Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomnaya_rabota.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆
    1. Сорт тұрақтылығы

Сорт генетикалық тұрғыда біргелкі болады. Яғни сорт көп жыл бір жерде өсіріліп тұқымдары жиналып отырылса. Осыдан сорт өзінің тазалығы мен тұрақтылығын сақтап қалады ма екен? Тұрақтылығын сақтауы мүмкін, ал тазалығын жоқ, не себепті деген сұрақ туындайды.

Өсімдіктерде тірі жан емес пе, олар әр түрлі ортаға бейімделуі тиіс. Жергілікті жағдайлар климат, топырақ, аурулар, басқа тозаң, жиналу тәсілдері бәрі де сортқа тигізетін әсері көп. Өмір сүру қажеттілігі үшін ауытқу пайда болды. Содан сорт сұрыптық популяцияға айналады. Егерде таңдау қатаң түрде болса онда 80-90% қалыпты форма, ал егер таңдау болмаса небәрі 50-60%-ды қалыпты форманы қамтитын болады. Осыдан сорт тазалығын жоғалтып, тұрақтылық пайда болады. Қанша тұқым егілседе сорттан дәл сондай популяция пайда болады. Ескі тұрып қалған сорттар тазалығы әртүрлі сорттық популяция. Ал егін болса жеткілікті түрде тұрақты, ал шағын сыртқы айырмашылығы ешкімдіде толғандырмайды. Мысалы, қауындар көбінесе домалақ немесе сопақ болады, аздап дәмі басқаша. Ал тұқымына келсек, ауытқыған тұқымды сатылымға өткізеде алмайсың. Неліктен селекционерлік станциялар қатаң түрде қалыптылыққа таңдау жүргізіп – элиталық сұрып өндіреді.

Сортты шығаратын автор әр жыл сайын сорттық этолон шығарады, яғни суперэлитаны таңдап алады. Себебі бұл аналық сорттың жалғыз көзі болып табылады. Таңдау қатаң түрде шектелген. Әсіресе селекциялық мақсатта сұрыптық бөлімнен 30 ең жақсы жеміс сорттары алынады. Дегустациядан кейін қалған суперэлиталы 10 жемісті ары қарай жүмыс жасауға қалдырады. Ал қалғандары элитаға жатқызылады. Суперэлитаны тек автордың өзі ғана жасай алады. Суперэлитаны сепкен кезде одан 98% сорт тазалығы алынады. Элита сатылымға шығуы мүмкін. Бірақ ол аз болып табылады. Сондықтан элитаны егіп одан бірінші класты тұқым – бірінші репрадукцияны, ал біріншіден екінші репрадукцияны алуға болады. Алғашқы екі репрадукцияны сатылымға жіберіледі. Егер оны араы қарай көбейтетін болса сорт тазалығы төмендейді. Элитаны қайта алуға бола ма? Мысалы екінші репрадукциядан жинап. Теориялық түрде болады. Мұны тек автордың өзі, сорт алынған жерде ғана алуға мүмкіндік бар. Сондықтан сорттың жалғыз көзі автордың шығарған түпнұсқасы болып табылады.

