- •1.2. Жер өндіріс құралы ретінде
- •1.3 Жердің өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері
- •2.1. Жер қатынастары ұйымы, олардың даму заңдылықтары және жерге орналастырумен өзара байланысы
- •2.2 Жер иелері мен жер пайдаланушылар жүйесі.
- •3.1. Қ р жер қоры және оның жалпы сипаттамасы
- •3.2. Ауылшаруашылық алаптарыныц курамы
- •3.3.Ауылшаруашылық алаптары, олардыц сапалық сипат-
- •4.1. Жерге орналастыру ұтымы, оиыц мақсат-міндеттері, припцнптері және казіргі кездсгі мазмұны
- •4.2. Жерге орналастырудың зерттеу тақырыбы, объектісі және қисындық құрылымы
- •4.5. Жер кадастры, оның мақсат - міндеттері және құрамдас бөліктері
- •5.2. Қазіргі жерге орналастырудың мазмүны және ондірістік үрдісі
- •5.3. Қазіргі жерге орналастыру мен жер кадастры салаларындағы мәселелер және оларды шешу жолдары
- •5.4 Жерге орналастыру ғылымының дамуы және оныіі іісі ізгі бағыгтары
1.3 Жердің өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері
Жер, басқа өндіріс құралдарына қарағанда, ерекше өндіріс құралы. Оныц ең кемінде төрт ерекшелігі бар. Солардың арасында:
1) Жер - табиги зат, ол адам ецбегініц нәтижесі емес. Жердің осы ерекшелігіне негізделген, ол жеке меншікке берілмеуге тиісті деген тұжырым бар. Дәл осы ерекшелік өз
уақытында жерді ұлттандыру идеясының іргетасы ретінде алынған еді. Қазіргі кезде де бұл кейбір қиялы болып көрінетін, бірақта теориялық тұргыдан мэні бар, радикалдық ұсыныстардың негізі болып отыр. беруді жақтайтындар мен олардың қарсыластарының арасындағы өткір пікірталастардың тақырыбына айналып отыр.
2) Жер-мәңгі және басқа құралдармен алмастыруға келмейтін өндіріс құралы. Егер де басқа өндіріс құралдарын қажеттілікке қарай қанша да және қашан да өндіруге болса, жердің көлемі шектелген, ол ұдайы өндіріске келмейді. Жердің бұл ерекшелігінен мынадай маңызды бір тұжырым туындайды: ол әрқашанда аса құнтты және ұқыпты пайдаланылуға тиісті.
3)Жердің орнының тұрақтылығы. Басқа жылжымалы өндіріс құралдарынақарағанда ол тұрған орнында ғана пайданылады.
Жылжымайтын мүліктермен - әр түрлі ғимараттармен және кұрылыстармен салыстырғанда, соңғылардың орналасуын, түптеп келгенде, бәрібір адамның өзі белгілейді. Демек аталған ерекшелік тек жерге ғана тән. Осыған байланысты жердің орналасуына қарай сол араға жұмыс күші, техника, тыңайткыш және баска да қажетті материалдар жеткізілуге тиісті. Жердің бұл ерекшелігі ауылшаруашылық өндірісінде транспорттық шығындар маңызының арта түсуін себептейді. Сондықтан өнімнің өзіндік құнында тасымалдау шығындарының салыстырмалы үлес салмағы айтарлыктай жоғары. Бұл жағдай жерге орналастыру шешімдерін бағалау барысында орташа кашықтық пен транспорттық шығындар колемін аса маңызды көрсеткіштер ретінде қолдануга себеп болды. Жердің осы ерекшелігінен туындайтын тағы бір тұжырым: ол, жылжымайтын мүлік ретінде өзімен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарымен бірге, нарыктық келісімдердің объектісі болып табылады.
4) Басқа өндіріс құралдары ескіріп тозатын болса, жер дұрыс пайдаланылса өзінің өндіргіш қасиеттерін үнемі арта түседі. Оның осы ерекшілігіне бүкіл агрономия ғылымы негізделеді. Адамзаттың даму болашағы түптеп келгенде топырақтың құнарлылығын сақтап қалу және арттыру мәселесіне айналып келеді.
Жерді үйлестірумен, оның пайдалануын ұйымдастыру технологиясымен онымен үзілмес байланыстағы және басқа жылжымалы өндіріс құралдарын тиімді орналастыру мәселесі тығыз байланысты. Осы міндеттерді кешенді түрде жүзеге асыру әдістемесі - әр түрлі қолданбалы ғылымдардың тақырыбы. Олармен, өндіріс кұралдары орналасқан жер учаскелерінің орынды пайдалануын және корғалуын ұйымдастыру әдістемесін зерттейтін жерге орналастыру ғылымы өзара байланысты.
Бірінші кезекте бұл елдің жер қорыньң аса маңызды санатына -ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты.
Қорыта келе, жалпы жерге орналастыру инженерлік - техникалық жэне ұйымдастыру - шаруашылық шаралардың күрделі кешенін құрайтынын айтып кету кажет. Бакылау сүрақтары:
1. Жердің табиғи ресурс жэне жалпы өндіріс құралы ретіндегі сипаттамасы, оның адам тіршілігінің әр түрлі салаларында функциялау заңдылықтары.
2. Жердің өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері. олардан ағындайтын қорытынды.
3. Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты өндіріс кұралы ретіндегі сипаттамасы.
4. Жерді ұтымды пайдалану мәселесі, оның мәні және негізгі шешу жолдары.
Бакылау сұрақтары:
1. Жердің табиғи ресурс және жалпы өндіріс құралы ретіндегі сипаггамасы, оның адам тіршілігінің әр түрлі салаларында функциялау заңдылықтары.
2. Жердің өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері. олардан ағындайтын қорытынды.
3. Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты өндіріс кұралы ретіндегі сипаттамасы.
4. Жерді ұтымды пайдалану мәселесі, оның мәні және негізгі шешу жолдары.
II - БӨЛІМ. ЖЕР ҚАТЬІНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЖЕР ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЖҮЙЕСІ
