- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыбы
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. «Спорт негізі және қолданбалы дайындық» пәнінің мақсаты мен міндеті
- •2. Педагогикалық жоо-ң дене шынықтыру факультеті мен жоо бітіруші студенттердің кәсіби маман болып, болашақта пәннің негізгі мақсатын тәжірибе жүзінде ашып көрсету.
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1 Негізгі әдебиеттер
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың дайындық бағыттары
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Л.П.Матвеев. Теория и методика физической культуры. М. ФиС. 1991г.
- •1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі
- •2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.
- •2. Жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •3. Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
Дене дайындығы – спортшының ағзалық қызмет мүмкіндіктерін арттыру жолдары. Спорттық машықтану ілімі мен тәжірибесінде дене дайындығын жан-жақты шыңдау, дененің қимыл қабілеттерін тәрбиелеумен анықталады.
Дененің қимыл қабілеттері деп – адамның қимыл мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз. Дененің қимыл қабілеттері дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі ғылымында дене қасиеттері деп анықталады. Олар: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік және иілгіштік. Спортшының дене қасиеттерін дамыту ойын тәсілін жетілдіруге тура әсер етеді.
Дене дайындығы мақсаты – ағзаның қимыл мүмкіндіктері мен дене қасиеттерін жан-жақты дамытып, денсаулықты жақсарту мен нығайту.
Дене дайындығы міндеттері – дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінен (білім, тәрбие, сауықтыру) туындап, спорт түрінің ерекшеліктеріне сай анықталады.
Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі. Спорттық мамандану спортшының жан-жақты дамуын жоққа шығармайды. Онда таңдаған спорт түрінде барынша елеулі алға басушылық спортшының дене және рухани қбілеттерінің жан-жақты дамуы ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы көтерілуі негізінде ғана мүмкін болады.
Спорттық жетілдірудің объективті заңдылықтары спорттық жаттығу терең мамандану жүйесі бола тұрып, бір мезгілде спортшы жан-жақты дамыту құралы да болады. Осыған сәйкес спорттық жаттығуда жалпы және арнайы дайындық үзіліссіз үйлеседі. Спортшының жалпы және арнайы дайындық бірлігі бұлардың екеуін де спорттық нәтижеге және дене тәрбиесінің құралы ретінде соңғы мақсатқа пайдалануға зиян келтірмеу үшін жаттығудан алып тастауға болмайды. Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі олардың мазмұндарының өзара тәуелділігімен қортындыланады: жалпы дене дайындығының мазмұны таңдаған спорт түрінің ерекшеліктері есепке алынып анықталады, ал арнайы дайындықтың мазмұны жалпы дайындықтың жасаған алғы шарттарына тәуелді.
Кесте – 1. Дене дайындығы түрлері
Дене дайындығы
– спортшының ағзалық қызмет мүмкіндіктерін
арттыру жолдары. Дене
дайындығы мақсаты
– ағзаның қимыл мүмкіндіктері мен дене
қасиеттерін жан-жақты дамытып, денсаулықты
жақсарту мен нығайту
Арнайы дене
дайындығы баскетболшыларға
тән арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін
дамытуға бағытталған және ойынның
әдіс-тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің
көрсеткішімен психологиялық толқумен
тығыз байланыста болады.
Жалпы дене
дайындығы
– баскетболшы ағзасын шыңдауға және
дамытуға бағытталған: барлық мүшелер
мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін
дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту,
дене қасиеттерін талап денгейіне
көтеру.
Жалпы дене дайындығы – спортшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту, дене қасиеттерін талап денгейіне көтеру.
Бұл міндеттерді шешу үшін әртүрлі дене дамыту жаттығулары қолданылады.
Жаттығушы ағзасында дене қасиеттері жеке дами алмайды. Олардың әрқайсының даму денгейі келесінің, ал келесі өз кезегінде одан кейінгінің даму денгейіне байланысты болады. Мысалы, жылдамдықты арттыру жүгерумен дамытылса, ондағы күш алу бұлшық еттің қызметіне тәуелді. Ал орнынан ұзындыққа секіруде ептілікті дамыту мақсатталса, бастапқы екпін алу әдісі күштілік қасиетіне тәуелді.
Жалпы дене дайындығы баскетболшының тәсілдік шеберлігінің артуына ықпал етеді. Спортшыға қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларының көпшілігі бұрынан бар қасиеттер негізінде қалыптасады. Сондықтан да спортшының қимыл-қозғалыс тәжірибесі қаншалықты бай болса, ол баскетбол тәсілін соншалықты меңгереді, тәсілдік шеберлігі де соншалықты жоғары болады. Қимыл-қозғалыс тәжірибесі тек дене дайындығы процесінде, баскетболшы әртүрлі дене жаттығуларының тәсілін меңгергенде ғана жинақталады.
Жалпы дайындық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.
