Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_uanysh_a_1171_ay.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

КІРІСПЕ.........................................................................................5

I- БӨЛІМ. ЖЕР ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҮРАЛЫ

1.1Жер табиғи ресурс ретінде ..................................................... 8

1.2 Жер өндіріс кұралы ретінде ...........................................11

1.3 Жердің өндіріс құралы ретенідегі ерекшеліктері................13

Бақылау сұрақтары ..................................................................... 15

II - БӨЛІМ. ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЖЕР ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЖҮЙЕСІ.......................................................................................16

2.1. Жер қатынастары ұғымы, олардың даму заңдылықтары және жерге орналастырумен өзара байланысы........................16

2.2. Қазакстан Республикасында қалыптаскан жер иелері мен жер пайдаланушылар жүйесі...........................................19

2.3. ҚР-ның Жер кодексі, оның негізгі мазмүны ...................21

Бакылау сүрактары......................................................................22

III-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ

3.1 КР жер коры және онын жалпы сипаттамасы....................23

3.2 Ауылшаруашылық алаптгарының құрамы.......................29

3.3 Ауылшаруашылық алаптары, олардың сапалық сипапамасы...................................................................31

Бакылау сұрақтары...................................................................34

IV- БӨЛІМ: ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

4.1. Жерге орналастыру ұғымы, оның мақсат - міндеттері, принциптері және қазіргі кездегі мазмұны................................35

4.2. Жерге орналастырудың қисындық құрылымы.................40

4.3. Жерге орналастыруда ескерілетін табиги жэне әлеуметтік-экономикалық факторлар............................................................43

4.4. Жерге орналастырудың экологиялык, әлеуметтік және зкономикалык тиімділігі........................................................................................51

4.5. Жер кадастры, оның максат-міндеттері және кұрамдас бөліктері..52

Бақылау сұрақтары...................................................................54

V - БӨЛІМ. ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНКАСЬІНДАҒЫ ЖЕР РЕСУРСУАРЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ

5.1. Қазакстан Республикасындағы жер ресуртарын баскару жүйесі............................................................................................55

5.2.Қазіргі жерге орналастырудың мазмұны және өндірістік үрдісі..............................................................................................56

5.3. Қазіргі жерге орналастыру мен жер кадастры саласындағы мәселелер және оларды шешу жолдары....................................58

5.4. Жерге орналастыру ғылымының дамуы және оның негізгі

бағыттары....................................................................................... 68

Бақылау сұрақтары......................................................................76 Терминологиялық сөздік............................................................ 77 Әдебиет..........................................................................................83

Кіріспе

Қазіргі жерге орналастырудың сипаты негізінен халык шаруашылығына, соның ішінде ауылшруашылық өндірісіне нарық қатынастарының белсенді енуімен себептеледі.Ол жер заннамасынын, бірінші кезекте Жер кодексінің, негізінде жүзеге асырылатын шаралар жүйесі мемлекеттің аграрлык саясатының аса маңызды күралы болып табылады.

2003 жылының маусым айында кабылданган Жер Кодексінде жер пайдалану мен жер иеленудің түрлі формалары мен ережелері ескерілген. Аталган кұжаттың басты максаты - жойылган колхоздар мен совхоздардың негізінде кұрылған барлык шаруашылык жүргізу формаларына (шаруа (фермерлік) қожалықтарына, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік коғамдарға, өндірістік кооперативтерге жэне т.б.), сонымен катар ауыл тұрғындарының қосалкы шаруашылықтарының, қала тұрғындарының бау-бақшалығының,өнеркәсіп, энергетика және басқа да кәсіпорындарының қосалқы шаруашылықтарының ойдағыдай дамуына тең

Кұқықтық және әлуметтік-экономикалық жағдай жасау.

Бүгінгі күнде елдің жер корының басым бөлігі жоғарыда аталған мемлекеттік емес, әсіресе ірі ауылшаруашылық қүрылымдарының иелігі мен пайдалануында. Сонымен бірге, миллиондаған жанұя жеке меншік құқығы негізінде әр түрлі көлемді шағын учаскелерді (0,1-0,25га) қосалқы үй шаруашылыгын жүргізуге пайдалануда.

