Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана кне арий тайпаларыны атамекені2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.2 Кб
Скачать

2.2. Ақмола аймағында жүргізілген археологиялық зерттеулер жөнінде тарихи мағлұматтар

Қазақтың ұсақ шоқылы байтақ жерін мекендеген тайпалар мен ұлыстар қола дәуірінің соңғы кезеңдерінде алғашқы қауымдық құрылыстан ыдырап, бірте-бірте өз территориясын, мал жайылымын, ата қонысын , аң аулайтын географиялық ортасын және салт-дәстүрлерін иемденіп, мақұлдап, қоғамдық талап пен әулеттік –отбасылық, тыйым-салт ретінде қалыптастыра бастады.

Рулық топтасу мен бөлшектену ерекшеліктері адамдар қоныстарының географиялық ортасына байланысты болды. Ол үрдісті шартты түрде Ұлытау-Арғанаты-Атбасар бойлығы арқылы көруімізге болады.Бұл өңірден қола дәуірдің соңғы кезеңдерінде өмір сүрген адамдардың мейрам-жиындары, өлікті жерлеу рәсімдері, түсті металдарды өңдейтін кен орындарын ашуы, малдың (жабайы аңның) бас сүйегіне ою-өрнек пен таңба салу негізінде діни-тотемдік рәсімде пайдалану, Күн құдыретіне (отқа) табыну мен құрбандық шалу рәсімдерін бейнелейтін археологиялық жәдігерлердің табылуы-өткен ғасыр тарихнамасы жайында мол ақпарат береді. Адамдардың тұрмыстық-шаруашылық қарым-қатынастары мен рулық-тайпалық басқару жүйесінің тұрпайы түрінің қалыптасуы- олардың мәдениетінің жоғарғы деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Дегенмен, ғалымдар арасында өз шешімін таба алмай келе жатқан адамзат тарихындағы осы тарихи даму кезеңді (шамамен б.з.д ІХ-ҮІІғ.ғ)-Арий тайпаларының кезеңі деп атау жөнінде нақты пікір әлі қалыптаспай келеді.

Арий ұлыстары (тайпалары) жөнінде тұңғыш деректер көне діни кітаптар жинағы болып табылатын «Авеста» жазбаларында кездеседі.Сондай-ақ бес томдық Қазақстан тарихында: «...көне парсы,элам,аккад тілдерінде құрастырылған Дарий мен Ксеркс патшаларының жазбалары, сондай-ақ, көне ирандықтардың зороастриялық дін кітаптарының жинағы –Авеста көңіл қоярлық деректемелер болып табылады», -деген тарихи мағлұматтар зерттеу жұмысымыздың негізгі бағытын көрсетіп отыр. Көне Авеста кітабында арий тайпалары Орта Азияны мекендейтін, өркениетті ел ретінде суреттейді. Олар қолөнер туындыларын жасайтын, мал-жануарларды күтіп-баптайтын тамаша бақташылар және ержүрек жауынгерлер ретінде сипатталады.

Біздің зерттеу обьектімізге түскен ғылыми зерттеу еңбектерде Қазақстан территориясында арий ұлыстарының (тайпаларының) мекендегені жөнінде бірқатар деректер кездеседі.

Арий тайпалары жөнінде Ұлттық энциклопедияда мынадай деректер келтіріледі: «Арийлер - ежелгі тайпа. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран ) және үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда... , деп жазылған.

Келесі деректе арий тайпаларының Қазақстан территориясында мекендегені туралы толық ақпарат беріледі. Олардың ойынша, Қазақстандағы Андрон мәдениеті протоарийлердің отаны екені айтылып 8 ғасырлық хронологияны (ерте ХҮІІ-ХІҮғ.ғ, дамыған ХҮ-ХҮІІғ.ғ., соңғы ХІІ-ІХ ғ.ғ) бастан кешіргенін айғақтайды. Арийлердің көне Вавилон жеріне әкелген асау сәйгүлік жегілген атты әскер соғысына арналып жасалған күйме арбаны миграция кезінде бірге алып келгені, осы андрон мәдениетінің арқасы дегенді құлаққағыс етеді.