    1. Қазақстанда аудандастырылған қарбыз сорттары

Мелитопольский 142сорты . Волгоградтагы Быков атындағы тәжірибе стансасының селекциялық сорты. Бұл сорттың өсімдігі шамамен 6 келі және одан да ауыр ірі жеміс береді. Жемісінің пішіні шамалы сопақша келген шар тәрізді. Жемісінің беті әлсіз сегменттелген. Реңі жасыл түсті, көк-жасыл жолақтары бар. жұмсағы сулы, дәмді, қызғыш-қызыл. Тұқымы орташа үлкендікте, қызыл түсті. Жемісінің қабыгы қалың, тасымалдауға төзімді, сақтауға жарамды. Орташа-кеш пісер сорт. Суармалы жағдайларда  жоғары өнім береді. Бақша дақылдары (қарбыз жэне қауын) тағамдық және мал азықтық құнды, сондай-ақ консерв өнеркәсібі үшін өте жақсы шикізат өнімдері болып табылады. Қарбыз жемісінің құрамында 12%, ал қауында - 18 %-ға дейін қант болады. Қанттан басқа қарбыз жемісінде  адам ағзасына қажетті минералды заттар мен дәрумендер, соның ішінде С дәрумені, сондай-ақ бүйрек ауруын емдеуде маңызды болған элемент – ерімейтін ақуызды еритін түріне өзгертуші дәрумендеуші ферменттер бар. Қарбыздардың мал азықтық өнімі ретінде сүт жеткізуші мал шаруашылығындағы маңызы зор. Мұнда малдардың сүт беру мөлшері күрт артады. Қарбыздың көп мөлшерін басқа дақылдармен бірге сүрлем дайындауға пайдалануға болады. Мұндай дайындалған сүрлем жоғары сапалы болып, барлық түрдегі малдар тәбетпен жейді. Мал азықтық мақсатта мал азықтық қарбыздардан бөлек  тағамдық қарбыздардан да пайдалануға болады, себебі оларда мал азықтық сорттарына қарағанда 2-3 есе көп қоректік заттар бар, сондықтан тағамдык қарбыздың төмен өнімін алған жағдайда оны малға беру тиімді. Сорт Қазақстанның оңтүстігінде аудандастырылған.

 Астраханский сорты. Астраханский сорты - Астрахань көкөніс және бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ВНИИОБ) жетекші селекционері К.Е.Дютиннің шығарған сорты. Сорт өсіп даму кезеңінің аяғына дейін жылуды талап етеді. Өсімдігі ұзын пәлекті, орташа жуандықта. Жемісі шар тәрізді, сегменттелген, салмағы 3,4-5,1 келі. Түсі ашық-жасыл және жасыл, орташа енділіктегі қою түсті жолақтары бар. Қабығы қалың - 2 см, тегіс, тығыз. Жұмсағы кою қызыл, ірі  тұқымды, сулы, тәтті. Ірі жемістерінде кейде бостықтары пайда болады, бірак ол оның дәмдік қасиетіне әсер етпейді. Тұқымдары енді, қоңыр, 1 жемістен алынған тұқым салмағы 40 г-ға дейін жетеді. Құрамындағы құрғақ зат мөлшері - 8,2-11,4%, қант - 7-9 %, С дәрумені - 6,6-8,7 мг%; дәмі - 4-4,8 балл. Өскін алганнан бірінші жиын-терімге дейін 86-93 күн. Сорттың фузариозды солу және ақ ұнтақ ауруларына шалдығу дәрежесі орташа, антракноз ауруына - төмен дәрежеде шалдығады.

Междуреченский.Оригинаторы - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сорт қарбыздың жергілікті сорттық үлгілерінің жеке іріктеу әдісі негізінде шығарылған. Сорт орташа-ерте пісер, өскін алғаннан жиын-терімге дейін 75-85 күн. Өсімдіктерінің жуандығы орташа. Пәлектерінің бірінші буыны көп санды, ал екінші және кейінгі буындагы сабақтары қалыптаспайды. Жапырағы орташа үлкендікте, жүрек тәрізді, күшті дәрежеде ажыраған, жасыл. Жемісінің пішіні домалақ, тегіс, салмағы 4,0-5,2 келі. Жемісінің реңі – ашық-жасыл, жолақты. Жолақтары енді, шеттері бұлдыр, қою-жасыл түсті. Қабығы орташа қалыңдықта, қабыршақты. Жұмсағы тығыз, орташа жұмсақ, кармин түсті, сулы және тәтті. Дегустациялық бағасы - 4,5-4,7 балл. Құрғақ заттар мөлшері -10-11%. Тұқымы ұзынша-домалақ пішінді, сырты тегіс, ірі, қою-қызыл. Сорт бірыңғай пісіп жетіледі, өнімділігі -30 т/га, құрғақшылыққа төзімді, ақ ұнтақ және антракноз ауруларына орташа төзімді. Тасымалдауға шыдамды, ұзақ уақыт сақтауға жарамсыз.