Алайда, социализм кезіндегі жерді ұлттандырудың, баскаша айтқанда жерді мемлекет меншігіне айналдырудың, нәтижесінде, әсіресе ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың салдарынан, ауыл тұрғындары жер иесі касиеттерінен айрылып, жерден алшақтап кетті. Қазіргі кезде пайда болып жаткан шаруашылық өндірістік қатынастар айтарлықтай өзгеруде.Ұйымдастырылған өндірістік кооперативтер, акционерлік коғамдар, көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа (фермерлік) қожалықтар өзі еркінмен кабылдаған Уставтары негізінде жүмыс істейді. ШФҚ көбінесе бұрынғы совхоздар мен колхоздар есебінен бөлініп берілген жер үлестері негізінде шаруашылық жүргізуде. Олар әрқашанда жер үлестерін сатып алып, немесе пайдалануға алып жеке шаруашылық жүргізуге құқықты. Жергілікгі әкімшіліктердің жанынан жана шаруашылық қожалықтарын құруға кажетті арнайы жер қорлары жасалған. Олардың барлығына жер белгілі бір мөлшерде шектелген жеке меншікке (негізінен үй манындағы учаскелер), ал көбінесе уақытша пайдалануға (5 -49 жылға) беріледі.

Жалпы айтканда, казіргі кезде кабылданган жер заңнамасы ауылшаруашылык максатындагы жерде еңбек етіп жүргендердің барынша мол, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімін алуға, сонымен бірге жердін өндіргіш қасиеттерін, бірінші кезекте топырақ құнарлылығын арттыруға терең мүдделі болуын қамтамасыз етуге тиісті. Осының нәтижесінде, әркашанда аса маңызды және сан қырлы проблемалардың бірі - елдің азык- түліктік тәуелсіздігін шешлу. Алайда жердің рөлі мен маңызы тек ауыл шаруашылығымен шектеле коймайды. Ол адам іс - әрекетінің қай саласы болса да оның территориялық негізі, операциялық базисі болып табылады. Қалыптаскан нарықтық жағдайда жер міндетті түрде сапалық және сандық есепке алынатын, бағаланатын және реттестірілетін өндірістің жалпы құралы және жылжымайтын мүлік ретінде танылады. Бұл міндеттерді орындау барысында басты рөлді жерге орналастыру мен жер кадастры атқарады. Жерді пайдалану жөніндегі заманауи технологияларды енгізу, жер қорының экономикалык тұрғыдан тиімді, экологиялық қауіпсіз және әлеуметтік жағынан негізделген құрамын камтамасыз ету, демек әр түрлі жер категорияларының ара қатынасгарын, орналасуын және пайдалануын анықтау, оларды жүйелі түрде есепке алып отыруды, түгендеуді, зерттеуді және қадағалауды талап етеді. Осымен біргу, жердің иесіз калмауын камтамасыз ету үшін жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын жер бетінде нақты межелермен бекіту кажетті. Осының барлығы қазіргі қолданудагы жер заңдарынын негізінде, бірінші кезекте, жобалау стадиясын камтитын күрделі өндірістік үрдісті құрайтын жерге орналастыру және жер кадастры іс-қимылдары арқылы жерді қайта үлесгіруді кажет етеді.

Жерге орналастырудын теориялық негіздері бір катар жалпы ғылыми пәндерді (Қазакстан тарихы, геодезия, топырақтану және т.б.) арқылы алынған білімдерге тіректенеді. Солардың арасында жерге орналастырудың теориялык негіздерінің алдында оқылатын жер қатынастары мен жерге орналастыру тарихы аттыы пән. Соңғысындағы материалды ұғу барысында аса маңызды: жер катынастарының негізгі зандылықтарын, олардың өндіргіш күштерін үнемі арттырып отырудағы ролін, жерге орналастырудың әр түрлі тарихи кезеңдерде, әсіресе ірі жер реформаларын жүзеге асырғандағы және революциядан кейінгі жер қатынастарын қайта құрғандағы мемлекет құралы рөлін, жерге орналастыру іс-кимылдарының ежелгі Қазақстан территориясында, Ресей имиериясы мен Кеңес Одағы аумағында жіне қазіргі кезде соңғы ,ғасырлар ішінде жер ресурстарын ұтымды пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі маңызы мен мазмұнын назарға алу кажет.

