- •«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша сұрақтар
- •5. Бухгалтерлік есепке алу әдісінің элементтері
- •«Қаржылық есеп 1» пәні бойынша сұрақтар
- •«Қаржылық талдау» пәні бойынша сұрақтар
- •«Басқару есебі» пәні бойынша сұрақтар
- •19Калькуляциялау, «стандарт-кост» жүйесі және шығындар есебінің нормативті әдісін салыстыру
- •20Өзіндік құнды шығынды толық үлестіру (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар (директ-костинг) әдісі арқылы калькуляциялау
- •21Өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауда шығындар есебі әдістерінің (абзорпшн-костинг и директ-костинг) ықпалын салыстырмалы талдау
- •«Аудит» пәні бойынша сұрақтар
«Басқару есебі» пәні бойынша сұрақтар
19Калькуляциялау, «стандарт-кост» жүйесі және шығындар есебінің нормативті әдісін салыстыру
20Өзіндік құнды шығынды толық үлестіру (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар (директ-костинг) әдісі арқылы калькуляциялау
21Өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауда шығындар есебі әдістерінің (абзорпшн-костинг и директ-костинг) ықпалын салыстырмалы талдау
19 Ең бастысы, басқару есебінің негізі болып калькуляциялау мен шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады, себебі тарихи басқару есебінің қалыптасуы ол өндірістік (калькуциялық) есептің негізінде қалыптасқан. Сондықтан, калькуляция-лаудың жалпы түсініктеріне тоқталайық [31, 614- 615б.].
Өнімнің өзіндік құны деп өндіріске және өнімді сатуға кеткен ақшалай түріндегі шығындарды айтамыз. Калькуляциялау дегеніміз - өнімнің (атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын есептеу немесе өнімнің бір өлшемінің өзіндік құнын есептеу болып табылады. Калькуляциялау кезінде төмендегілерді дұрыс белгілеу өте үлкен роль атқарады: (1) шығындардың есеп объектісі; (2) калькуляциялаудың объектісі; (3) калькуляциялық бірлік.
Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардың талдамалық (аналитикалық) есеп объектісі болып табылады. Калькуляциялаудың объектісі болып кәсіпорында калькуляцияланатын өнім түрлері, жұмыстар, қызметтер жатады. Шығындар есеп объектісі мен калькуляциялау объектісі әрқашанда сәйкес келе бермейді. Мысалы, мал шаруашылығында шығындардың есеп объектісі болып сүтті табын болып табылады, ал калькуляциялау объектісі - сол табынның сүті, төлі, қиы. Әдетте, калькуляциялық бірлік тиісті өнімнің техникалық немесе стандарттық құжаттарда белгіленген өлшем бірлігіне сәйкес келуі тиіс.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебінің әдісі деп кәсіпорын өнімінің нақты өзіндік құнын және шығындар есебін жүргізу үшін ақпараттарды топтастыру және жинақтау тәсілдерінің жиынтығын атайды. Өнімнің өзіндік құнын қолданудағы әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады: өндіріс типі; өндірістің күрделілігі; шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты; өндіріс циклының ұзақтылығы; аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.
Калькуляциялау мақсаттарына байланысты халықаралық тәжірибеде сметалық, нақты (қорытынды) және жоспарлы калькуляция болып бөлінеді. Шығындар есебінің объектілеріне байланысты тапсырыстық және үрдіс-пе-үрдіс (процестік) әдістері жеке қарастырылады. Шығындар бойынша толықтығына байланысты өзіндік құнның толық калькуляциясы (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясы (директ-костинг) деп бөлінеді. Ал қазақстандық тәжірибеде тапсырыстық, бөлістік және нормативтік калькуляциялау әдістері деп жіктеледі [34, 131-143б.; 31, 614-615б.].
20Шығындарды толығымен үлестірілетін калькуляциялау әдісінде (абзорпшн-костинг) барлық өндірістік шығындар, сонымен қатар тұрақты өндірістік үстеме шығындарда, өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Бұл әдіс міндетті түрде сыртқы қаржылық есеп дайындауда қолданылады. Айнымалы шығындар бойынша каль-куляциялау әдісінде (директ-костинг немесе маржинальды калькуляция-лау) өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы өндірістік шығындар ғана жатқызылады, ал тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындары ретінде қарастырылып, пайда мен зиян шотына есепке алынады. Абзорпшн-костинг және директ-костинг араларында негізгі ерекшелігі тұрақты өндірістік үстеме шығындар-ды калькуляциялау кезеңдер арасында бөліп тарату тәртібімен қорытындылады. Абзорпшн-костинг әдісінде тұрақты өндірістік үстеме шығындар өнімге дейін үлестіріледі және қорларды бағалауда қатысады.
Басқа сөзбен, абзорпшн-костинг бұл барлық шығындарды сатылған өнім мен дайын өнім қорының арасында бөліп таратуға негізделген калькуляциялау әдісі
Айнымалы шығындар бойынша калькуля-циялау әдісінде немесе директ-костинг әдісінде тек айнымалы шығынды өнімге үлестіреді, ал тұрақты өндірістік үстеме шығынды кезең шығыны деп қарастырады және пайда мен зиян шотына жатқызады.Басқа сөзбен, директ-костинг әдісінде тұрақты шығынды толығымен өнімді өткізуге жатқызады. Олардың ұқсастығы мынада, екі әдісте де өндірістік емес шығындар кезең шығындары болып есептеледі және де өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді
