- •1.2. Жер өндіріс құралы ретінде
- •1.3 Жердің өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері
- •2.1. Жер қатынастары ұйымы, олардың даму заңдылықтары және жерге орналастырумен өзара байланысы
- •2.2 Жер иелері мен жер пайдаланушылар жүйесі.
- •3.1. Қ р жер қоры және оның жалпы сипаттамасы
- •3.2. Ауылшаруашылық алаптарыныц курамы
- •3.3.Ауылшаруашылық алаптары, олардыц сапалық сипат-
- •4.1. Жерге орналастыру ұтымы, оиыц мақсат-міндеттері, припцнптері және казіргі кездсгі мазмұны
- •4.2. Жерге орналастырудың зерттеу тақырыбы, объектісі және қисындық құрылымы
- •4.5. Жер кадастры, оның мақсат - міндеттері және құрамдас бөліктері
- •5.2. Қазіргі жерге орналастырудың мазмүны және ондірістік үрдісі
- •5.3. Қазіргі жерге орналастыру мен жер кадастры салаларындағы мәселелер және оларды шешу жолдары
- •5.4 Жерге орналастыру ғылымының дамуы және оныіі іісі ізгі бағыгтары
4.1. Жерге орналастыру ұтымы, оиыц мақсат-міндеттері, припцнптері және казіргі кездсгі мазмұны
Қоғамдық өндірістік қатынастарының түбегейлі өзгеруі-не байланысты жер қатынастары құрылымы, сондай-ақ жерге орналастырудың өндірістік және құқықтық үрдісі де өзгерді. Жаңадан пайда болган шаруашылық құрылымда-рының аудандары мен межелері кебінесе жобасыз, қарапайым техникалық тәсілдер арқылы белгіленуде. Іішкіша-руашылық жерге орналастыру жобаларымүлде сұраныссыз қалды, ауылшаруашылық айналымынан орасан зор көлемді жерлер шыгарылып, босалқы жерлер құрамына ауыстырылды, ауыспалы егістер сақталмай, жалпы жер пайдалану реттілігі бұзылды. Осыган еебепті қазіргі кезде аса маңызды проблемалардың бірі болып осы кемшіліктерді жою арқылы, жер қатынастары мен жерге орналастыруды жаңа деңгейге көтеру табылады және шешімін күттіртпейтін ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-шаруашылықтық мэселеге айналып отыр.
Жерге орналастырудың тәжірибесін, мақсат-міндеттері мен қазіргі және жақын болашақтағы мазмұнын талдай отырып, толық түрде оған мынадай ғылыми сипаттама беруге болады.
Қазіргі жерге орналастыру-бұл еңбектің жоғары әлеуметтік -экономикалық тиімділігі мен экологиялық түрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны камтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және корғауға бағытталган шаралар жүйесі.
Бұндай күрделі сипаттама жерге орналастыруды аса маңызды инженерлік-экономикалық,техникалық, ұйымдасты-ру-шаруашылық және кұқықтық шаралар кешені ретінде бейнелейді. Ол жерге орналастырудың бүкіл аспектілері мен жерді және онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын реттестіруге қатысты баска да инженерлік-экономикалық кешендерімен өзара байланыстарын ашып көрсетеді. Осыған себепті бүл категоряның сипаттамасын жеке бөліктерге жіктей отырып ұкқан дұрыс. жерге орналастыру - жеке дара іс-қимыл емес, ол шаралар жүйесі;
Біріншіден, жерге орналастыру - мемлекеттік шаралар жүйесі, өйткені оның нәтижесінде Заң негізінде пайда болатын территориялық реттіліктердің формалары міндетті түрде орындалуга тиісті;
Екіншіден, жер заңдарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік құрал ретінде, жерге орналастыру, біріншіден, жер қатынастарын реттеуге, жер пайдаланушылықтар және жер иеленушіліктер жүйесін қалыптастыруга және үнемі жетілдіріп отыруға, екіншіден, жердің ұтымды пайдалану-ын ұйымдастыруға және ысырапты жұмсаудан, ұқыпсыздықтан, табиғи теріс құбылыстар мен антропогендік ықпалдардан қорғауға багытталады;
Үшіниііден ,жерге орналастырудың түпкі мақсаты - әрбір жер учаскесінің жалпы өндіріс құралы және аса маңызды табиғи ресурс ретіндегі пайдалану тиімділігін үнемі арттырып отыру.
