Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана кне арий тайпаларыны атамекені2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать

2.1. Қазақстанның солтүстік өңірінің тарихи-мәдени және географиялық сипаттамасы

Қазақстанның солтүстігіне Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының бірқатар бөліктері кіреді. Қазақстан географиясына арналған ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы деректерге сүйенер болсақ, Солтүстік өңір Батыс Сібір жазығы мен Сарыарқаның ұсақ шоқылы аймағын алып жатыр. Бұл жерді сонымен бірге солтүстік Қазақ жазығы деп атайды.

Солтүстік Қазақ жазығында Есілдің жазық орманды даласы , Тобыл- Обаған жазық даласы , Есіл-Ертіс даласы және Есіл-Құлынды жазығы кіреді. Біздің зерттеу обьектімізге жақын географиялық ауданға Есілдің жазық орманды даласы мен Есіл-Ертіс даласы жатады.

Жері қыратты, төбелі, белесті болып келеді. Жазық жерлерде ерекше байқалатын аласа тау массивтері байқалады. Оларға Имантау (661м), Зеренді(587м), Жыланды(665м), Баят ор(551м) жатады. Климаты шұғыл континентальді болып келеді. Жазы жылы, қуаң. Қысы құрғақ , суық

Қаңтар айының орташа температурасы-19с-20с, шілденікі +21с-+23с аралығында. Оңтүстік батыстан соғатын құрғақ, күшті жел жазда құмды дауылға, қыс кезінде қарлы боранға ұласады. Жылдық жауын-шашынның мөлшері оңтүстік-шығыс бөлікте 250мм, солтүстік жағында 280-300мм, қыратты, аласа таулы мекендерде 350-400мм көрсеткіштермен анықталады.

Өсімдік дүниесінің өсіп-өну кезеңі 165-175 күнге созылады.Өсімдік-топырақ жамылғысы және жануарлар дүниесі дала зонасына жатады. Территорияның көп жерін қаратопырақты алқап алып жатыр.Оңтүстік-шығыс алқапты қызыл қоңыр, солтүстік батыс бөлікті аллювийлік шөгінді топырақ алып жатыр.Орманды алқап территорияның 320га жерін қамтыған.Орманда қарағай мен қайың араласып өседі.Бозды-бетегелі және шалғынды жерлер шабындық пен жайылым ретінде пайдаланады. Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрлері кездеседі.

Солтүстік Қазақстанның территориясы гидрогеологиялық деректерге қарағанда жер асты суларының қоры мол.Гидролог ғалымдардың болжауынша (Ж.Достайұлы,А.И.Агапова,Е.А.Веселов) Қазақстанның солтүстігінде 600 астам ірілі-ұсақты көлдер орналасқан. Ірі көлдерге Қопа, Үлкен Шабақты,Имантау, Шалқар, Шортанды, Айнакөл, Айдабол, Шағалалытеңіз, Құсмұрын,Сарымойын, Биесойған,Қарақамыс,Теңіз, Құдайкөл,Тұщыкөл,Ащыкөл, Қыпшақ, Шұбаркөл, т.б жатады. Ірі өзендерге Есіл, Шағалалы, Иманбұрлық, Аққанбұрлық, Тобыл, Обаған, Торғай, Терісаққан, Тоғызақ, Желқуар және басқа өзендер жатады.

Солтүстік Қазақстан жерінің басым көпшілігін 300-500 абсолюттік биіктіктен аспайтын ұсақ төбелі белес, бір-бірінен бөлінген қарағай мен қайың араласып өскен орман тоғайлар және қара топырақты болып келетін егістік жерлер алып жатыр. Егістікке жарамды жерлердің барлығы жыртылған.Аймақтың оңтүстік шығыс бөліктері Есіл-Атбасар жазығына ұласқан.

Аймақтың геологиялық құрылымы протерозой эрасынан бастау алған каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой эрасынан континенттік түзілуді басынан кешіріп, мезозой эрасында Сібір платформасының бір бөлігіне айналып, бүгінгі рельефке ұқсас жазық далалы, шоқылы-қыратты ландшафтты қалыптастырған.

Солтүстік өңір негізінен палеозойдың метаморфталған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан,альбитофирлерден, әктастардан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит) және эффузиялық жыныстар кең тараған. Жері пайдалы қазбаларға біршама бай. Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит,мыс, молибден, кобальт, көмір,каолин сазы, кварц құмы және басқа құрылыс материалдары өндірледі.