Сонымен қатар орталық басылымдарда: «Тарихи даму кезеңі мыңжылдықта Ұлы дала кеңістігіне андрон және қима, ал тағы бір мың жылдан кейін-скиф, сармат және сақ қауымдары ретінде орасан зор тарихи қауымдарын әкелді. Тайпалардың жинақылығының артуына, олардың әскери-саяси одақтарға ертерек бірігуіне, олардың ортасына Заратуштра уағызының тууына, елеп-екшелеп, көшіп-қону үрдісінің күшеюіне қозғау салған да сол еді. Сайып келгенде, үрдістің дамуы тарихи арийлер мен олардың ұрпақтарының Оңтүстік пен батысқа көп сатылы түрде көшіп баруына әкеліп соқты» ,- атты ой-тұжырымдар арқылы біз арий тайпаларының Қазақстан аумағында мекен еткеніне көз жеткіземіз.

Арий тайпаларының тарихи- мәдени мұралары және генезисі қақында Е.Е. Кузьмина нақты дәлелдемелер келтіреді. Оның ойынша арий тайпалары – Андрон мәдениетінің соңғы кезеңдерінде белгілі дәрежеде жоғары мәдениеттің кемеліне жеткен өркениеттің негізін қалаған ұлыс деп санады. Олардың жиынтық атауы «Арья» деп аталған. Соғыс арбасының жасалуы арийлердің «қахармандық ғасырын» дүниеге әкелді деп санаған.

Қазақстан балалар энциклопедиясынан шыққан «Ежелгі Қазақстан» атты жинақта Арий тайпаларының б.з. бұрынғы 3000-1000 жылдар аралығында қазақ даласында ғұмыр кешкені айтылады. Арийлер Қазақстанды «Аринам Вайджа Арийлер мекені» деп атаған көптеген ғалымдар болжаған пікірді растай түседі.

Арий тайпаларының тарихы мен мәдениеті жөнінде М.Бойс және В.Тимошинов өз еңбектерінде атап өтеді. Мәдениеттанушы В.Тимошиновтың пайымдауынша арий тайпаларының кеңістігі Солтүстік Қытай, Балқан түбегінен бастап Енисей бойына дейінгі алқапта б.з.б 2 мың жыл бұрын өзінің өркениетін қалыптастырған деп жобалайды. Арийлер еңселі, көк көзді, қара шашты болып келеді. Олар асау тағы жылқылар жегілген күйме арбаға отырып жорықтарға аттанады деп суреттеген.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер арий тайпалары жөнінде арнайы ғылыми зерттеу бағытының қалыптасуына мүмкіндік береді. Біздің пайымдауымызға көне арий тайпалары тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінде тайпалық топтасу фазасынан өтіп, ұлыстық дәрежеге дейін көтерілген ел ретінде танылды деген пікір қалыптастырамыз. [3, б.195-218]

Ұлыстық қалыптасу дегеніміз – белгілі бір ұлттың, тайпалар бірлестігінің, этностық одақт арының әскери-демократиялық тәртіпке негізделген, өзінің шартты түрде (агрессиялық, басқыншылық жолмен, этногенездік-этнолингвистикалық даму эволюциясына қарай құрылған, дамыған, т.б.) ұлыстық шекарасын, саяси дербестігі мен басқару жүйесін, экономикалық дербестігін және тұрақты әскерін иеленген мемлекеттік құрылым.

Арийлер ұлысын – мемлекеттік құрылым деңгейіне толығынан жетті деп кесіп айту қиын, бірақ тарихи сараптама арқылы біздер олардың мемлекеттік даму мен қалыптасу жолына түскенін байқаймыз. Арий тайпаларынан ұзақ ғасыр Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеді.

Қазақстан – шығысынан батысына қарай 4 мың шаршы км, ал оңтүстігінен солтүстігіне қарай – 2 мың шаршы км кең алқапты алып жатқан, табиғи ландшафтысы сан алуан болып келетін байтақ ел. Климаты шұғыл континентальді болып келеді. Жер қойнаулары пайдалы қазбаларға бай. Солтүстік Қазақстан өңірі Батыс-Сібір жазығындағы дала зонасында орналастқан. Аталмыш аймақ орманды және орманды дала зонасын бөліп тұрған жерде орналасқан. Бұл жерде үлкенді-кішілі көлдер көптеп кездеседі. Олардың саны 2 мыңнан астам. Есіл аймағының оңтүстік бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Солтүстік Қазақстандағы аталмыш ландшафттарындағы флора мен фауна дүниесі, табиғи ерекшеліктеріне сай келеді.

Соңғы палеогеографиялық зерттеулерге қарағанда, соңғы 8-10 мың жылдықтар тізбегінде жер бетіндегі климат, ландшафт және флора һәм фауна дүниелерінің айтарлықтай өзгерістерге ұшырағаны белгілі болып отыр. Ол өзгерістер туралы мағлұматтарды, біздер аталмыш өңірде орналасқан ежелгі адамдардың қоныстары мен қорғандарына, олар мекендеген көне жұрттарға жүргізілген археологиялық зерттеулер негізінде алдық.

Қазақстан мен Европа даласындағы соңғы 10 мың жылдық ішінде үлкен өзгерістерге туралы мағлұматтарды, біздер аталмыш өңірде орналасқан ежелгі адамдардың қоныстар мен қорғандарына, олар мекендеген көне жұрттарға жүргізілген археологиялық зерттеулер негізінде алдық.

Қазақстан мен Европа даласындағы соңғы 10 мың жылдық үлкен өзгерістерге ұшыраған климаттық фазаларды аңғарамыз. Олар мыңжылдықтың бастапқы кезеңдеріндегі құрғақ климат пен мыңжылдық жартысындағы соңғы кезеңдеріндегі ылғалдық климаттың құрғақ белдеуге ауытқуы болып табылады.

Аталмыш аймақта жүргізілген палеоботаникалық зерттеулер нәтижесі арқылы, біздер табиғи ландщафт шекараларының уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырап, өңірді ерте заманда қоныстанушылардың матриалдық мәдениеттерінің дамуына ықпалын тигізгенін көреміз. Оған мысал ретінде 6 мың шаршы орманды алқаптың Атбасар даласын алып жатқанын айтуымызға болады.

Қазақстан Республикасының археологиялық картасында көрсетілген 25 мыңнан астам көне археологиялық қоныстардың, 2 мыңға жуығы Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан. Олардың көпшілігі тарихи жыл санау дәуіріне дейінгі кезеңдерге жатады. Солардың ішіндегі аса құнды объектілердің қатарына, б.з.д 3-4 мың бұрын ежелгі адамдардың құтты мекені болған Шағалалы, Вишнека-2, Атбасар, Ботай және басқа қоныстар жатады. 1983 жылы профессор В.Ф.Зайберт ашқан Ботай қонысы Арий тайпаларының ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігі туралы сыр шертеді. Ботай және оған ұқсас батыс Қазақстандағы энеолит дәуіріндегі адамдар өмірі мен тұрмыс-тіршілігі ата-баба аманаты ретінде арийлердің салт-дәстүрлеріне ұласты деуге негіз бар.

Арий тайпаларының жылқы жануарларын өте қадірлегені, тіпті оны діни-тотемдік тұрғыда ұлыстық рәсімдік құндылықтарына жатқызған. Энеолит дәуірінен бері қарай адам баласының жылқыны және басқа жабай жануарларды қолға үйретуі, оны тұрмыс пен шаруашылықта пайдалануы, тіпті кей жағдайда тайпаның тотемдік дәстүріне айналдыруы- дала көшпенділерінің дүниетанымында ерекше сипат алған.Ол дәстүр тек сақтар мен ғұндарға ғана тән болмай, шығыс халықтарының діни-рәсімдік дәстүрлерінен орын алған. Қытай тарихшысы Цыма Цянның айтуынша б.з.б 221-210 ж.ж билік құрған Қытай императорын жерлеу кезінде оның сүйікті жылқылары мен сенімді сақшылары алтын-күміске оранып бірге жерленген. Алғашқы адамдардың жан-жануарларды қолға үйретіп, оның шаруашылық-тотемдік мақсатта пайдалану себептерін тарихи-археологиялық тұрғыда зерттеуді палеозоолог ғалымдар жүргізеді.

Венгр Республикасы (Мажарстан) ғылым Академиясының директоры, әлемге белгілі палеозоолог, көне дәуірдегі жылқы малының зоологиясы жөнінде зерттеулер жүргізіп профессор Шандор Бекени Ботай қонысының құндылығы мен тарихи маңыздылығы жөнінде ғылыми пікірлер айтты.

