Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomnaya_rabota.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407.09 Кб
Скачать

Кіріспе

1 Қарбыздың пайда болу тарихы

1.1 Сорт тұрақтылығы

1.2 Қазақстанда аудандастырылған қарбыз сорттары

1.3 Шетелдік қарбыз гибридтері

2. Лебяжі ауданының топырақ-климаттық жағыдайы

2.1 Табиғат жағыдайы

2.2 Топырақ жамылғысы

2.3 Зерттеу жұмыстары жүргізілген жылдардағы(2014-2015) климаттық жағыдай

2.4 Шаруашылық жөніндегі жалпы мәлімет

Технологиялық бөлім

3 Лебяжі ауданындағы қарбызды өсірудің экологиялық және экономикалық тиімділігі

3.1 Ауыспалы егістегі орны

3.2 Топырақты өңдеу технологиялары

3.3 Қарбыз сорттарының өнімділік көрсеткіштері

3.4 Егісті күтіп-баптау ерекшеліктері

3.5 Тыңайтқыштарды енгізу жүйесі

3.6 Қарбызды суару жолдары

4 Қарбызды Кереку өңірі Лебяжі ауданында өсірудің экономикалық тиімділігі

«Лебяжі ауданындағы қарбыз сорттарының экологиялық тиімділігі» тақырыбы бойынша Агр-401 тобының студенті К.Пшенбайдың жұмысы.

Бұл дипломдық жұмысымды

Елімізде және дүние  жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді  өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.

Осы орайда облысымызда  бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен  қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.

Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар аткарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.

Дегенмен, еліміздің Ресей  және Белоруссия мемлекеттерімен бірге кедендік одақ құруы облысымыздағы бақша өнімдерін өндіретін шаруа диқандар үшін қолайлы жағдай туғызды. 2010 жылы Онтүстік Қазақстан облысынан Ресейге 70-80 мың тоннаға жуық қарбыз ешқандай кедендік кедергісіз өтіп, диқандар үшін жоғары бағаға сатылды.

Бірақ, өнімдерді нарық  талабына сай, жоғарғы сапада өндіріп шығаруда шаруа диқандар бірқатар кедергілерге кез келді. Жергілікті жерге бейімделген, аудандастырылған, сұранысқа ие қарбыз сорттары және оның сапалы тұқымдары болмады. Тұқымдарды шаруа диқандар Өзбекстаннан қымбатқа сатып алды, оның кебісі ойдағыдай өнім бермеді. Қаншама тұқымға жұмсалған қаржы Өзбекстанда қалды.

Республикада жергілікті жердің топырағы мен ауа райына бейімделген қарбыз сорттарын шығаратын және олардың элиталық тұқымдарын дайындап, көбейтумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институты болмағандықтан аталған мәселелер кенже қалып келген. Осының салдарынан шаруалар табылған тұқымды егіп, өнімдерін өткізе алмай, тіпті жұмсалған шығынын қайтара алмай жүргендері де бар.

Осы орайда аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында облысымыздың ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысы бойынша Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 2008 жылдан бастап жоғары өнім беретін қарбыз сорттарын шығару бағытында Өзбекстан мемлекетімен ғылыми байланыс негізінде өз қаражаты есебінен ғылыми жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жоғары өнім беретін қарбыздың «Сапалы» сортын шығарды. Ол сорт 2011 жылдан бастап Мемлекеттік сорттық сынақтан тексерілуден өтуде.

Сонымен қатар шаруалар егетін қарбыз сорттарының тұқымдарын елімізде дайындап қарбыз түқымшылығының сапасын арттыру барысында институтта бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізіліп келеді.

1.Қарбыздың пайда болу тарихы

Қарбыздың жабайы түрінің отаны Африка жері. Ал Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Қарбыздың (Citrullus) негізгі үш түрі бар, қауын мен асқабаққа қарағанда қарбыз әртүрлілігімен ерекшеленбейді. Намиба мен Калахари елінен шыққан «шөл патшасы» атағына ие жабайы колоцинт Орта Азияны, Африканы, Үндістанды сонымен қатар Австралияда да таралған. Ол ыстыққа төзімді. Көптеген шағын жемістері шөлді жерде жарты жылдан аса өмір сүреді. Ал үзілгендері одан көп тағы екі айдан аса піседі. Олардың көбісі ащы және улы болып келеді. Бірақта тәттілерін де кездестіруге болады. Аңызға сенетін болсақ осы колоцинт адамдарға шөлді даладан өтуге көп пайдасы тиген, сол себепті колоцинт басқа елдерде де тарай бастаған. Ал Америкада цитронный деп аталатын басқа түрі бар. Одан жабайы түрден басқа пектинге бай жемшөптік және цукаттық сұрып алынды. Ал ең пайдалы түрге «түкті» қарбыз жатады. Түкті қарбыздың асаханалық түрлері бүкіл әлемде таралған. Ең алғашқы асханалық сорт Египетте пайда болды. Мың жыл ішінде әр елде әр түрлі қарбыз сорттары тараған жемшөптік қарбыздан десерттік қарбызға дейін, ұзын,домалақ пішінді, қызыл, тоқсары және сары жұмсағы бар, ақ, ала, қою жасыл қабықты, жарты жыл сақталатын және сақталмайтын түрлері таралған.

