- •1.2. Жер өндіріс құралы ретінде
- •1.3 Жердің өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері
- •2.1. Жер қатынастары ұйымы, олардың даму заңдылықтары және жерге орналастырумен өзара байланысы
- •2.2 Жер иелері мен жер пайдаланушылар жүйесі.
- •3.1. Қ р жер қоры және оның жалпы сипаттамасы
- •3.2. Ауылшаруашылық алаптарыныц курамы
- •3.3.Ауылшаруашылық алаптары, олардыц сапалық сипат-
- •4.1. Жерге орналастыру ұтымы, оиыц мақсат-міндеттері, припцнптері және казіргі кездсгі мазмұны
- •4.2. Жерге орналастырудың зерттеу тақырыбы, объектісі және қисындық құрылымы
- •4.5. Жер кадастры, оның мақсат - міндеттері және құрамдас бөліктері
- •5.2. Қазіргі жерге орналастырудың мазмүны және ондірістік үрдісі
- •5.3. Қазіргі жерге орналастыру мен жер кадастры салаларындағы мәселелер және оларды шешу жолдары
- •5.4 Жерге орналастыру ғылымының дамуы және оныіі іісі ізгі бағыгтары
4.5. Жер кадастры, оның мақсат - міндеттері және құрамдас бөліктері
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 152-ші бабында
"Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінін табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелсрінін орналасуы, нысаналы пайдаланылуы, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерін бағалау туралы мәліметтсрдің жүйесі болып табылады» делінген.
Мемлекеттік жер кадастрында қамтылатын мәліметтер тізіміне сәйкес, оның негізгі құрамдас бөліктері болып табылады:
Жер иеліктері мен жер пайдаланушылыктарды тіркеу;
Жерді сандық жэне сапалық есепке алу;
Топыракты бонитеттеу;
IV. Жерді кадастрлық багалау.
Жүргізілген жсрге орналастырулық және арнайы кадастрлық, соның ішінде бағалау жұмыстарының нәтижесінде, жазба (аналитикалық) және сызба (карталар, картограммалар, графиктер, т.с.с.) материалдар қамтитын мәліметтер банкін қалыптастыру мемлекеттік жер кадастры-ның аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Бұл мәліметтер объективтік, сенімді және толық түрде жерлердің табиги және шаруашылық күйін, олардың көлемі мен сапасын, орны мен пайдалануын, жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтардың аудандары мен межелерін, олардың кұрамындагы алаптардың саны мен сапасын сипаттауға тиісті:
Осы күрделі міндетті орындау жүйелі түрде жер мониторингі мен инвентаризацияны жүргізуді талап етеді. Бүл максатқа жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру барысында жиналатын топографиялық, топырақгеоботаника-лық, су шаруашылығы және тагы да басқа іздестірулер мен зерттеулер материалдары,бұрын жасалған шаруашылық-аралық және ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары пайдаланылады.Осыған себепті жер-кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстары өзара байланысты және тәуелді: жерді багалау нэтижелері жерге орналастырудың негізіне алынса, соңгысының материалдары мен мәліметтері кадастрлық карталар мен кадастрлык істерді жасауға колданылады.
Соңгы жылдары Республикада нарықтық қатынастар мен акылы жер пайдалану жүйесіне көшуге, жерге қатысты келісім-шарттардың кобеюі мен дамуына байланысты елде толық масштабты жер кадастрын енгізу мәселесіне аса зор көңіл бөлінуде. Аграрлық саладагы жер қатынастарын әрі қарай реформалау жердің қүндық багалауына байланысты мәселелердің маңыздылыгын арттыра түседі.
Құндық (багалық) сипаттамалары тең ауылшаруашы-лық жерлердің межелерін анықтау мақсатымен республика, облыстар жэне аудандар деңгейлерінде бағалық аймақтау жүргізілді.Соңғының нәтижелері салық салу, жер рыногі, кепілдікке беру және т.с.с. қажеттіліктерге пайдаланылады.
Әрбір бағалау аймағына табиғи-экономикалық факторла-ры мен құндық көрсеткіштері жақын ауылшаруашылық жерлер енгізілді. Содан кейін, топырақ қыртысының сапасы мен алаптардың өнімділік қабілеттіліктері ескеріле отырып, жоғарыда аталған көрсеткіштер нақтыланады.
Іс жүзінде бар материалдардың негізінде, бүкіл ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша, барлық әкімшілік облыстары және республика көлемінде ауылшаруашылық алаптарының түрлеріне карай бағалық аймақтау картограммалары жасалды.
Жер учаскелерінің бағалау құнын анықтау әдістемесі мен реттілігін жетілдіру және жеке меншікке сатылатын немесе пайдалануға берілетін жерлерге төлем ақысыиың базалық ставкаларын түзетіп жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
Олар жеке жэне мемлекеттік емес заңды тұлгалардың арасындағы келісім-шартгарды жүзеге асыру барысында қалыптасатын жер бағаларының негізін жасайды.
Соңғы жылдары мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру және жетілдіру үрдісі толық масштабты түрде жүргізілуде. Республикада жылжымайтын мүлік, сондай-ақ жер құқықтарын мемлекеттік тіркеуге алуга себепті, жер-кадастрлық жұмыстарының көлемі едоуір артты. Сонымен бірге аталған жүмыстардың негізгі көлемі дәл осында шоғырланған.
Жер-кадастрлық жұмыстарын уақытында орындау мақсатымен Мемлекеттік ғылыми орталыгы (ҒӨО) жанында аудандар мен облыстык маңыздағы қалаларда мамандандырылған өндірістік бөлімшелері (кадастрлық орталықтар) құрылды. Жер кадастрын жүргізу жөніндегі жұмыстар негізінен жер-кадастрлық карталарын құрастыруды жэне жер учаскелері туралы мэліметтерді автоматтандырылған жер кадастры жүйесіне енгізуді қамтиды.
Жер - кадастрлық жұмыстары, бірінші кезекте, жер учаскелерін тіркеумен, жерді сапалық жэне сандық есепке алумен жэне бағалаумен, оны сату-сатып алу жоніндегі келісім шарттарын рэсімдеумен байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі жерге орналастыру ұғымы; оның ғылыми сипаттамасы.
2. Қазіргі жерге орналастырудың мақсат- міндеттері мен мазмұны.
3. Жерге орналастырудың түрлері, түр тармақтары және формалары, олардың мэні, мазмүны жэне өзара байланыстылығы.
4. Жерге орналастырудың факторлары, олардың жерге орналастыру шешімдеріне эсер етуі.
5. Жерге орналастырудың экономикалық; экологиялық және қүқықтық мәні жене тиімділігі.
6. Жер кадастры ұғымы жэне оның мақсат-міндеттері мен мазмүны.
7. Жер мен жылжымайтын мүлікті багалау және жер рыногін қалыптастыру
V - БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЬІ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЖЕРГЕ ОРІНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ
Қазқстан Рсспубликасындағы жер ресурстарын басқару жүйесі. Бүгінгі күнде жер ресурстарын басқару бұл жер қатынастарын реттеуге,жерге орналастыру арқылы жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыруға, жер рыногін қалыптастыруға бағытталған құқықтық, экономика-лық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі болып табылады. Сонымен бірге ол жер ресурстарын зерттеу мен картографиялауды және түгендеуді, жер кадастры мен жер мониторинги! жүргізуді, жердің болашақта пайдалануын жоспарлау мен болжауды, жерді аймақтауды, оның пайдала-нуын және жер ресурстарының қорғалуын бақылауды қамтиды.
Жер кодексі бойынша Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жоніндегі комитет (ЖРБК) Үкімет құрамына кірмейтін, арнайы атқару, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын, сонымен қатар мемлекеттік жер ресурстарын басқару, топографиялық-геодезиялык және картографиялық жұмыстары саласында қатынастарды заңдармен белгіленген шецберінде жүзеге асырып отыратын, бас атқару органы болып табылады. Оның құзыры осы Кодекстің 14- бабында көрсетілген. Қазіргі кезде бұл комитет оңірлерді дамыту Министрлігінің құрамына кіреді.
Облыстар мен Астана және Алматы қалаларында оның заңды түлга күкыгына ие, территориялық органдары бар. Жер ресурстарын басқару жоніндегі облыстық комитеттер аудандық (қалалық) комитеттерге белінеді.
Сонымен бірге Облкомжер жанында бақылау-қадағалау функцияларын аткару мақсатымен мемлекеттік жер инспекциялары құрылған.
Іздестіру, картографиялау, жерге орналастыруды және мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторинги! жүргізу жөніндегі жұмыстарды тікелей Мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемҒӨОжер) жүзеге асырады. Бұнын күрамында барлық облыстардың орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында филиалдары. Сонымен бірге МемҒӨОжер қүрамына мемлекеттік аэрофотогеодезиялық іздестіру институты мен қазыналық геодезиялық және картографиялық кәсіпорындары енеді.
Жерге орналастыру қызметі жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау, баска да табиғатты қорғау шараларын жоспарлау жоніндегі облыстық (аймақтык) багдарламаларды әзірлейді, жерлерді түгендеу және аймақтау жүмыстарын жүргізеді.
Өкінішке орай қазіргі жерге орналастыру жұмыстары жерлердің пайдалануы мен қоргалуын жақсарту талаптарына сай емес, өйткені негізінен жобасыз жүргізілді.
Енді әр түрлі жобалардың негізінде жер-кадастрлық жұмыстарын әрі қарай тереңдету және жетілдіру, елдің Жер Кодексін толық масштабты түрде орындау қажеттілігі тууда.
Қазақстанда жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарын стационарлық жерге орналастыру қызметі мен МемҒӨО жер құрамында біріктірілген жобалау-іздестіру жэне ғылыми үйымдар жүйесі жүзеге асырып отырады. Соңғыларының катарына әрбір облыстық орталы-
ғында кұрылған филиалдар мен аудандардағы кадастрлық
бюролар жатады.
ЖРБК-нің Астанада жұмыс істейтін орталык аткару
Облыстардагы территориялық бөлімшелері жоғарыда органдары мен аталып өткен жұмыстарды орындауға тапсырыс беріп отырады.
Сонымен бірге жер ресурстарын зерттеу ісімен ауылшаруашылық аэрофототүсіру, геодезия және картография институты мен оның жергілікті кәсіпорындары айналысады.Жер ресурстарын пайдалану, жерге орналастыру, жер қатынастарын реттеу, жер кадастры және жер бағалау проблемаларына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын МемҒӨОжер мен оның өндірістік бөлімшелері ұйымдастырады.