Жерді табиғаттың теріс әсер ететін құбылыстарынан (су және жел эрозияларынан, тұзданудан, батпақтанудан, ластанудан және т.с.с.) ысырапты жұмсаудан, үқыпсыздықтан қорғау ісінде жерге орналастыру жер ресустарын баскарумен және мемлекеттік бақылаумен тығыз байланысты. Ұсынылып отырған теориялык курс жоғарыда аталған міндеттерді шешудің теориялық және әдістемелік негіздеріне арналған. Жерге орналастыру мен жер кадастрына тікелей катысты мәселелерді шешу жөніндегі накты әдістемелер жерге орналастырушы - инженерді дайындауға арналған оқу жоспарына енгізілген бір катар ғылыми пәндерде қамтылған. Солардын қатарына "Шаруашылықаралық жерге орналастыру", «Ішкішаруашылық жерге орналастыру», «Учаскелік жерге орналастыру», "Жер кадастры", "Жер ресурстарынын пайдалануын жоспарлау және болжау", "Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру", "Жер құқығы" және басқалары Жердің халық шаруашылығында, агроөнеркәсіптік кешенінде, соңғының негізгі саласы болып табылатын ауыл шаруашылығы көлемінде өндіріс құралы және табиғи ресурс ретінде пайдалану заңдылықтары "Жерге орналастырудың теориялық негіздері" пәнінің тақырыбы болып табылады.

Осы заңдылықтарды айқындау, талдап қорыту және зерттеу диалектикалық әдіс арқылы жүргізіледі. Соңғының негізгі қағидалары табиғат құбылыстары мен қоғамның дамуын тарихи тұрғыдан, өзара байланысты түрде және динамикада қарастыруға саяды.Қысқаша айтқанда, қазіргі күнді дұрыс түсіну және келешекті болжау үшін, өткен уақытты көз тастап білу қажет.

Кез келген ғылыми зерттеулерде қолданылатын заманауи әдістер (абстракт-қисындық, статистикалық - экономикалық, экономикалық -математикалық, монографиялық, картографиялық және басқа қолданбалы ғылыми пәндерде кең тараған әдістер) белгілі бір деңгейде осы теориялык курста да пайдаланылады және ескеріледі. Бұл әдістердің мазмұны және нақты жерге орналастырулық жобалауда, жер кадастрында және басқаларында қолданылуы арнайы ғылыми пәндерде қарастырылады

Пәнді оқу барысында алдымен жердің табиғи ресурс және өндіріс құралы ретіндегі ілімнің басты қағидалары мен үстанымдарын, жерге орналастыру мәселелерін шешудің методологиялық жэне жалпыәдістемелік негіздерін, олардың терминологиясы мен ұғымдарын, мақсат-міндеттері мен мазмұнын, түрлері мен принциптерін ұғып алу қажет.

I - БӨЛІМ. ЖЕР ТАБИҒИ РЕСУРС ЖӘНЕ ӨНДІРІС ҚҰРАЛЫ

І.І.Жер табиғи ресурс ретінде

Табиғи ресурстар - бұл еңбек құралы, энергия, шикізат жэне материалдар көздері ретінде пайдаланудагы немесе пайдалануға жарамды табиғат заттары.Олардың пайдалануы, бірінші кезекте, адамның биологиялык тіршілігін қамтамасыз ететін қоғамның экономикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Бірақ бұл проблеманың бір шеті, екіншісі - осы табиғат күштерін адамның, оның қазіргі және болашақта ұрпақтарының игілігіне пайдалана білу.Ғылыми-техникалық прогрес пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы дәне халық санының өсуі жағдайларында,табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Қазіргі кезде бұл мәселе асқына түсіп, фундаментальдық зерттеулер тақырыбына және күрделі жалпымемлекеттік міндетке айналып отыр. Бүкіл дүние жүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, эр түрлі теріс қүбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы касиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарга сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану жэне ресурстарды үнемдеу мәселесі жалпыпланетарлық саясат деңгейінде орын алып отыр. Табиги ресурстарға бірінші кезекте ауа бассейні мен бүкіл қоршаған орта жатады. Осылардың қатарына жер мен су, флора мен фауна да жатқызылады.Аталган ресурстардың арасында, қоғамдық байлыктың сарқылмас қайнар көзі ретінде адамға пайдалы болған жер, оның койнауы мен шикізат ресурстары ерекше орын алады.

Жер-адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жағдайлар калыптасқан, қойнауы мен биосферасының саналуан байлығымен сипатталатын және еңбекті қолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII ғасырдағы корнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: “Тұтыну құндары мен заттық байлыктың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек - байлықтың атасы, ал жер оның анасы”деген екен. Табиги ресурстарға бірінші кезекте ауа бассейні мен бүкіл қоршаған орта жатады. Осылардың қатарына жер мен су, флора мен фауна да жатқызылады.Аталган ресурстардың арасында, қогамдық байлыктың сарқылмас қайнар көзі ретінде адамга пайдалы болған жер, оның койнауы мен шикізат ресурстары ерекше орын алады.