Үнді елінде қарбызды - тарбуз, Түркияда - карпуз, Иранда - хэрбоза деп атайды. Ал украиндықтар египеттіктер сияқты кавун деп атайды. Біздің елге Орта Азиядан тарағаны айқын.

Азиялық қарбыздар өзінің түрімен, сапасымен танымал. Ресейліктер таңдауды күшейтті, олар басқа қарбыз түрін шығарды және жергілікті климаттқа бейімдеді. Осылай еуропалық, ресейлік, кавказдық сорттар пайда болды. Ресейлік сұрып оңтүстікте іріктелді. Іріктеу құрғақшылыққа төзімділігіне, көлеміне және тәттілігіне байланысты жүргізіледі. Солай астрахандық және оңтүстік – украиндық сорттар пайда болды. Кейін еуропалықтар біздің қарбызды өздерінің ылғалды климатқа, жақсы күтімге бейімдеп одан төзімді, ылғал сүйгіш сорттар шығарды.

Шығыс-азиялық сорттарының жеке артықшылықтары бар.Олар Жапонияның, Қытайдың, Корея елдеріндегі ең жоғары агрономиялық жағыдайға, ылғалды климатта қалыптасқан. Олардың ерекшеліктері - тәтті және нәзік, қабықтары жұқа, пішіндері әр түрлі және жұмсағының түсі ерекше, ақ ұнтақ ауруына төзімді болып келеді. Теңіз жағалауының қатаң жағыдайына байланысты 60-70 күнде пісетін, өте ерте пісетін түрлері пайда болды. Соңғы елу жылда американдықтар жапондықтардан, еуропалықтардан және ресейліктердің ең мықты сорттарын алып, өздерінің сорттарын шығарды. Одан тасымалданатын, көбінесе сопақ, тәтті, тұқымы ірі, дәмді қарбыздар пайда болды. Көбісі фузариоз және антракноз саңырауқұлақ ауруларына төзімді болып келеді.

Соңғы 30 жылда қарбыз селекциясы үлкен серпіліс жасады. Өнімділігі мен дәмі күрт жақсартылған будандар, сонымен қатар дәндері жоқ қарбыздар пайда болды. Қазір олар бүкіл әлемде өсіріліп, біздің нарықты жаулап алды.Олардың пісіп жетілуі 55-60 күнді құрайды. Бұл қарбыздарды оңтүстік бақша дақылы деп атаудың қажеті де болмайды.

Жемшөптік қарбыз бұрын оларды силоста пайдаланған. Бұл қарбыздың ең басты рөлі пектин алу үшін арзан шикізат ретінде пайдаланды. Жұмсағы өте тығыз, тұтқыр, сарғыш, құрамындағы қант 4% құрайды. Жемшөптік қарбыз Пектинді сортында пектиннің максималды құрамы 16% құрғақ затты құрайды. Осы сортты көбінесе Қытайлықтар қолданады. Бізде мұндай қарбыз сорттары тек пектинді зауыттарда ғана қолданады.

Қарбыз Ресейде Мәсеку қаласы негізін қаламай тұрып пайда болған. Парсы сауда бағыты хазар астанасы Еділ арқылы өткен. Осында қарбыз 19 ғасырда пайда болды. Алексей Михаил патша астрахандық қарбыздарды патша сарайына енгізуге бұйрық бергеннен бастап 1560 жылдан ресей қарбызының тарихы басталады. Каспийге келген Петр патшаның қарбыздарға таң қалғаны сонша, соның құрметіне отшашу атып, теңге шашқызған. Ол сол қарбыздарды Мәсеку жанында өсіруді қалады. Ол ең жақсы жұмыскерлерді жалдап Есілден тұқымдар алғызып тіпті сол жердің топырағын алдыртқан, бірақ бәрі де бекер шыққан. Тек 1860 жылы Ефим Грачевтің кезінде солтүстік қарбыздарының өсуі алға басты.