Арийлердің Қазақстанның солтүстік өңірінде мекен еткені жөнінде нақты деректерді біз Ботай, Атбасар, Явленка-1 қоныстары арқылы ала аламыз. Соның ішінде Ботай мәдениетінің маңызы зор. Көкшетау университеті жанынан құрылған археологиялық экспедиция(жетекшісі т.ғ.д., профессор В.Ф.Зайберт) 2003 жылдан бері университет-колледж-лицей ұстаздары мен оқушы-студенттердің қатысуымен Шалқар өзені бойындағы Ботай ауылында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Ботай ауылы Иман-Бұрлық өзенінің оң жағалауында жалпы көлемі 15га алқапты алып жатқан жазық жерде орналасқан. Жер бедерінде өткен дәуірден белгісі қалған тұрғынүй орындарының іздері байқалады. Ескерткіштің 10кв. шаршы м. бөлігі зерттеліп, одан 100-ге тарта тұрғын-үй қонысы, 300 мыңнан аса артефакт жәдігерлері және мал сүйектері табылды. Сүйектердің 99,9 % жылқы жануарына тән.

Адамдар тұрақтары территорияның барлық алқабында кездеседі.Шаруашылық нысанындағы қора-жайлар қоныс аймағының шеткі бөліктерінде және өзен аңғарына жақын жерлерден орын тепкен. Ол жерлерден мал сүйектері, тұрмыс заттары, ал өзен жағасына таяу жерде мал терісі мен сүйегін өңдейтін, ағаш-бөренелерді шаруашылыққа пайдалануға бағытталған орын болғанын растайтын жерлер бар. Бірқатар үй-жайлардың ішінде тұрмыс-қарекетке қажеті бар кішігірім орындар кездеседі. Шаруашылық мақсатта салынған қора-жайлар иіле-тізбектеле келген ұзын-сонар пішінде орналасқан. [1, б. 270-276]

Ботайдағы және оған ұқсас археологиялық ескерткіштердегі Красный Яр, Рощинское, Сергеевка ауылдары (Көкшетау,Петропавл) және Қарғалы, Тастыбұтақ, Жетікөл (Ақтөбе) зерттеулер негізінде жаңа мәдениет қалыптасты деген тұжырым жасайды. Ендігі арада оны «Арийлер мәдениеті» деп атайды. Ботай мәдениеті және оның мұрагерлері қазақстандық арийлер немесе өз жұртынан миграция жасаған протоүндіевропалық ұлыстар болып табылады. Олар топтаса-ұжымдаса өмір сүріп, түрлі шаруашылық нысандағы қора-жайлар иеленген. Олар көне қазақ даласында мекендеген соң, оларды протоқазақтар немесе қазақстандық арийлер дейміз. Арийлердің (протоқазақтар) тұрмыстық-шаруашылық негізін – жабайы жылқы, қой, тур (жабайы өгіз), жабайы дала мысығы (россомаха) және басқа жануарларды қолға үйретіп, күтіп-баптау әрекеттері құрады.Олар сүйек, тас пен ағаштан әр түрлі құралдар жасап аң және балық аулау кәсіптерімен айналысты. Ас ішуге арналған геометриялық кескіндері бар ,маталы және бедерлі өрнегі бар астаулар жасады.

Ыдыстағы дөңгелекті арбаға ерттелген жылқы бейнесі арқылы арийлерде дөңгелекті арба транспорты болды деген болжам жасалады. Демек, Парсы империясының атты әскерлерінің асау жылқылар жегілген соғыс жағдайына арналған күйме арбалармен толықтырылуы арийлердің мұрагері сақ-скифтер (батысқа қоныс аударған ирандық арийлер) арқылы жеткені шындыққа саяды. Ежелгі адамдардың жылқы өсірумен айналысқандары жөніндегі деректерді біз неолит заманынан бері басталғанын білеміз. Сол кезеңде аңшылық пен балық аулауды кәсіп еткен алғашқы адамдар отырықшыл тұрмысқа көшіп, бірлесе еңбек етті. Далада жайылып жүрген тағы жылқыларды адам баласының біртіндеп қолға үйретуді кәсіп еткен уақыт-осы дәуірден бастау алған. Мұны бірінші кезеңге жатқызамыз.

Енді адамдар жабайы жылқыларды қолға үйретуді негізгі еңбек әрекетіне айналдырып кәсіп ете бастады. Бұл үрдісті екінші кезеңге жатқызамыз.

