- •Аннотация
- •Мазмұны
- •Нормативті сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Белгілер мен қысқартулар
- •Негiзгi объектiнiң құрылысының сипаттамасы
- •2 Технико- экономикалық параметрлерді есептеу
- •2.1 Машинаның жұмысқа пайдаланудың ұзақ мерзімділігі
- •2.2 Аппараттың рентабелділігі
- •2.3 Машинаны жұмысқа пайдаланудағы жылдық экономикалық тиімділігі (жылдық табыс)
- •2.4 Машинаның өзін-өзі өтеу мерзімі
- •2.5 Пайдалану шығындарының коэффициенттері
- •2.6 Машина құнының коэффициенті
- •3 Құрылымның даму белгілерін есептеу
- •3.1 Техникалық объектіні жасаудың еңбек сыйымдылығының белгілері
- •Техникалық объектінің экономикалық даму белгілері
- •3.3 Материалдар шығынының белгілері
- •3.4 Энергия шығыны белгілері
- •3.5 Техникалық объектінің сыртқы өлшем белгілері
- •4 Машина жасауға қойылатын техникалық талаптар
- •5 Машина жасау технологиясын сипаттау
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
5 Машина жасау технологиясын сипаттау
Жаңа машиналарды жасаудың қажеттігін қазіргі кездегі механикаландыру және автоматтандыру құралдарын мейлінше жетілдірудің қажет екенін анықтау үшін машина паркінің жұмысы туралы ақпарат алып, оларды сараптау отыру керек. Мұндай ақпараттар үнемі, үзілмей дер кезінде түсіп тұруы керек.
Өндірісте жетілдіру, өңдеу процестері, өнім көлемінің өсуі, өндіріс циклінің қысқаруы, жаңа технологиялық процестердің пайда болуы, механикаландыру және автоматтандыру деңгейлерінің өсуі үздіксіз болып тұрады.
Осыған байланысты машиналардың жұмысына да, автоматтандыру дәрежесіне қойылатын талаптар да күрделі бола береді. Кейбір ескірген машиналар мұндай жағдайларда керек те болмай қалады.
Сонымен ескі машиналарды модификациялау немесе жаңа технологиялық процестерге лайық жаңа машиналар жасау мәселелері көтеріле бастайды.
Жаңа машиналардың жобаларын жасау алдында өндірістің осы саласының сапа және сан жағынан дамуы жаңа технологиялық процестер мен жаңа өндіріс әдістерінің пайда болу мүмкіндігін мұқият зерттеу керек.
Өнеркәсіп салаларының дамуы, мемлекеттегі техникалық прогрестің, халықтың тұрмыс халінің, мәдени даму деңгейінің негізгі көрсеткіші болып саналады.
Техниканың дамуының барлық кезеңдерінде ғылыми техниканың өсуіне байланысты адамдардың да сұранысы өсіп, жаңа машина жасаудың керектігі адамдарды ауыр қол жұмысынан босату, өндіріс өнімділігін арттыру, өндірісте шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және олардың өзіндік құнын кеміту мәселелеріне байланысты өз үлесін тигізеді.
Технологиялық процесстердің алдына қояр көкейкесті мақсаты – ол ақаулардың мәнін мейлінше кеміту, азайту.Сондай-ақ дайындамалардың бойында қалыптасқан керекті сапа көрсеткіштерін(тығыздықты, қысу қалдық тартылыстарын, жоғары мәнді бет қаттылығын, ағартылған қатты құю қыртысын және т.б) технологиялық маршруттық ең соңғы ажарлау, әрлеу сатыларына дейін сақтап, жеткізу, өңдеу өндірісінің келесі бір проблемасы екені тағы мәлім. Беттің қатпар бетіндегі қалыптасқан созылыс қалдық тартылыстары, соңғы механикалық өңдеулерге жіберетін әдіптің мол болуын қажет етеді. Мол әдіп жіберуді жақсы құбылыс деуге бола қоймайды.
Беріктеу технологиясының тәсілдерін қолдану арқылы өндіріс өнімдерінің:
төзімділігін арттырады;
материалдар мен қосалқы бөлшектерге мұқтаждықты кемітеді;
габариттік өлшемдері мен салмақтарын азайтады;
жасауға кететін және пайдалануға керекті шығындарды қысқартады.
Әсіресе, беріктеу технологиясының тәсілдері, бөлшек материалының шекті беріктігіне және оның бетінің тозуына, қажалуына әсер етеді. Мысалы, беттері арнайы беріктеу әдісімен тапталынған детальдардың шекті беріктігі тапталынбаған детальдардың шекті беріктігінен 30-80%-тей жоғары, ал олардың қажалуға тұрақтылығы екі-үш еседей артық болады.Алайда беріктеу технологиясын баппен, есепті технологиялық мөлшермен жүргізу қажет. Бөлшек беттерін беріктеу кезіндегі артық күштер олардың бет сапасын бұзып, жарамсыз етіп тастауы мүмкін.Тұтқыр,қатты болат материалдан жасалған бөлшектердің беттеріндегі қысымды қалдық тартылыстар олардың бет беріктілігін 50%-ке арттырса, ол созылыңқы қалдық тартылыстар 30%-ке кемітіп жібереді. Детальдардың пайдалану сенімділігі мен төзімділігіне беріктеу технологиясының тәсілдерінің ішінде роликтермен таптау, бытыралармен атқылау,химиялық және химия-термиялық өңдеулер сияқты әдістері өте көп әсер етеді.
Өндірісті техникалық даярлаудың біртекті жүйесінде (ӨТДБЖ* МЕСТ 18831-83) бұйымның конструкциясының технологиялылығына мынадай анықтама береді. «Бұйымдар конструкцияларының технологиялығы деп, олар үшін өндірісті технологиялық даярлауға, жасауға, пайдалануға және басқа жөндеуге жұмсалатын еңбек, құрал, материал және уақыт шығындарын, басқа сол типтес бұйымдардың конструкцияларының (қызмет істеуі бірдей, қойылған сапалық көрсеткіштері де бірдей, жасау, пайдалану және жөндеу жағдайлары да бірдей) шығындарынан гөрі үйлесімді етуге мүмкіндік жасайтын бұйымдар конструкцияларының жиынтық қасиетін айтады».
Машинаның конструкциясы неғұрлым өндіріс шарттарына сәйкес болса, соғұрлым машинаның технологиялы екенін көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген барлық анықтамаларға қарасақ, конструкцияның технологиялылығы өте күрделі, кешенді ұғым екенін және ол бұйымның күллі өмірлік цикл сатыларын қамтитынын көреміз.