19 ғасырдың аяғында Есілде бұрыннан Астрахандық, Камышевский, быковский деп аталатын классикалық қарбыз сорттары нарыққа шыға бастады. Ал Мәскеу мен Питер қаласында ерекше жылыжайда өсірілген қарбыздар сәнге айналды. Мысалға: «малиновый крем»сорты - сопақ, жұмсағы ашық, дәні ақ түсті немесе «яблочный» сортын алатын болсақ ол - ұсақ, жұқа қабықты,ерте пісетін, дәнімен бірге алма пішініне ұқсас болып келеді. Астрахандық жерсіндірілген сортқа қарағанда тәттірек екенін мәлімдейді.

Ал Астрахан губерниясында қарбыз дәуірі 1850 жылдан бастап басталған. Быков Хутор ауылындағы екі тапқыр Горлов және Толочков фермерлері дақыл өсіретін жерлерін кеңейтіп Есілден жоғарыға қарай үлкен артықшылықпен қарбыз өсіре бастады. Көршілес елдер оларға қарап тез арада үлгі ала бастады. Ең негізгі қарбыз орталығы Быков жерінде қалыптасты. Осында бір күнде оннан аса баржаны он мың түп жеміспен жүктеген.

Олардың жемістері жайлы жеке айтуға болады. Қарбызды сол кезде дюйммен өлшеген. Ірі, саудаға жарайтындар «аршинники» (72см), «безвершковые» (67,5 см) «половинники»(63 см) деп бөлінген. Сатуға арналған ең ұсақ жемісті «беспалый» (49 см) деп атаған. Ал қалған жарамсыздар малдарға жемшөп ретінде және қарбыз балы «нардек» жасауға кеткен. Ұсақ деп 10-15 килограммдық қарбыздарды атаған. Гектарынан 2500 түп, 100 тонна қарбыз алынған.

1880 жылдары Саратовтан Царицинге дейін темір жол жасалды. Сол кезден бастап нағыз «қарбыз жарылысы» басталды. Қолдарынан келгенше жерді жыртып, небір түрлі техника ойлап тапқан. Салдарынан мөлшерден тыс өндіріс орын алды. Жемістерді сыртқа жеткізіп үлгермей ,олар шекарада бұзылып қалды. Қарбыздан кейін бидайдын жақсы өсетінін байқаған олар қарбыздан қант жасауға ұмтылды, бірақ қанттың орнына нардек балын өндіре бастады. Нардекті көбінесе тоқаш, әр түрлі пісірмелер жасауға қолданды. Мәскеуліктер оны вагондап Еуропаға, әсіресе Гамбургке сата бастады.

Қарбыз тұқымдарын сол кезде тек «аршинники» мен «безвершковые» деп аталатын ірі қарбыздардан алған. Осындай жемістерден алынған астрахандік қарбыздарға американдықтар Быков жеріне келіп өздерімен бірге тұқымдарын алып кетіп отырған.

Біз тек домалақ соңғы кезде сопақ қарбыз жеп үйренгенбіз. Ал қарбыздың одан басқа алмұрт тәрізді пішіндері де болады. Үнді қарбыздарының пішіні асқабаққа ұқсас болып келеді. Бағдат маңында бір жарым екі метрге дейін баратын қарбыз өсреді екен. Сол жердің тұрғындары кезектен-кезек ең қорқынышты зиянкес, жергілікті доңыздардан қорғайды. Дәл сол жерлерде әлемге әйгілі ең ауыр қарбыздар өсіріледі. Жалғыз бір қарбыздың өзін бір есектің өзіне ауыр болып келеді.

Ұзақ жататын қарбыздар өте сирек. Дәмі жақсы бірақ ұзақ сақтау бір- бірімен сәйкес келмейді, ашымайды бірақ жарылып қалуы әбден мүмкін. Көптеген ғалымдар сол қарбыз қабығының құрылысының негізін таба алмады. Айқындығы, тек оның тұқым шашуына қарбыз қабығының мықтылығы қажеті жоқ. Біздің кеш пісетін қарбыз сорттары қыркүйек айынан бастап желтоқсанның соңына дейін сақталады.

Ауа құрғақ әрі ыстық болса дала қарбызы соншалық тәтті болып келеді. Ашхабад маңында қарбызды түйе тікенде екпе ретінде өсіреді. Бұтаны кесіп, түбірінен ажыратып, сонда тұқымды себеді. Сол арқылы қарбыз сумен қамтамасыз етіледі. Ал сату үшін арнайы түйе тікен өсімдігін өсірген. Ылғалды жерлерде құрғақ дала қарбыздары мүлдем өспейді.

