатынастарын себептейді, ал соңғысы шаруашылықтың мамандандырылғандығын, демек терри-торияның реттестірілуіне тікелей эсер етеді. Мысалы, астық өндіретін шаруашылықтарда алаптардың басым бөлігін жыртылган жер құраса, кой шаруашылықтарында табиғи жайылымдардың үлес салмағы айтарлыктай жогары. Қала маңында орналасқан, еңбек ресурстары-мен толығырақ камтамасыз етілген шаруашылықтарда көбінесе интенсивтік дақылдар (көкөніс, картоп және т.с.с.) шоғырланады.

Ал, мал өсіруге мамандандырылған кәсіпорындардың егістік құрамында мал азығы дақылдарының (көпжылдық және біржылдық шеп, жүгері, тамыр жемістілері және т.б.) үлес салмақтары едәуір артығырақ болады.

Жеміс-жидек багытындағы шаруашылықтарда алаптары-ның біраз бөлігі көпжылдық көшеттерді өсіруге үлестіріледі.

Нарықтық экономика кезеңінде өнімнің қай түрі болса да шаруашылықтың мамандандырылғандығына қарамастан, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру принциптерінің негізінде өндіріледі.Бұл, ауылшаруашылық өндірісі толыгымен ұдайы өндіріске жеткілікті тұрақты рентабельдікке бағытталған деген сөз.

Сондықтан жерге орналастыруда шаруашылық пен оның өндірістік бөлімшелерінің мамандандырылғандығын талдау, соңғысының жерді тиімді пайдалану талаптарына сай болуын анықтау қажетті. Осымен қатар өнімдерді қабылдау және өңдеу кәсіпорындарының жабдықтану пункттері мен инфрақұрылымның бар болуы және орналасуы,шаруа-шылықаралық кооперация және агроөнеркәсіптік интеграция мүмкіншіліктері туралы мәліметтер жиналады. Бұл мәліметтер шаруашылықтың мамандандырылғандығын нақтылауға, алаптардың құрамы мен аудандарын және т.б. осыған сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді. Түпкі мақсат - жердің пайдалану деңгейін барынша көтеру және топырақтың кұнарлылығын жүйелі түрде арттырып отыру.

Осы мақсатпен, сонымен бірге өндірістің тиімділігін арттыру үшін, шаруашылық жүргізу жүйесі,егіншілік және мал шаруашылығы салаларының үйлесімділігі, өндірістің ұйымдастыру деңгейі зерттеледі, жалпы және тауарлы өнімнің құрамы мен өндірістің рентабельдіктігі, кіріс пен шығыс, өнімнің өзіндік құны мен тағыда көптеген экономикалық көрсеткіштер талданады.

Бұл іс-эрекеттер нарық қатынастары, толық шаруашылық есебі, өзін-өзі өтеу жэне қаржыландыру талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.

Сондай-ақ жерге орналастыруда еңбектің ұйымдастырылуы, еңбек үжымдарының а.ш. техникамен және өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы назарға алынады.

Ол үшін еңбекке жарамды адамдардың саны, біліктілігі, а.ш. алаптарымен жүктелуі, өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі, шаруашылық жүргізу жэне жекешелендіру формала-ры, мүлік жэне жер үлестерінің мөлшері, бұрынғы совхоздар мен колхоздардың территорияларында жаңа шаруашылық қүрылымдарының ( ШФҚ, ЖШС, ӨК және т.с.с.) ұйымдастырылуы анықталады.

Қажетті жағдайда, осымен бірге шаруашылықтың бос ақшалай қорлары айқындалып, керекті өндірістік объектілерді салуға,территорияны инженерлік тұрғыдан жабдықтауға, белгіленген культуртехникалық және мелиоративтік шараларды жүзеге асыруға несие бөлу мүмкіншіліктері қарастырылады.

Бұл мәліметтердің барлығы жоспарланған жерге орналастыру іс-қимылдарының дәлелдігін қамтамасыз ете отырып, жобалық шешімдерді толық негіздеуге жағдай жасайды.Аталып өткен экономикалық жағдайлар жерге орналастыруға дейінгі жэне содан кейінгі көрсеткіштер бойынша талданады.

