Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_uanysh_a_1171_ay.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

5.3. Қазіргі жерге орналастыру мен жер кадастры салаларындағы мәселелер және оларды шешу жолдары

Жер қатынастарын үнемі реттестіріп және жетілдіріп отыру экономиканы нарықтық қатынастарға бейімдеу кезеңіндегі жаңа жер иелену және жер пайдалану жүйесін кұру жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастрыу-техникалық шаралар кешені талап етеді. Оның негізгі міндеті-әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларына жаңа құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жагдайлар жасау мақсаты мен жер қатынастарын өзгерту, демек, жаңа жер құрылысын қалыптастыру жэне осының негізінде тұракты түрде ауылшаруашылық өнімінің көлемін арттырып отыру.

Осы міндетті жүзеге асыру барысында, оны ғылыми- әдістемелік тұргыдан қамсыздандыру бірқатар аса маңызды зерттеулер жүргізуді қажет етеді..

Өкінішке орай совхоздарды жекешелендіру және колхоздарды қайта кұру жөніндегі жалпы аграрлық реформа, негізінен, агарлык-экономикалык гылымының ұсыныстары тиісті деңгейде ескерілмей, ал кей кездерде мүлде оларга кері жүргізілді. Бұл күрделі процесс шеттен тыс асыгыстықпен, аймақтар мен шаруашылықтардың нақты табиғи жэне экономикалык ерекшеліктері еленбеуімен сипатталады. Шаруашылыктардың басым бөлігі

тек атауларын ғана өзгертіп отырды, қатынастарын өзгертуге үмтылу - а.ш.

ал қалыптаскан экономикалык өндірістің кұлдырауына әкеліп

соқтырды. Егістік көлемдері мен қогамдық ондірістегі мал басы күрт қысқарды. Осының барлығы жұмыс орындарының азаюына шаруашылык жүргізу жүйесінің,сонымен бірге топырақ қоргау егіншілік жүйесінің сақталмауына себеп болды. Өндірістегі дағдарыстың салдарынан элеуметтік салада да қиын жағдай қалыптасты. Бірқатар шағын аудандарда білім беру, медициналық, сауда, мәдени-тұрмыс мекемелері жабылып калды. Бүның нәтижесінде ауыл тұрғындарының қалаға жэне баска ірі елді мекендерге көшу процесі үдейе түсті.

Жер реформасы жалпы аграрлық реформамен өзара байланысты. Экономикалық салаларда орын алған қиыншылықтар елдің жер корының балансына да едәуір теріс ықпал жасады. Материалдық жэне ақшалай қаражаттың тапшылығына себепті, бүрын колхоздар мен совхоздардың қарамагына берілген, кобінесе, егістік жерлер сұраныссыз қалды. Екінші тарауда келтірілген мәліметтерге қараганда, бүкіл жер корының жартысынан астамы босалқы арнайы жер қоры құрамына ауысыпты, ал өңделудегі жыртылған жердің көлемі екі еседей қыскарган екен. Тыңаймаға аударылған жер үлестері арам шөптермен басылып кеткен.

Экономикада, әсіресе оның аграрлық саласында, орын алган дағдарыс елеулі түрде ғылымның дамуына да айтарлық-тай теріс эсер етті.

Сол кездегі бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемелік жэне қүқықтық негізі ретінде, ҚКСР-сының Жоғарғы Кенесі 1990ж. 17-карашасында қабылдағана Жер кодексі қолданылды.

Өкінішке орай, жерге орналастыру ғылымының жеткілікті каржыландырылмағандығына себепті, ол тәжірибелік жүмыстардың жүзеге асырылуына тиісілі ықпал жасай алмады. Жерге орналастыру іс-кимылдары тек межелерді жүргізу жөніндегі қарапайым техникалык әрекеттермен ғана шектеліп отырды. Жобаларды жасау және соган қажетті материалдарды жанарту жұмыстары толық тоқтатылды деуге болады. 90- жылдары ауылда орын алған кері процестер, уақыт өте бара, экономикада пайда болған жағымды өзгерістермен алмаса бастады. Ауылшаруашылык өндірісін қолдау жөніндегі Президент пен Үкіметтің іс-әрекеттері белсене түсіп аграрлық саясатта ауыл тауарөндірушілерін жан-жақты дамыту багыты басшылықка алынды. Ауыл түрғындарының жеке меншік қосалқы шаруашылықтары мен қала тұргындарының саяжайлық және бағбандық учаскелерінде ауылшаруашылық өнім өндіру ісі жоғары қаркынмен дами бастады.