Б.з. ІҮ-ІІІ мыңжылдығы қарсаңында дала зонасындағы климат ылғалды болып, өсімдік жамылғысы молшылыққа кенеледі. Палеогеограф және палео-топырақтанушы ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, өсімдік жамылғысының биіктігі 2 метрге дейін өскені анықталып отыр. Сол жылдары бұл өңірде 2 млн. астам жылқылар жайылған деген болжам бар. Жылқылардың көбі тағы болғандықтан, оларды үйірге қосу, қолға үйретілген жылқылардың көмегі арқылы жүзеге асырылған. Аталмыш жағдаяттар- тағы жылқы мен үй жылқысы арасындағы шамалы ғана морфологиялық дифференцациялық өзгерісті байқатып отыр. Американдық ғалым Д.Энтонидың пайымдауынша, ботай жылқыларының ішіндегі 10 % жуық тістеріндегі іздер- сүйек пен тері аралығындағы қызметінің басқа жылқылардан ерекшелігін зерттеді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда ботай жылқыларының ішінде жоғарыда атап көрсеткен ерекшеліктерден басқа жылқы түрлері бар екенін айғақтайды.

Энеолит дәуірінде мыңдаған жылдар бойына сақталған, бірақ кейбір ауытқушылықтармен (вариациялармен) ерекшеленген далалық өзіндік мәдени-шаруашылық типі қалыптасқан. Жылқыны баптаушылармен өсірушілердің территориясы негізінен: орманды дала, ұсақ шоқылы аймақ және жазық далалы алқапты қамтыды.

Тұрмыс-тіршілік заңдылығы негізінен шаруашылық әрекетке тікелей байланысты болды. Жылдың күзгі қысқы уақытында арийлер негізінен Ботай қыстағына ұқсас келген жайларды қоныс етті. Көктем мен жаз айларында қоныстанушылар оңтүстік-батыс бөліктегі құмды-топырақты аймақты жайылым ретінде пайдаланды. Ол жерлер көктемнің алғашқы айларында қардан тез арылып, жер жамылғысының ерте көктеуіне себебін тигізді. Адамдар ол жерлерде уақытша үй- жайларын салып ,аң аулады, қысқа дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл көрініс адамдар арасындағы көрші-қолаң, этникалық және туыстық-некелік қарым-қатынастарының жандануына мүмкіндік туғызды. Негізгі үй-жайда тұрақтайтын қарт адамдар мен балалар және малшы-табыншылар қора-қопсықтары мен тұрғын үйлерін қайта қалпына келтіріп, жөндеуге кіріседі, азық-түлік дайындайды, қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Қоныстанушы малшылар ауылының орналасуы бір-бірінен 150-200 шақырым аралықты қамтыды. Мұндай реттелу әр қауымның мал жайылымын қамтамасыз етіп, оларды күзету мен күтіп-баптау тәжірибесін қалыптастырды. [4, б. 23-35]

Б.з. ІІІ мың жылдығы мен ІІ мың жылдығының басында жер бетіндегі климаттың өзгеруі салдарынан су мен құрылық температурасы ауытқып, табиғи ландшафтының тұралауына себепкер болды. Ол көрініс экологиялық зардаптар әкелді. Экологиялық зардаптардың салдарынан жыл мезгілдерінің күнтізбелік айналымына (цикліне) негізделген шаруашылық жүйесі де үлкен дағдарысқа ұшырады. Аталмыш өңірді мекендеген үндіевропалық, оралдық, алтайлық және басқа этникалық топтардың жан-жаққа үдере миграция жасауға мәжбүр болуы-осы кезеңмен тығыз байланысты.

Солтүстік Қазақстан өңірінде өмір сүрген арийлер аталмыш дағдарыстан шығудың амалын екі жолмен шешуге тырысты. Олар климаттың өзгеруіне байланысты ұлыс дәстүрін сақтау мақсатында бірінші ұлы көшті батысқа, екінші көштің басын шығысқа көшіруді ұйғарды.

Бірінші көш-мал жайылымына ыңғайлы оңтүстік Орал, Алтай және Қазақстанның шығыс аймағына қарай ойысты. Олардың тарихы ,тағдыры жергілікті жерлердегі этникалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігімен байланысып, нәтиже ассимиляциялаиу жағдайына душар болуларымен аяқталды.

