- •1.2. Жер өндіріс құралы ретінде
- •1.3 Жердің өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері
- •2.1. Жер қатынастары ұйымы, олардың даму заңдылықтары және жерге орналастырумен өзара байланысы
- •2.2 Жер иелері мен жер пайдаланушылар жүйесі.
- •3.1. Қ р жер қоры және оның жалпы сипаттамасы
- •3.2. Ауылшаруашылық алаптарыныц курамы
- •3.3.Ауылшаруашылық алаптары, олардыц сапалық сипат-
- •4.1. Жерге орналастыру ұтымы, оиыц мақсат-міндеттері, припцнптері және казіргі кездсгі мазмұны
- •4.2. Жерге орналастырудың зерттеу тақырыбы, объектісі және қисындық құрылымы
- •4.5. Жер кадастры, оның мақсат - міндеттері және құрамдас бөліктері
- •5.2. Қазіргі жерге орналастырудың мазмүны және ондірістік үрдісі
- •5.3. Қазіргі жерге орналастыру мен жер кадастры салаларындағы мәселелер және оларды шешу жолдары
- •5.4 Жерге орналастыру ғылымының дамуы және оныіі іісі ізгі бағыгтары
3.3.Ауылшаруашылық алаптары, олардыц сапалық сипат-
тамасы
Ауылшаруашылық алаптары күрделі сан алуан топырақ,
бедер және өсімдік жамылғысымен ерекшеленеді.
Ел территориясының жазықтық аймақтарына ендік зоналығы
тән, ал таулы жерлер всртикальдік зоналықпен сипатталады.
Бөлек зоналар мен биіктік белдеулерінің ішінде де топырақ
пен өсімдік жамылғысында айтарлыктай озгерістер байқалады.
Республика территориясының жеке аймақтарындағы бедердің
өзгешелігі, гидротермикалық жэне басқа ерекше-ліктері топы-
рақтың морфологиялық және физикалық - химиялық қасиет-
терінің әртүрлілігін себептейді.
Қолданыстағы әдістерге сәйкес ауылшаруашылық алаптары-
ның сипаттамасы, топырақтын кұнарлылығына әсер ететін
белгілерге қарай, 10 мелиоративтік топтары бойынша беріледі:
тиімді пайдалану жоніндегі мемлекеттік күннің аса маңызды мәселелерінің біріне
1 теріс қасиеттері жоқ жерлер;
II тастақжерлер;
III тұздангандары;
IV сортаңдангандары;
V шайылгандары;
VIдефляцияга ұшырагандары;
VIIсу мен жел эрозияларының қосыла әсеріне ушырагандары
VIIтым ылгалдангандары;
IX баттң-тангаидары;
X басцалары.
Бірінші мелиоративтік топта жағымсыз қасиеттері жоқ топырақ түрлері жатқызылған. Қазақстанда бұндай жерлер ауылшаруашылық алаптарының 19,3% (41,6 млн.га) құрайды.
Жыртылған жердің аумағында аталған мелиоративтік топ 16 млн.га шамасында, немесе ауданының 65% қамти-ды. Өзі кезегінде бұл топ үш топшаға бөлінеді:
1- шартсыз жарамдылары;
2 - шартты түрде жарамдылары;
3-егіншілікте су тапшылығына байланысты пайдалануға қолайсыздары.
Ауылшаруашылық алаптарының едәуір бір бөлігін тастақ жерлер қамтиды. Олардың жалпы ауданы 43,6 млн.га. Бұл топқа топырағы аз дамыған, тау жыныстары бетіне шығып кеткен жерлер енгізілген. Әсіресе бұндай жерлер Шығыс Қазақстанның тау бөктері мен таулы аймақтарында, Қарағанды облысының адырлы кеңістіктерін-де көп тараған. Мелиоративтік топтың басым болігін (50% жуығы) ете жоғары молшерде тас араласқан топырақтар құрайды. Осындай жерлердің бір млн.га астамы жыртылған жердің құрамында. Соның ішінде басым бөлігі Жамбыл, Алматы және Карағанды облыстарында. Басқа облыстарда олардың аудандары шамалы.
Тұзданған жерлердің құрамына,профилінде өсімдіктердің өсіп-өнуіне теріс әсер ететіндей деңгейде тез еритін тұздары бар, топырақтар жатқызылған.Қарастырылып отыр-ған жерлердің ауданы республика бойынша 35,3 млн.га, демек ауылшаруашылық алаптарындагы үлес салмағы 16,4%.
Тұзданған деңгейі мен ащы жерлерді қамту мөлшеріне қарай бұл топ үш топшаға бөлінеді: аздап тұзданғандары және соңғылардың ащы жерлерді 10% -дай мөлшерде қамтыған кешендері; орташа тұзданғандары; күшті тұзданғандары және олардың ащы жерлерді 35-50 %-дан жоғары мөлшерде қамтыған кешендері.
