Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_uanysh_a_1171_ay.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

3.2. Ауылшаруашылық алаптарыныц курамы

Ауылшаруашылық алаптары жалпы жер қорының негізгі жэне аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Халық шаруашылығының бір катар өндірістік салаларында олар басты роль атқарады және аса құнды өндіріс құралы болып табылады.. 7-кесте мен 3-суретте жалпы жер қорының алаптык кұрамы келтірілген .

7-кесте Жер қорының алаптық кұрамы, %

Алаптардың түрлері

Үлес салмағы

Жыртылған жер

9,0

Көпжылдық көшеттер

0,1

Тыңайма

1,7

Шабындық

1,9

Жайылым

68,9

А.ш. алаптары, барлығы

81,6

А.ш. емес алаптар

18,4

8-кесте Ауылшаруашылық алаптарыныц динамикасы

Ауылшаруашылық алаптарының турлері

1990 ж

2013 ж

млн. га

%

млн. га

%

Жыртылған жер - барлығы

35,6

15,9

25,0

11,3

Көп жылдық көшеттер

0,2

0,1

0,1

0,1

Тыңайма

0,2

0,1

4,3

1,9

Шабындық

5,1

2,3

5,2

2,3

Жайылым

182,1

81,6

187,6

84,4

А.ш. алаптары барлығы

223,2

100,0

222,2

100,0

2013 ж млн. га %

Ауылшаруашылық алаптарының құрамында жыртылған жердің үлес салмағы тек 11,3 % кана құрайды (8- кесте).

Дағдарыс жылдары жыртылған жердің біразы тыңай-маға аударылып, немесе ауылшаруашылық мақсатындағы жердің құрамынан біржолата шығарылып тасталды. Кейбі-реулерінің пікірі бойынша бұның себебі шығындардың өтелмеуі немесе жер құнарлылығының төмен болуы. Бірақ, жыртылған жер көлемінің бұндай күрт қысқаруы тиісті деңгейде негізделді деуге болмайды.

Оған дәлел босалқы жерлердің құрамында пайда болған 1,9 млн.га, құнарлылығы жоғары жыртылған жер, тіпті 92 мың.га суармалы жерлер де бар. Кейінінен оларды айналымға қайтару жөніндегі облыстық бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты олардың көлемі едәуір қысқарды. Осы бағдармалар бойынша жыртылған жерге қайтаруға белгіленген тьңайманың ауданы 2,3 млн. га кұрауға тиісті. Сонымен бірге 0,6 млн.га көпжылдық шөппен шалғында-лып, жақсартылған жайылымға ауыстырылуы жоспарланған.

Алайда жыртылған жерлерді дұрыс бағалау және ұтымды пайдалану тек бұл жерлерді түгендегеннен кейін ғана мүмкін.

З -Сурет. Ауылшаруашылық алаптардың құрамы, %

Көпжылдық кошеттердің жалпы ауданы 127 мың га шамасында, олардың 89,7 мың га бақ, 13,9 мың га жүзім-дік және 23,6 баскаларының астында. Республикада бақ өсіру шаруашылығы әрі қарай дамуын қажет етеді, ал ол үшін жеміс-жидек ағаштарының сорттық құрамын жетілді-ру, алынған өнімдерді сақтау және өңдеу жөніндегі бірқатар шараларды жүзеге асыру керек.

Шабындықтардың ауданы республикада 5159 мың.га құрайды, олардың 52,5 мың га жақсартылған жэне 714,5 мың га жайылма суарудағылары. Бүкіл шабындықтардың 39,6 % ауылшаруашылық мақсатындағы, ал 40,6 % босалқы жерлердің құрамына кіреді.

Жайылымдардың жалпы ауданы 187,6 млн. га, оның 103,8 млн.га суландырылған, 5,6 млн.га жақсартылған болып есептеледі. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының пайдалануына тек 32,5% (61 млн.га) гана берілген. Жайы-лымдардың басым бөлігі (86,7 млн.га) босалкы жерлердің құрамында,олардың 50 млн.га астамы суландырылған. Пайда-ланылмай жатқан жайылымдардың біразы орман қорына енгізілген (9-кесте).

Жер қорының санаттары

Ауданы, млн.га

1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер

61,1

2. Елді мекендердің жері.

20,9

3. Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорганыс жэне озге ауылшаруашы-

лық емес мақсаттағы жер.

1,1

4. Айрықша қоргалатын табиғи территориялар

2,5

5. Орман қорының жері

8,5

6. Су корының жері.

0,1

7. Босалқы жер

86,7

Барлығы

187,6

9-кесте Жайылымдардың жер санаттар бойынша таралуы

Суландырылған жайлымдардың ауданы үнемі қысқаруда.

Республикадагы суландыру жүйелері тозып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, ал жақсартылған жайылымдардың едәуір болігі кайтара шалғын-дауды талап етеді.Соңғы жылдары жер пайдаланушылардың жайылымдарды жақсарту жөніндегі жұмыстар жүргізілмей келеді. Бұнымен қатар олар жүйесіз түрде пайдалануда. Осының нәтижесінде орасан зор көлемді жайылымдар азып кеткен. Сондықтан

Оларды тиімді пайдалану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны

жасау бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің біріне айналып

отыр.

Ауылшаруашылық емес алаптар республика жер корының едэуір бір бөлігін қамтиды. Оларға орманды - бұталы көшеттерден басқа, су

мен батпақтардың, құрылыстар мен алаңдардың астындағы

жерлер жатады. Осымен қатар бүлардың құрамына құм,

тақырлар, ащы, сортаң және баска, пайдалануға қолайсыз

жерлер кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]