Медок семипалатинский  сорты. Оригинаторы - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сорт Медок сорттық үлгілерінің айқындалған ұяларының шағылыстыруынан кейін жеке және ұялы іріктеу негізінде шығарылған. Сорт орташа-кеш пісер, өскін алғаннан жиын-терімге дейін 96-105 күн. Сабаы орташа жуан, жапырақтауы орташа. Жапырағы орташа үлкендікте, беті жүрек пішіндес, жапырақ бөліктері сүйір. Жемісі домалақ. Сырты тегіс. Түсі – ашык-жасыл, жасыл, енді, қою жолақтары бар. Қабығы орташа қалыңдыққа ие, тығыз. Жемісінің салмағы 2,5-6 келі. Жұмсағы ашық қызыл түсті, тығыз, сулы, жұмсақ, өте тәтті. Дегустациялық бағасы – 4,8-5,0 балл, құрғақ заттар мөлшері – 12-13%. Тұқымы майда, тегіс, домалақ-сопақша, қою-сары түсті. Өнімділігі - 30 т/га. Сорт құрғақшылыққа төзімді, тасымалдауға және сақтауга жарамды, антракноз, бактериоз және ақ ұнтақ ауруларына төзімді. 2005 жылы аудандастырылған. Авторы - Гуцалюк Т.Г., Мамырбеков Ж.Ж., Тайшибаева Э.У.

Жетіген сорты. Оригинаторы - картоп жэне көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сорт Медок сортымен жергілікті сорт үлгілерінің еркін  қайта шағылыстыруы арқылы жеке және ұялы іріктеу негізінде шығарылган. Сорт ортапісер, өскін  алғаннан жиын-терімге дейін 85-95 күн. Сабағының жуандығы және жапырақтауы орташа. Жапырағының беті жүрек  пішіндес, жапырақ бөліктері сүйір. Жапырағы орташа үлкендікте, қою-жасыл  түсті. Жемісі домалақ-сопақша. Сырты  тегіс, жемісінің салмағы 5-8 келі. Түсі – ашық-жасыл, енді, қою-жасыл, жолақтары бар. Қабығы орташа қалыңдыққа ие. Кескенде ақ түсті. Жұмсағы ашық-қызыл түсті, тығыз, сулы, жұмсақ, өте тәтті. Тұқымы ірі, тегіс, домалақ-сопақша, ақ-сары түсті. Сорт жоғары өнімділігімен ажыралып тұрады - 35 т/га, жақсы дәмдік қасиетіне ие, дегустациялық бағасы - 4,9 балл, қүрғақ заттар мөлшері -13,2%, қанттылығы - 9 %, С дәрумені 11 мг%. Сорт қүрғақшылыққа төзімді, ақ ұнтақ ауруларына төзімді. 2010 жылы аудандастырылған. Авторы - Гуцалюк Т.Г., Мамырбеков Ж.Ж., Тайшибаева Э.У.

Красносемянник қарбыз сорты.Оригинаторы - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сорт ең жақсы жергілікті сорт үлгілерінің жеке және ұялы іріктеу негізінде шығарылған. Сорт орташа-кешпісер, өскін алғаннан жиын-терімге дейін 95-105   күн.   Сабағы жайылып өседі,   жуандығы орташа. Негізгі сабагының ұзындығы орташа 1,8-2,2 м. Жапырағы орташа үлкендікте, жүрек пішіндес, жасыл түсті. Жемісі домалақ. Сырты тегіс, жемісінің  салмағы 3,5-6,0 келі. Түсі – ашық-жасыл, енсіз, қою-жасыл, шеттері түзу үзік-үзік жолақтары бар, жеміссабағының айналасында қою түсті сызықтары көп. Қабығы орташа қалындыққа ие. Жұмсағы ашық-қызыл түсті, тығыз, сулы, жұмсақ, өте тәтті. Тұқымы ірі, тегіс, домалақ-сопақша, қызыл түсті. Орташа өнімділігі - 23 т/га. Дегустациялық бағасы -4,7 балл, қүрғақ заттар мөлшері -12%. Сорт ауруларға салыстырмалы түрде төзімді, сақтауға және тасымалдауга жарамды, құрғақшылыққа төзімді, бұл ылғал жетіспеушілік жағдайларында оны өсіруге мүмкіндік береді. 2004 жылы аудандастырылған. Авторы - Гуцалюк Т.Г., Федоренко В.И., Мамырбеков Ж.Ж

Стоксик семипалатинский  қарбыз сорты.Оригинаторы - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сорт ең жақсы айқын-далған жергілікті сорт үлгілерін шағылыстырудан кейін жеке және ұялы іріктеу негізінде шығарылған. Сорт орташа-ертепісер, өскін алғаннан жинауға дейін 78-85 күн. Сабағы жіңішке, бұтақтануы  орташа. Негізгі сабағының ұзындығы орташа 1,5-1,8 м. Жапырағының беткі пішіні жүрек пішіндес, майда, жасыл түсті. Жемісі домалақ. Түсі – қою-жасыл (дерлік қара). Жіп сияқты жіңішке жолақтары көрінер-көрінбес. Қабығы жұқа, өте тығыз, ақ-жасыл. Жұмсағы қан-қызыл түсті, тығыз, жүмсақ, өте тэтті. Жемісінің массасы - 2-5 келі. Өнімділігі - 22 т/га. Дегустациялық бағасы - 4,8 балл, қүргақ заттар мөлшері -12,6%. Тасымалдауга жарамдылығы жоғары, сақтауға шыдамдылығы орташа. Ауруларға төзімді. 2005 жылы аудандастырылған. Авторы - Гуцалюк Т.Г., Мамырбеков Ж.Ж., Тайшибаева Э.У.

Ницца(лат. Citrulluslanatus). Сорт Краснодар көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында шығарылған. Ертепісер сорт. Өсімдіктері орташа жуандықта, сабағының ұзындығы орташа. Жемісі ұзынша шар тәрізді, салмағы 4,5 кг. Беті тегіс, түсі ашық-жасыл. Қабығы орташа қалыңдықта. Балдыры қызыл, жұмсақ, тұқымды, сулы, тәтті. Тасымалдауға және сақтауға шыдамды. Өнімділігі 30-35 т/га. Ницца - өсіп-даму кезеңі 3 айдан аспайтын кең тараған ертепісер  қарбыз сорты.

Жемісі сопақша пішінді, массасы 5-6 кг. Жұмсағы қан қызыл  түсті, тұқымды, өте жұмсақ және сулы. Тұқымы қою-қоңыр, қара дақтары бар. Уақтылы жиып алынған  пісіп жетілген қарбыздар 1 ай көлемінде  сақтауға жарамды. НИЦЦА, яғни-Н.И.Цыбулевский.

Кримсон Свит және Монастырский сорттарының шағылыстырылуынан алынған, 1996 ж. Ертепісер (75-78 күнде пісіп жетіледі), дәмді, сопақша-жолақты. Оңтүстіктің түрлі аудандарында өнімділігі тұрақты. Тасымалдауға шыдамды, 2 ай жэне одан да ұзақ мерзімге сақтауға жарамды. Аторы: Н.И.Цыбулевский.