Сонау 80-ші, ал әсіресе 90-шы жылдары, ауыл тұрғындарының жеке меншік иелігіндегі мал басына қойылған шектеу, толығымен жойылды. Осымен қатар халыктың жеке меншігіндегі малды азықтандыру максатымен сол кезде ауыл әкімшіліктерінід қарамагына 17 млн. га жуык мал азығы алаптары мен шағын колемді жыртылган жер учаскелері берілді. 1996жылы, жаңа Конституцияға сәйкес, ауыл тұрғындарына жеке меншікке тегін белгіленген мөлшердің шеңберінде (0,25га тәлімі және 0,15га суармалы жер), үй маңындағы учаскелері берілді. Сонымен бірге қалалық тұрғындарға да саяжай қүрылысына бөлінетін учаскелердің көлемі 1,5 есе үлғайтылды.

Осы соңғы іс-қимылдар мен шешімдер азық-түлік рыногінің едәуір дамуына әсер етті.

Соңғы жылдары ауа райы да қолайлы болды. Осыған себепті және мемлекеттік колдауға ие болған ауылшаруашылық тауар өндірушілер, өңделетін жердің кысқаруына қарамастан, өнім көлемін айтарлықтай ұлғайтты.

Аса маңызды экономикалык көрсеткіштің - жалпы ішкі онімнің елеулі түрде артуы, ел экономикасының, сонымен бірге аграрлык өндірістің дамуында жаңа кезең пайда болғанының белгісі.

Шынында да, ауыл мәселелерін шешу ісінде едәуір жағымды өзгерістер байқалады: ауыл тұрғындарының қарыздары соңғы уақытта өтеліп, әлеуметтік проблемалар жаңаша шешілуде, барлық жерде мәдени-тұрмыс объектілері қалпына келтіріліп, жаңалары салынуда.

Жерге қатысты істерде де өзгерістер бар: жыртылган жер мен баска алаптарды түгендеу жұмыстары қолға алынып, бұрын тасталған учаскелер өңдеуге кайта тартылуда. Қазіргі кезде жер - кадастрлық жэне бағалау жұмыстары да белсенді жүргізілуде.

Жер жеке меншігі оның иесіне тұрақты сенімділік бере отырып, жерді ұқыпты жэне ысырапсыз пайдалануға, оны жақсартуға аса маңызды түрткі болады. Иесіз жер - жетім. Экологиялық дағдарысқа, бірінші кезекте, осындай жер ұшырайды. Сондықтан, «Жер жеке меншігі» туралы заңды қабылдай отырып, Республика Парламенті өзінің тарихи миссиясын орындады деуге болады.

Қазіргі колданыстағы Жер Кодексі 2003 жылдың 20-маусымында бекітілді. Бұнда 2001-2002жж. күшінде болған «Жер туралы» Заңның бір қатар баптары өзгеріссіз сақтал-ған. Жекелеп алғанда, 35-бапта үй

маңындағы жер учаскелерін жеке меншікке беру, сонымен

меншіктегі жер көлемінің шектелуі туралы келтірілген

бірге жеке ережелер

қайталанған. Кондоминиумға, жерге орналастыру мен жер кадастрына, жер мониторингі мен басқа, осы тәріздес іс-қимылдарға және үғымдарға қатысты бабтар да сакталған.

Бұл кодекстің негізғі жаңашылдық болып ауылшаруа-шылық мақсаттағы жерге жеке меншікті енгізу, оны жүзеге асыру механизмін көрсету табылады. Мысалы, жер пайдаланушылық пен жер учаскесінің аймақтык жэне накты жергілікті табиғи - экономикалық жағдайларынан тәуелді жердің базалық ставкалары, оларды арттыратын және кемітетін коэффициенттері келтірілген.

Аталған міндеттерді, нақты түрде аграрлық және жерге орналастыру ғылымының көмегімен, жергілікті әкімшіліктер өз құзырларының шеңберінде жүзеге асырып отыруға тиісті.

Солардың арасында, эсіресе, а.ш. жерлерін бағалау, базалық ставкаларды арттыратын және кемітетін коэффици-енттерін туралау жөніндегі қолданбалы зерттеулер аса қажетті. Сонымен қатар заңның эр түрлі баптарын дұрыс түсіндіру қиыншылықтары пайда болуы шүбәсіз.

Ауылдық жерде миграциялық ағындарды реттеу міндеті аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Бұнда зерттеулер негізінен мына үш бағытта жүргізілуге тиісті.

- қалыптаскан қоныстану жүйесін жетілдіру әдістері;

- экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтардан халықты көшіру шаралары;

- миграциялық агындарды тиімді реттеп отыру.

Осы күрделі міндеттерді орындау ауылға қатысты бірқатар арнайы нормативтерді эзірлеу жұмыстарын талап етеді. Солардың ішінде: елді мекендердің көлемі, демографиялық гипотезаны жасау әдістері жэне эр түрлі білім беру, медициналық, мэдени тұрмыстық, елді мекенінің көлеміне, мақсатталғандығына территориясының реттестірілгендігіне, жалпы өмір сүру жағдайларына байланысты қызметтер жөніндегілері.

Келешекте жер қатынатарын реттеудің және бүкіл жерге орналастыру мен жер кадастры іс-кимылдарының методологиялық негізі болып Президенттің Жолдауы мен жаңа Жер Кодексі табылады.

Болашақта мынадай ең маңызды міндеттер орындалуға тиісті:

-қолдағы бар зерттеу және іздестіру, сонымен қатар жобалау және жерді есепке алу материалдарын толық түгендеп, олардың сапасы мен жарамдылығын аныктау;

-геодезиялық, топырақ, геоботаникалық және баска да зерттеулер мен іздестіру материалдарын жаңарту жөніндегі жүмыстарды жоспарлы түрде ұйымдастыру;

-жаңартылған материалдардың негізінде жасалған ШАЖО жобалары жэне жер пайдаланушылықтардың кеңестік кемшіліктерін жою немесе олардың ықпалын жеңілдету аркылы, барлык жаңадан пайда болган шаруашылык қүрылымдардың жер пайдаланушылықтары-ның межелерін, аудандарын жэне орналастырылуын туралау;

-ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын экологиялық-ландшафттық негізде және жаңа технологиялар арқылы жасау;

-жұмысшы жобаларды жасау мақсатымен экономикалық мүмкіншіліктердің кеңеюіне қарай, айналымдагы жерлерді жақсарту, босалқы жэне арнайы қордағы жерлерді игеру;

-қала жерлері мен ауылшаруашылық алаптарын қүндылық багалау;

-мәліметтер банкісі мен мемлекеттік кадастр жүйесін эрі қарай жетілдіру;

-жер рыногін дамыту (жерді несие алу максатымен сату-сатып алу, жалға беру кепілдікке салу);

- мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік шаруашылықтар мұктаждықтарына жер бөліп беру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

- әр түрлі деңгейдегі (республикалык, облыстық, аудандық) болжау әзірлемелерін дайындау;

- коныстану жүйесін жетілдіру жөніндегі мәселелерді қамтыган бағдарламалар мен схемаларын жасау.

Аталған міндетті жүзеге асыру барысында бір қатар күрделі мәселелерді шешу қажетті.

Алдымен ЖЭС жылдарындагы жер пелену жүйесін назарга ала отырып, сол кездегі шаруа қожалыктарын және АҚІ1І пен баска да елдердегі жеке меншік фермерлікшаруашылықтарын үйымдастырудың копжылдык тәжірибесін зерттеу кажет. Осының нәтижесінде қазіргі заманның талабына және жергілікті жагдайларга сай ШФҚ ұсынуга мүмкіндік пайда болады. Зерттеулерді экологиялық проблемалармен байламыстыра жонс нақты табиги -экономикалық жагдайларды ескере отырыи жүргізген орынды.

Қазіргі кезде жыртылган жердің ауданым қыскарту қажеттілігіне назар аударылуда. Шынында да, тың игеру жылдары орасан зор көлсмді аумақтар ғылыми тұргыдан жеткілікті нсгізделмей жыртылып тасталды. Бұның салдарынан табиғи ландшафгар бұзылып, мал азыгы алаптарының аудандары күрт қысқарды. Осыган себепті тыц игеру процесінін нәтижесінде пайда болған экономикалық жэне әлеуметтік жстістіктерді жоқка шыгару ұмтылыстар да байқалуда.