Жер-адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жагдайлар калыптасқан, қойнауы мен биосферасының саналуан байлығымен сипатталатын және еңбекті қолдануга мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII гасырдағы корнекті агылшын ғалымы Уильям Петти: “Тұтыну қүндары мен заттық байлыктың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек - байлықтың атасы, ал жер оның анасы” деген екен.

Жаһандық көлемде жер үғымы бүкіл планета бетін қамтиды. Жер бетінің басым бөлігін (361,1 млн.км2 немесе 70,8%-тін) Әлем Мұхиты алып жатыр. Жер көлемі алты құрлықты қамти отырып, планетаның 149,1 млн. км2 немесе 29,2 % қүрайды. Соңғысының үштен бірі таулы-тасты жерлер, 20 % астамы шөл және 30% орман алып жатыр. Жердің жалпы көлемінің тек 10% гана ауылшаруашылық алаптарға жатады.

Жердің зат және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері, оның тек табиғат кешенінің басқа компоненттерімен - климатпен, су ресурстарымен, өсімдік және хайуанат әлемімен өзара әрекеттестік түрінде ғана тиісті маңызға ие болады. Жер осы кешеннің, демек жер бетінің, онымен шектес литосфераның, гидросфераның және атмосфераның, аса күрделі құрам бөлшектерінің бірі болып табылады. Табиғи ресурстар таусылатындар және таусылмайтындар болып бөлінеді. Жер болса, шектеулі түрде жаңаратын

ресурстарға жатады.. Жерді шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатқызу оның екі қасиеттерімен себептеледі: бір жағынан, жер дұрыс пайдаланылған жағдайда оның өндіргіш қасиеттері ұдайы өндірілуге тиісті, ал екіншіден, жер- жылжымайтын мүлік, демек оның жалпы көлемі өзгермейді.

Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғат кешені бола отырып, белгілі бір заңдар бойынша пайдаланылады. Адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін себептейтін негізгі заңдар қатарына минимум, факторлардың бірлесіп эсер ету, толеранттік және табиғи аймақтык зандары жатады.

Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдай лардың орташа емес, ең төмен көрсеткіштерімен себептелуге тиісті.

Факторлардыц бірлесіп әсер ету заңы ландшафт қасиеттерінің кешенді түрде ықпал жасауын сипаттайды. Сонымен бірге факторлардың жалпы эсері әрқашанда жеке фактордың әсерінен басым бола түседі.

Толеранттік заңы бойынша экожүйе тек белгілі бір шектің ішінде ғана қалыптасады. Жаратылыс биоценоз табиғи аймақтарға қарай өзгеріп отырады. Осы заңдардың ауылшаруашылық өндірісте ескерілгені аса маңызды.

Қазақстан Республикасының территориясы табиғи-климаттық жағдайларына қарай 10 аймаққа бөлінген (1-кесте):

  1. Орманды дала;

II. Дала;

  1. Қуаң дала;

IV. Шөлейт;

V. Шел;

VI. Тау етегіндегі шөлді дала;

VII. Субтропикалык шел;

VIII. Субтропикалық тау етегіндегі шел;

IX. . Ортаазиялық таулы облысы;

X. . Оңтүстік-сібір таулы облысы.

Жер кодексінде (2003ж.) келтірілген осы аймақтар тек табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаны жалпы сипаттайды, территорияны макро- және микроаймақтау, бірінші кезекте, ауылшаруашылық алаптарын аймақтауға, ауылшаруашылық өндірісін мамандандыруға мақсатталған. Бұл аса маңызды жұмыстарды. Жер кодексінің 8- бабына негізделе отырып, басға саладағы мамандармен бірге, жерге орналастырушы жэне жер кадастры инженерлері жүзеге асырады.

Дегенмен бұл аймақтарды шамамен келесідей топтастыруға болады: бірінші 3 аймақ солтүстік және жарым-жартылай орталық облыстарын; 4- 5 және 6- аймақтар батыс және бір бөлігі орталық облыстарын, 7-8 жэне 9 -аймақтар оңтүстік облыстарын, ал 10 - Шығыс Қазақстан облысын қамтиды.

