- •1.Қарбыздың пайда болу тарихы
- •Сорт тұрақтылығы
- •Қазақстанда аудандастырылған қарбыз сорттары
- •2 Лебяжі ауданының топырақ-климаттық жағыдайы
- •2.1 Табиғат жағыдайы
- •2.2 Топырақ жамылғысы
- •2.4 Шаруашылық жөніндегі жалпы мәлімет
- •3 Лебяжі ауданындағы қарбызды өсірудің экологиялық және экономикалық тиімділігі
- •3.1 Ауыспалы егістегі орны
- •3.2 Топырақты өңдеу технологиялары
- •3.3 Қарбыз сорттарының өнімділік көрсеткіштері
- •3.5 Тыңайтқыштарды енгізу жүйесі
- •10 Кесте – Суарулар мен тыңайтқыштардың қарбыз жемісінің сапасына әсері
2 Лебяжі ауданының топырақ-климаттық жағыдайы
2.1 Табиғат жағыдайы
Аймақ аумағы көктем-жаз мезгілінің құрғақшылығы, жазғы жоғарғы және қысқы төменгі температуралар, жылдар бойынша жеткіліксіз және тұрақсыз жауын шашын мөлшерлері, олардың жаздық макисмумымен және жыл бойы айтарлықтай жел әрекеті тән күрт континентальді климатты құрғақ дала аймақ тармағында орналасқан.
Климаттың жеке элементтері Көктөбе метеостанциясының шаруашылығына жақын көпжылдық мәліметтермен сипатталады. Мәліметтер климаттық көрсеткіштердің оң және теріс жақтарын қадағалауға, мал азығына арналған жерлерді рационалды қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуде жағымды факторларды максималды қолдануға мүмкіндік берді.
Аталған аумақ үшін орташажылдық ауа температурасы оң болып, +2,7 °С (2014 ж +3,4 °С) құрайды. Ең суық ай қаңтар болып табылады (-17,5 °С) , ал ең жылы – шілде (+22,3 °С). Оң орташаайлық температуралар сәуірден қазан айларын дейін қоса алғанда байқалады. Осылайша вегетациялық кезең 5 айдан аса жалғасып, уақыты бойынша ауылшаруашылық дақылдарының көпшілігін өсіруге жеткілікті болып табылады. Көпжылдық мәліметтер бойынша жауын шашындардың орташажылдық мөлшері 226,0 мм құрайды (2014 – 2325,1 мм). Жауын-шашынның көп мөлшері ауа температурасы максимумға жеткен кез, жазғы кезеңде түседі. Ауа температурасының абсолютті максимумы +41 °С, абсолютті минимумы -47 °С құрайды. +5 °С-тан жоғары температуралы күндер саны 175 күнді құрайды. Ауадағы аязсыз кезеңдердің орташа ұзақтығы – 120 күн.
Соңғы аяздар күні (көпжылдық мәліметтер бойынша орташа алғанда) 20 мамыр, бірінші – 18 қыкүйекте.
Қар жабынының биіктігі (қыстағы ең үлкендерінен орташа алғанда) ашық аумақтарда 11 – 13 см құрайды. +5 °С жоғары температуралы кезеңдердегі жауын-шашын мөлшері 189 мм құрайды.
Жылы кезеңдердегі орташа алғандағы гидротермиялық коэффициент 0,5 – 0,7 мм/град тең. («Павлодар облысының агроклиматтық ресурстары» Алма-Ата, 1971 ж.).
Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,3 м/сек құрайды, көктемгі кезеңдерде ол жоғарылап, 5,0 м/сек жетеді. Аймақ аумағында барлық румбтар желдері, әсіресе онтүстік-батыс және батыс желдері байқалады. Қысқы кезеңде қатты желдер бұрқасын мен борандардың пайда болуына, жылдың жылы уақыттарында көп бөлігі мамыр және шілде айларына келетін шаңды дауылдардың қалыптасуына жағдай туғызады. Қатты желдердің ең көп күндері наурыз-мамыр айларында байқалады(6 күн).