Енді орасан зор колемді көбінесе жүйесіз пайдаланудагы табиғи мал азыгы алаптарын, ауыл әкімшіліктсрінің қарамагыма берген кезде, олардың жақсартылуына,агромелиоративтік, зоотехникалық жэне жер- ге орналастыру ғылымдарының ұсыныстарына сойкес территориялык реттілігін қалыптастыруға, ауыспалы жайылымдар мен шабындықтарды енгізуге, суландыру мен қажетті культур-техникалық шараларды жүргізуге басты назар аударылуға тиісті.

Тың игеру кезеңінде пайда болған теріс экологиялық құбылыстардың, бірінші кезекте эрозияға қатыстыларының салдарын жою жөніндегі ұсыныстарды эзірлеу қажет. Бүл арада аса зор көңілді, дағдарыс уакытында айналымнан шығарып тасталған жыртылган жерді дүрыс жэне сауатты кайта егістікке енгізу мәселесіне бөлу. Аталган іс-қимылдар тек гылыми тұргыдан дәлелді жобалардың негізінде гана жүзеге асырылуга тиісті.

Экономикалық жэне экологиялық жагдайларды, солармен бірге, әлеуметтік проблемаларды ескере отырып, жер алаптарымен егістік аудандарының құрылымын жан-жакты кайта белгілеу кажетті. Бұл өз кезегінде өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын эрі карай дамытуга және кайта орналастыруга, ауыспалы егістердің жүйесін, жалпы егіншілік жүйесімен бүкіл шаруашылық кұрылымды өзгертуге түрткі болады. Сондықтан өндірістің территориялык реттілігін кайта қалыптастыру қажеттілігі де туындайды.

Мысалы, мал азыгы ондірісін кеңейту, алқаптық және шалгындық мал азығын өндірудің тиімді өзара сойкестігін іздестіру, халыкты азык-түлікпен толық камсыздандыру мақсатымен кант қызылшасының, майлы дақылдардың, картоптың, көкөністердің жэне тағы да осы қатарга жататын дақылдардың егістіктерін ұлгайту, сөзсіз, аса маңызды міндеттердін біріне айналады. Әрине б.үл міндеттерді жүзеге асыру барысында жаңадан қалыптасқан импорттык-экспорттық байланыстар, топырак-климаттық жағдайлар, еңбек және материалдық корлар, эрбір шаруашылық пен аймакта тарихи калыптасқан сабактастық пен еңбеккерлерідің шеберлігі назарга алынып отыруга, мамандандыру жэне оган байланысты территорияны

61

реттестіру, жалпы өндірісті ұйымдастыру мэселелері мүлде жаңаша шешілуге тиісті.

Жоғарыда сипатталып өткен экономикалық мәселелерді экологиялык проблемалармен өзара байланысты түрде қарастырган дұрыс. В.В. Докучаевтың идеясы - алқаптың, орманның, шалғынның және судын кажетті өзара қатынасын қамтамасыз ету - бүкіл іс-қимылдарды орындау басшылығына негізгі принцип ретінде алынған абзал.

Алдымен бұл, табиғи жэне жасанды су қоймаларының су ағарлар мен жыра-сайлардың, өзендер мен өзектердің жаға-лауларында, елді мекендерде, мүмкіншілікке қарай алқаптық территорияларда, соңғысының, ең болмағанда, топырақ қорғау ауыспалы егістіктер аумағында, орман алаптарын отырғызуды қамтамасыз ету; ауыспалы егістіктер, ауыспалы жайылымдар мен шабындықтар жүйесін қалыптастыра отырып, олардың құрамында әсіресе, эрозия жағынан қауіпті топырақта орналасқандарында көпжылдық шөптердің (бірінші кезекте бұршақты-дәнділерінің) үлес

салмақтарын барынша үлғайту.

Жерге орналастырудың экологиялык-ландшафттык бағытын дамыта отырып, күрделі бедерлі учаскелерде территорияны контурлык-мелиоративтік түрғыдан ұйымдастыру элементтерін енгізу әрбір топырак контуры мен учаскеде жеке агромелиоративтік агротехниканы колдануға жағдай жасау деген сөз. Қысқасы, мәселе экономика мен экологиялык арасындағы қарама-қайшылықты жою немесе барынша бэсеңдетуде.