Жерлерді аймақтау негізіне территорияны табиғи-ауылшаруашылык тұрғыдан аудандау алынған. Республикада 8 табиғи-ауылшаруашылык аудан және екі таулы облыс белгіленген. Осы аудандар бойынша жер көлемінің таралуы 1- кестеде келтірілген.

1-кесте Жердің табиги-ауылшаруашылық аймақтары бойынша таралуы.

Индекс і

Аймақ

Ауданы, млн. га

%

I

Орманды дала

0,8

0,3

II

Дала

26,5

9,7

III

Қуаң дала

62,4

22,9

ІҮ

Шөлейтті

37,2

13,7

Ү

Шөлді

112,1

41,1

ҮІ

Тау етегі-шөлді-далалық

12,3

4,5

ҮІІ

Субтропикалық шөлді

4,4

1,6

ҮІІІ

Субтропикалық-тау етегі-шөлді

3,5

1,3

IX

Орта Азиялықтаулы облысы

10,1

3,7

X

Оңтүстік Сібір таулы облысы

3,2

1,2

Барлығы

272,5

100,0

272,5 100.0

Ел территориясының жартысынан астамын (55%-ға жуығы) шөл және шөлейт аймақтары алып жатыр. Бұл өзі кезегінде жердің, әсіресе агроөндірістік кешенінде, пайдалану сипатын себептейді. Әр түрлі аймақтар бойынша шабындық және басқа да алаптар аудандарында елеулі айырмашылық байқалады. Бұндай жағдай бүкіл жерге орналастыру және іздестіру жұмыстарына, жер кадастры мен жер мониторингін және жалпы ауыл шаруашылығын жүргізу технологиясына айтарлықтай әсер етеді.

Ауылшаруашылық алаптарының пайдаланылуы құнарлылығының

арттырылуы және қауіпті экологиялык ыкпалдан сақтап қалынуы эр түрлі табиғи жагдайларда ау-ылшаруашылық өндірістің мамандандырылғанына қарай жүзеге асырылуға тиісті.

Табиғат ресурсы және жалпы мекендеу ортасы ретінде жерді құнтты пайдалану - адамзаттың даму болашағының кепілі, ойткені ол әр түрлі мақсаттарға және баска ресурстармен өзара байланыста қолданылады. Жер тек еңбекпен, су және биоклиматтық ресурстармен өзара әрекеттестік түрде ғана өндіріс құралы болып табылады.

Жер ресурстарын пайдалану жэне реттестіру жөніндегі әр түрлі міндеттерді орындау барысында келесідей бір қатар жалпы қағидаларды ( принциптерді) ұстанымға алып отыру кажет: 1) өндірістің жерге жағымсыз ықпалын экологиялық қауіпсіз деңгейге дейін барынша азайту; 2) жерді пайдалану барысында сапасының өзгеруін қадағалау негізінде, оның әр түрлі қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендік негативтік әсерден қорғалуын үнемі қамтамасыз етіп отыру.

Жер ресурстарының тиімді пайдалануы олардың берікті қорғалуымен және экологиялық жағдай мен ландшафттың күйін үнемі ескеріп отырумен озара тығыз байланысты.Осы тұғырнамалык принциптер, бірінші кезекте, ауылшаруашылық максатындағы жерлерге, әсіресе негізгі ауылшаруашылық алаптарына тікелей қатысты.

1.2. Жер өндіріс құралы ретінде

Қоғамының өмір сүруі мен дамуы жермен байланысты және түптеп келгенде, , адам табиғи ортаға, мен жердің

өзара әрекеттестігіне саяды. Осыған сонымен бірге жерге, нақты ықпал қоғамдык шеңберінде жасалады. Еңбек адамның материалдық құндылықтарды жасау жөніндегі іс-әрекеттері, ал жер осы еңбектің территориялық негізі ретінде жоғарыда аталган эрекеттестіктің міндетті түрде болатын құрам бөлшегі болып табылады. Еңбек процесінде адам өзі мен жердің арасындағы орын алатын зат алмасуын реттеп және қадағалап отырады. Демек, жер оның жүмыс орны болып, еңбегіне әрекет саласы ретінде кызмет етеді.

Тұтыну құндылығының қайсысы болса да, ол екі элементтердің - жер (табиғат заты) мен еңбектің қосындысы болып табылады.