Жалпы алғанда ауыл шаруашылық өндірісін дамыту үшін климаттық жағдайлар жағымды. Онымен қоса, климат құрғақшылығы, әсіресе көктемде, қатты желдер, жылдар бойынша жеке климаттық көрсеткіштердің айтарлықтай ауытқуы жылдар бойынша тәлімді жер жағдайында төзімді, жоғары өнім алу үшін жағымсыз жағдайлар туғызады.
Бұндай жағдайларда төзімді және жоғары өнім алуға бағытталған ең ықпалды жолдары: қар тоқтату есебінен топырақты ылғалмен қамтуды жасанды түрде жоғарлату, суару, органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу, топырақты эрозиядан қорғау және т/б.
2.2 Топырақ жамылғысы
Аймақ аумағы көптеген жер үсті сулармен танымал (Жалтыр, Малыбай, Арал, Ақкөл және т/б) көлдер, жауын- шашын және жер асты суларының қуат көзі болып табылады. Ұсақ көлдер жазда құрғап қалады, тұзды суларға айнала отырып (Жалтыр, Малыбай, Арал, Ақкөл және т/б) үлкендеу көлдер атмосфералық сондай-ақ жер асты суларымен толығып отырады және де суды жыл бойы сақтайды. Аймақ аумағындағы барлық көлдер көбінесе тұзды көлдер және де сол себепті ауыл шаруашлығын суландыруға жарамсыз.
Биік жерлерде жер асты сулары 6 метр тереңдікте орналасқан және топырақ құрау процесіне әсер етпейді. Мұнда қоңыр топырақ қалыптасқан. Жер бедерінің төменгі элементеріне жер асты сулары жақын орналасқан ( 2-4 м) және бұл топырақ түзілу процесіне әсер етеді. Бұл жағдайда шабындықты қоңыр топырақ түзіледі. Жабық жерлерде жер асты сулары 1-2 метр шабындықты топырақ құралған, көбінесе тұзды.
Микро жер бедері дамыған массивтерде жер асты (Жалтыр, Малыбай, Арал, Ақкөл және т/б) суларының деңгейі 0,5-2м. Жауын – шашын сулары төмен жерелерде жиналып құрғамайды және батпақтануға әкеліп соқтырады.
Аймақ аумағы сумен қамтамасыз ету деңгейі бойынша қанағаттанарлық.
Ауа-райының, өсімдіктердің, жануарлар әлемінің, топырақ түзілу жыныстары, жер асты, жер үсті ылғалдану ерекшеліктері жер бедеріне байланысты, қазіргі заманауи топырақ түзілу процестерінің қабаттасуы уақыттың өтуіне байланысты топырақтардың табиғи өзгеруі, сонымен қатар олардың адамның іс –әрекеттерінің өзгеруі – бұның бәрі жер пайдалану аумағында әртүрлі мөлшерде топырақтардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Аймақ аумағында далалық топырақ тексерістер нәтижесінде топырақтардың келесі типтерімен типшелері анықталды:
Химиялық талдау мәліметтері бойынша қарашірік топырақтың жоғарғы 0-25 см қабатында олардың типі, типше және әртүрлілігімен 1974-2015жж аралығында әр жерден алынған және де шаруашылықтардың барлық аумақтарында көп жылдық екпе ағаштарын егуге қолданылады. Топырақтардың құрамында қарашірік мөлшері тұрақтанған немесе типтен аз мөлшерде көбеюі байқалады. Жыртылмалы алқаптар құрамында топырақты ұзақ уақытқа пайдаланудың кері әсерін төмендету, органикалық қалдықтарды тура өтеу сонымен қатар жанама минералдық тыңайтқыш қолдану арқылы өтеуге болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін ұлғаюына және биомассаның көбеюіне әсер етеді. Жоғарыдағы баяндаманың негізінде топарақ құнарлығын сақтауға байланысты іс – шаралар кешенің қатан түрде сақтау керек.