Қарбыздың «Сапалы» сорты. Оригинаторы - Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сорт ең жақсы жергілікті сорттық үлгілерді жеке және ұялы іріктеу әдісі негізінде шығарылған. Сорт ортапісер, бірыңғай өскін алынған уақыттан бірінші жиын-терімге дейін 75-85 күн. Өсімдіктері орташа үлкендікте, сабағы жайылып өседі, жапырақтауы орташа. Жапырағының көлемі орташа, жапырақ беті жүрек пішінді, жапырақ ұштары сүйір. Жемісі домалақ. Сырты тегіс. Түсі – ашық-жасыл, жолақты. Қабыгы орташа қалындықта – 1,2-1,5 см, тығыз. Жемісінің салмағы 3,5-10 келі. Жұмсағы қызыл, жұмсақ, тұқымды, сулы, тәтті. Дегустациялық бағасы- 4,8-5,0 балл, қүрамындағы құрғақ заттар мөлшері 12,5%. Тұқымы майда, сырты тегіс, сопақша-домалақ пішінді, қоңыр түсті, майда дақтары бар. Өнімділігі - орташа сорланған топырақ жағдайында 30-35 т/га. Сорт құрғақшылыққа төзімді, тасымалдауға шыдамды, сақтауға бейім, антракноз, бактериоз және ақ ұнтақ ауруларына қарсы тұра алады. Орташа сортаңдануга төзімді. Жер асты суларының 1,2-2,0 м жақын жайласқан жерлерде де жақсы өседі. 1000 дана тұқымының салмағы 45-50 г. Минералды тыңайтқыштарды еңгізу және өсіп даму кезеңінде пісіп жетілгенге дейін көп қайтара суару жақсы әсер етеді. Авторлары : Үмбетаев И., Гусейнов И.Р., Махмаджанов С.

Синчевский сорты, ортапісер сорт, жемісі шар тәрізді, салмағы 3-7 кг. Қабығының түсі ашық-жасыл қою жасыл түспен араласқан, қалыңдығы орташа, тығыз. Жұмсағы қызғылтым, тығыз, сулы, жұмсақ, өте тәтті. Құрамында 9-10 пайыз қант бар. Тұқымы ірі, қара түске ие. Бір өсімдіктен шыққан өнімділігі 10-16 кг қамтиды. Антракноз, фузариоз және ақ ұнтақ ауруларына төзімді болып келеді.

    1. Шетелдік қарбыз гибридтары

Ерте және өте ерте пісетін шетелдік қарбыз гибридтері ең бірінші пленкамен жабылады. Одан кейін АҚШ-тың ерте пісетін сорттары (Кримсон және Продюсер), ал кейін еліміздің жерсіндірілген қарбыз сорттары отырғызылады. Ерте пісетін гибридтердің өнімін шілде айының ортасына қарай жинайды. Олардың қабықтары жұқа және өте тәтті, олар көп жерде жата алмайды, тез таңдалып сатылымға жіберілуі тиіс. Кейін АҚШ-тың ерте сорттары жиналады, сол кезде олар ерекше дәмге иеленеді. Ең соңғы еліміздің жерсіндірілген тәтті, тасымалдаатын қарбыздары жиналады. Оларды қысқа дейін сақталады. Осы ипортталған гибридтердің ішінен фермерлер пленка астында ерте пісетін гибридттерді отырғызады. Сынаққа сенетін болсақ барлығы қанағаттанарлық көрсеткіш берген. Тек әр аймаққтың өзіне сай қарбыз таңдай білуде. Қазіргі кезде көп кездесетін гибридтерге: «Нунемс» (Голандия) «Саката» (Жапония) және «Сингента» (Швецария) сонымен қатар «Никерсон Зваан» (Голландия) «Клоз» (Франция), және «Сименис» корпорациясы (Голандия – АҚШ) шыққан гибридтер бар.

Әр түрлі каталогтардан алынған мәліметтер бәрі бірдей пісу мерзімін бере бермейді, сонымен қатар мерзімі 10-15 күнге ауа райына, агротехникаға байланысты өзгеруі мүмкін. Көбінесе гибридтер ыстық кезде біргелкі өнім беруі мүмкін, ал жаз салқын болса жемістері баяу піседі. Мерзімін дәл анықтау үшін оны жергілікті мамандардан білген жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]