         Қарбыздың маңызына тоқталсақ қарбыздың шөл қандыратын және көңілді сергітіп жадырататын қасиеті бар. Оны әсіресе ыстық ауа райында егістік басында қара судың орнына шөл басу үшін пайдаланған жақсы. Қарбыз салқын сусындарды алмастырады, оның құрамында көп мөлшерде (12% дейін) жеңіл сіңімді қант болады. Қарбыз қанты, көбінесе қант диабетімен ауыратындарға қажетті жақсы сіңіретін фруктозадан тұрады. Қант мөлшері бойынша карбыздар көптеген жемістер мен жидектерден асып түседі, тіпті ананас, жүзім, алмұрттан кем емес.

Қарбыздарда адам ағзасындағы көптеген физиологиялық үрдістерді реттестіруге ықпал ететін - глюкоза, сахароза, фруктоза, дәрумендер (А, В, С,), пектиндер, сіңімді ДК тұздары,сондай ақ фолий қышқылы мен темір сияқты заттар болады. Сондықтан қарбыз өнімін цингаға қарсы, бүйрек, өт жолдары ауруларын алдын алу мен емдеу, ағзаның тіршілік қабілетін көтеру үшін пайдаланады.

Қарбыз жұмсағын ұзақ пайдалану мақсатында, олардың  жемістерін консервілейді-тұздайды.

Қарбыздар - тағам  өнеркәсібі үшін құнды шикізат. Олардан құрамында 65% қант пен 0,3% дейін сіңімді темір болатын бал (нардек) дайындайды. Қарбызды өңдегенде бал шығымы 5-7% (өз массасынан). Бал тағамға пайдаланылады, одан кисель жэне повидло дайындайды.

Стандарт  талаптарына сай емес өте пісіп  кеткен, ұсақ және жарылған қарбыздарды өте кұнды қантты концентратқа айналдыруға болады. Қарбыз жемісінің қабығынан тосап, цукат, ал қара қабықтылардан тағамдық бояу дайындайды.

Қарбызды  өңдегенде, оның бөлініп алынған  тұқымдарынан май өндіруге болады. Қарбыз майы - сұйық, ашық,иісі мен дәмі жаксы. Ол құрамында Д дәрумені болғандықтан, рахитке қарсы емдік қасиетімен айшықталады. Ыстық сығымдауда тұқымнан алынатын май шығымы 17-20%. Сығымдаудан кейін қалатын қалдық-күнжара кондитер өнеркәсібіне құнды шикізат. Одан халуа мен басқа тағамдар жасайды. Тіпті қарбыз тұқымының қабығын өңдеу арқылы лак-бояу өндірісіне кажет өнім - фурфурол алуға болады. Фурфурол электротехникада да пайдаланылады.

Қарбыздың кейбір сорттарында консерві зауыттары  үшін өте қажет пектиндік заттар көп. Пектиндік заттардың қантпен қосып қайнатқанда желе тәрізді масса түзетін қасиеті болғандықтан, жидек пюресі мен повидло дайындағанда оларды қоюлату үшін қарбыз шырынын пайдаланады.

Еліміздің жартылай шөлді аймақтарында ықтырмалы егіс ая-сында қарбызды суармай-ақ өсіруге болады.

Қарбыз күздік және жаздық астықтар үшін жақсы алғы да-қылдардың бірі. Олардан кейін  танаптар таза күйінде қалады. Қарбыз дақылы ірі жапырақтарымен жерді көлеңкелеп топырақта ылғал сақтайды.

Қарбыз - мол  кіріс әкелетін дақыл, әсіресе суарылмайтын аймақтарда оны өсіріп өзіндік құны төмен жоғары өнім алынады.

Шырынды малазықтық жемнің маңызды көзі-малазықтық карбыз. Оның құрамында 1,2 % шикі протеин, 0,1- май, 7,2 -АЭЗ, 2,3 - жасұнық, 0,2 - күл және 88,5 % су болады.

Малазықтық  қарбызды сабан, топан (75% қарбыздар, 25% топандар) жэне басқа да масақты дақылдармен аралыстырып сүрлем дайындауға болады. Оның сүрлемін мал сүйсініп жейді де тез қоңданады, өнімділігі артады. Малазықтық қарбыздың тұқым шығымы 2-2,5 % тұқымының майлылығы 50% дейін жетеді.

Қарбыз басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары секілді  өсіп-даму барысында тамыр, сабақ, жапырақ  және гүлден құралады. Гүлден жемісі пайда  болады. Қарбыздың әрбір ағзасының  өздеріне тиісті атқаратын қызметі  бар.