Жалпы дайындық жаттығулары спортшының басымырақ жалпы дайындық құралы болып табылады. Бұлардың қатарында барынша әртүрлі жаттығуларды пайдалануға болады, яғни өзінің әсер ету ерекшелігі бойынша арнайы дайындық жаттығуларына жақын, сонымен бірге олардан елеулі айырмаланатын (оның ішінде қарама-қарсы бағытталғандары).
Жалпы дайындық жаттығуларының маңызы көптеген спорт түрлерінде, әсіресе өсіп келе жатқан спортшылардың жаттығуында жиі бағалана бермейді. Жекелеген мамандар көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдерінде арнайы дайындық көлемін тез арттырады және жалпы дайындық көлемін қысқартып, жас спортшылардың жаттығуын жеделдетуге әкеледі.
Жалпы дамыту жаттығуларының нәтижелерді көтеруге әсері жанама түрде болып табылады, мамандандырылған құрал (жарыстық және арнайы дайындық жаттығулары), бірінші жағынан, нәтижені арттыруға барынша тікелей әсер етеді. Басқа жағынан, жеткілікті емес дәрежеде нәтиженің артуы, немесе жоғары нәтижелер сатысында олардың өсуінің тоқтауы, сонымен бірге спортшының артық жарақаттануы жаттығуда, әсіресе жаттығуды жаңадан бастаған кезде жалпы дене дайындығы жаттығуларының жеткіліксіз көлемде берілуіне байланысты болады.
Дегенмен, жалпы дамыту жаттығулары, сонымен бірге, спорттық маманданудың ерекшеліктерін көрсетуі тиіс екенін есте ұстаған дұрыс. Әртүрлі дене жаттығуларының арасында әртүрлі дене сапалары мен қозғалыс дағдыларының оңды және теріс “тасымалдау” заңдылықтарына себепші болған оңды және теріс қарым-қатынас болуы мүмкін.
Осы бір себептің өзімен жалпы дене дайындығының құралы әртүрлі спорттық пәндерге бірдей болуы мүмкін емес. Кейбір ұқсастықтармен қатар бұл құралдардың құрамының әрбір нақтылы жағдайда өзінің ерекшелігі болуы тиіс. Бұған жаттығу жүйесі құрылымында орын алатын оларды таңдап, іріктеу кіреді.
Жалпы дайындық жаттығуларын жаттығу жүйесіне ендіру әдетте оның жалпы әсерлілігіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы дене дайындығының шамадан тыс машықтанудың алдын алуда және ұзаққа созылған арнайы машықтануларда сабаққа деген қызығушылықтың жоғалуына жол бермеуде ЖДД тиімді амал болып есептелетінін есте сақтаудың маңызы зор. Баскетболдың арнайы жаттығуларынан құрылымы мен сипаты жағынан дене жаттығуларының уақтылы ауысып отыруы жүйке жүйесіне игі әсер етеді, жоғалтқан күшті тез арада және толық қайта қалпына келтіруге көмектеседі, сондықтан да қарқындылығы мен көлемі жағынан ауыр келетін машықтану және жарыс жүктемелері жеңіл мүмкіндік береді, ал ондай жүктемелерсіз бүгінгі күндері жоғары спорттық шеберлікке қол жеткізу мүмкін емес.
Арнайы дене дайындығы баскетболшыларға тән арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған және ойынның әдіс-тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағдыларды жарыс жағдайында пайдалану сипаты мен жағдайы есебінен баскетболдағы білік пен дағдыны меңгерумен және жетілдірумен тығыз байланыста іске асырылады.
Арнайы дайындық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады.
Арнайы дайындық жаттығулары – жарыстық қызметтің элементтері, олардың байланыстары және түрлері, сонымен бірге олармен түр немесе көрінетін қабілет сипатымен елеулі ұқсас қозғалыстар мен іс-әрекеттер кіреді.
Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы шешуші деңгейде таңдаған спорттық пәннің ерекшелігімен анықталады. Жаттығулар спортшыға қажетті дене қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруды жетілдіруге көбірек бағытталған бөліктермен әсер етуді қамтамасыз ету есепке алынып іріктеліп алынады және құрастырылады.
Көптеген арнайы дайындық жаттығуларының ішінде нақтылы қойылған міндетті шешу үшін жаттықтырушы тек қана жаттығуларды теріп алуы ғана емес, сонымен бірге бөліктерден, элементтерден, қозғалыс тізбегінен жаңаны жасай білуі тиіс. Бұл үйлесімділігі, күш салуы, сипаты, амплитудасы, жағынан басқа да ерекшеліктерімен жарыстық жаттығулармен ұқсас жаттығу болуы мүмкін. Алайда, барлық жаттығу құралдары шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп іріктеліп алынуы тиіс. Олардың біреулері спортшының бұрыннан күшті жағын одан әрі жақсартуы тиіс, ал басқа құралдары жекелеген артта қалған әдістік әрекетті немесе дене сапаларын көтеруі тиіс.
