Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы ГОС.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60 Кб
Скачать
☆

«Аудит» пәні бойынша сұрақтар

6. Аудиттің түрлері. Міндетті және бастамашылық аудит

7. Аудиттің әдістері мен тәсілдері

8. Аудиттік қызметтің этикалық нормалары

9. Аудиторлық іріктеу

10. Ақпараттық қамтамасыз етуді жүргізу

6 аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатымен тексеру; Аудиттiң түрлерi мыналар:

1) мiндеттi;

2) бастамашылық.

2. Міндетті аудитке:

акционерлік қоғамдар;

қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушылар;

инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;

жер қойнауын пайдаланушылар;

банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;

астық қабылдау кәсіпорындары;

сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi.

Міндетті аудит жыл сайынғы аудитке мыналар жатады:банктер, кредиттік серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар нарығында қызмет істейтін ұйымдар, сақтық ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, инвестициялық қорлар, табиғи монополия субъектілері, шетел қатынасын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар жатады.

Қаржылық аудитті жүргізу, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық рәсімдерінде көзделген өзге де жағдайларға да міндетті болып табылады.

Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектілердің бастамасы бойынша аудиттелетін субъектілердің және аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көрсетілген нақты міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

Қаржылық аудит ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы қаржылық аудит- аудиттің тәуелсіз нысаны. Қаржылық ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектінің бақылаудың ведомствалық немесе ішкі нысаны. Қаржылық ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектінің тілегі бойынша және шартымен жасалады.

8 Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар - жалпы әдеп (рухани аспекті) және кәсіби әдеп (іс-тәжірибелік аспекті).

Р.К. Маутц және Х.А. Шараф жалпы кәсіби әдеп мәселелерін зерттей келе, аудиторлар мен кез келген кәсіп иелерінің өзін-өзі ұстау әдебі философ-тардың барлық адам баласына ортақ әзірлеген өзін-өзі ұстау әдебінің жалпы ұғымын тар мағынада түсініп, қолданудан басқа ештеңені білдірмейді, деп атап кеткен болатын .

Осыған байланысты «әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық таңдау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешуші элемент бар:

1. Шешімді таңдау проблемасы.

2. Жаман мен жақсы туралы түсінік.

3. Әдеп, адамгершілік (мораль) мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Ic жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.

Өзін-өзі ұстау әдебінің кодексі осы кәсіптің өзіндік ерекшелігі болып табылатын өзін-өзі ұстау өлшемдерін дәл анықтап, тиісті ұсыныс береді. Жалпы әдеп теориясына қарағанда кәсіби әдеп кодексінен нақты проблемалардың шешімін табуға болады, оның үстіне, онда кәсіби талаптар да бар. Белгілі бір кәсіп тұрғысынан алғанда кодекс нақты өзін-өзі ұстау декларациясы болып табылады, әрі олардың орындалуына ықпал етеді. Онсыз кәсіби тәртіп болуы мүмкін емес.

Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы (қызметі) осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп калмайды.

Әрбір адам - тек жеке тұлға ғана емес, сонымен бірге, қандай да бір кәсіптің өкілі және қоғамның мүшесі. Тәуелсіз қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар да «өз әріптестері қабылдайтын шешімдерді» қадағалаушы кеңес берушілер (өз әріптестерімен бірге), оқытушылар, сарапшылар болып табылады. Осы функциялардың барлығы кәсіби этика тұрғысынан қарағанда маңызды .

1988 жылы AICPA мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Әдеп кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

1. Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.

2. Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.3. Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы қажет.

4. Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні (яғни табиғи мінез-құлқымен) бойынша және көрер көзге де (формально) тәуелсіз болғаны абзал.

5. Тиісті (жете ынта-ықылас аудару). Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарылату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

6. Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби Әдеп кодексінің принциптерін сақтауы керек.

Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

А. Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты - қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.

