Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Пер баскару 2014 новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.63 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті

«Экономика және құқық» факультеті

«Менеджмент» кафедрасы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

PB 4304 «Персоналды басқару» пәнінен

Мамандықтың атауы мен шифры: 050700 – «Менеджмент»

Кредит саны: 3

Семестр: 7

Ақтау – 2014ж.

МАЗМҰНЫ

  1. Пәннің типтік бағдарламасы

  2. Пәннің оқу бағдарламасы

  3. Пән бойынша оқу бағдарламасы силлабус (Syllabus)

  4. Пән бойынша тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі

  5. Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтылуы

  6. Дәрістік кешен (дәрістің тезисі, таратпа және сурет материал, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)

  7. Семинар (тәжірибе) сабақтары жоспары

  8. Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулар

  9. Курстық жоба (жұмыс), лабораториялық, есептік-кестелік жұмыстарды орындау бойынша, типтік есептемелер бойынша әдістемелік нұсқаулар

  10. Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары: үй тапсырмалары, әрбір тақырып бойынша бақылау жұмыстары, ағымдық жұмыс түрі бойынша тапсырмалары, реферат тақырыптары

  11. Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер, есептік құжаттардың формалары бойынша әдістемелік нұсқаулар

  12. Студенттің оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау (жазбаша бақылау жұмыстары, тест, өзіндік дайындық үшін сұрақтар, емтихан билеттері, тағы басқа)

  13. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық қамсыздандыру

  14. Арнайы аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялардың тізімі

  1. Пәннің типтік бағдарламасы

  2. Пәннің оқу бағдарламасы

  3. Пән бойынша оқу бағдарламасы силлабус (syllabus)

  1. Оқытушы туралы мәлiметтер:

Темирова Сұлу Жұмабайқызы

«Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, менеджмент магистрі

Ақтау қаласы, 32 ш/а, корпус А, 307 каб.

Телефон: 425751

2. Пән туралы мәліметтер:

«Персоналды басқару»

Кредит – 3

Өтетін орны: 32 ш.а. оқу кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:

Пәннің коды

Пән атауы

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

Тәжірибе сабағы

Лабор-қ сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

АБ

ECTS

PB 4304

Персоналды басқару

4

7

3

-

30

15

-

23

67

135

3. Пререквизиттер: «Персоналды басқару» курсын үйрену үшін студент «Менеджмент теориясы және тәжірибесі», «Шағын бизнесті ұйымдастыру», атты пәндерді меңгеруі және әдебиеттерді қолдана білуі, сұрақтар бойынша талдап, қорытынды жасай білуі қажет және компьютерді пайдалану қабілеттеріне ие болуы керек.

4. Постреквизиттер: Постреквизиттер теоретикалық (Инновациялық менеджмент, Қазақстан экономикасын басқару, Инвестициялық менеджмент, Басқару шешімдерін жасау және т.б.) және практикалық (Салық салу және т.б.) ғылымдардың кең спектрымен анықталады.

5. Курстың қысқаша сипаттамасы: Бағдарлама міндетті курстың 135 сағат көлеміндегі жарты жылдық курсына есептелген. Сонымен қатар студенттің оқытушымен жұмысы (дәріс) - 30 кредиттік-сағатты, семинарлық жұмыс – 15 кредиттік сағатты, студенттің оқытушымен жүргізетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 230 кредиттік-сағатты, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)-67 кредиттік-сағатты құрайды.

«Персоналды басқару» бойынша семестр бойына студент 2 аралық бақылау және курстық жұмыс тапсыру керек, ал семестр соңында ағымды емтихан тапсырады.

Пәнді оқытудың мақсаты:

«Персоналды басқару» пәнінің негізгі мақсаты болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік материал негізінде қазіргі заманғы ұйым персоналын басқару процесімен танысу.

Пәннің негізгі міндеттері. Курстық мiндеттерi персоналды басқару саласында бітірушілердің білім алуы және басқару әдістерін зерттеу болып табылады:

  • Персоналдың дамуы мен білім алуы;

  • Персоналды мотивациялау әдістерін зерттеу;

  • Ұйымның кадрлық саясатын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: студент осы пәнді оқу нәтижесінде мыналарды білуі қажет:

  1. Персоналды басқару және ұйым негіздері түсінікке ие болулары керек;

  2. Ұйымды басқаруда персоналдарды жоспарлап шешім қабылдай білуі, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі керек;.

  3. Ұйымда еңбек нәтижелігін бағалау, іріктеу, жинақтау тәсілдерін білу;

  4. Ұйымда мансапты дамыту және жоспарлау әдістерін қолдана білуі тиіс.