Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уткельбаев Х. ММГ-13-4К1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
425.91 Кб
Скачать

3.5 Техникалық объектінің сыртқы өлшем белгілері

Құрылымның сыртқы пішінін төмендету негізінен мына төмендегідей қолайлы жағдайларды көздейді.

  • құрылымның тұрақты түрде жұмыс істейтін жеріндегі пайдалану алаңын және ғимарат көлемін үнемдеу;

  • құрылымның өзінің орналасқан жеріндегі алаңды үнемдеу;

  • құрылымды қорғау шығындарын (сыртқы пішінін бояуда, қаптау т.б) төмендету;

  • құрылымды тасымалдау шығындарын азайту.

Сыртқы өлшем белгілері құрылымның өлшемінің оның негізгі көрсеткіш нәтижесіне G қатынасына тең:

(3.12)

4 Машина жасауға қойылатын техникалық талаптар

Жаңа машиналардың жобаларын жасау алдында өндірістің осы саласының сапа және сан жағынан дамуы жаңа технологиялық процестер мен жаңа өндіріс әдістерінің пайда болу мүмкіндігін мұқият зерттеу керек.

Жоғарыда көрсетілген жалпы шарттардан басқа бөлшектердің неше түрлі қиюластыруларының құрастыру жағдайларын ескерген дұрыс.

Бөлшектерді жаншу және қауыстыру әдістерімен қиюластыруда жаншу-қауыстыру аспаптарының құрастыру зонасына қолайлы етіп әкелуді ойлау керек. Жаншу-қауыстыру әрекеттерін аспаптың тура сызықты пішіндеу бағытымен өткізген тәуір (дорндау, престе қауыстыру).

Техника жағынан кемеліне жеткен машина жасау өндіріс салаларының дамуы, мемлекеттегі техникалық прогрестің, халықтың тұрмыс халінің, мәдени даму деңгейінің негізгі көрсеткіші болып саналады.

Техниканың дамуының барлық кезеңдерінде ғылыми техниканың өсуіне байланысты адамдардың да сұранысы өсіп, жаңа машина жасаудың керектігі адамдарды ауыр қол жұмысынан босату, өндіріс өнімділігін арттыру, өндірісте шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және олардың өзіндік құнын кеміту мәселелеріне байланысты өз үлесін тигізеді.

Жаңа машиналарды жасаудың қажеттігін қазіргі кездегі механикаландыру және автоматтандыру құралдарын мейлінше жетілдірудің қажет екенін анықтау үшін машина паркінің жұмысы туралы ақпарат алып, оларды сараптау отыру керек. Мұндай ақпараттар үнемі, үзілмей дер кезінде түсіп тұруы керек.

Өндірісте жетілдіру, өңдеу процестері, өнім көлемінің өсуі, өндіріс циклінің қысқаруы, жаңа технологиялық процестердің пайда болуы, механикаландыру және автоматтандыру деңгейлерінің өсуі үздіксіз болып тұрады.

Осыған байланысты машиналардың жұмысына да, автоматтандыру дәрежесіне қойылатын талаптар да күрделі бола береді. Кейбір ескірген машиналар мұндай жағдайларда керек те болмай қалады.

Сонымен ескі машиналарды модификациялау немесе жаңа технологиялық процестерге лайық жаңа машиналар жасау мәселелері көтеріле бастайды.Қиюластырудың беріктігі мен герметикалығына қолданылатын материалдардың сапасы мен қиылыстыратын беттердің өңделу дәлдігі әсер етеді.

Бөлшектерді шегендеп қосудың конструкциялық қалыптасуына төмендегідей кепілдемелер келтіруге болады:

1) Шегеннің тойтарылатын басы деталдың қалыңдау немесе беріктеу бетінде орналасуы қажет.

2) Бөлшектерді топтап шегендеуде, шегендеудің төсейтін және тойтарылатын бастарының пішіні жазық болғаны жөн.

3) Шегендеу арқылы қосатын детальдардың материалдары жеңіл қоспалардан немесе металл емес материалдардан жасалса, онда шегеннің материалы да сондай жұмсақ (алюминий сияқты) болуы шарт: өйткені қатты шеген қосылған жұмсақ деталдардың беттерін майыстырып тастайды.

4) Бір жақты, әсіресе екі жақты жасырын басты шегендерді әдейілеп , өңдеу арқылы арнайы орын жасау керек. Ол орын қосылатын детальдардың беріктігін кемітеді.

