Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_uanysh_a_1171_ay.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

2.1. Жер қатынастары ұйымы, олардың даму заңдылықтары және жерге орналастырумен өзара байланысы

Жер қатынастары,қоғамның экономикалық кұрамын қалыптастыратын өндірістік қатынастар жүйесінің аса маңызды құрамдас бөлігі, ал жер меншігі формалары, жер иелену және жер пайдалану турлері әрқашанда олардың негізі ретінде болып табылады (1 - сурет).

Қоғамдық өндіріс



Өндіргін күштер

Өндірістік қатынастар

Өндіріс құралдары

Жұмыс күші

Жер қатынастары


Жер

1- Сурет. Жер мен қатынастарының қоғамдық өндірістегі орны.

Жер, жоғарыда айтылғандай, аса маңызды өндіріс кұралы. Сондықтан ол қоғамның басты байлығының бірі болып табылады. Осыған байланысты оны иелену қоғамның әр түрлі таптары мен топтарының мүліктік және әлеуметтік орындарын себептейді. Жерді иелену, үлестіру, сату, сатып алу, жалға беру, пайдалануын ұйымдастыру және басқа көптеген осы тәріздес сан алуан әлеуметтік-экономикалық байланыстар жер қатынастары жүйесін құрайды. Қысқаша айтқанда, жер қатынастары - бұл жерді ондіріс құралы және қоғам байлығы ретінде пайдалануға және иеленуге байланысты орын алатын өндірістік қатынастар .

Әр түрлі таптардың, ұжымдардың және жеке адамдардың өндіріс құралдарына деген қатынастарын белгілейтін өндірістік қатынастар құрамында жер қатынастарының орны ерекше. Олардың басты элементі -жер меншігі.Жер кімнің қолында болса-байлық та, билік те соның қолында.Бұл әрқашан қоғам

таптарының арасындағы күрестің негізгі жер қатынастары аграрлық саясаттың мәселесі,осы

саясаттың аса күрделі аспектісі

болып табылады. Өндірістің әрбір тэсіліне өзіне сәйкес меншік формасы тэн.

Мысалы,бұрын, социалистік қогамдык қүрылыста, капиталист

құрылысқа қарағанда, меншіктің тек мемлекеттік және

кооперативтік формалары болауы мүмкін, жер жеке

меншігі оның тиімді пайдалануына кедергі жасайды,тек

жалпыхалықтық немесе мемлекеттік меншік кана егіншілікте

ирогресті қамтамасыз ете алады деп есептелді. Іс жүзінде тиімді егіншілік, жер

меншігінің кай формасы болса да, сонымен бірге сан түрлі

шаруашылық жүргізу формаларына қарамастан да орын алуы мүмкін.

Қазан революциясынан кейінгі (1917ж.) және жаңа

экономикалық саясат (ЖЭС) кезеңіндегі жер қатынастарын кайта

қүру тәжірибесінің көрсетуінше, еңбектік жер пайдалану формалары сол кезде белгілі бір манызга ие болды. Олардың кейбіреулері (қауымдастық,

серіктестік) ұсақ шаруашылықтардан кооперация жолымен ірі

шаруашылықтарды құруға мүмкіндік туғызса, басқалары

(отрубтік, әсіресе хуторлық формалары) - жеке меншік шаруа

қожалықтарының, негізінен жанұя-еңбектік

шаруашылық жүргізу укладтарының сақгалып қалуына әсер етті.

себебі. іргелі

Сондықтан да және негізгі

Жер қатынастары бүкіл өндірістік қатынастарымен және өндіргіш күштерімен бірге дамиды. Мысалы, егіншілікте қуатты тракторлар мен күрделі ауылшаруашылық техниканыц қолданылуы өндірістік қатынастары мен жер қатынастарын елеулі түрде өзгертіп жіберді. Бұндай жағдайда өндірісті шоғырландыру, егіншілікте кооперацияны пайдалану, соған себепті жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің аудандарын ұлғайту қажеттілігі туындайды. Осының нәтижесінде белгілі бір мөлшерде егіншілік еңбегінің өнімділігі де арта түседі.