Қарбыздың сорттары мен будандары вегетациялық өсу кезеңінің ұзақтығына байланысты (көгін шыққаннан бастап биологиялық піскенге дейін) беске бөлінеді: өте ертелік - (70 күнге дейін), ертелік - (70-80 күн), орташа - (81-90 күн), орташа кештік-(91-100 күн) және кештік-(100 күннен астам). Кейбір өсу кезеңі барысында қысқа мерзімді ылғал жетіспеушіліктің өзі қарбыздың өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді. Мүндай кезендер өте қауіпті деп аталады. Осындай кезеңдерінің бірі тұқымның өну кезеңі. Мүндай кезеңде ылғалдың жетіспеушілігі көгіннің шығуын кешіктіреді, кей жағдайларда көгін шықпай да қалады. Қарбыздың көгіні шыққаннан соң топырақ ылғалдылығы жеткілікті жағдайда олар жақсы өсіп дамиды және вегетативтік және өнім беретін ағзалары суды көп талап етеді. Гүлдеу кезеңінде ылғал жетіспеушіліктің арқасында гүлі мен түйнектерін тастап жібереді, сондықтан да қарбыздың гүлдеу кезеңі қауіпті деп саналады. Шағылысу процесі бал арасы, құмырсқа, трипс және де басқа жәндіктер арқылы жүзеге асырылады. Екі жынысты гүлдерінің тозаңдары ұрықты болып келеді, сондықтан шағылысу процесі олардың аналығына сол гүлден, сондай-ақ басқа гүлдерден де тозаң келіп түсуі нәтижесінде жүзеге асады.

Қарбыздың тамыр жүйесі өте мықты, күшті дамыған, ол негізгі және өте майда тарамдары көп жанама тамырлардың бірінші және екінші ретінен тұрады. Кейбір жағдайларда жанама тамырлардың үшінші және төртінші реттері де болады. Негізгі тамыр өз кезегінде төмен қарай 1 метр тереңдікке дейін барады. Жанама тамырлар негізінен 20-30 см тереңдікке барады. Қарбыздың жалпы тамыр жүйесінің жан-жаққа қарай таралғаны топырақтың кең көлемін алады, ал олардың барлық қосындысы 60 м-ге дейін жетеді.

Қарбыздың тамыр жүйесі

Қарбыздың сабағы жақсы дамыған, жайылатын, жан-жаққа таралған домалақ бес қырлы пішінде, ұзындығы 2-4 м болады. Негізгі сабағынан бірінші реттегі жанама, ал олардан өз кезегінде екінші реттегі сабақтар пайда болады. Кей жағдайларда үшінші және төртінші реттегі сабақтар да болады. Сабақтардың тармақталуы моноподиялдық.

Сурет 1-сабағы, 2-мұртшасы, 3-жапырағы, 4-аналық гүл, 5-аталық гүл

Қарбыздың жапырағы жасыл түсті, бөбе жапырақсыз, сағақтары ұзын, үш бөлікке бөлінген, әр қайсысы майда бөліктерге бөлінген. Жас жапырақтары түкті, жұмсақ және нәзік. Жапырақтардың орналасуы кезектелген. Жапырақтың бетінің көлемі (кей жагдайларда бір өсімдікте 300 жапырақтан асады).Жапырақтың қуысында мұртшалары пайда болады. 1 сурет (Қарбыздың жапырағы)

Сурет - Қарбыздың жапырағы

Қарбыздың гүлі әдетте бөлек жынысты болады. Бір өсімдікте аталық және аналық гүлдер кұралады. Бірақ көптеген сорттарында бір жынысты (гермофродитные) және аталық гүлдер, кейбір сорттарында - аналық, бір жынысты және аталық гүлдер болады. Әдетте аналық гүлдер аталық гүлдерден үлкен болып келеді. Аталығы үлкен, бестемді. Қосжынысты гүлдер аналық гүлдерге ұқсас, бірақ олардың айырмашылығы аналығы да, аталығы да болады. Көбінше қосжынысты гүлдерде аталығының саны едәуір көп болып келеді.

Гүлдер таңертең ашылады  және 16 сағат уақыт көлемінде  ашылып бітеді. Аталық гүлдерге қарағанда  аналық және қосжынысты гүлдер ертерек  ашылады. Ұрықтанбаған аналық және қосжынысты гүлдер келесі күні де ашық болып тұрады. Қарбыздың гүлдеуі олардың ерте пісетін сорттарына байланысты көгін шыққаннан соң 30-50 күннен кейін гүлдеп вегетация соңына дейін жалғасады. Аналық жэне қосжынысты гүлдер сабақтың бірінші және екінші тәртібінде орналасады. Қарбыздың «Сапалы» сортының аталық және аналық гүлдер көрсетілген.

 

    Сурет Қарбыздың гүлі (сол жақта - аталык, он жақта - аналық)

                                                     

Қарбыздың жемісі көптұқымды жидек тәріздес асқабақ, сырт бітімі түрі, түсі әртүрлі және қабығының қалыңдығы мен құрылымы және тұқымы да түрліше.

