Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_uanysh_a_1171_ay.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

2.2 Жер иелері мен жер пайдаланушылар жүйесі.

Нарықтық экономикаға көшу, ақылы жер пайдалану жүйесін енгізу, мемлекеттік жер меншігімен қатар оның жеке меншікте болуын тану, жерді жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу объектісі ретінде бағалау, жер реформасының әрі қарай даму жөніндегі міндеттерді, оның жаңа кезеңдерін белгілейді. Жердің ұтымды пайдаланылуына және қорғалуына мүдделі жер пайдаланушылардың құкықтарын қамтамасыз ету, сонымен бірге жер рыногінің дамуына жағдай жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазіргі кезде жерге орналастырудың негізгі іс-қимылдары келесідей бағыттарда жүзеге асырылуда:

- техникалық жағынан дәлді, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау және жер бетіне түсіру арқылы азаматтар мен заңды түлғалардың жер үлестерінің аудандары мен межелерін белгілеу;

- жер үлестерін пайдалануға немесе иеленуге құқық беретін құжаттарды нақтылау, жаңаларын дайындау және заң органдарында тіркеу;

- зерттеу және іздестіру материалдарын жаңарта отырып, жер кадастры істерін қалыптастыру жэне мемлекеттік жер кадастрын жүргізу;

- кейіннен қайта бөлу мақсатымен арнайы жер қорын жасау жэне оның сапалық күйін талдау;

- жердің пайдаланылуы және қоргалуы жөніндегі мониторинг пен мемлекеттік бакылауды жүргізу;

- жердің өндіргіш қасиеттерін, топырақ кұнарлылығын, орналасуын, суландырылғандығын жэне т.б. ескере отырып, оның әрбір учаскесінің пайдалану тиімділігін әрі қарай арттыру мақсатымен жерді санаттар жэне алаптар бойынша қайта бөлу;

- жер учаскелерін паспорттау, елді мекен жерлері мен ауылшаруашылық алаптарының базалық ставкаларын, түзету коэффициенттерін, жер рыногін дамыту және салық көлемін анықтау мақсатымен, толық түгендеу жэне құндық тұрғыдан багалау;

- территория реттілігін калпына келтіру жэне одан әрі жетілдіру мақсатымен нақты ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыру жобаларын жасау;

- ауылды елді мекендердің жүйесін түгендей отырып, олардың жаңадан ұйымдастырылган шаруашылық қүрылымдарының орталықтары ретінде пайдаланылуын белгілеу.

Жер реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде республикада шаруашылық жүргізу субъектілерінің құрамы мен жер меншігінің формалары айтарлыктай өзгерді. Миллиондаған азаматтар жеке үй (косалқы) шаруашылығын, саяжай, тұрғын үй және басқа құрылыстарды жүргізу үшін жеке меншікке жер учаскелерін алды. Шаруа (фермерлік) кожалықтары да дамуда. Олардың жалпы саны 2013 ж. 205 мыңға жетті. Бұлардың карамагына 51 млн.га, яғни ауылшаруашылық мақсатындагы жерлердің 54 %, пайдалануға және жеке меншікке берілген.

Жалпы Республикада 7.8 мыңға таяу мемлекеттік емес жана агрокұрылымдар пайда болды, солардың ішінде: 1,4 мыңнан астам ауылшаруашылық кооперативтері, 6,4 мыңга жуық шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдары, 1,5 мыңдай баска кәсіпорындар

мен ұйымдар. Осы пайдалануға құқық субъектілердің басым

бөлігіне жерді беретін құжаттар тапсырылган, ал

уақытша шару

қожалықтарының алғашқыларында (1991-1995 ж.ж.), сол кездегі Қ.Р. Жер Кодексіне сәйкес берілген жерді өмір бойы иеленуге жэне мұра ретінде қалдыруға құқык беретін, мемлекеттік актілері бар. Дегенмен Жер Кодексі (2003ж) бойынша аталған құқық иелері өз қарамағындағы жерді сатып алуға немесе әр түрлі мерзімге жалға алуға тиісті.

Қалыптасқан агроқұрылымдардың жаңа жүйесі әлі динамикада және тұрақтанған жоқ. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің, шаруа қожалықтарының бұрыннан барларының жойылу және жаңаларының құрылу үрдісі жалғасуда.

2.3 ҚР-ның Жер кодексі, оның негізгі мазмұны

Қазақстан Республикасының Жер кодексі 170 бап пен 21 тарауды қамтитын 5 бөлімнен тұрады.

Бөлімдер мен тараулардың тек аттарын ғана келтіре отырып, олардың ерекше жаңашылдықтары барларын қысқаша сипаттап өтелік.