5) Екі жағынан бірдей ыңғайсыз орналасқан шегенді қосылыстарда, бір жағынан ғана шегендейтін арнайы шегеннің конструкцияларын пайдаланады.

6) Ұрғылап шегендеуден гөрі, престеп шегендеу өте өнімді, тәуір, сапалы, технологиялық әрекет. Детальдарды суық күйінде шегендегенде дұрыс.

Суық күйде шегендеуді алюминийден,мыстан жасалған шегендермен және диаметрі 14мм дейінгі болат шегендермен жүргізеді.

Дәнекерлеу арқылы жүргізілетін қосылыстарда төмендегідей кепілдемелер келтіріледі:

1) Дәнекерлеу жіктерін детальдардың бір бетінен екінші бетіне ауысқан тартылыс концентрациялары шоғырланған беттерге орналастырмау керек.

2) Мыс дәнекерлері негізгі материалдың кейінгі дәнекерлеуінде немесе пісірілуінде оның дәнекерлеу жіктерінің жанында жарық пайда болуына себепкер болады.

3) Қосылатын детальдарды индукциялық әдіспен қыздыруда индукторды дәнекерлеу зонасына қалтқысыз әкелуді қамтамасыз ету керек.

4) Осы әдіспен дәнекерленетін детальдардың конструкциясында тік сүйір бұрыштар мен тым жұқа қабырғалар болмауы керек, өйткені оларды қыздыру кезінде балқуы, бұйымның майысуы, дәнекердің жеңіл балқығыш құрамының күйіп кетуі мүмкін.

5) Қосылыстар конструкциясында дәнекерлер салатын арнайы қалталар болуы қажет, мұндай қалталардың конструкциялары алуан түрлі болуы мүмкін, мысалы, шеңбер, шайба, пластина және жонылған арық тәрізді элементтер сол қалталарға, ұнтақ тәрізді дәнекерлерден және флюстерден тұратын пастаны экструзия әдісімен салады. Көбіне қосылыстарды қыздыру арқылы дәнекерлеу әрекетінің сапасын арттырады.

6) Қосылыстар конструкциясындағы саңылаудың мәні оптималды және дәнекерлеу алдындағы қосылыстардың уақытша жиналып бекітілуі сенімді, тұрақты болуы керек.Егер қосылыс қондырғыда жүргізілетін болса, оның алдын ала тағайындалған құрастыру базалары технологиялы болғаны дұрыс.

Қазіргі замандағы машиналардың технологиялылығын пісірілген конструкциялар қолдану арқылы арттырады. Бірнеше түрлі әдіспен алынған дайындамаларды (штампталған,ұстада жасалған, құйылған,прокатталған) пісіру арқылы құрастыруға болады. Болаттан құйылған дайындамаларды штамптап пісірілген дайындамалармен штамптап пісірілген дайындамалармен ауыстырса, олардың салмағы 20-30%-ке жеңілденіп, ал кейінгі механикалық өңдеу жұмыстарының көлемі 30-50%-ке кемиді.

Штамптап пісіірілген және дәнекерленген қосылыстар сериялы, жаппай өндірісте көп кездеседі.

Кейде қолданылатын пісіру тәсіліне байланысты жеке бір шарттар тууы мүмкін, олар арнайы пісіру процесіне арналған әдебиеттерде келтіріледі.

Автоматты құрастыру жағдайында бұйым конструкциясының қалыптасуына төмендегідей қосымша шарттар қойылады:

1) Бұйым детальдарының пішіні симметриялы, қарапайым болуы керек, бұл детальдардың бункерлі- бағыттауыш жабдықтарынан құрастыру зонасына жіберудегі бағыттау шарттарын жеңілдетеді.

2) Детальдар бункерлі- бағыттауыш жабдығынан шығарда біріне бірі ілініп қалмауы керек.

3) Мейлінше бірыңғайландырылған және қалыпқа келтірілген детальдарды пайдалану қажет.

4) Ажыратылатын қосылыстарды ажырамайтын жаншу, қауыстыру қосылыстарымен ауыстырған абзал.

5) Құрастыруды өте қарапайым, жеңіл, тура бағытты қимылдармен өткізген дұрыс.

6) Құрастыру автоматтарының жұмыс істеу сенімділігін арттыру үшін құрастыратын детальдарды өте дәл өлшем шектерінде өңдеу шарт.