Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_uanysh_a_1171_ay.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

5.2. Қазіргі жерге орналастырудың мазмүны және ондірістік үрдісі

Жерге орналастыру ұғымының ғылыми сипаттамасы, оның мақсат-міндеттері мен мазмұны жерге орналастыру және жер кадастры шараларының аса күрделі инженерлік-экономикалық және құкықтық шаралар кешені екендігін дәлелдейді. Бұл кешен, жер заңдарына сәйкес жердің тиімді пайдаланылуын, жақсартылуын, қорғалуын және т.б іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін шаруашылық механизмнің кұрам бөлігі болып табылады.

Жалпы түрінде жерге орналастыру мазмұны келесідей іс-қимылдарды қамтиды:

жерді пайдалануға және иеленуге байланысты пайда болатын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу және заңға сәйкес рәсімдеу, кұкықты куәландыратын актілерді тапсыру, жалга алу шарттарын рәсімдеу, межелер мен аудандарды план мен жер бетінде көрсету;

- жер ресурстарын пайдалану жөніндегі болжаулар мен багдарламаларды және бас, облыстық, аудандық жерге орналастыру схемаларын әзірлеу;

- ауылшаруашылық және ауылшаруашылык емес жер пайдаланушылықтар мен жер иеліктерді құру және қайта құру (реттестіру, жетілдіру) жөніндегі, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген, техникалық сауатты жобаларды жасау;

- ауылшаруашылық өндірісін тиімді жүргізу максатымен ішкішаруашылык территорияны реттестіру жобаларын жасау;

- жер алаптарын қорғауға, жақсартуға, сондай-ақ бүлінген жерлерді қалпына келтіруге (рекультивациялауға) катысты жүмысшы жобаларды дайындау;

- әр түрлі кажеттіліктерді қанагаттандыру мақсатымен жер ресурстарын зерттеу жөніндегі іздестіру жұмыстарын жүргізу;

- ағымдағы және болашақ жоспарлауды қамтамасыз ету, салық салу, нарыктык келісім-шарттарды жасасу және баска да мақсаттарға жер-кадастрлык және жерді бағалау жұмыстарын жүргізуге негіз жасау;

жер мониторингі мен жердің пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;

-жерге қатысты нарыктық іс-шараларды ұйымдастыру және реттестіріп отыру.

Әр түрлі схемалар мен болжаулар, жобаларга қарағанда, нақты есептерді қамтымайды жэне ұзақ мерзім мен көлемді аймақтарға жасалады. Олар жерді пайдалану жоніндегі жалгіы концепциялар мен багдарламаларды жүзеге асыруга арналады. Сонымен бірге бұлардың құрамында жерді жэне онымен үзілмес байланыстағы өндіріс кұрал-дарын ұтымдыпайдалану жэне жагымсыз құбылыстардан қоргау мәселелері де қарастырылады. Бұндай болжаулар жер ресурстарын пайдалануға байланысты шаруашылық іс-әрекеттердің даму багыттарын алдынала ғылыми тұргыдан белгілеу болып табылады. Жер ресурстарының пайдалануын жоспарлау және болжау әдістемесі - жеке гылыми пэннің тақырыбы.

Әр түрлі жерге орналастыру жобаларының мазмұны жерге орна-ластырудың түрі мен түр тармақтарынан, формаларынан айтарлықтай тәуелді. Осыган себепті олардың қүрам бөліктері, элементтері, жасау және негіздеу эдістері де саналуан.

Жобалардың жіктелуі, алдымен, жерге орналастыру жобаларын жасаудың жалпы және жеке әдістемелері, арнайы ғылыми пәндерде («Шаруашылықаралық жерге орналаастыру», «Ішкішаруашылык жерге орналастыру» және т.б.) қарастырылады. Осыган қатысты бірнеше курстық жобалар да жасалады.

Жоғары аталган кешеннің жеке қүрам бөліктері бір катар ғылыми пәндердің тақырыбы болып табылады. Солардың ішінде: “Жер кадастры”, “Жер ресурстарыныц пайдалануын жоспарлау және болжау”“Жерге орналастыру мен кадастр жұмыстарын ұйымдастыру жэне жоспарлау”, “Жер мониторинг!” және т.б.

Жерге орналастыруға,тарихи қалыптасқан және дәс-түрге айналган, белгілі бір өндірістік жэне құқыктық үрдіс тән. Бүл үрдіс ҚР Үкіметі бекіткен арнайы жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарын жүргізу реттілігі туралы ережеде белгіленген.Жалпы түрде ол,ҚР Жер кодексінің 151 бабында көрсетілген, келесідей кезеңдерден тұрады

1) жерге орналастыру ісін қозгау;

2) дайындық жүмыстарды жүргізу;

3) болжауларды,схемаларды және жерге орналастыру жобаларын жасау;

4) жерге орналастыру құжаттамасын карастыру, келісу жэне бекіту;

5) жобаны орындау: жобаны жер бетіне түсіру; жерге орналастыру материалдары мен жобалық-сметалық кұжаттаманы рәсімдеу жэне тапсыру;жерге орналастыру

Жобасының жүзеге асырылуына авторлык кадагалау жасау.

Жобалау жерге орналастыру процесінің аса маңызды стадиясы болып табылады. Бұл стадия ең көлемді және жауапты, өйткені жерге орналастыру шешіміндегі шығармашылык ойды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан графикалық, аналитикалык және жазбаша түрде бейнелеуге тиісті. Жобалау стадиясының нэтижесінде сызбалардан, түсініктемеден жэне басқа да материалдардан тұратын жобалық - сметалық құжаттама жасалады. Бұнда жобалық жерге орналастыру шешімдері, олардың негізделуі, кұкықтық тұргыдан рэсімделуі жэне жүзеге асырылуы көрсетіледі.

Жерге орналастыру схемалары мен жобалары мүдделі жақтарымен қаралып келісіледі. Аудандық жерге орналастыру схемалары мен ШАЖО жэне елді мекендердің жер шаруашылықтарын реттестіру жобалары тиісті деңгейдегі үкімет органдарымен бекітілуге жатады.

Агромелиоративтік және маңызды экологиялык және әлеуметтік мәселелерге катысты, шараларды қамтитын ІШЖО жэне учаскелік жерге орналастыру жобалары мүдделі ведомстволармен, кәсіпорындармен келісе отырып, тапсырма берушілермен бекітіледі.

Бекітілген жобалар жер бетіне түсіріледі жэне онда қабылданған жобалық шешімдер тиісті белгілермен көрсетіледі.

Жерге орналастыру жобасында жоспарланған шаралар жүйесінің жүзеге асырылуы авторлық қадағалау арқылы тексеріліп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]