Тәуелсіздік мына жағдайларда бұзылады. Егер аудитор:

■ клиенттің қайсы бір мүлкін иеленетін болса;

■ таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияның инвестициясы мен тығыз байланысты болса, не болмаса компания мен бірлескен инвестициясы бар болса;

■компаниядан несие алса немесе берсе (бәл тыйым әдеттегі тәртіппен қаржы институттарынан алынатын кредитке қатысты болмайды);

■ тексерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;

■ компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;

■ компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылык есеп беру туралы ақпаратпен оған негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмаса;

■ егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;

■ клиент инвестор болатын болса, онда инвестор (инвестордағы) - кәсіпорында аудитордың қаржылық мүдделілігі болады;

■ егер аудитор отбасының немесе туыстарының бір адамы клиент ісін тікелей қатысты (мүдде жағынан) немесе онымен (клиентпен) кәсіпорынды басқару ісіне байланысты болатын болса және т.б.

Ә. Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау-жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұксан келтіреді.

Жаңа немесе өзгеше операциялар есебінің мәселелері бойынша кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор бірқатар проблемаларға кезігеді. Аудиторлар операциялардың есебін дұрыс жеткізу ісінде әр түрлі пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы ықтимал операциялардың есебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса, оған таңданудың қажеті жоқ. Кәсіпорын басшылары аудиторларды «сатып алатын» жағымсыз оғиғалар да болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық есепте ақпаратты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.

Б. Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін) сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз кұзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бакылау;

В. Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек. Атап айтқанда:

■ клиент талап етседе, оған бухгалтерлік және басқа да құжаттарды қайтарып беруден бас тарту;

■ кәсіби қызмет барысында нәсілдік, жыныстық, ұлттық белілерімен ұстанатын дінисенімдеріне қарай кемсітушілікті (дискриминация) жүзеге асыру;

■ тексеру барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стандарттарды және нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттің тілегіне қарсы мемлекеттік стандарттар мен нормаларды сақтамауы керек. Себебі, нағыз шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дәрменсіздік танытуы ыктимал. Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс әдістермен ашуы мүмкін;

■ бухгалтерлік есеппен қаржылық есептемесінің тіркеліміне жалған жазбаларды енгізуге келісім бермеуі керек;

■ басқа тұлға туралы ақпаратты тапсырғаны үшін клиенттен комиссиялыкқ алым алу немесе клиенттерді тартқаны үшін басқа біреуге төлеу;

Г. Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттілік берілген лицензия беруші (лицензия) мемлекеттік орган қоғамдық аудиторлар ұйымымен бірлесіп осы кәсіп түрі бойынша лицензия алған тұлғаның аудиторлық қызметін реттейді. Лицензия беруші аудиторлық қызметтерді бақылап, аудиторлар мен аудиттенетін субъектілердің қатынасын қарастырып, лицензия ұстаушыға ескерту жасауына болады, тіпті болмаған жағдайда лицензияның іс-әрекетін тоқтатады. Бұл - өте қатаң жаза, өйткені лицензиясынан айырылған тұлға аудиторлық біліктіліктен және аудиторлық есептілігіне қол қою құқығынан қоса айырылады.

9 «Аудиторлық іріктеме». Бұл стандарт ҚР-ның «Аудиторлық қызметі туралы» заң [3,41] және «Аудиторлық іріктеме және басқа да талдамалық тестілеу процедуралары» деп аталатын 530-ХАС негізінде дайындалған (орыс және ағылшын тексттерінде) (1-кесте). Бұл стандарт алынған нәтижелерді бағалау мен тексерілген жиынтықтарынан берілгендерді іріктеу ережелерін қалыптастыруға негізделген.

Аудиторлық іріктеу, аудиторлық объектілердің тексеруі туралы шынайы есеп беруді құру үшін, аудиторлық дәлелдемелерді жинау мақсатында жүргізіледі.

Ішкі аудитте берілген стандартты қолдану ақпараттық объектілерді қолданумен шектеледі, ал басқа объектілерде, мысалы, ұйымдық - басқару бағытында, ұйымдастырылған іс-шаралар немесе әрбір басқару шешімдерін қабылдау үшін жеке әдістер талап етіледі.

