Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Пер баскару 2014 новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.63 Кб
Скачать
  1. Курстық жұмысты қорғау

Курстық жұмысты қорғау барысында студент өзі таңдап алған тақырыбын өздігімен түбегейлі зерттеп, барлық талдаған әдеби-статистикалық материалдарды түгел меңгеріп, талдаудың негізгі қорытындыларын тұжырымдап, қойылған теориялық және практикалық сұрақтарға жауап бере алатынын дәлелдеп шығуы тиіс. Дұрыс болмаған жағдайда курстық жұмысқа теріс баға беріп, оны түзетіліп жазылуына мерзім тағайындайды.

  1. Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары

Студенттің өзіндік жұмысы әртүрлі формада, яғни конспектімен жұмыс, оқу құралдарымен, нормативті-құққыты актілермен, нақты жағдайларды қарастыруда есептер жинағымен жүргізіледі. Студенттің өзіндік жұмысының жартысын оқытушысының өз тағайындайды (бақылау жұмыстары, жеке тапсырмалар), ал тағы бір жартысы студенттің өз қалауымен таңдап алынады (рефераттар, баяндамалар, конспектілер, тест сұрақттарын жасақтау)

Студенттердің өзіндік жұмысы аудиторияда және аудиториядан тыс орындалады. Студент өзіндік жұмыс материалын дұрыс таңдауда өз ойын, шығармашылық ізденісін толық ауқымды түрде дамытуға, сонымен қатар кәсіби қызметін әрі қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.

Студенттердің өзіндік жұмысы үй тапсырмаларын орындау, кейс, реферат, кроссворд, есептерді шешу сияқты тапсырмаларды орындаумен байланысты болады.

Студенттер оқу жоспарына сәйкес өз беттерімен жеке жұмыс жасауы қажет. Бұл жұмыс пәнді қорытындылайды. Оның негізгі мақсаты - студенттің курс теориясын қаншалықты жетік меңгергенін анықтайды, сонымен қатар таңдалған тақырыптың маңыздылығын толық ашу және экономикалық мәселелерді нақты талдау, талдау нәтижесіне қорытынды жасау.

Студенттер оқу жоспарына сәйкес өз беттерімен жеке жұмыс жасауы қажет. Бұл жұмыс пәнді қорытындылайды. Оның негізгі мақсаты - студенттің курс теориясын қаншалықты жетік меңгергенін анықтайды, сонымен қатар таңдалған тақырыптың маңыздылығын толық ашу және экономикалық мәселелерді нақты талдау, талдау нәтижесіне қорытынды жасау.

Жұмысты орындау мынандай этаптардан тұрады

  • Тақырыпты таңдау

  • Жұмыс бағдарламасын жасау

  • Материалдар жинау және талдау

  • Жұмысты жасақтау

  • Рецензиялау

  • Тәжірибе сабағында қорғау.

Студент тақырыпты өз таңдауымен анықтайды және ол тақырып топта қайталанбауы керек.

Жұмыс жоспары – таңдалған тақырыпты жасау этаптарының схемасы.

Жұмыс жоспары мынандай элементтерден тұрады

  1. Кіріспе

  2. Теориялық бөлім

  3. Аналитикалық бөлім

  4. Қорытынды.

Материалдарды жинау көзі болып арнайы кітаптар мен оқу құралдары, публикациялар табылады.

Жұмыстың көлемі – А 4 форматында 10-15 бет. Текст компьютер арқылы терілуі қажет. Шрифт 14. Беттері номерленген болуы қажет. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі жазылуы қажет.

Жұмыс оқытушыға белгіленген уақыт ішінде рецензияға берілуі қажет. Рецензияланған жұмыс тәжірибе сабағында қорғалады.

Жұмысты бағалау критериилері

  • Тақырыптың толық ашылуы

  • Жұмыстың жасалу логикасы

  • Лексиканың дұрыс орындалуы

  • Қорытындының нақты көрінісі

  • Жасақтау мәдениеті

  • Оқытушының баға беруі.