Аса күрделі міндеттердің қатарына жаңа шаруашылық құрылым-дарының жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарының межелерін және аудандарын туралау, соңғыларының кеңістік кемшіліктерін (алабарлыкты, теңбілдеулікті, шалғай-жерлікті жэне т.б.) жою. Сондай-ак ұсақ, орташа жэне ірі шаруашылықтардың ұтымды үйлесімін қамтамасыз ете отырып, олардың мамандандырылғандықтарына қарай өздерінің тиімді жер пайдаланушылықтар көлемдерін табу кажетті.

Осы мақсатпен елдің 10 аймағының эрбірінде табиги жэне ауылшаруашылық микроаймақтау жүргізілуге тиісті. Бұндай жүмыстарды орындау барысында шаруашылықтардың орналасуы, меншік және жерде шаруашылық жүргізу формалары ескеріледі, эр түрлі шаруашылык кұрылымдардың орналасқан аймағы, микроаймағы жэне жергілікті ландшафттың кеңістік ерекшеліктері ескеріле отырып, олардың көлемі мен мамандандырылғандығына қарай үйымдастыру-шаруашылық шаралар жоспарын жасау әдістемесі дайындалады.

Осы одістемелер мен ұсыныстарды әзірлеу үшін нормативтік база, немесе зр түрлі нұсқаларды бағалау жөніндегі критерийлер, принциптер жэне баска да көрсеткіштер болуға тиісті.

Жер қорын санаттарға жіктеу ерекше маңызды міндеттердіц бірі болып табылады. Болашақта босалқы жер құрамындағы орасан зор көлемді аудандар, сөзсіз, кыскарылуға тиісті. Бұдан пайдалануға жарамды жерлерді, бірінші кезекте күнды отарлық жайылымдарды а.ш. айналымға тарту кажет.

62

Тағы да бір күрделі міндет - ауылды елді мекендердің (АЕМ) шептерін белгілеу немесе нақтылау. Осы міндетті жүзеге асыру шеңберінде, ауыл тұрғындарының жеке меншігіндегі малды қажетті азықпен қамсыздандыру максатымен, елді мекендерді жоспарлау жэне салу жобаларына қосымша, жер шаруашылықтарын реттестіру жобалары жасалуга тиісті. Нәтижесінде, ауыл экімшіліктерінің қарамағына берілген жерлерді жүйелі түрде пайдалану жөнінде ұсыныстар жасалады.

Жер меншігін немесе жер пайдалану құқығын растайтын құжаттарды тапсыру үшін іс жүзінде бар жэне қайта құрылатын жер иеліктері мен жер пайдаланушылықтарды бекітуге жэне әзірлеу керек, демек кемшіліктері барынша жойылып, құқық бекітетін актілері кажетті кадастрлык мғғлұматтармен толықтырылады.

Республиканың жер заңдарында, үкімет пен ведомстволардың нормативтік актілерінде жерді тиімді пайдалану, оны табиғаттың теріс құбылыстары мен қырсыздықтан қорғау, ауылшаруашылық емес мақсаттарға ысырапты жұмсау ісіне басты назар аударылады. Осыған байланысты жер ресурстарын басқарудың, жерге орналастыру мен жер кадастрының, сондай-ак аталғандарды ғылыми-әдістемелік жагы-нан қамсыздандырып отыратын жерге орналастыру ғылымының маңызы айтарлықтай арта түседі.

Әр түрлі мемелкеттік, қоғамдық жэне жекеменшік шаруашылык мұқтаждықтарына жер бөліп беру жобаларын экономикалық, құқыктык жэне техникалықтұрғыдан негіздеуге қойылатын талаптар күрт жоғарлады.

Ғылыми тұргыдан дәлелді ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары су жэне жел эрозиялары тараған аймактарды эрозияға карсы жоспарланған шаралар кешенінің негізі болып табылады. Бұнда белгіленген жердің пайдалануы, қазіргі нарықтык жағдайларда да, АӨК жүйесіндегі кез келген шаруашылык құрылымының ұйымдастыру-шаруашылық жоспарыныіі аса маңызды күрам бөлігі ретінде каралды.

