Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_uanysh_a_1171_ay.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

3.1. Қ р жер қоры және оның жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының территориясы Еуразиялык құрлығының орта жағында орналасқан және жалпы ауданы 272,5 млн.га кұрайды. Осы көрсеткіш бойынша ол дүние жүзінде тоғызыншы, ал жермен қамсыздандырылу деңгейі бойнша, Австралия мен Канададан кейін, үшінші орын алады. Соңғы көрсеткіш республикада 17га шамасында, соньң ішінде 1,5га жыртылған жер. Салыстыру мақсатымен бір қатар елдердің осы көрсеткіштерін келтірейік: Ресей - 11,6 и 0,89, АҚШ - 3,8 и 0,75, Қытай - 0,8 и 0,08, Жапония - 0,31 и 0,03 гектар.

Республиканың бүкіл жер қоры өте куаң климатпен сипатталатын табиғи аймақтарда орналасқан. Жалпы түрде айтқанда, бүл қауіпті егіншілік аймагы. Республиканың оңтүстік аймақтарында тек суармалы егіншілік қана мүмкін. Дала және құрғақ дала аймақтарында тәлімі егіншілік дамығанымен, ол топырақтағы ылғалды сақтап қалу мақсатымен күрделі шаралар кешенін талап етеді.Батыс және оңтүстік-батыс аймактарында орасан зор территорияны аридтік табиғи жайылымдар алып жатыр. Соңғылары көбінесе қой, жылқы және түйе шаруашылығын жүргізуге пайдаланылады.

Қазіргі кезде барлық ауылшаруашылык алаптардың (222,2 млн. га) дефляцияға ұшырағандары 24,2 млн.га, шайылып кеткендері 5 млн.га, жэне сортаңдалғандары 58 млн.га астам құрайды. Бүкіл жайылымдардың, - 187,6 млн.га, 27 млн.га жуығы тапталған. Бұрын елде жыртылған жердің бір жанга шаққандағы мөлшері 2,8га құрайтын еді. Бүл әлем бойынша осы көрсеткіштің шамасынан 7 есе артық болған екен. Қазіргі кезде аталган шама 1,5га шеңберінде. Алайда жыртылған жердің көлемін одан эрі кеңейтудің қажеті жоқ және мүмкіншілік те күрт шектелген. Өткен ғасырдың аяғында дагдарыс республика жер қорының құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді.

Республиканың бүкіл жер байлығы біртүтас жер корын (ЖҚ) құрайды.

ҚР Жер кодексі бойынша ЖҚ жеті санатқа бөлінеді:

1. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер;

2. Елді мекендердің (қалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елді мекендер) жері;

3. Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер;

4. Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың, сауықтыру, рекреациялық және тарихи - мәдени мақсатындағы жер;

5. Орман қорының жері;

6. Су қорының жері;

7. Босалқы жер.

Енді осы 7 санатты қысқаша түрде сипаттайтын мәліметтер келтіріледі.

Бірінші санатқа ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына берілген

немесе осы максатка арналған жер алаптары жатады. Бұлар ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға серіктестіктерге, кооперативтерге, шаруа қожалықтарына жэне басқа да шаруашылық құрылымдарға

жеке меншікке сатылған, уақытша немесе тұракты пайдалануға (иеленуге) берілген жерлер. Бұнда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге тікелей пайдаланылатын ауылшаруаиіылық алаптарымен (жыртылған жер, шабындық, жайылым, жеміс-жидек көпжылдық көшеттері) қатар, ауыл шаруашылыгының өзі міндеттерін ойдағыдай атқаруға қажетті ішкішаруашылық жолдар, коммуникациялар, тұйық оңашаланған су көздері, мелиоративтік жүйелері, құрылыстар және басқалары орналасқан жерлер кіреді. Ауылшаруашылық алаптары, негізінен мал азығын өндірілетіндері, тек ауылшаруашылық мақсатындагы жерлердің арасында ғана болмайды.

Олар басқа санаттардың құрамында да кездесе береді.

Ауылшаруашылық алаптарының жалпы ауданы 222млн, га

астам.Олардың ішіндегі ең құндысы - жыртылган жер. Тың

және тыңайма жерлерді игеру кезеңінде оның көлемі

222 млн. га астам. Тың жэне тыңайма

айтарлықтай кеңейіп, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамындағы үлес салмағы 16 % -ға, ал жалпы жер қорындағы үлес салмағы 13 %- ға дейін жетткен болатын. Дегенмен, 90-шы жылдары жыртылган жердің ауданы күрт қыскарып, қазіргі кезде қайта кеңее бастады (25 млн.га шамасында). Қалған ауылшаруашылық алаптар көбінесе өнімділігі төмен табиғи қалпындағы жайылымдар мен шабындьіқтарды қамтиды. Олардың тек шамалы бір бөлігі ғана түбегейлі және үстіртін жақсартылган.Орасан зор ауданды жайылымдарды орынды пайдалану мәселесі оларды суландыру мүмкіншілігіне де байланысты.