Жер кодексі 2003ж. маусым айында енгізілді. Жалпы алғанда оның мазмүны 2001жылға дейін қолданыста болған Жер заңына ұксас. Дегенмен, екінші бөлімнің 3,5,9,10,20 және 21 тарауларында айтарлыктай жаңашылдықтар байқалады.

Жалпы алғанда кодекс ірі рентабельді, бәсекелеске төзімді

жер пайдаланушылықтар мен тұрақты: және экспортқа

шығарылатын өнімді өндіретін шаруашылыктарды дамытуға

бағыттайды.Алдын ала, жер туралы қатардағы заңның

орнына толыққанды және көпбапты Кодекстің әзірленуін жоғары

бағалау қажет.Кодекстің мазмұнын сипаттай келе, бірінші

кезекте мынадай жағдайды атап өткен жөн. Жалпы елдің

экономикасының, әсіресе оның агросаласының дамуына орасан

зор ықпалды ауылшаруашылық алаптарға жер жеке меншігі

енгізу механизміне қатысты тараулар мен баптар жасайды.

Бірқатар баптарда жерде еңбек ететіндерге жеңілдіктер ескерілген (жерді сатып алу бағаларының азайтылуы, оны бөліп-бөліп төлеу және т.с.с.)

Тәуелсіздік жылдары экономикалық, сонымен бірге аграрлық

және жер реформаларының барлық кезеңдерінде, кейбір

әлеуметтік топтардың наразылығына қарамастан, жерге жеке меншік бірте-бірте қоғамдық өмірге еніп бейімделе бастады. Бұл бағытта аса маңызды қадам болып ҚР Конституциясының 6 – бабы мен 1995 жылдың 22 желтоқсанында қабылданған заң күші бар Президенттің Жарлығы саналады. Соңғысын жүзеге асыру нәтижесінде

Қазақстан Республикасының 2496 мың азаматы қазір кезде ұсақ

жер учаскелерінің иесіне айналып отыр.

Осымен қатар 2300 мың ауыл тұрғындарына шартты жер

үлесін иемденуге құкық беретін куәліктер тапсырылған болатын.

Бірақ, 2001жылы бекітілген «Жер туралы» Заң бойынша бұл куәліктер заң күшін жоғалтып, оны жандандыру мақсатымен жер учаскелерін азаматтарға тегін беру жөніндегі ұсыныстар қабылданбай қалды.

Заң шығару ісінде, басқа салаларда сияқты, белгілі бір сабақтастық байқалады. Жер қатынастарын реттеуге тікелей қатысты жер заңдарын шығару ісінде де бұл құбылыс орын алады. Осыған орай жаңа кодекс пен оның алдындағы жер заңындағы тараулар мен баптар мазмұндарының ұқсастығын атап өткен кажет. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерге жеке меншік институтын енгізу осы екі құжаттың ең басты айырмашылығы. Кодекс бойынша экономиканың барлык салаларына, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірісіне, таратуға ұмтылу сезіледі.

Алайда жерді жеке меншікке сатып алуға жұрт асығып отырған жоқ. Қазіргі кезде жер қорының тек 0,6 % ғана жеке меншікте. Бұның себебі: халықтың үкімет органдарына, жалпы мемлекеттің аграрлық саясатына сенімсіз қарауы; ауыл тұрғындарында қаржы-каражат тапшылығы; жерді объективгі түрде бағалау әдістемесінің болмауы.

Жер жеке меншігін енгізу аса күрделі саяси және әлеуметтік -экономикалық проблема, өйткені оны жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін қозғайды.

Осымен бірге шетел тәжірибесін де ескерген қажет: ұсақ фермерлік шаруашылықтары ауыл шаруашылығының

қазіргі мүшкіл жағдайын өзгертуге, оның тиімділігін жақсартуға қабілетті деу өте қиын.

Алайда, жер қатынастарының берікті кұқықтық негізі салынғаны шүбәсіз. Ендігі мәселе-осы құқықтық негізге тіректене отырып, жер кодексін қоғамдық өмірге енгізудің нақты механизмін қамтамасыз ету. Бұл жерге орналастырушы және жер кадастры инженерлерінің аса маңызды міндеттерінің бірі.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі жерге орналастыру және кадастр салаларында аткарылып жатқан жұмыстардың негізгі мазмұны.

2. ҚР Жер кодексі бойынша жер жеке меншігінің таралу механизмінің сипаттамасы жэне соңғысының кемшіліктері.

3. ҚР қалыптасқан жер пайдалану және жер иелену жүйесі, оның динамикасы және тенденциялары.

4. ҚР Жер кодексінің негізгі мазмұны.

III - БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]