Көптеген қарбыздың  жемісі домалақ, орташа диаметрі 20-25 см, ал орташа салмағы 3-6 кг. Қабығының сырты  тегіс, қалыңдығы әртүрлі, олар сорттың  ерекшеліктеріне, топыраққа және өсіру  әдістеріне байланысты. Қабығы өте  жұқа және өте қалың сорттары да кездеседі. Әдетте көптеген сорттардың қабығының қалындыгы 1-1,5 см болады. Жұқа қабықты қарбыздардың қабығы 0,5 см, ал қалың қабықты сорттары 2,5-4,0 см болады. Қалың қабықты қарбыздар тасымалдауға төзімді болып келеді. Қарбыздың сыртқы реңі мен жолақтары әртүрлі болады. Жемісінде жеңіл қорытылатын қант, жүйелі шағын элементтер, ұлпа, дәрумендер және фолий қышқылдары бар (3 сурет).

Сурет Қарбыз жемісі

                                                      

Тұқымы жалпақ, жиекті әртүрлі түсті қара, қоңыр, қызыл, сары және ақ болып келеді. Жасылдау түсті шопақтары сирек кездеседі. Көлемі жағынан олар ірі, орташа және майда болады. Тұқымның абсолюттік салмағы 30-дан 50-граммға дейін болып олардың өңгіштігі 4-5 жылға сақталады.

Сурет Қарбыз тұқымдары

  Қарбыздың өсіп дамуына тоқталсақ. Қарбыз еккеннен бастап піскенге дейін төмендегі негізгі кезеңдерден өтеді, олар:

  1. Өніп шығу;

  2. Шатрик кезеңі;

  3. Пәлек жаю;

  4. Аналық гүлдердің шанақтауы;

  5. Аталық гүлдердің ашылуы;

  6. Аналық гүлдердің ашылуы;

  7. Түйнектердің пайда болуы;

  8. Жемістердің өсуі;

  9. Жемістердің пісуі;

Қарбыз асқабақ тұқымдас басқа да өсімдіктер секілді тұқымының тез өнуі мен өсу процесстердің қарқындылығымен мәлім. Еккеннен соң тиімді температурада (25-35°С) және топырақ ылғалдылығы жеткілікті болған жағдайда тұқымы 3-4 күнде өніп, көгіндері 9-10 күнде жер бетіне шыға бастайды. Көгін шыққаннан соң 5-6 күннен кейін бірінші нағыз жапырақтары, сонан соң қысқартылған түйін ара қашықтығында әрбір 3-4 күн сайын екінші, үшінші, төртінші және бесінші жапырақтары пайда болады. Соннан соң өсімдіктің өсуі бәсеңдеп сырт қарағанда тіп-тіке тұратын, әлі пәлек жаймаған бұта секілді көрініс береді (шатрик кезеңі).

Көгін шыққаннан соң 20-40 күннен кейін сорттардың өсу жағдайына байланысты басты сабақ құралады, соннан соң жанама пәлектер шыға бастайды. Өсу барысында гүлдің құралуы пайда бола бастайды, кейін гүлдейді, сонан соң тозаңданады.

Негізінен Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерде өсірілетін қарбыз сорттарының гүлдеуі көгін шыққаннан соң 40-50 күннен кейін гүлдей бастайды. Бірінші аталық сонан соң аналық гүлдері ашылады. Қарбыздың гүлдері таңертең ерте ашылып түске таман жабылады да, кешке қарай сола бастайды. Жәндіктер арқылы тозанданады да, жемістің құралуы мен өсіп дамуы басталады. Тозанданғаннан бастап жемістің піскеніне дейін 35-50 күн өтеді, ал көгін шыққаннан қарбыздың піскеніне дейін 60-120 к

Сыртқы фокторларға қойылатын талаптар

Жылуға қажеттілігі. Қарбыз жылу сүйгіш өсімдік, өсіп даму барысында өте көп жылу мен күн сәулесін талап етеді. Ауа райының құрғақ және ыстық жағдайында қарбыз жемісінде қант көп мөлшерде жинақталады. Сондықтан оның өсіп дамуы сыртқы орта жағдайына тығыз байланысты.

Қарбыздың өсіп дамуына ең қолайлы жағдай (10°С жоғары), тиімді температураның қосындысы 3200-3400°С-ты құрайды. Қарбыздың тұқымы температура 16-18°С болған жағдайда өне бастайды, ал едәуір темендегенде өте баяу өсіп, өнгіштігін жоғалтады, көгеріп кетеді де, өледі. Өсімдіктің шығарған алғашқы жапырақтары әлсіз болады, олардың әрі қарай дамуы баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы да төмендейді.

Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-25°С шамасында болады, олардың әрі қарай дамуы баяулайды, өсімдіктің өнімділігі және өнім сапасы да төмендейді.