Өңірдің солтүстік батысындағы Батыс Сібір ойпатының Торғай үстіртін алып жатқан жері мен Тобыл аңғары ланды шафтылары өзінің ерекшелігімен сипатталады.Онда пайдалы қазбалармен (никель, доломит, диорит, темір рудасы, боксит, кірпіш балшығы, т.б) қатар флорасы және фаунасы бай болып келеді. Онда Наурызым мемлекеттік қорығы орналасқан. Қорықтардан Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар және Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғат паркі бар. Жануарлар құстар дүниесі мейілінше бай. Мұнда сүт қоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтардың 30 түрі мекендейді. Жануарлардан бұлан, қасқыр, ақкіс, елік, сілеусін, қоян, тиін, кірпі , даланың жабайы мысығы, түлкі, қарсақ, бұлан, суыр, аламан, жабайы шошқа, саршұнақ, құстардан : бүркіт, тырна, аққу, қоқиқаз, кезқұйрық, күйкентай, шаңқылдақ, жамансары, жағалтай, аққұр, жауқара, қызғыш, дуадақ, құр, тауқұдырет, бауырымен жорғалаушылардан : өрнекті қарашұбар жылан, сарыбас жылан, оқ жылан, кесіртке, балықтардан: мөңке, торта, оңғақ, көкше, аққайран, алабұға, шортан кездеседі.

Көне тас ғасырының ескерткіштері Сарыарқаның солтүстік шығысында Құдайкөл маңынан табылған. Оны ғалымдар «ашель» дәуіріне жатқызады. Онда тастың екі жақ беті өңделіп жасалған(бифастық үлгі) құралдар, жануарлар терісі мен ағашты жонуға арналған тас қырғыштар және тас жоңқалар мен тас тіліктер (нуклеустер) табылған.

Тас ғасырының палеолиттен мезолитке ауысқан , мезолит дәуіріндегі мәдениет Қазақстанның солтүстік өңірінде дамыды. Оған Черников С.С.,Чалая Л.А, Грязнов М. П, Марғұлан Ә. Х,Зайберт В. Ф еңбектерін жатқызамыз. Бұл кезең ғалымдық мұз еру катастрофасына байланысты мамонттардың жаппай қырылуынан, тас ғасыры адамдарының аң аулау және оларды қолға үйретуге бағытталған адам әрекетінің жаңа әдіс-тәсілдерінің дамуымен ерекшеленеді.

Солтүстік Қазақстан өңіріндегі мезолит-энеолит дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдар аң аулаудың жаңа кәсібін игеру мақсатында енді қажетті бұйымдарын тастан емес, мал етінің сүйегінен жасауға машықтанды. Олар сол кездегі адам тұрмыс-тіршілігіне табиғат пен қоршаған ортаның қолайлы жағдай туғызғанына байланысты, аталмыш мекенді пана етті.Оған адамдар мекен еткен археологиялық қазбалар арқылы табылған байырғы қоныс орындары куә. Оларға Явленко-2, Мичурин, Боголюбов-2 (Петропавл) Ботай, Тельман-2 (Атбасар), Дүзбай-6 (Торғай), Виноградовка-2, Шағалалы-12 (Көкшетау), Дачная, Евгеньевка (Қостанай), Пеньки, Железинка, Сілеті (Павлодар) қоныстары жатады.

Мезолитке ұқсас жәдігерлер Оңтүстік Орал, Батыс Сібір , Шығыс Каспий, Маңғыстау аймақтарында кездеседі. Бұл дәуір адамдарының ең үлкен жетістігі саз балшықты отқа күйдіре отырып әр түрлі ыдыстар жасау және жылқы сүйегін жону арқылы садақ жебесін жасау болды.

Салқын қоңыржай және ылғалды мезолит пен энеолиттің субтропикалық климаты Қазақстан территориясында әлемдік климаттың ауқымды өзгеруі салдарынан қола дәуірде құрғақ –континентальді (қазіргі ауа райына ұқсас) ауа райына ұласты. Табиғаттың тылсым заңы- қола дәуірінде ғұмыр кешкен алғашқы адамдардың тұрмыс –тіршіліктерін, әдет-ғұрыптарын және шаруашылық-тұрмыстық ерекшеліктерін далалық сипатқа тән адаптациялануына түрткі болды.

Қола дәуірде өмір сүрген адамдардың тарихи-мәдени генезисін ғылыми тұрғыда зерделеу жүйесін шартты түрде Андрон, Атасу, Тасмола, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп атау – осы саланы зерттеуші ғалымдардың ортақ пікірі болып табылады. Бұл кезеңде адамдардың шаруашылық – өндірістік қарым-қатынастарды біршама оңтайластырумен қатар қолөнер туындыларын жасау (керамика, қоладан жасалған зергерлік бұйымдар), олардың мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Қазақстан территориясын мекендеген қола дәуірдің адамдары ата-бабаларынан қалған мәдени мұраларды одан ары әдемілеп, түрлендіріп барынша дамытуға тырысты. Олар қоладан жасаған балта-шоттар, ұңғысы бар үшкір жебелер , найзалар мен пышақтар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар ою-өрнек немесе геометриялық өрнек салу арқылы безендірілді. Оған Имантау,Атасу, Степняк маңындағы рудалық кен орындары куә болады.Солтүстік Қазақстандағы Имантау кен орнынан ғалымдардың есептеуі бойынша 48 мың тонна мыс рудасы қазылып алынды.