Жерге орналастыруда ескерілетін негізгі әлеуметтік жағдайларға жатады:

- қалыптасқан қоныстану жүйесі, халықтың құрамы мен мекендеу тығыздығы, миграциялық процестердің динамикасы;

- елді мекендердің саны,орналасуы,көлемдері, мақсаттал-ғандығы жэне жабдықталу деңгейі, әлеуметтік инфрақұры-лымның дамуы;

- мал фермаларының түрлері,саны,көлемі, егіншілік пен мал шаруашылығында өндірістік үрдістердің механикалан-дырылған деңгейі;

- еңбекті ұйымдастыру,ақы төлеу, материалдық және моральдік ынталандыру формалары;

- жол торабының күйі, халықтың көлікпен қамтамасыз етілуі, су көздерінің тапшылығы, елді мекендер мен өндірістік орталықтардың сумен камсыздандырылуы және жайылым-дардың суландырылуы;

- жеке үй (қосалқы) шаруашылқтарының даму деңгейі, оларды үлғайту мүмкіндіктері;

- қала тұрғындарының, саяжай құрылыстарының (жеке меншік кооперативтік) және бағбандықтың дамуы өнімді өткізудің жэне өндірісті жабдықтаудың ұйымдастыры-луы, кооперацияның, нарықтық қатынастардың, инфрақұ-рылымның дамуы,ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын жақсарту мүмкіншіліктері.

Қалыптасқан ауылдық қоныстану жүйесі біртекті емес. Мысалы, қой шаруашылығы тараған батыс және оңтүстік аймақтарға ұсақ қоныстар тән, ал республиканың астық өндірісі дамыған жерлерінде ірі елді мекендер қалыптасқан.

Урбанизация салдарынан ауыл тұрғындарының қалаларға көшу үрдісі үдее түсуде.Бұл шаруашылықтардың еңбек ресурстарымен камтамасыз етілуіне теріс әсер етеді, сондықтан жерге орналастыруды жүргізгенде міндетті түрде ескерілуге тиісті. Әрбір жеке жағдайда ауыл жанұяларын жақсы жабдықталған, қора-қопсылары бар үйлермен қамтамасыз ету көзделеді.Осы мақсатпен жерге орналастыруды жүзеге асыру барысында елді мекендердегі жердің іс жүзінде пайдалануы зерттеліп, бос учаскелері айқындалады, жеке қосалқы шаруашылықтарының үйымдастырылуы, оларды ұлғайту мүмкіншіліктері қарастырылады. Сондай-ақ шаруа фермерлік қожалыктарының динамикасы мен әрі қарай дамуы зерттеледі.

Аталған аса маңызды әлеуметтік проблеманыц шешілуі жерді пайдалану экономикасымен, әрбір елді мекеннің дамуымен тығыз байланысты. Халық миграциясының белсенділігі жүмыс орындарының, денсаулық қорғау, білім беру және мәдени - тұрмыс қызметтерінің бар болуына, транспорттық қатынастарының даму деңгейіне тікелей байланысты. Бұндай қызметтер мен жүмыс орындарының жоқтығы, шарасыз, халықтың қалаларға көшуін себептейді. Осының нәтижесінде шағын ауылдардың едәуір бөлігі құлдырап, оларды сақтап қалу мәселесі бүгінгі күннің шешімін күттіртпейтін проблеманың біріне

айналып отыр. Бұл мәселені шагын елді мекендерде қажетті мөлшерде жұмыс орындарын камтамасыз ету, оларды жаңа шаруашылық құрылымдарын ұйымдастыруға пайдалану және дағдарыс жылдары жойылған мал фермалары мен кешендерін қалпына келтіру аркылы шешуге болады. айналып отыр. Бұл мәселені шагын елді мекендерде қажетті мөлшерде жұмыс орындарын камта-масыз ету, оларды жаңа шаруашылық құрылымдарын ұйымдастыруға пайдалану және дағдарыс жылдары жойылған мал фермалары мен кешендерін қалпына келті-ру аркылы шешуге болады. Өзі кезегінде бұл іс-шаралар шағын қоныстарының жандануына және оларда мәдени-тұрмыс объектілерін (ФАП-терін, мектептерді, дүкендерді және т.с.с.) салуга септігін тигізеді.

Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы жол торабының күйі мен транспорттық қатынастарын ұйымдастыру деңгейімен де байланысты. Жолдардың жоқтығына немесе олардың сапасының нашар болуына себепті елді мекендер мен өндірістік орталыктарының өңделетін жерлер мен мал азығы алаптарының арасындағы қатынастар қиындай түседі. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметтері бойынша өнімдерді тасымалдау кезінде жолдың әрбір километрінде 10-20кг астық, 0,5 % көкөніс жоғала-ды екен. Жұмыс орнына барып қайтуға кажетті уақыттың да көлемі едәуір арта түседі.

Сондықтан жерге орналастыру жүргізілгенде транспорт-тық байланыстар әрқашанда ескеріліп отырады, демек, жолдардың ұзындығы мен орналасу ерекшеліктері, а.ш. алаптары мен ауыспалы егістіктерден елді мекендер мен өнім тапсыру пунктеріне дейінгі қашықтықтар, негізгі жүк тасымалдау багыттары және т.б.