Ауылшаруашылық алаптары ерекше қорғауды талап етеді. Қай ел болса да, аграрлық саясатының ең басты принциптерінің бірі болып ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті табылады.

Алдымен бұл принцип ауылшаруашылық алаптарға, әсіресе ең өнімдісі-жыртылған жерге қатысты.Оларды тек ерекше жағдайда ғана ауылшаруашылық емес мақсаттарға пайдалануға болады. Егер де ондай кажеттілік туа қалса (пайдалы қазбаларды шыгаруға) сапасы өте төмен және ауданы барынша үнемделген жер учаскелері бөлінеді. Осымен қатар а.ш. өндірістің шығындарын өтеу тәртібі белгіленген. Алаптарды бір түрінен екіншісіне ауыстыру да арнайы ережелермен реттеледі.

Өткен ғасырдың 90 жылдарында орын алған дағдарыспен бірге акылы жер пайдалану жүйесін заңдастырудың нәтижесінде елдің жер қорында елеулі өзгерістер пайда болды: ауылшаруашылық максатындагы жерлердің ауданы 2,4 есе қысқарса, босалкы жерлер 7 есе ұлғайды; едәуір мал азығы алаптарын ауыл тұрғындарының жеке үй (қосалкы) шаруашылықтарын дамыту мақсатымен ауыләкімшіліктері-нің қарамағына берудің нәтижесінде, елді мекендердің жерлері 10 еседей өсті, ауылшаруашылық өндірісіне жарамсыз тоғайлы және бүталы жерлердің есебінен орман жерінің коры аздап көбейді. Жер категорияларындағы осындай өзгерістер бәлкім салық ауыртпалығын жеңілдету мақсатымен байланысты.

2- кесте мен 2-суреттің мәліметтеріне Қарағанда ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер республика жер қорының тек 45,8 %- ақ құрайды, ал 39,6 % - босалқы жерлер.

Ауылшаруашылық мақсатындагы жердің басым бөлігі мемлекеттік емес заң тұлғалары (ауылшаруашылық кәсіпорындар, серіктестіктер, кооперативтер) мен құқық иелерінің - шаруа (фермерлік) қожалыктарының қарама-ғында.

2-Кесте Жер қорынын санаттар бойынша динамикасы, мың. га

Жер санаттары

1991 ж.

Қазіргі кезде

1.Ауылшаруашылық мақсатындағы жер;

218375,8

93428,2

2.елді мекендердің(қалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елді мекендер) жері;

3747,2

23789,8

3.Өнеркәсіп, транспорт,байланыс, қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер;

18796,8

2620,8

4.Айрықша қорғалатын табиғи табиғи территориялардың, сауықтыру, рекреациялық және тприхи-мәдениет мақсатындағы жер;

775,1

5776,5

5.орман қорының жері;

10179,2

23059,9

6.су қорының жері;

819,9

4113,2

7.Босалқы жер;

18952,3

108385,4

Барлығы

271646,3

261173,8

Соның ішінде басқа елдердің территориясында пайдаланылатындары Басқа елдер пайдаланатын жерлер

149,8

993,7

0,9

11317,3

Республиканың жалпы көлемі

272490,2

272490,2

Елді мекендер жерініц жалпы ауданы 23.8 млн.га шамасында. Бұл санаттың басым бөлігі (90 % жуығы) ауылшаруашылық алаптары. (3 -кесте