Жер заңдарында елдің жер ресурстарын пайдалану жөніндегі ғылы-ми негізде жасалган схемаларды әзірлеу ескерілген. Республикалык бас схема мен аймақтык схемаларда біртұтас мемлекеттік жер коры-ның құрамы, онын

халықшаруашылыгы салаларында пайдалануылуы болжаулар жасалады. Бұнда ауылшаруашылық

жонінде ұзақ мерзімді мақсаттағы жерлерге,

олардың әр түрлі мелиоративтік жэне культуртехникалық шаралар арқылы жаксартылуына басты назар аударылады. Әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасында жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктерді жетілдірудің негізгі багыттары, ауданның территориясында орналасқан барлык шаруашылық қүрыл-ымдардың мамандандырылғандығы, өңдеу және жергілікті өнеркәсібінің орналасуы, қоныстану жүйесінің күрамы мен бүкіл инфрақұрылым белгіленеді.

Барлық деңгейдегі жер ресурстарын пайдалану схемасы халык шаруашылығы салаларын, әсіресе агроөндірістік кешенін, оның шешуші саласын - ауылшаруашы-лық өндірісін дамыту жөніндегі индикативтік және оперативтік жоспарлаудын объективтік ғылыми негізіне айналуда.

Әркашанда жэне қазіргі кезде де, жерге орналастырумен өзара тыгыз байланысты ауылдық қоныстану жүйесін кайта жаңарту, аса сонылы проблемалардың бірі болып табылады.

Соңғы жылдары ауылдың қоныстану жүйесі айтарлықтай өзгерді: елді мекендер жүйесі қысқарды, көптеген ауылдарда түрғындар саны азайып, функционалдық мақсаты өзгерді, миграциялык үрдістердің күшеюіне себепті, кейбір шағын қоныстар мүлде жойылып кетті. Соңғыларының қатарында 200 жуық ауылды елді мекендер. Жақын арада тағы да 90 астамы жойылуы мүмкін. Ауылдың миграция проблемасы ете күрделі. Бүнда қоныстану мәселесі тек соңгы нәтиже ретінде қаралуга тиісті. Оның алдында бір қа-тар аса маңызды міндеттердің жүзеге асырылуы кажет: жүмыс орын-

дарын қамтамасыз ету, білім беру, медициналық, мәдени-тұрмыстык, транспорттық қызметтерінің жүмыстарын үйымдастыру және т.б.

Дагдарыс жылдары өндірістің қүлдырауы, шаруашылыгы кешендерінің, ірі фермалардың

нақтылап жойылуы,

айтқанда мал егістік алқап-

тарының қысқаруы жүмыс орындарының күрт азаюына әкеліп соқты. Осыган себепті тіршілікті қамсыздандыру мекемелерінің басым бөлігі істен шығып калды.

Осымен бірге кейбір елді мекендердің Ш(Ф)Қ, ЖШС немесе кооперативтердің шаруашалық орталарына айналып, жандана түскенін атап өткен жөн. Бұл ауылдарда тұрғындардың қолындағы мал басы едәуір көбеюде. Жалпы алғанда, қазіргі кезде елді мекендерді жабдықтау жэне көркейту, олардың шептерін белгілеу, жер шаруашылықтарын реттестіру жүмыстары баскаша үйымдастырылган.

Ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің дамуына және өндірістік қатынастарының жетілуіне байланысты, жердің аса маңызды өндіріс құралы жоне алмасуға жатпайтын табиги ресурсы, ал казіргі нарықтық жагдайларда - жылжымайтын мүлік жэне нарық механизмінің объектісі ретіндегі қогамдык-экономикалық ролі едәуір арта түсті.

Осымен қатар жерге орналастыру мен қоныстану жүйесін жетіл-діру арасындагы озара байланыс одан әрі күшеюде. Мысалы, жерді жылжымайтын мүлік регінде жабдықтап көркейту, шүбәсіз, елді мекен-дердің саны мен орналасуынан, олардың тұргындарының саны мен бүкіл тіршілікке қажетті объектілердің бар болуынан тәуелді.