Бұл көріністер олардың тайпа басқару, әулет тәртібі мен тұрмыстық дәстүрді, сондай-ақ діни ғұрып пен мейрам-жиын мен адамды жерлеу салттарын қалыптастырды. Адамдардың құтты қонысына айналған Тастыбұлақ, Ақсу-Аюлы, Бұғылы-1, Ақбауыр,Дәндібай, Ортау, Ботай, Шағалалы, Явленка,Қарлыға-1, Вишневка-1 тұрақтарында көне ғұрыптық жәдігерлер орын алған.

Тұрмыс-салт пен тайпаны басқару адамдардың табиғаттың тылсым күштерін, оның құпия сырларын терең ұғынуға деген танымдық көзқарастарын қалыптастырады. Көкшетау маңына жақын Шағалалы және Явленка-1 қоныстарынан қола дәуірдегі ежелгі тайпалардың ғұрыптық ерекшеліктерін білдіретін жәдігерлер табылған. Онда рудың немесе тайпаның көркемдік талғамы мен мәдени жетістіктерін білдіретін сәндік заттармен өнер бұйымдары бейнеленген. Шебердің түсті металды игеру технологиясын терең меңгеруімен, аталмыш сәндік бұйымдарды тайпалық рәсімдік белгісімен (тотемдік символикасы) діни-философиялық тұрғыда ұштастыра білуі (жылқы бас сүйегінің ою-өрнек арқылы безендірілуі)- жоғарғы мәдениеттің белгісін көрсетсе керек. Ғалымдар пікірінше сақ-скифтерге тән «аң стиліндегі» зергерлік бұйымдардың жасалу тарихнамасы-осы табылған жәдігерлер жұрттары болмақ дейді.

Тайпалардың көбі отқа табынғаны байқалады. Ол сол кезеңдегі діни ғұрыптың негізі болғанын көрсетеді. От күшін-олар Күн сәулесі арқылы қабылдауы мүмкін. Себебі олар Күн тәңірісінің белгілерін қыш ыдыстарға, жартастарға салған. Олар өлген адамды өртеуді де әдетке айналдырған. Оған археологиялық қазбалар кезінде өртенген сүйектердің табылғаны куә болмақ. Бұл көріністер көне діни дәстүрлердің бірі- құрбандық шалу рәсімінің кең таралғанын байқатады.

Аталмыш жайт Петровка-2 қонысында ерекше көрініс тапқан. Оған құрбандық шалуға арналған арнайы қазан ыдыс, өртенген сүйектің орны, мал қаңқалары мен бас сүйектерінің қалдықтары бар шұңқыр табылған.Мал сүйектерімен бірге жыртқыш аңдардың (қасқыр,россомаха, сілеусін) қаңқалары мен бас сүйектерінің кездесуі- тотемизмдік рәсімдердің орын алғанын көрсетеді. Бұл көрініс Иман-Бұрлық өзенінің жағасындағы Ботай қонысында орын алған.

Солтүстік Қазақстан өңірінде 150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым ашылған. Вишневка-1 (Бескөл, Петропавл) қонысы сол дәуірде өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігі жайлы мағлұмат береді. Ол маңнан жеті қоныс орны және адам өлігін діни рәсім бойынша өртеген екі көмбе зират орны табылған. Жерлеу рәсімі кезінде мал сүйектері, жылқының басы, қоладан жасалған бұйымдар бірге көмілгені байқалады. Бұл рәсім- сақ патшаларын жерлеу кезінде ерекше байқалатыны тарихтан белгілі.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б Х-ҮІІІғ.ғ) алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, нәтижеде оның мүлік теңсіздіктерінің (мал, жайылым, түсті металдан жасалған қымбат бұйымдар, ата қоныс, үй-мүлік, т.б) пайда болуына әкеліп соқтырды. Ол үрдіс дами келе ру-тайпа көсемі немесе малы көп бай отбасыларының иемденген малы мен еңбек құралдары, сәндік әшекейлері «киелі» деген ұғымды қалыптастырды. Ол ұғымның қалыптасуы тағылық сипатта болғанымен адам санасының дүниетанымын өзгертіп, қоршаған орта мен табиғат құбылыстары, адамдар қарым- қатынастары мен діни дәстүрлері туралы күрделі ой-пікірлердің нығаюына себебін тигізді. [2, б. 162-179]