Екінші көш- шағын әулеттік қауым ретінде қазақ даласы мен Батыс Сібір жазығындағы өзен-көл маңайларына қоныстанды.Шаруашылықтың негізгі кәсібі болған жылқы өсіру кәсібі-аңшылық пен балық аулау кәсібіне ұласты. Ара-тұра егіншілік пен диханшылық кәсібі қолға алына бастады, малшылар жылқы өсірумен қатар мүйізді ірі қара мен ұсақ малдарды бағып-қағуды кәсіпке айналдырды.

Кең даладағы адамдардың тұрмысы мен ұйымдасқан шаруашылық әрекеттері-қазақ даласында қола дәуірде тұрақты мекені жоқ, негізінен көшіп-қонып жүретін аңшылар мен балықшылар қауымы ғана мекендеді деген ғылыми пікірді өзгертуге негіз болды. Орталық Азия даласы, оның ішінде Қазақстанның солтүстік аймағында арийлердің ең ежелгі мәдениеті дамыды.

Қазақ даласында арийлерден қалған мәдени ескерткіштер көптеп кездеседі. Оларға Арпаөзен таңбалы тастары (петроглифтері), Майдамтал, Үлкентұра,Келіншектау, Қаратау, Тамғалы,Бестерек, Бесоба ескерткіштері жатады. Маңғыстау өңіріндегі Айрақты тауындағы шексіз таңбалы шимайлар арқылы біз арийлердің тұрмысы туралы толығырақ мәліметтер аламыз. Онда тасқа салған суреттер арқылы адамдардың көк құдыретіне тағзым етіп құрбандық шалған рәсімі, жабайы аңдарды аулау дәстүрлері, той- салтанат және діни дәстүрлер жөнінде бейнеленген жазу-шимайлар арқылы өткен дүниенің қыр-сырына үңілдік.

Ақмола аймағында жүргізілген археологиялық зерттеулер жөнінде тарихи мағлұматтар

Арийлер өздері мекендеген территорияны сақтап қалудың басты алғышарты-өздері өмір сүріп жатқан жерлерді сыртқы жаулардан қорғап тұратын тұрақты әскер қажет екендігін түсінді. Бұл қажеттілік Ұлы даланың табиғатына бейімделген жаяу және атты әскер құрылымдарының пайда болуына себепші болды.Жоғарыда айтылып кеткен екі дөңгелекті күйме атты арбалар бір жағынан қарым-қатынастық (коммуникациялық ) қызмет атқарса ,екінші жағынан атты әскердің ұрыс-соғыс өнерінің стратегиялық мүмкіндігін одан ары арттырды.Арийлер кейін өздері қоныс аударған жерлерінде «аристократия» деген мәртебеге ие болып отырды. Аристократтар, яғни үстем тап өкілдері-қоғамдық-мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауда көпшілік халыққа өзінің ықпалы мен үстемдігін жүргізе алатынымен белгілі.

Арийлердің мұндай мәртебеге ие болуы-олардың ерте уақыттан бері тайпа мен ұлысты басқару және билік жүргізу жөнінде мол тәжірибелер

жинақтағаны белгілі.Арийлердің билік жүргізу жүйесі үш баспалдақ бойынша жүзеге асырылды. Біріншісі- көсемдер, екіншісі-рухани ұстаздар және үшіншісі- әскери қолбасшылар болды. Қарапайым халықты уысында ұстау үшін олар «Авеста» атты діни-рухани заң жинақтарын шығарып, халықты от пен Күнге табынуға шақырып, әскери-демократиялық тәртіп орнатты. Арий көсемдерін кей жазбаларда «әскери ақсүйектер» деп те атйды.

Бізге жеткен көне «Авеста» кітабы бойынша арийлер өздері мекендеген қазақ даласын және басқа жерлерді (Балкан түбегінен Енисей арнасына дейін) «Арийлер кеңістігі-Аринам Вайджа» деп атаған. Арийлер дүниетанымында (тасқа салған суреттер мен жазу-шимайлар негізінде)- бүкіл әлемді жаратушы Күн (Ахура Мазда ) арийлерге мерейі түсіп осынау дархан жерді, тау мен даланы, өзен мен көлді, жан-жануарлар мен ит-құсты, пайдалы қазбаларды, жабайы жеміс- жидектерді берді. Сондықтан біздер, арийлер Ахура Маздаға күн сайын мың тағзым жасап, қара күш Иесінің (Анхра Манья ) жаманшылығына тап болмай, емін-еркін өмір сүруіміз қажет деп санаған.