Өз уақытында жерге орналастыру гылыми мектебінің жетекшісі Удачин С.А. жерге орналастыруды техника мен құқыктың экономика арқылы сынып көрінетін үшқырлы призмамен салыстыра бейнелеген болатын. Шынында да, жерге орналастыру экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталган, бірак, ол геодезиялық жэне басқа техникалық тәсілдерді колдана отырып, эртүрлі инженерлік жобаларды жасау, болжауларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады және те осыларды орындау барысында эрқашанда құкықка -заңдар мен нормативтік актілерге, негізделеді.
Жалпы жаһандану заманында экологиялық жағдайлар-дың асқынуына байланысты осы жағынан қауіпсіз технология-ларды қолдану жэне алаптардың құрамын қалыптастыру қажеттілігі тууда. Бұнда ландшафттың қасиеттерін ескерген аса маңызды. С.А. Удачиннің жерге орналастыруға жоғарыда берген сипаттамасына, енді экология ұғымын қоса айтқан әбден орынды болар еді.
ҚР-ның жер заңнамаларының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық түрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндеті// -ғылыми тұрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалык және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену жэне жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыру-ды себептейді.
Казахстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын жэне қоргалуын ұйымдастыруға бағыттал-ған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсаруга тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер - жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың экономика-лық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларын ұйымдастырудағы,сонымен қатар оның басқа инженерлік-экономикалық кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстагы өндіріс құралдарын (ғимараттар мен кұрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырғыларды, көпжылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудагы ролі мен маңызын толығырақ корсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.
Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінін, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру жерге орналастырудыц мақсаты болып табылады.
Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транс-порттық, энергетикалық және басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық үрдістерінің ерекшеліктерін ескере отырып, территориялык негіздерін жасайды. Әсірссе жерге орналастыру, жер басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын, ауылшаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей ықпал жасайды, өйткені бұнда жер тек қана іс-әрекет базисі бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлылығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді.Осыған себепті жерге орналастыру жер иеліктері мен жер пайдаланушылық-тарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.
Агроөндірістік саласында жерге орналастыру ауылшаруа-шылық алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталыктарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялык негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оның негізгі міндеттері ағындайды. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және келесілеріне саяды:
- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
- жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;
- жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;
- топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіруге, табиғи ортаны сақтауга және жақсартуға, тұрақты агроландшафттарды қалыптастыруға қолайлы территориялық жағдай жасау;
- жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптасты-ру және дамыту.
Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат-міндеттеріне карай оның мазмүны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс-қимылда-рын қамтиды:
1) республикалық,облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын, жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
2) жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетінде корсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін кұжаттарды дайындап тапсыру;
3) елді мекендердің шептерін белгілеу жэне жер бетінде корсету, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;
4) мемлекеттің,әкімшілік-территориялық құрылымдардың, айрықша корғаудағы табиғи территориялардың және басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерініц шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
5) ішкішаруашылык жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және баска да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;
6) жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
7) топографиялық-геодезиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеу-іздестіру жұмыстарын орындау;
8) жерді пайдалануды мемлекеттік бақылау және жер мониторингін жүргізу;
9) жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;
Жерге орналастырудың түріне, түр қарамастан оның қай
іс-қимылы болса негізделеді.
тармағына да белгілі
жэне формасына бір принциптер
Принциптер деп белгіленген шараларды жүзеге асыру басшылығына алынатын аса маңызды методологиялық ережелер, басқаша айтқанда, осы дәрежеде қаралатын күрделі міндеттер аталады. Жерге орналастыру принциптерін екі топқа бөліп қарастырған ыңғайлы: жалпы прмнциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен шектелмейтінде-ріне және жеке припциптерге, жерге орналастыруға тікелей қатысты, оның ерекшеліктерін бейнелейтіндеріне.
Жалпы принциптерге келесілірді жатқызуға болады:
- қоғамдық, сонымен бірге ауылшаруашылық өңдірістің жоғары тиімділігі мен тұрақты рентабельдіктігін қамтамасыз ету;
- ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын үздіксіз жақсартып отыру;
- заңдар мен басқа нормативтік актілерді катал ескеріп отыру;
- қабылданған шешімдерді озатты ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге негіздеу;
- күрделі қаржылардың барынша үнемделуін және жылдам өтелуін қамтамасыз ету.