Сортаң жерлер республика территориясындағы белгіленген мелиоративтік топтардың аса ірілерінің бірі болып табылады. Олардың
ауылшаруашылық алаптары қүрамындағы ауданы 58,2 млн.га асады. Негізінен бұндай жерлер саргылт жэне коңыр тонырақ аймақтарында тараған. Республика бойынша олардыц басым бөлігі Ақтөбе, Караганды, Батыс Қазақстан жэне Қостанай облыстарында. Сонымен бірге олар Ақмола, Атырау, Шыгыс Қазақстан, Павлодар жэне Солтүстік Қазакстан облыстарында да кездесе береді. Жыртылган жер ретінде негізінен олардың аздап сортаңданган кешендері пайдаланылады.
Ауылшаруашылық алаптарының едәуір бір бөлігі су және жел эрозияларынатұшыраған. Республика бойынша эрозияланған жерлердің жалпы ауданы 29,3 млн.га шамасында, осының 1,2 млн.га жыртылған жерде.
Су эрозиясыиа ұшыраған (шайылган) жерлердің ауылшаруашылық алаптары құрамындағы көлемі 5 млн.га, соңғының 0,9 млн.га жыртылған жер территориясында.
Шайылған топырақтардың 80% Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шыгыс Қазақстан және Жамбыл облыстарына келеді.
Жел эрозиясына ұшыраган (дифляцияланган) жерлердің ауданы 24,2 млн.га, бұлардың 60 % жуығы жоғары деңгейде, 25 % орташа және 12 % астамы аздап эрозияға ұшыраған. Дифляцияланган жерлердің басым бөлігі Алматы облысында орналасқан (5 млн.га шамамында) ал
республика көлемінде олардың жыртылған жер құрам-ындағы үлес салмағы 3% шеңберінде, соның ішінде 89% Павлодар облысында.
Су және жел эрозияларының қосыла әсер ету процестері Батыс Қазақстан, Ақтобе жэне Шығыс Қазақстан облыстарында 0,2 млн.га (0,1%) көлемінде байқалады.Эрозияға ұшыраған жыртылған жердің жалпы ауданы1,5 млн. га асады.
Жел эрозиясы ауылшаруашылық алаптарында, бірінші кезекте, табиғи жағдайларға - топырақтың механикалық құрамы, өсімдік жамылғысы мен бедердің ерекшеліктері, жауын-шашын мен жел белсенділігі жэне т.б. себепті пайда болады. Осымен қатар, антропогендік факторлардың (топырақты өңдеу технологиялары, қолданылатын құралдар-дың талаптарға сай болуы, эрозияға қарсы шаралардың бейімделу деңгейі жэне т.б.) эрозия үрдістердің өршуіне тигізетін әсері, әсіресе далалық және шөлейт аймақтар-ындағы механикалық құрамы жеңіл топырақтарда айтарлықтай жоғары.
Су эрозиясы, дефляция сияқты, республиканың барлық облыстарында кездеседі деуге болады. Оның интенсивтігі сан алуан факторлардан тәуелді. Соңғыларының қатарына ылғал потенциалы (жауын-шашын энергиясы, агымдардың интенсивтігі),топырақтың типі мен механикалық құрамы, шайылу деңгейі, баурайлардың еңістігі, бетқарасы және формасы, ағымдардың сызықтық үзындығы жатады. Бірінші кезекте топырақтардың шайылу деңгейі еңістігі 3° жоғары баурайлар мен байланыстырылады. Бірақ та,күрделі бедерлі және эрозияның өршуін себептейтін қасиеттерге ие учаскелерде еңістігі 2° жэне одан да аз баурайларда да су эрозиясының нышандары байқалады.
Шайылган жыртылган жерлер көбінесе Ақмола, Оңтүстік Қазақстан), Шығыс Казақстан әэне Жамбыл облыстарында кездеседі.
Республика территориясындағы тым ылгалды жерлердің жалпы көлемі 2,9 млн.га шамасында, соның жартысына жуыгы жыртылган жерге құрамында.Осы топта негізінен тұрақты ылғалды жағдайларында қалыптасқан гидроморфтік топырақтар қамтылған.Бұндай жерлердің басым бөлігі Сол-түстік Қазақстан жэне Қараганды облыстарында орналасқан.
Батпаңтанган жерлер республика аумағында аса көп тарамаған 1,1 млн.га төңірегінде, олардың 6 - 7 мың га жыртылған жер құрамында. Батпакты жерлер шамадан тыс ылғалды жағдайларда қалып-асып, негізінен батпақты және шалғынды-батпақты топырақтарды қамтыған.Бұндай жерлер республиканың барлық аймактарында шағын учаскелер түрінде кездеседі.
Жыртылған жердің көлемі 90-шы жылдары 35,6 млн. гектардан 22,8 млн.гектарға дейін қыскарып, соңғы жылда-ры қайтадан өсе бастады. Қазіргі кезде оның жалпы ауданы 25 млн.га шамасында. Алайда, ауыл шаруашылығының экономикалық дағдарысқа ұшырауына және басқа да себептерге байланысты жыртылған жерден алаптардың басқа түрлеріне а.ш. дақылдарды өсіруге қолайлы едәуір көлемді алқаптар шығарылып тасталды.
IV- БӨЛІМ. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