Авеста жазбаларынан көрініс тапқан аталмыш діни-рухани ілімдердің арийлердің санасында қалыптасуы кездейсоқ нәрсе емес.Бұл адамзат перзентінің тұңғыш діни-философиялық идеялары деуімізге болады. Аталмыш адамгершілік құндылықтарды тек қазақстандық арийлер ғана емес, сонымен бірге үндіарийлі, ирандық арийлердің діни-рухани құндылықтарына айналуына Арал теңізі маңындағы Спитама атты тайпаның көсемі, кейін әлемдік «зороастризм» діни конфессиясының негізін салған Заратуштра пайғамбардың діни өсиеттері мен уағыздарының ықпалы зор болды.

Заратуштраның данышпандық қасиетін немістің атақты философы Ф.Ницше өте жоғары бағалап, оны адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі деп атаған. Заратуштраның қарапайым түйешінің отбасында дүниеге келгені туралы шындық Арпаөзен (Қаратау) таңбалы тастар тізбегіндегі түйенің суреті салынған петроглиф жазба-шимайлары дәлелдей түседі.

Заратуштра негізін салған «Авеста» кітабындағы Арийлер кеңістігіндегі жер-су аттары жөніндегі көне ақпараттар, арийлердің географиялық білімдерінің жоғары болғанын баяндайды. Кітаптағы Ранха- Волга өзені, Ардви- Амудария өзені, Ворокуша-Каспий теңізі, Чайчаста-Арал теңізі, Датья- Сырдария өзені,Хаукария-Тянь- Шань мен Памир тау жүйелері болып табылады.

Арийлер ұлысының келесі бір ерекшелігі-олардың шаруашылық -экономикалық жүйесінің тұрақтылығы және өмір тұрмысында тиімділігі үлкен рөл атқарады.Арийлердің әр отбасында ғалымдардың есептеуінше 50-60 қой, 5-7 сиыр, 10-15 жылқы болған. Одан арийлердің жылқы малына деген ерекше көзқарастарын көреміз. Малдың көптігі шалғынды жерлер мен жайылымдарын тиімді пайдалану қажеттігін туғызды.Мал жаюда өзен аңғарлары мен жағалаулары, шалғынды жазық жерлер таңдап алынды.

Ғалымдар арийлер жылқыларының үш түрлі (шаруашылыққа ыңғайлы аласа, ұзақ жолға шыдамды және аса жүйрік сұлу ұшқыр аттар).Олар ұшқыр аттарды (бүгінгі ақалтеке тұқымына ұқсас) аса қадірлеген. Жүйрік аттарды арбаға жеккен арийлер әлемде тұңғыш рет қос дөңгелекті арбаны ойлап тапқан.

Арийлер әлемде тұңғыш рет дінді мемлекеттің халықты басқару ісінде енгізу жүйесін қалыптастырған. Діннің негізгі қағидалары Яшта-әдет-ғұрыптың негізгі заңына айналды.Арийлер (сақтар сияқты ) Қазақстан және Орта Азия территорияларының көп жерлерін жайлап , мекендеп алуына байланысты жергілікті жердің тарихи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеше әдет-ғұрыптарын иеленді. Тасқа салынған петроглифтік шимайлар арқылы біз арийлердің Қазақстанның оңтүстігінде (Қаратау, Қойбағар), батысында (Айрақты), шығысында (Бестерек) және солтүстігінде (Ботай, Бесоба) мекендегенін байқаймыз.

Жоғарыда келтірілген тарихи-мәдени мағлұматтар Сарыарқаның төсінде орналасқан Астана қаласы маңында бұдан 5 мың жыл бұрын дамыған арий ұлыстарының өркениеті болғаны жөнінде сыр шертеді. Демек , Астана қаласының - Қазақстан Республикасының Елордасына айналуы-кездейсоқ емес деген пікір айтамыз. Астана қаласы - Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан. Оның мұндай реттеуші пассионарлық сипат алуы-тек бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер мен реформаларды іске қосып қоймай, ежелгі дәуірдің өзінде қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын жүйені қалыптастыруы ойланарлық жайт. [5, б. 48-63]