Тұқымдардың өніп шығуы үшін оңтайлы температура 20-25°С шамасында болады, ал одан да жогары (35°С-тан жоғары) болған жағдайда бұл процесс баяулайды. Өсімдіктің қалыпты өсіп дамуы үшін оңтайлы температура 25-30°С құрайды. Одан жоғары болса, өсімдіктің өсіп дамуы баяулайды, ал 44°С-та жасушалардағы ақуыздың коагуляциясы басталады. Өсімдіктің ыстыққа төзімділігінде жапырақтарының сыртқы ұлпасы мен түктілігінің, балауыз қабатының және ыстық уақытта олардың суынуына жағдай жасайтын суды белсенді транспирациялау қабілетінің маңызы зор. Судың бүкіл өсімдік ағзасынан жедел өтуі нәтижесінде өсімдік температурасы 6-7°С-қа төмендейді.

Ауа температурасының минус 1 "С-қа дейін темендеуі өсімдік  үшін қауіпті, ал 5-10°С-та олардың өсуі тежеледі. Әсіресе, өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде 15°С-тан томен температура кері әсерін тигізеді. Бұл жағдай өсімдіктің шанақтары мен гүлдерінің түсуіне алып келеді, аталық және аналықтары пісіп жетілмейді, бұл өз кезегінде тозаңдану процесін едәуір төмендетеді. Қарбыздың тамыр жүйесі вегетативтік жүйесіне қараганда температураның төмендеуіне сезімтал келеді. Температураның ұзақ уақыт 15°С-тан төмен болып тұруы тамыршаларының микроорганизмдермен зақымдалуына алып келеді, жапырақтарға және сабағына қарағанда тез қурайды. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде ауаның жоғары температурасы (40°С-тан жоғары) және оның темен салыстырмалы ылғалдылығы гүлдерінің тозандануына кері әсерін тигізеді. Гүлдердің тозаңдануы үшін ең оңтайлы ауа температурасы таңертең 18-20°С, ал күндіз 20-25°С құрайды.

Қарбыздың жарыққа талабы.Қарбыз бейтарап (немесе қысқа күндік) дақылға жатады, оның жарыққа деген талабы жоғары. Оның қалыпты өсіп, дамуы үшін қарқындылығы және ұзақтылығы жеткілікті күннің белгілі-бір спектрдің жарығы қажет. Жарық кезеңі 12 сағаттық жарық күнде жақсы жүреді және 4-5 нағыз жапырақ пайда болған кезде аяқталады. Оның өскін алынғаннан кейін екі апта ішінде 10-12 сағатқа қысқаруы аналық гүлдерінің түзілуін, жеміс салуын және олардың пісіп жетілуін тездетеді. Өсіріп баптау кезінде жарық күнді 8 сағатқа қысқарту, сондай-ақ күн инсоляциясының және ауа температурасының төмендеуі қарбыз өсімдіктерінің өсуі мен дамуын нашарлатады. Қарбыз өсімдіктері, сондай-ақ көлеңкеге және егістің арамшөптермен ластануына төзімсіз болып келеді. Мүнда өнімділікпен бір уақытта өнім көлемі және оның сапасы да төмендейді. Бұлтты ауа-райында, өсімдіктердің тығыз жайласқан және шектен тыс артық ылғалдылық жағдайында өнімдерінде құрғақ заттар мен қанттың жинақталуы төмендейді.

Топырақтың және ауаның ылғалдылығына талабы.Қарбыздың жапырақ бетінің ылғалды көп мөлшерде буландыратындай үлкен көлемді болуына қарамастан, судың өсімдік ағзасында тез және жақсы жылжуына байланысты оларға аңызақжелдер көп зиян келтірмейді. Сонымен бір уақытта қарбыз өсімдіктері біршама ылғал сүйгіш болып келеді. Жапыраққа ылғалдың келіп түсуіне едәуір дәрежеде топырақ температурасы әсер етеді. Топырақ температурасы төмендегенде оның тамыр жүйесі суды топырақтан сіңіруі әлсіз болады, нәтижеде өсімдік ылғал жетіспеушілігінен зардап шегеді. Ауаның жоғары температурасында және аңызақжел жағдайында жапырақтарының көлемі үлкен болғандықтан өсімдіктер ылғал жетіспеушілігін сезінеді және солып қалады.