Жерге орналастыру жобаларында жер пайдаланушылық-тардың кеңістік кемшіліктерін (алабарлык, шалгайжерлік және т.с.с.) жою арқылы жолы жоқ жерлер мен жергілікті маңыздағы жолдарда жүру қашықтықтары айтарлықтай қысқартылады. Ауыл шаруашылыгы еңбеккерлерінің демалу және санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту

мақсатымен алқаптық қостар мен орман жолақтары

жобаланады, жарамсыз және тастапган жерлерде ағаш

өсіру, жалпы мәдени ландшафтарды қалыптастыру және

жақсарту жөніндегі шаралар жоспарланады.

Жердің кеңістік ерекшеліктері аймактың табиғи, эко-

номикалык және әлеуметтік жагдайлары әр түрлі зерттеу,

іздестіру және жобаны жасауга қажетті дайындық жұмыста-

рын жүргізу барысында, сонымен бірге жерге орналастыру

факторларын сипаттайтын материалдарды жинақтап танысу

кезінде зерттеледі. Осының нәтижесінде алынған маглұ-

маттар жобалық тапсырманы әзірлегенде қолданылады.

Олардың тізімі мен мазмұндары жерге орналастырудың түр

тармақтары мен формаларына байланысты. Бұндағы

айырмашылықтар жерге орналастырулық жобалаудың

тиісті бөлімдерінде оқылады.

Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, ұйьм-

дастырылу деңгейі мен жердің пайдалануы өзара байланысты және өзара тәуелді

Мысалы, ауылшаруашылық дақылдарының, ауыспалы

озара тәуелді. егістіктердің,

егіншілік жүйесінің баска да элементтерінің орналасуы жердің сапалык ерекшеліктерімен, өңделетін алаптардың орналасуымен себептеледі. Мал фермалары мал азығы алаптарының күйі мен өнімділігіне карай, ал шаруашы-лық орталықтары өнім өндірілетін орындары ескеріле отырып орналастырылады.Сондықтан жеке кәсіпорындарда, шаруашылықтарда, бірлестіктерде және аудандарда бола-шақта экономикалык жэне әлеуметтік даму қарқындылығы мен көлемдері белгіленген кешенді бағдарламалар жасала-ды. Бұнда нормативтік - ресурстық эдіс пен жерді, еңбекті және материалдық ресурстарды кешенді бағалау

жөніндегі мәліметтер қолданылады. Аудандарда шаруашы-лық жүргізу жуйесіндегі ұсыныстардың, гылыми-техникалык прогресс пен озат тәжірибенің жетістіктері негізінде жерді орынды пайдалану жөніндегі бірінші кезектегі шаралар белгіленген, жерге орналастыру схемалары әзірленеді. Аудандық жерге ораналастыру схемалары мен перспек-тивтік жоспарлардағы мэліметтер ШАЖО және ІШЖО жобаларын жасауга пайдаланылады. Олар жобалық тапсырманы дайындау негізі ретінде алынады.

Сонымен қатар оперативтік және жылдық жоспарларда учаскелік жерге орналастыруда белгіленген алаптарды жақсарту, суармалы жайылымдарды салу, жер учаскелерін қалпына келтірут(рекультивациялау) жөніндегі перспек-тивтік көрсеткіштер мен жобалық ұсыныстар орын алып, жүзеге асырылып отырады.

Жерге орналастыруды жүргізу барысында нақты топырақ, топырақ -эрозиялық, геоботаникалық және басқа да арнайы зерттеу және іздестіру негізінде жоспарлау материалдары дәлелденеді. Бұнда әрбір жер учаскесінің ерекшеліктері (конфигурациясы, ауданы, шаруашылық орталығынан қашықтығы, технологиялық касиеттері және т.б.) ескеріледі.

Соңғылары алқаптық жұмыстардың көлемін, агрегаттардың

өнімділігін, жанар-жагар майдың жұмсалуын, механи-

каландырылған жүмыстардың шығындарын және т.с.с. нормалауға мүмкіндік береді.

Ішкішаруашылык және учаскелік жерге орналастыру

жобаларындақамтылған мәліметтер жер ұжымдарының

тапсырмаларын саналуан келісім-шарттарды жасасқанда, жалдау төлемі мен салық мөлшерін белгілегенде пайдаланылуы мүмкін.

4.4. Жерге орналастырудың экологиялық,әлеуметтік және экономнкалық тиімділігі

Жерге орналастырудың тиімділігі өндірістің дамуымен және табиғи ресурстарының пайдалануымен бірге қарасты-рылады. Ол жерге орналастыру іс-қимылдарының нәтижесінде пайда болатын тиімділік және өндірістің, еңбектің, сонымен бірге жерді пайдаланудың дұрыс, өзара байланысты түрде ұйымдастырылуымен себептеледі.