Алаптардың түрлері

Елді мекендер, барлығы

Қалалар мен кенттер

Ауылды елді мекендер

Аудан, мың, га

%

Аудан, мың, га

%

Аудан, мың, га

%

Ауылшаруашылық алаптары

Солардың ішінде: жыртылған жер

көпжылдық көшеттер

тыңайма шабындық жайылым

Қызметтік үлестер Құрылыс астында

Көшелер мен жолдардың астында

Саябақ және демалыс орындары

Орман және талдар астында

Су астында Батпақтар

Баска жерлер

Барлығы

21 566,3

284,7

25,6

83,3

214,0

20 913,

44,8

480,4

353,5

16,7

99,8

218,5

57,9

996,7

23789,8

90,7

1,2

0,1

0,4

0,9

87,9

0,2

2,0

1,5

0,1

0,4

0,9

0,2

4,2

100,0

1786,9

44,5

8,5

11,3

8,0

1699,0

15,6

129,2

93,6

11,1

22,4

20,1

3,3

243,8

2310,0

77,3

1,9

0,4

0,5

0,3

73,5

0,7

5,6

4,0

0,5

1,0

0,9

0,1

10,6

100,0

19779,4

240,2

17,1

72,0

206,0

19214,9

29,2

351,2

259,9

5,6

77,4

198,4

54,6

752,9

21479,4

92,1

1,1

0,1

0,3

1,0

89,4

0,1

1,6

1,2

-

0,4

0,9

0,3

3,5

100,0

Соңғы мәліметтер бойынша көптеген ауылды елді мекендердегі мал азығы алаптары тым белсенді түрде пайдаланылуда. Шаруа (фермерлік) қожалықтары мен басқа да ұсақ ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік орталықтары тұрғын үйлерімен бірге орналасқан. Осының салдарынан бұнда санитарлык - гигиеналық жэне баска да жағдайлары күрт нашарлауда. Сонымен бірге ауыл әкім-шіліктерінің қарамагына берілген мал азыгы алаптары дұрыс пайдаланылмай жатыр. Осыған байланысты елді мекендер жерлерінің тиімді пайдалануын ұйымдастыру мақсатымен, бүкіл ауылды елді мекендердің территориясын аймақтау және жер шаруашылыгын реттестіру қажеттілігі туып отыр.

Үшінші санаттың құрамына өнеркәсіп кәсіпорындары, автомобиль мен темір жол транспорты және байланыс кәсіпорындарының жерлері кірсді. Бұл санаттағы жердің басым бөлігі (90% астамы) қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес ұйымдардың қарамағында.

Айрықша қорғалатын табиғи территориялардың аумағы 5,8 млн.га шамасында. Негізінен бұндағы жерлер қорықтар мен ұлттық саябақгардың кұрамына кіреді. Қазіргі кезде Республикада 8 қорық жэне 5 ұлттық саябақ ұйым-дастырылған. Солардың ішінде ең ірілері болып Қорғалжын мен Үстірт қорықтары және Алтын Емел ұлттық табиғи паркі саналады. Бұлардың әр бірі ең кемінде 200 мың гектардан астам территорияны алып жатыр. Қорықтық жерлердің 270 мың. га орман қорында қамтылған.

Болашақта 2 млн. га шеңберіндегі территорияда оннан астам жаңа корықтар ұйымдастырылмакшы.

Орман қоры жерініц кұрамына орман астындағы жэне осы мақсатқа бөлінген жерлер кіреді. Ауылшаруашылық тауарөндірушілердің орман коры жеріндегі алаптарды пайдаланудан бас тартуына байланысты, соңғы жылдары бұл санаттың көлемі едәір арта түсті (4- кесте).

4-кесте Орман қоры жерінің қурамы

Алаптардың түрлері

Ауданы, млн. га

Жалпы ауданы

соның ішінде:

ауылшаруашылық

алаптары

Орман және орманды - бұталы өсімдіктер

Басқалары:

23,1

8,8

11,6

2,7

Ауданы, млн. га

23,1

8,8

11,6 2,7

Су қоры жерініц 95 % астамын су алып жатыр, соның ішінде көлдер -73 %, өзендер мен жылғалар - 5 % және жасанды су қоймалары - 17 % (5-кесте).

5- кесте Су қоры жерінің құрамы

Алаптардың түрлері

Ауданы, млн. га

1

2

Жалпы ауданы

соның ішінде:

4,1

ауылшаруашыл ық

алаптары

0,1

Су астында - барлығы

Бұнда:

өзендер мен жылғалар

көлдер

жасанды су коймалары

басқалары

4,0

0,3

2,9

0,7

0,1

Босалқы жердің құрамына ешкімге жеке меншікке немесе тұрақты пайдалануға берілмеген жерлер енгізілген. 6-кестеде келтірілген мәліметтерге қарағанда,бұл санаттың құрамында 91,0 млн.га ауылшаруашылық алаптары бар екен. Солардың ішінде: 0,4 млн.га жыртылған жер, 86,7 млн.га жайылым және 2,3 млн. га шабындық. Бұрын бұл санаттағы жерлердің 50 %-дан астамы шөл және шөлейт аймақтарындагы өнімділігі нашар табиғи жайылымдар еді. Ал казір, бұл санаттың жерлері республиканың барлық облыстары мен аймақ-тарында пайда болды, сонымен бірге жоғары деңгейде игерілген және табиги жагынан қолайлы аудандарда да жоқ емес. Босалкы жерлердің басым бөлігі Караганды - (19,1 млн.га), Ақтобе (15,8 млн.га), Қызылорда ( 12,0 млн.га) және Шығыс Қазақстан (11,0 млн.га) облыстарында орналасқан.

6-кесте Босалқы жердің құрамы

Алаптардың түрлері

Ауданы, млн. га

Жалпы ауданы

Ауылшаруашылық

алаптары, барлығы

Соның ішінде: жыртылған жер тыңайма шабындық жайылым

Басқалары

108,4

91,0

0,4

1,6

2,3

86,7

17,8

Олар жер байлығының орасан зор қоры болып табылады. Бірақ бұндай жерлердің дұрыс пайдалануын ұйымдастыру үшін, оларды бағалау, жаңа топырақ, геоботаникалық және су шаруашылығы жөніндегі іздестіру жұмыстарын жүргізу, осылардың нәтижелерінде оларды пайдалануға қатысты ұсыныстарды жасау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]