Заттай - технологиялық объектілері бойынша берілген стандартты қолдану аясы шектелген, бірақ оны мүлдем қолданбауға болмайды, мысалы, бұл стандарт орташа өнімді өндіруді анықтауда, өңдеу есебін үйренуде, еңбек өнімділігін анықтауда және т.б. қолданылады.

Аудиторлық іріктемелерді қолдану аудитор үшін, аудиторлық шынайы дәлелдемелерді жинауда, іріктемелердің арнайы әдістерін қолдану арқылы уақыт үнемделеді.

Іріктемені қолданудың маңызды кезеңдеріне: зерттелетін объект ерекшеліктері мен ақпарат көлеміне байланысты әрбір тексеруде іріктеменің нақты әдісін анықтау, дайындық жұмыстарын жүргізуді талап ететін таңдалған әдісті тікелей қолдану, мысалы, ерекше белгілер бойынша топтастыруды дұрыс атқару. Іріктеу барысында аудитор барлық жинақталған ақпараттарды арнайы топтарға бөледі. Ақпараттарды топтарға бөлу ерекшеліктері, әрбір элементтің нақты қай топқа жататынын көрсету үшін негізделген. Бұның өзі аудитор жұмысын біршама жеңілдетеді. Іріктеу тәуекелділігінің көлемі мен әдісін анықтауда тәуекелділік деңгейін төмендету үшін және аудиторлық нәтижелерге күмән келтірмес үшін қосымша процедураларды жүргізу қажет. Қорытынды кезеңі болып, іріктеме барысындағы әрбір қателіктер мен кемшіліктерді талдаумен байланысты, іріктеу нәтижелеріне дұрыс бағалау болып табылады. Бүл үшін болған қателіктер мен кемшіліктердің, ауытқулардың себебі мен сипатының маңызын анықтап, оларды аудиттің басқа да банктерге тарату мүмкіншілігін белгілеу керек. Іріктеу нәтижелерін бағалау үшін оларды барлық тексерілетін ақпаратқа тарату керек.

10 Осы ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

Ереже ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу мен аудиторлық қорытындыны беру тәртібі анықтайды.

Ақпараттық жүйелердің аудиті:

ақпараттық жүйелердің, оларда болып жатқан іс-қимылдар мен оқиғалардың ағымдағы жай-күйін бағалау;

олардың анықталған өлшемдерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттарға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестігінің деңгейін белгілеу;

ақпараттық жүйелердің тиімді және нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

аудиторлық тексеру нәтижелерін негізінде ақпараттық жүйелерді дамыту мен сүйемелдеу бойынша қорытынды беру мақсатында жүзеге асырылады.

Аудитті жүргізу ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тәртіппен, ақпараттық технологиялар саласындағы арнайы білімі және жұмыс тәжірибесі бар, аудиторлық қызметті жүргізуге құқығы бар (бұдан әрі - Аудитормен) тұлғамен жүзеге асырылады.

Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу жөніндегі шығыстарды аудитты жүргізуге бастамашы болған ақпараттық жүйелердің меншік иелері мен (немесе) иеленушілері төлейді.

Аудиттің негізгі ережелері

Аудит ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - АЖ) құру, енгізу және пайдалану кезеңінде жүргізілуі мүмкін.

Аудит ұйымның ресурстарының сәйкестігін анықтау арқылы АЖ кезеңдік бағалануын білдіреді, технологиялар, қосымшалар және жабдықтар сапасы мен сипаттамасының келесі өлшемдерін қосқанда:

тиімділігі (қойылған міндеттерге орындылығы мен сәйкестігі);

өнімділігі (қойылған міндеттердің орындалу деңгейі);

тұтастығы (ақпараттың дәлдігі және толықтығы);

жарамдылығы (талап етілетін бизнес-үдерістерге ақпараттардың қол жетімдігі, қажетті және қосарланған ресурстарды қорғау);

келісушілігі (бизнес-үдерістерге ықпал етуші нормативтік және құқықтық құжаттарды, шарттарды орындау);

сенімділігі (ақпараттың шынайылығы мен шындығы деңгейі, пайдаланған мерзімде АЖ үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету).