Жеке принциптерге, төмендегілерді жатқызуға болады:
- ҚР Конституциясы мен жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын жетілдіру;
- бүкіл халық шаруашылығының мүдделіктерін жан-жақты ескере отырып, ауыл шаруашылығының жерге деген құкық басымдылығын (приоритетін) сақтау;
- жерді халық дәулеті және аса маңызды өндіріс құралы мен табиғат ресурсы ретінде жоғары тиімділікпен пайдалану және қорғау;
- жерге иелік ету мен шаруашылық жүргізудің барлық фор-маларына тең құқық қамтамасыз ету;
- жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, олардың межелері мен аудандарының, ішкішаруашылық территория реттілігінің тұрақтылығын, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының дамуымен себептелген ықтимал өзгерістерді мұқият дәлелдеу;
- жердің пайдалануын жақсарту мақсатымен аймақтар мен аудандардың, жеке шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлары мен жердің кеңістік қасиеттерін барынша ескеру.
Осы принциптердің негізінде әрбір бөлек жағдайға сай жоспарланған іс-қимылдардың ерекше міндеттері мен мазмұндары,схемалар мен жобаларды жасау амалдары тұжырымдалады.Жерге орналастыру жобаларында белгіленген әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіп-сіздік осы принциптердің негізінде дәлелденеді.Сонымен бірге бұл принциптер методологиялық негіз ретінде нақты міндетерді орындау әдістемесін, демек ненің, қалай және қандай жүйелілікте орындалуын себептейді.
Жерге орналастырудың мазмұны құқықтық, экономика-лық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер катынастарын реттеумен тығыз байланыс-ты.Соңғысы нарыктық жағдайлардагы жер иеліктері мен жер пайдаланушылыктардың мүлде жаңа құрамын қамтамасыз етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауылшаруашылық және ауылшаруашы-лық емес мақсатындагы жаңа жэне бұрыннан бар жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтарды кұру және жетілді-ру жөніндегі жобаларды жасаумен айналысады. Сонымен бірге оган жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа агроқұрылымдарды,қосалқы шаруашылықтарды құруға жер бөліп беру міндеттері жүктелген. Жерді бөліп беру, тарату, елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру, жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу жэне кайта рәсімдеу жөніндегі іс-қимылдар да жерге орналастыру міндетте-рінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жүмыстарын жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі республикалық, облыстық және аймақтық схема-болжаулар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл болжау және жобалау құжаттарында республиканың, облыстардың, аудандардың өндірістік күштерінің 15-20 жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі бағыттары қамтылуға тиісті.
Соңғы уақытта ауылды елді мекендердін, поселкелердің және қалалардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың сонылылыгы едәуір артуда. Бұндай жобалар урбанизацияланған территориялардың пайдалану тиімділігін жоғарлатуға, калалар мен басқа елді мекен-дерде, оларды ары карай дамытуға қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталған. Қарастырып отырған жобалардың елді мекендерге қатыстыларында,аса маңызды, оларға соңғы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық, әсіресе мал азығы алаптары-ның, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.
Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табиғат қорғау,
рекреациялық және қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағытерриторияларды реттестіру және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мәдени зоналарда, сонымен бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің орынды пайдалануын ұйымдастыру.
Заң бойынша жерге орналастыру іс-қимылдарына әкімшілік-территориялық құрылымдардың (облыстар мен аудандардың) шекараларын жер бетіне түсіру жатады. Бұндай іс-қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі жұмыстар-ды да қарастыруға болады.
Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкішаруашылык жерге орналастыру және ауылшаруашы-лық алаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау табылады.
Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты кұралы ретінде ұйымдастырылуының нәтижесінде,агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барысында жеке іс-қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау,пайдаланылмай немесе нысаналы
түрде пайдаланылмай жатқан мақсатымен инвентаризация
(жерді түгендеу) жерлерді айқындау жүргізіледі. Бұнын
нәтижесінде арнайы жер қорын қалыптастыруға қажетті жер учаскелері де анықталып отырады.
Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әртүрлі жұмыс жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе баска антропогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді рекультивациялау (қалпына келтіру) жобалары жасалады.
Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармен бірге топографиялық -геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалык және баска да зерттеу-іздестіру жұмыста-рын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу,кадастрлық және тақырыптық карталар мен атласластарды жасау жұмыстарын орындау жатады.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті-ғылыми-техника-лық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондық-тан да ол өндіргіш күштерінің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.