Қарбыз үшін топырақтың оңтайлы ылғалдылығы 0-70 см қабатында  оның ылғал сыйымдылығының 75-80% шамасында ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 40-60%. Топырақтың ылғалдылығы оның ылғал сыйымдылығынан 45% төмендеп кетуі қауіпті болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендеген жағдайда гүлдердің тозаңдануы нашарлайды, өсуі баяулайды, вегетациялық кезеңі ұзарады және өсімдіктердің өнімділігі төмендейді. Демек, бұл оңтүстік аудандарда жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда қарбыз өсімдіктерін өсіп дамуының кей кезендерінде суару қажет екенін көрсетеді. Алайда ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығы да қарбыз өсімдіктеріне кері әсерін тигізеді-олар саңырауқұлақ ауруларына шалдығады.

Қоректену элементтеріне талабы.Органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу карбыз өсімдіктеріне жақсы әсер етеді. Алайда органикалық тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін, әсіресе, жаңа көң енгізген жағдайда өсімдіктердің өсуі мен дамуы тежеледі, ауруларға төзімділігі төмендейді, өнім сапасы нашарлайды. Қарашірінді енгізу карбыз өсімдіктеріне оң әсер етеді.

Минералды тыңайтқыштардың  ішінде фосфор тыңайтқышы ең жақсы әсер етеді, ал одан едәуір төмен дәрежеде  азот және калий, әсіресе өсіп дамуының бірінші жартысында. Топырақ фосфордың жеңіл қол жеткізілетін түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жағдайда өсімдіктер азот пен калийді жақсы сіңіреді. Қарбыздың 10 тонна өнімі топырақтан 23,0 келі азот, 8,0 келі - фосфор және 25,0 келі калий элементтерін сіңіреді.

Калий тыңайтқыштарының хлорлы  түрлерін қарбыз өсімдігі төмен  сіңіреді, сондай-ақ сорланған топырақ  өсімдікке кері әсерін тигізеді.

Қарбызды өсіруге механикалық  құрамы жеңіл сұр, сонымен бірге рН 6,5-7,5 құмдауыт топырақтар оңтайлы болып келеді. Бұл жағдайда өсімдіктің тамыр жүйесі қоректік заттарды нашар топырақтан да сіңіруге қабілетті болады. Сондықтан қарбызды құмды жерлерде де өсіруге болады. Қарбызды өсіріп баптауға ылғалды сазды және жер асты сулары жақын жайласқан шектен тыс ылғал топырақты жерлер жарамайды. Топырақтың механикалық құрамы оның құнарлылығына қарағанда маңызды фактор болады.

Қарбыздың негізгі түрлерін ажырату. Т.Б. Фурс классификациясы бойынша (1972) Citrullus scrad тұқымдасы төрт түрге жіктеледі:

1. Түкті қарбыз – C.Lanatus (Thunb) Matsum et Nakai, бұған асханалық (C.edulis) және мал азықтық (C.colonsynthoides) түршелері жатады.

2. Колоцинт – C. colonsynthis (L) Schrad.

3. Мұртшасыз қарбыз – C. ecirrhosus Cogn.

4. Ноден қарбызы – C. naudinianus (Sond) Hook. p.

Бұлардың ішінде тек асханалық және мал азықтық қарбыз шаруашылықта кеңінен тараған. Ал қалған үш түрі тек селекциялық мақсатта ғана қолданылуы мүмкін.

Асханалық және мал азықтық қарбыз жемістері арқылы оңай ажыратылады.

Асханалық қарбыздың жеміс жұмсағы айқын түсті, жұмсақ, өте нәзік, тәтті, жеуге жарамды келеді.

Мал азықтық қарбыздың жеміс жұмсағы ақшыл, аздап көкшіл түсті, аса тығыз, қатты, пышақпен қиын кесіледі, дәмсіз жеуге жарамсыз.

Бұл белгілеріне қоса басқа сырт құрылысындағы ерекшеліктеріне қарап та асханалық және мал азықтық қарбызды оңай ажыратуға болады.

Кесте 1 - Қарбыздың негізгі түрлерінің айырым белгілері

Айырым белгілері

C.edulis

C.colonsynthoides

Негізгі сабағының ұзындығы

Қысқа

Өте ұзын

Екінші ретті бұтақтарыныңи саны

Өте көп

Онша емес(5-8)

Жапырақ бөліктерінің кескіні

Ұзынша созыла келген

Қысқа, жұмыр

Күлте жапырақшаларының түсі

Сұр-сұрғыш

Қоңыр-сарғыш

Аналық гүл аузының түсі

Жасылтым

Сарғыш

Аналық гүл аузының кескіні

Бес бұрышты

Жұмырланып келген

Жеміс жұмсағы

Өте нәзік, сынғыш

Қатты, тығыз, созылыңқы

Жеміс жұмсағының дәмі

Аса тәтті

Тұщы немесе қышқыл

Жеміс жұмсағының түсі

Қызыл, қызғылт, сары ақшыл

Ақшыл-көк

Тұқымының кескіні

Байқарлықтай ұшты

Ұшсыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]