АЖ сапасы мен сипаттамаларының өлшемдеріне сәйкестікті бағалау АЖ тапсырыс беруші мен әзірлеуші арасында жасасқан шартпен көзделген көлемде жүйелік құжаттама мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге арналған стандарттарға сәйкес өтініш беруші ұсынған құжатталған ақпараттың негізінде жүргізіледі.

Аудит үшін өтініш берушінің келісімі бойынша АЖ пайдалану бойынша қосымша құжатталған ақпарат пайдалануы мүмкін, оның ішінде АЖ ақпараттық қауіпсіздігінің элементтеріне қойылатын талаптар бойынша сәйкестік сертификатының болуы, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйені қорғаудың құралдары, қолдануға нұсқамасын, ақпараттық жүйенің жұмысын талдауын және оқиғаларға рұқсатының статистикасын, регламентін, жабдықтың тізімі мен ерекшелігі, хронометриялық нәтижелері және өзге де өлшемдері мен т.б. қосқанда.

Сапаның өлшемдеріне сәйкестігін бағалауды басқару мен бақылау ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінің нәтижелерін бақылаудың негізінде жүзеге асырылады.

Аудиттің нәтижелері бойынша Ереженің 6-тармағына сәйкес сапасы мен сипаттамасының өлшемдерге сәйкестігіне аудиторлық қорытынды жасалады.

Аудиторлық қорытынды екі данадан кем емес жасалады, оның біреуі ақпараттық жүйенің өтініш берушіге беріледі, ал екіншісі аудит жүргізуші тұлғада қалады.

. Өтініш білдіруші аудиттен өткен ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізген жағдайда қайтадан аудит өткізу немесе осы жұмыстардың орындалуы үшін басқа аудиторды тарту үшін өзгерістер енгізілген сәтінен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде аудит жүргізген ұйымға өтініш білдіреді.

Егер аудиторлық қорытынды қандай да бір өлшемдер бойынша теріс нәтижелерді құраса, өтініш білдіруші келісілген жұмыс тобымен кемшіліктерді мерзімінде дұрыстауы мүмкін, содан кейін аудитті қайта өткізу керек.

Аудитті жүргізу

Аудитті жүргізу (1-қосымша) меншік иесінің және/немесе

иеленушінің өтінішінің негізінде жүргізіледі.

. Аудит ақпараттық жүйені иеленушісі мен аудитор арасындағы

жасасқан шартқа сәйкес жүргізіледі.

Аудитор Ереженің 7-тармағына сәйкес ақпараттық жүйенің меншік иесімен және/немесе иеленушімен ұсынылған құжатталған ақпараттың негізінде келесі тәртіпте аудитті жүргізеді:

ақпараттық жүйенің сипаттамасын зерделейді;

Ереженің 6-тармағына сәйкес сапасы мен сипаттамаларының өлшемдеріне ақпараттық жүйенің сәйкестігін тәжірибелік жолмен тексереді;

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі туралы өтініш берушіден қосымша деректер қажет болған жағдайда сұрайды. Жұмыс тобының сұрауына жауап бес күнтізбелік күннен аспауы керек;

Аудитордың қолы және өтініш берушінің қолдары куәландырылған, мөрі қойылған аудиторлық қорытынды дайындалады, беріледі.

Аудиторлық қорытындыны жасаудың мерзімі ақпараттық жүйені

иеленуші және аудитор арасындағы жасасқан шартпен анықталады.

Аудиторлық қорытынды ұсыныстық сипаттаманы береді және:

АЖ-ға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданған кезінде АЖ иесімен және (немесе) меншік иесімен есепке алынады;

АЖ дамыту жөніндегі шешімдерді қабылдау үшін негіз болуы;

Ақпараттық жүйелерді құруға тапсырыс беруші мен әзірленушінің және үдерістеріне басқа да қатысушылар арасындағы дау-жанжалды шешу үшін соттарда қаралуы мүмкін.

Аудиторлық қорытынды өтініш білдіруші аудит жүргізу сәтінде жұмыс қағидаттарына және сипаттамаларына әсер ететін ақпараттық жүйеге елеулі өзгерістер енгізбеген жағдайда ақпараттық жүйені қолданудың барлық мерзімінде күші бар.