себепті

Қоғамдык өндірістің экономикалық факторы ретінде жер - жалпы еңбек заты. Дегенмен ол адам еңбегінің нәтижесі емес, басқаша айтқанда, адамның қатысуысыз пайда болған табиғаттың сыйы.

Осымен бірге, экономиканың қай саласы болса да, жер өндіріс орналастырылатын және жүргізілетін кеңістік және жалпы еңбек құралы болып табылады. Өндіріс барысында нақтылы және затталған еңбекпен қосыла отырып ол өндіріс құралына айналады.

Қоғамдық өндірістің екі құрамдас бөліктерінің - өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының дамуында оның маңызы орасан зор. Елдің ұлттык қорының құрам бөлшегі ретінде, жер мемлекеттің аса күрделі басқару тетігінің бірі болып табылады.

Оның өндіріс процесіне әсер етуі жалпы сипатқа ие болуда. Баршаға мәлім, жерсіз ғимарат немесе кұрылыс салуға, ешқандай материалдық құндылықтың өндірілуін ұйымдастыру мүмкін емес. Өндірістік жэне өндірістік емес салаларда еңбек процесі әрқашанда территориялық негіз ролін атқаратын жерден басталады. Жер осындай рольді өндірістің қай саласында болса да өнеркәсіп, көлік, энергетика кұрылыс және ауыл шаруашылығы, сонымен бірге өндірістік емес салаларда да атқарады.

Алайда ауыл шаруашылығында жердің маңызы ерекше. Экономиканың тек осы саласы мен орман шаруашылығында еңбек нәтижесі елеулі түрде жердің сапасынан, ландшафттың кеңістік қасиеттерінен, әсіресе топырақ жамылғысының сапасынан тәуелді.

Еңбек үрдісіндегі жердің ролін айқындай отырып, материалдык құндылықтар мен тіршілікке қажетті заттарды өндіруге керекті бүкіл еңбек құралдарын үш топқа жіктеуге болады:

I. жер;

II. жылжымалы өндіріс құралдары;

III. жермен үзілмес байланыстағы құралдар.

Осымен бірге жердің функциялау заңдылыктары халық шаруашылығының әр түрлі салаларында бірдей емес екендігін айтып өту қажет. Жер өнімді жасауға тікелей қатыспағанымен, онсыз өндіріс үрдісі мүмкін емес. Жер, ауа мен су сияқты өндірістің жалпы шарты болып табылады. Дәл осыған байланысты және еңбек құралы мен заты ретінде, ол өндіріс құралы болып сипатталады. Жалпы мағынада еңбек процесінің құралдарына барлык, өндірісті жүргізуге қажетті материалдық жағдайлар жатады». К.Маркстың ойынша, бұл жағдайлар өндіріс процесіне тікелей кірмегенімен, оларсыз, аталған процесс мүлде мүмкін емес немесе жетілмеген түрде жүзеге асырылады. Осындай еңбектің материалдық жағдайлары болып жер табылады, өйткені ол жұмысшыға тұрған орынын, ал еңбек процесіне іс-әрекет кеңістігін камтамасыз етеді.

Жер еңбек процесінің ең соңғы нәтижесіне бірдей әсер етпейді. Өзінің ондіріс және өндірістік емес саладағы экономикалық және функционалдық мақсатталғандығына қарай, жер әр түрлі роль атқарады:

1) басты өндіріс құралы;

2) өндірістің кеңістік перациялык) базисі;

3) мннералдық шикізат ресурстарыныц қоймасы;

4) сирек кездесетін реликт ландашфпары.

Біріншіден ол еңбектің жалпы заты және құралы болып табылады. Еңбек құралы ретінде жер еңбек процесіне тікелей қатыса отырып, нақты және затқа айналған еңбектің арасындағы өткізгіш ролін атқарады. Басқаша айтқанда еңбек үрдісі, оның нәтижелері елеулі түрде топырақтың сипаттамасы мен кұнарлылығына, жердің басқа кеңістік қасиеттеріне -бедердің ерекшеліктеріне, табиғи өсімдік сипатына, гидрографиялық жағдайларға, жалпы ландшафтка және т.б. тәуелді.

Екінші жағдайда жер өндірістің материалдык шарты, еңбек орны болып табылады. Бірақта, бұнда еңбек процесі,оның нәтижелері, топырақ құнарлылығымен себептелмейді, тек ландшафт жағдайлары ғана белгілі мөлшерде әсер етуі мүмкін.