Жердің шаруашылық құндылығының өсуіне, жер құқығының бірте -бірте дамуына қарай межелеу кажеттілігі пайда болады, ал соңғысы уақыт өте бара күрделі жерге орналастыру шаралары кешеніне айналады. Жер қатынастарының күрделене түсуіне сәйкес, жерді экономикалық жэне экологиялық тұрғыдан орынды пайдалану мақсатымен, оларды реттеуге қолданылатын жерге орналастыру іс-қимылдары да сан алуан формаларына ие болады.

Адамзат тарихында жер иелену жэне жер пайдалану формаларының алмасуы әрқашанда жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылып отырады. Соңғысы әрдайым сол өндіріс тәсіліне тән жер меншігі мен жер реттілігін орнату және нығайту жөніндегі үкімет құралы ретінде пайдаланылды. Осының барысында жер иелері мен жер пайдаланушылардың мүдделерін ескеруге үмтылу байқалады. Жер қатынастары мен жерге орналастыру тарихында бүл ой желісі бір катар оқиғалармен бейнеленеді: крепостное правоның жойылуынан кейінгі (1861 ж.) помещиктік жерге орналастыру, шаруалар жеке меншігінің дамуына, сонымен бірге ірі помещиктік жер иеліктерінің сақталуына себеп болған столыпиндік жерге орналастыру.

Қазан революциясынан кейін өкімет басына келген басқа әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделеріне сэйкес, жерге орналастырудың алдына мүлде баска міндеттер қойылды. Демек жерге орналастыру әлеуметтік -экономикалык кұбылыс ретінде, заң негіздерінде жер иелену мен жер пайдалануды реттеп отыруға қолданылды. Ол жер қатынастарының дамуымен, өндіргіш күштерінің өсуімен, жерді пайдалану формаларын жетілдірумен өзара тығыз байланысты.

Ресей империясының территориясында XX ғасырдың басында помещиктік және шаруашылық жер иелену мен жер пайдалану феодалдык сарқын-шарпындарымен аралас болып шықты. Осыған себепті жер пайдалануда алабарлық, теңбілдеулік, шалғайжерлік және басқа да көптеген осы тәріздес кеңістік кемшіліктер орын алды. Соңғылары жер қатынастарын шиеленістіріп, үстемдік таптарға сөз жүзінде еркін шаруаларды экономикалық езгіде ұстауға мүмкіндік беріп отырды.

Осындай жағдайда жер мәселесі революцияның түбегейлі мәселесіне айналып, әр түрлі партиялар мен ағымдардың бағдарламаларын-да басты орын алды. Жерді ұлттандыру бағдарламасын әсіресе табанды және бірізді болышевиктер партиясы қорғады. Олардың пайымдауынша, жерді ұлттандыру буржуазиялық - демократиялық революцияның нәтижесі болуга тиісті, өйткені буржуазия жер меншігінен, ал сонымен бірге, арамтамақ абсолюттік жер рентасын пайдаланып отырған жер иеленушілер табынан құтылуға мүдделі. Большевиктер жер меншігі коғамның белгілі бір даму деңгейінде керексіз және зиянды деп есептеді.

Олардың ойынша буржуазиялык құрылыста жерді ұлттандыру бір қатар себептерден мүмкін емес: біріншіден,- жалпы жеке меншік принципін бұзбау үшін, екіншіден, бұл идеяның басқа жеке меншік түрлеріне (банктер, фабрикалар, зауттар және т.с.с.) өрістеуінен қауіптену себебінен. Қазірдің өзінде, ғылыми-техникалық прогресс заманында, кәсіпорындар мен жылжымайтын мүліктердің иелері әр түрлі мақсатпен жер сатып алуда. Дәл осы себептен адамзат тарихында орын алган бірде-бір буржуазиялық демократиялық революцияның нәтижесінде жерді ұлттандыру идеясы жүзеге асырылған жоқ. Тек Кеңес үкіметінің бірінші күні қабылдаған “Жер туралы” декретінде ғана жер жеке меншік құқығы мүлде жойылады, бүкіл жер жалпыхалықтық доулетке айналады және еңбеккерлерге пайдалануға беріледі делінген. Жерді ұлттандыру сол кезде ауылды жаңартуға, агромәдениеттік процесті күрт жеделдетуге мүмкіндік береді деп есептелді. Бұл пікірді сол кездегі бір қатар белгілі ғалымдар (А.В. Чаянов, П.Н. Першин жэне т.б.) қолдады. Олар Мысалы: “Бүкіл мемлекеттік, жеке меншік және баска жер жалпыхалықтық дәулет ретінде танылып, халықтың пайдалануына берілуге тиісті”- деп жазды. Осы бағыттағы алғашқы қадам ретінде жерді сауда айналымынан шығарып, жер комитеттері арқылы пайдаланушылардың қолына беру керек еді.