Бұныц барлыгы жер катынастарын күрделендіре түсіп, жерге орналастырудың алдына жаңа сонылы жэне маңызды міндеттерді кояды. Солардың арасында: өндірістің сүраныстарына карай, қазіргі қогам-дык өндірістің ұсыныстарына қарай теориялық мэселелерді қазіргі когамдык қайта зерттеу; жерге орналастыру мен жер кадастрының озатты тәжірибесін корыта келе, оларды жүргізу методологиясы мен әдістемелерін кайта өңдеп жетілдіру.

Жерге орналастыру гылымыныц шешімін күттіртпейтін міндеттері аз емес. Олар жаца жер құрылысын ұйымдастырумен, кұндылык багалауга негізделген мемлекеттік жер кадастрын жасаумен, жер ресурстарын тарату жэне қайта тарату ісімен, жерді жылжымайтын мүлік және нарыктык

64

келісім-шарттар объектісі ретінде караумен себептеледі. ШАЖО жэне ІШЖО мәселелері де ғылыми ізденістерді талап етеді. Бұл елдің эр түрлі аймақтарында қолдануға жарамды ұсыныстарды әзірлеу деген сөз. Демек, гылыми тұрғыдан мұқият негізделген жобалык шешімдерді дайындау әдістемелері қажет. Ол үшін қазіргі кездің талаптарына сай ғылыми әдістері, солардың ішінде экономика-математикалық әдістер, белсенді түрде қолдануга тиісті. Математикалык эдістер жерді пайдалану жөніндегі аса күрделі байланыстарды толыгымен бейнелемейді, дегенмен, бүган қарамастан, оның қолданылуы кең канат жаюда. Сондықтан оларды ғылыМи-зерттеулерге пайдалану мүмкіншіліктерін іздестіру эбден орынды.

Сонымен, жоғарыда айтылганнан , жерге орналастыру гылымының, шешімін күттіртпейтін аса маңызды, мынадай проблемалары ағындай-ды:

* айқындалган даму заңдылықтары мен зерттелген озат тәжірибенің негізінде жерге орналастыру мен жер кадастрының теориясын эрі қарай жетілдіру;

- Республика, облыстар жэне аудандар жер қорын макро-, мезо- жэне микротабиги, ауылшаруашылық, экономикалық жагынан аймақтауды жетілдіру;

- жер заңдарын және нормативтік актілерді жетілдіру жөнінде ұсы-ныстар дайындау, жер ресурстарын ұтымды пайдалану жэне қоргау жөніндегі болжауларды, бағадарламалар мен тұғырнамаларды жасау әдістемелерін

эзірлеу;

- барлық меншік формаларындағы, эр мамандандырылған шаруашылық

түрлі өндірістік типтердегі жэне құрылымдарының жер

пайдаланушылықтары мен жер иеленушіліктерінің жалпы ауданы мен алаптар көлемдерінің ұтымды мөлшерін іздестіру;

- шаруашылықаралык, ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыру жобаларын жасау, оларды әлеуметтік-экономикалық жэне экологиялық жагынан негіздеу, эрбір жер учаскесінің паспортын жасау әдістемелерін дайындау жэне жаңарту;

- кеңістік кемшіліктерін (алабарлық, теңбілдеулік, сыналасулык, пішін кескіндіктерінің күрделілігі, алаптар қүрамының маманданырылгандық-ка сәйкес болмауы жэне т.с.с.) жоя отырып, ШФҚ, АҚ, ЖШС, ӨК, ҰК және т.б. а.ш. тауарөндірушілердің жер пайдаланушылықтарын кұру жобалары;

- мал азыгы алаптарын пайдалану жөніндегі ұсыныстар жасалган елді мекендердің, әсіресе ауылдардың, жер шаруашылыгын орналастыру жобалары;

- тау-кен, энергетикалық, басқа да өнеркәсіп кэсіпорындары мен үйымдарға, мемлекеттік және жеке шаруашылықтык мұктаждарға жер бөліп беру

жобалары;

- экономикалык түрғыдан тиімді жэне ауылшаруашылық алаптарды жаксарту,

экологиялық жағынан жаңа жерлерді игеру,

қауіпсіз бүлінген

жерлерді калпына келтіру жөніндегі жобалар;

- жаңа шаруашылық кұрылымдардың ішкішаруашылық жерге орна-ластыру жэне жеке учаскелерді паспорттау жобалары.