Жерге орналастыру тиімділігінің үш түрін айырып белгілеуге болады: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік.

Жерге орналастырудың экологиялық тиімділігі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды орынды пайдалану мен ұдайы өндіру қажеттілігінен туындайды. Ол жерді эрозиядан сақтауды, табиғат қорғау әрекеттерін жүзеге асыруды, топырақ қыртысын калпына келтіруді және т.б. қамтитын жерге орналастыру шараларының қоршаған орта мен жердің өңделуіне әсер етуі арқылы байқалады.

Жерге орналастырудың экономикалық тиімділігі өндірістің қолайлы салалық құрамы мен территориялық реттілігін қалыптастыру және шаруашылық жүргізу жагдайларын жақсарту нәтижесінде пайда болады.

Жерге орналастырудың әлеуметтік тиімділігі болып жер қатынастарының нығаюы,жер иеленушілері мен пайдаланушылары құқықтарының сақталуы және ауыл еңбеккерлерінің мәдени-тұрмыс жагдайларының жақсаруы табылады.

Кейде үкімет, құқықтық және экономикалық шаралармен қатар, жер қорын басқаруда, жерге орналастыру арқылы аграрлық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі саяси шараларды да қолданады.

Бұндай жағдайда жерге орналастыру әлеуметтік-экономикалық маңызбен катар, саяси сипатқа ие болады және үкіметтің аграрлық саясатты жүзеге асыру құралына айналады.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлгалардың, азаматтардың, шаруашылық құрылымдарының агроөнеркәсіп кешенінде және басқа да өндірістік кешендерде, сонымен бірге өндірістік емес салада жұмыс істеулеріне себепті, жерге орналастыру тиімділігі халықшаруашыльқ және шаруаиіылық- есептік түрлеріне бөлінеді.

Бірінші жагдайда жерге орналастыру жер қорын категорияларға, жер иеленушілер мен жер пайдала-нушыларга, алаптарға бөлу құралы болып

табылады және осы ретінде жалпы халық шаруашылығына, сондай-ақ аграрлық экономикаға әсер етеді. Бұнда жерге орналастырудың халықшаруашылық тиімділігі халық шаруашылық индикативтік жоспарлаумен, жер ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі бас, облыстық және аудандық схемаларды әзірлеумен, сонымен катар, белгілі бір шамада,шаруашылықаралық,ішкішаруа-шылық жэне учаскелік жерге орналастырумен байланысты.

Жерге орналастырудың шаруашылық-есептік тиімділігі белгіленген территориялық реттіліктің еңбек ұжымдарының өндірістік бағдарламаларды орындауына және жыл сайынғы өндіріс шыгындарының азаюына эсер етуін қамтып көрсетеді.

Тәжірибенің көрсетуінше, ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары игерілген ауылшаруашылық кәсіпорындарында, баскала-рына қараганда, бір жұмысшыға алынатын өнімнің көлемі 15-20% жогары болады екен. ІШЖО жобаларының жүзеге асырылуы өте төмен. Оның үстіне өткен ғасырдың аягында орын алған дағдарыс бұндай жұмыстардың толық тоқталуына әкеліп соқты. Өкінішке орай, бұндай жагдай әлі де орын алады.

Оның үстіне ішкішаруашылық жерге орналастыру және учаскелік жерге орналастыруға қатысты жұмыстарды қаржыландыру міндеті жер иелері мен жер пайдалану-шылардың ездеріне заңды түрде жүктеліп отыр. Бұл, аталған жобаларға тапсырыс күрт кысқарады деген сөз. Ақыр аяғында, дер кезінде жүргізілмеген ІШЖО салдары ауыспалы егістіктер жүйесінің, жалпы ішкішаруашылық территория реттілігінің бұзылуына, жердің иесіз қалуына әкеліп соғады. Соңгысы жер иелері мен жер пайдаланушы-лардың өздерінің заңда қамтылған жерді тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттерін толық орындамауға себеп болады. Сондықтан, жер қатынастары мен жалпы жерге орналастыру жүйесін әрі қарай жетілдіру, жерге орналастыру ғылымында көпшілікпен танылған оның өндірістік процесін, жобаларды жасау, экономикалык және экологиялық тұрғыдан негіздеу реттілігін қалпына келтіру, бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр.

Жерге орналастыру жұмыстарының іс жүзіндегі тиімділігі тек бірер жыл өткесін гана анықталуы мүмкін. Мысалы, жыртылған жерде ауыспалы егістің айналымы аяқталғаннан кейін.Осыған себепті жерге орналастыру жобаларының күтудегі экономикалық тиімділігі анықтау қажет, ал іс жүзіндегі тиімділігін жобаны игеру мерзімінен кейін анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]