Үшінші жағдайда жердің ролі едәуір арта түседі, ейткені қазып шығаратын өнеркәсібінде жер операциялық базисімен қатар бағалы тұтыну кұндылықтарының, қоғамдық байлықтың қайнары болып табылатын пайдалы қазбалар қоймасы ретінде қолданылады.

Соңғы жағдайда жер әр түрлі аспектілерде белгілі бір роль атқарады. Мысалы, ғылыми, мәдени, экологиялық, тарихи, сонымен бірге сауықтыру маңызы бар геологиялық құрылымдар мен баска да табиғи кешендер түрінде.

Ауыл шаруашылығында өндіріс үрдісі жерді өңдеумен, топырақ қыртысының құнарлылығымен, табиғи биологиялык үрдістермен тікелей байланысты. Диқанның еңбегі және топырақ кұнарлылығы жоғары деңгейде ауылшаруашылық өнімнің сапасы мен көлемін себептейді. Нақтылау айтканда, өсімдіктердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын физика-химиялық қасиеттерге ие топырақ қыртысы, демек оның құнарлылық күші, жерді

ауылшаруашылық, сонымен қатар орманшаруашылық өндірісінің басты құралы екендігін дәлелдейді.

Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылыгында экономикалық ұдайы өндіріс үрдісі табиғи үрдіспен өзара тығыз байланысты. Өнеркәсіп және басқа салаларда еңбек нәтижесі жұмсалған еңбек пен затқа айналдырылган еңбектің, пайдаланылған шикізат пен жартылай фабрикаттың көлеміне байланысты. Ауылшаруашылық өндірісінде еңбек нәтижесі тек аталган факторлардан тәуелді емес. Ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) жетістіктеріне, жаңа технологиялар мен материапдардың колданылуына карамастан ол әлі де елеулі түрде табиғи факторлардан тәуелді. Адам тіршілігінің аса көне саласы егіншілік әрқашанда табиғаттың өндіргіш күштеріне негізделген.

Қазіргі ауыл шаруашылығы ҒТП-тің өлшемсіз зор мүмкіншілігіне карамастан, қажетті биологиялық массаны алу үшін, бірінші кезекте, жер мен тірі табиғаттағы жаратылыс заттар айналымын пайдаланады. Ол әлі де белгілі бір деңгейде аймақтың макро және микроклиматынан, ландшафттан, жердің кеңістік қасиеттерінен тәуелді. Аталған жүйеде аса маңызды рольді, тіршілік әрекеті топырақсыз болмайтын өсімдіктер атқарады. Өзі кезегінде топырақ адам ықпалына аса бейімді табиғи заттардың бірі. Осы ықпалдың табыстылығы табиғи және өндірістік заттар алмасуынын заңдылықтарын танып білу деңгейіне байланысты.

Жерді өндей отырып,адам топырақтың жаратылыс қасиеттері мен табиғи құнарлылығына әсер етеді, оның тиімділік (экономикалық) құнарлылығын арттырады. Демек, топырақ құнарлылығы ауыл шаруашылығында ең басты роль атқарады. Топырақтану ғылымында топырақтың табиги және жасанды құнарлылығы, оның физика-химия-лық жэне механикалық қасиеттері динамикада зерттеледі. Жерге орна-ластыру ғылымы мен тэжірибесінде, сонымен бірге жер кадастрында, осылардан басқа жердің экономикалык (тиімділік) құнарлылығы ескеріледі. Демек, соңғысының қазіргі және келешектегі жалпы агроөнеркәсіп кешенінің және оның белді құрам бөлігі -ауыл шаруашылығының даму деңгейіне сәйкестігі зерттеледі. Ауылшаруа-шылық дақылдары түсімділігінің мөлшері мен тұрақтылығы осы экономикалық құнарлылықты дұрыс пайдаланудан тәуелді, өйткені жерге (топыраққа) түскен дәннің өсіп-өнуі тірі және затқа айналдырылган еңбектің интенсивтігіне, қолданылған прогрессивтік технологияға тікелей байланысты. Адам еңбегінің топырақ-климаттық жағдайлардан осы тәуелділігі, ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде азая бастауына қарамастан, әлі де ұзақ уақыт едәуір салмақты болып қала береді. Бұл объективтік шындықты жерді орынды пайдалану және қоргау барысында, осы жөніндегі жобалы шешімдерді қабылдағанда, әрқашанда ескеріп отырған кажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]