- мемлекеттік жер кадастрын жэне жердің құндылық бағалауын жүргізу, жердің табиғи қалпы мен шаруашылық пайдалануын аныктау, жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтар жүйесі туралы мәлімет-терді жинау әдістемелерін жасау, барларын жаңарту;

- жердің пайдалануын бақылау жэне мониторинги жүйелі түрде жүр-гізу мен жерді түгендеу жөніндегі эдістемелік ұсыныстарды дайындау.

Жер пайдаланушылық және жер иеленушілік жүйесін жетілдіру, бүкіл жер құрылысын қайта қалыптастыру ісіне және жер ресурстарының пайдалануына қойылған жаңа катал талаптарға байланысты жерге орналастыру гылымына эрқашанда осындай күрделі міндеттер жүктеліп отырады.

Баяндалған, негізінен қолданбалы проблемалар жеке жэне догматикалык ұғымда қарастырылмауға тиісті, өйткені олар өзара тығыз байланысты, сондықтанда кешенді түрде шешілуге жатады, ал кейбіреулері тіпті фундаментальдық зерттеулерді талап етеді.

Осыған себепті, жер ресурстарын басқару Комитетінің пікірі бойынша, бүгінгі күнде келесідей мәселелерді қарастыру қажет:

1) ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалану жэне топырақтың қүнарлылығын сақтап эрі қарай арттыру ісінің экономикалык ынталандыру механизмін әзірлеу;

2) инвестициялык тұрғыдан тартымды жерді игеру жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды дайындау;

3) ландшафттық-экологиялық эдіске негізделген агрокүрылымдардың ішкішаруашылық территориясын реттестіру жобаларын жасауға, аймақтык ресурстарды үнемдейтін егіншілік жүйелерін жэне ғылыми тұргыдан негізделген ауыспалы егістіктерді игеруге кірісу;

4) ауылшаруашылық мақсаттағы жер учаскелерін паспарттауды аяқтау;

5) суармалы жерлердің пайдалануын жақсарту, жел мен су эрозиясымен жэне жердің тұздануымен күресу жөніндегі техникалык жобаларды көбейту;

6) аса маңызды мәселелердің бірі болып босалқы жерді ауылшаруашылык айналымға қайта тарту табылады. Бұл мәселені жүзеге асыру максатымен арнайы бағдарлама дайындау;

7) жыртылған жердің ауданын тиімділендіру, оның құрамындагы қүнарсыз бөлігін айналымнан шығарып тастау, тыңаймадагы жогары сапалы жерлерді қайта игеру жөніндегі шараларды жоспарлау.

8) жалпымемлекеттік акпараттық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын жер-ақпараттық жүйені жэне жерді нарықтық қатынастар жагдайларында пайдалану жөніндегі көпфункционалды жер кадастрын калыптастырып, автоматтандырылган технологияларга көшіруге байланысты жұмыстарды жалгастыру қажет;

9) МЖК-нің ААЖ жетілдіру, бағдарламалық жэне техникалық түрғыдан қамсыздандыру, оның жеке компоненттері мен элементтерінің жаңа жүйелерін дайындау жэне пайдаланыска беру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажетті;

66

10) жер-кадастрлық ақпараттын атрибутивтік жоне графикалық бөліктерінің арасында пайда болган сәйкессіздіктерді жою жоніндегі жүргізіліп жаткам жұмыстарды жедел аяқтау керек;

11) маңызды міндегтердіц бірі - жер қорының күйім зерттсу, топырак және геоботаникалық іздестіру, тогіыракты бонитеттеу жөніндегі жүмыстарды жүргізу, топырақ және өсімдік туралы мәлімеі гер камп.і.п ап үлттык баынм калыптастыру;

12) шешімін күттіртпейтім мэселе, заманауи акнараттык және геоақпараттық технологиялар негізінде, жердің майдаламуын унемі талдам, келеңсіз қүбылыстардың алдын алып жэне согам сәйкес кажетті шараларды жүзеге асырып отыру;

13) барлык кэсіпорындар мем мемлскеттік мұктаждықтарды сенімді маглұматтармен қамтамасыз етіп отыру;

14) жер заңдарының орындалуым, жер кадастрыныц дұрыс жүргізілуін, жерді тиімді пайдалану жэне коргау жөніндегі шаралардын жүзеге асырылуым камтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік бакылауды күшейту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]