“Жер туралы” Декретте жарияланған жерді ұлттандыру идеясы соңынан бүкіл Кеңес Одағы территориясында, сонымен бірге Қазақстанда да жүзеге асырылды. Ұлттандыру нәтижесінде, ерекше мемлекеттік жалпыхалықтык жер меншігіне негізделген жаңа жер құрылысы орнатылды.

Мемлекеттік жер меншігінің басқа формаларына қарағанда оның бірнеше ерекшелігі болды:

1) жерді иелену және басқару құкығына тек кеңес мемлекеті мен оның заң шығарушы органдары ғана ие болды;

2) кеңес үкіметі баска өндіріс кұралдарын колхоздар мен кәсіпорындарға, азаматтарға жеке меншікке сата отырып, жерді сауда айналымынан толық шығарды. Енді ол сатуға сатып алуға жатпады, тек мемлекеттік кәсіпорындарының, ұйымдарының,совхоздар мен колхоздардың, шаруашылықаралық және агроөндірістік бірлестіктердің пайдалануына ғана берілетін болды. Кооперативтерге (колхоздарға) біріккен шаруалар салықты жер үшін емес, одан алынған табыс үшін төлеп отырды;

3) жалпыхалықтык жер меншігі жарияланғуының нәтижесінде абсолюттік дифференциялды рента жойылып, оның салыстырмалы түрі гана калды. Соңғысы, жердің сапасына байланысты пайда болган табыс сиякты,

еңбеккерлердің, жеке ұжымдардың және жалпы халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға жұмсалып отырды. Сөйтіп жерді ұлттандырудың негізгі принципі - жерді пайдалануда эксплуатациялык тен-денцияларды жою жүзеге асырылды.

“Жер туралы” Декрет пен оған қосымша берілген шаруалар жарлығында жерді ұлттандырудың екі жолы көрсетілген: 1 - ауқатты таптардан жерді тартып алу және шаруалардың жер пайдаланушылықтарын кеңейтіп нығайту; 2 - жер құқығын оны өз еңбегімен өңдеуді қалайтын барлык азаматтарға беру.

Осының нәтижесінде революциядан кейінгі алғашкы он жылдың ішінде шаруалар жер пайдалану формаларын еркін таңдап отыруға мүмкіндік алды. Осыған себепті ЖЭС кезеңінде шаруашылыктардың басым бөлігі жер пайдаланудың жеке меншік формасында болды.

Өзінің соңғы жылдары В.И. Ленин “Кооперация туралы” еңбегінде тарихи аса маңызды кооперативтік жоспарын зерттеп дайындады. Өкінішке орай 30 -40 жылдары бұл жоспар негізсіз, сол уақыттың талаптарына сай емес деп танылып, орындалмай қалды. Кооперативтік құрылыс ең қолайлы жағдайдың өзінде, кемінде бір-екі онжылдықтың ішінде ғана аяқталуы мүмкін еді. Ол үшін жаппай сауаттылық, материалдық негіз және баска да жағдайлар қажетті деп есептелінді. Дегенмен, сол кездегі аграрлық-экономикалык ғылымы таныған бұл пікірді, большевиктер партиясының белсенділері қабылдамады.

XX ғ. отызыншы жылдары ауыл шаруашылығында жаппай үжымдау өткізілді. Бұндай асығыс және ештеңемен ақталмайтын шексіз әкімшілдік әдістерді колдану, аграрлық экономика мен кооперация идеясыныц жүзеге асырылуына орасан зор зиян келтірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]