Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы ГОС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.98 Кб
Скачать

«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша сұрақтар

Бота 1-5

«Қаржылық есеп 1» пәні бойынша сұрақтар

Бота 27-30

. «Қаржылық талдау» пәні бойынша сұрақтар

Бота 19-22

«Басқару есебі» пәні бойынша сұрақтар

Бота 19-21

«Аудит» пәні бойынша сұрақтар

Бота 6-10

«Бухгалтерлік есеп принциптері» пәні бойынша сұрақтар

1. Қазақстандағы заңнамалық бухгалтерлік есепті реттеу

2. Экономикалық ақпарат көзі ретінде қаржылық есептілік

3. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамасы мен принциптері

4. Бухгалтерлік есеп мәні мен объектілері

5. Бухгалтерлік есепке алу әдісінің элементтері

1. Қазақстандағы заңнамалық бухгалтерлік есепті реттеу / Бухгалтерлік есептің методологиялық негіздері, ұйымдастыру мен жүргізу тәртіп нормативті (ереже белгілейтін) құжаттар жүйесімен реттеледі. Бес деңгейлі жүйе бөлініп шығады: заңнамалық; қаржылық есептің халықаралық стандарттары (ҚЕХС); құқықтық-нормативтік нұсқаулар; есеп саясаты мен кәсіпорынның (жұмыс) құжаттары.

Нормативтіқұжаттар жүйесінің бірінші заңнамалықдеңгейіне мына заңдар жатады

ҚР азаматтық кодексі, 1 және 2 бөлімдер.

ҚР-ның 1995 ж. 26 желтоқсандағы 2732 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырумен);

3. КР-ның 2001 ж. 21 маусымдағы №209-11 бюджетке «Салықтар және басқа міндетгі төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексі (өзгерістер мен толықтырулармен). - Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары. Олар — бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп жасаудың жалпы ережелері мен тәсілдері. Қазіргі уақытта БҰҰ-дағы Халықаралық стандарттар жөніндегі комитет 41 стандарт жасап шығарды. Қазақстан 2003 ж. 1 қантарынан бастап қаржылып есеп жасау ҚЕХС сай жүзеге («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңның 2-1 бабы). Үшінші деңгей- әдістемелік ұсыныстар, құқықтық-нормативтік акт нұс аулар, нұсқауларды ҚР Қаржы министрлігі мен уәкілетті мемлекеттік органдар жасап шығарады. Олар салалық ерекшеліктерге сәйкес есептік стандарттарды нақтылайды. Мысалы, 2002 ж. 18 қыркүйектегі 438 шоттарының үлгі жоспары және оны қолдану жөніндегі нұсқау.

Нормативті құжаттарының төртінші деңгейі кәсіпорынның есеп саясаты мен қызмет құжаттары. Олар ұйымның есеп жүргізу ерекшеліктерін белгілейді. Маңызды құжаттардың бірі болып кәсіпорынның есептік саясатын бекіту туралы бұйрық саналады.

Есеп саясаты — бухгалтерлік есепті жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымның бухгалтер есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылдаған принциптері, негіздер, шарттар, ережелер мен практика.

Есеп саясатын құрайтындар:

1. Бухгалтерлік есептің әдістемесі.

1.1.Объектілері негізгі құрал-жабдықтарға және шаруашылық керек-жарақтарына жатқызу белгілері (критерийлері).

1.2.Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясын есептеу әдістері.

Негізгі құрал-жабдықтарды есептеу мен қаржыландыру тәртібі.

1.4.Материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеу тәртібі.

1.5.Материалдық-өндірістік қорлардың есептік топтарын жасау.

1.6.Материалдық құндылықтарды дайындау, алу, бағалау операцияларын шоттарда көрсету әдістері.

1.7.Өндіріс шығындарын топтастыру мен есептен шығару. Жанама шығындарды бөлу әдісі. Болашақ кезеңдер шығындарды өтеу мерзімі. Бітпеген өндірісті бағапау. Өнімнің, жұмыстың, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілі.

1.8.Өнім шығару, жұмыс көрсететін қызметті есептеу әдістері.

1.9.Өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген қызмет) өткізуден түскен кірісті тану.

1.10.Бағалау резервтерін құру тәртібі.

1.11.Қарыз бойынша процентті есепте көрсету.

1.12.Бағамдық айырманы есептеу тәсілі.

1.13.Резерв жасау.

1.14.Дивиденд есептеу.

2. Бухгалтерлік есепті жүрізу техникасы.

2.1. Шоттардың жұмыс жоспарын жасау.

2.2. Бухгалтерлік есеп түрін таңдау.

2.3. Есеп ақпаратын өндеу технологиясы (қолмен, автоматтандырылған, компьютерлік).

2.4. Өндірістілік бақылау мен есептілікті ұйымдастыру.

2.5. Мүлік пен міндеттемелерді түгендеу жүргізудің саны мен

мерзімін белгілеу.

3. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру.

3.1. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері.

3.2. Бухгалтерлік қызметтің басқа бөлімшелер мен өзара іс-

қимылының тәртібі.

3.3. Бухгалтерлік ақапаратты ұйымдық құру.

3.4. Жеке есептік топтар, бөлімшелер мен қызметкерлердің

құрама мен бірге бағыныштылығы.

Есеп ақпараты қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын әзірлеу.

Кәсіпорынның есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейін ресімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлік есепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйырығымен ресімделеуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады. Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарыммен ғана атқарылады. Есеп жүргізудің жалпы ережелері орталықтанып, белгіленеді; оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі. Осылайша бүгінде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік басқару есебі дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ жинақталған тәжірибе мен дәстүрді ескере отырып, оның кәсіпорындарда қалыптасуы мен дамуына объективті алғы шарттар пісіп-жетілді

2. Экономикалық ақпарат көзі ретінде қаржылық есептілік / Кез-келген басқару жүйесі ақпараттық қамтамасыздықтың сәйкесті жүйесін қажет етеді. Ақпаратты жинақтау, өңдеу, жалпылаудың ең негізгі механизмі бухгалтерлік есеп болып табылады.

Шаруашылықтың қазіргі жағдайына кәсіпорының күрделі экономикалық механизмімен дер кезінде және шынайы экономикалық ақпаратты нақты түрде беретін бухгалтерлік есеп жүйесінсіз мүмкін емес.

Шаруашылық қызметті жүргізгені туралы бастапқы берілгендер бухгалтерлік есепте қаржылық ресурстардың жекелеген түрлері, олардың қайнар көздері немесе пайда болған міндеттемелердің жағдайы туралы көптеген ақпататтық көрсеткіштерді қалыптастырады.

Бухгалтерлік есепте жүргізілген жекеленген фактілер туралы берілгендерді кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы және оның нәтижесі жайлы ақпаратқа жүйелендіреді.

Экономикалық ақпарат жүйесіндегі басқару функциясына байланысты нормативті, жоспарлы, есептік және талданатын ақпарат болып бөлінеді.

Әрбір шаруашылық операция - бұл орындалатын орны, уақыты және басталуы мен аяқталуы нақты белгіленетін процес. Экономикалық ақпараттар көзі ретіндегі қаржылық есептілік және оны пайдаланушылар жіктемесі.

Қаржылық есептілік – бұл дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлік баланс;

2) пайда мен зияндар туралы есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

5) түсіндірме жазба.

3. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамасы мен принциптері / Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан-бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принциптері анықталған:

— есептеу;

— үздіксіз (ұдайы);

— түсініктілік;

— мәнділік;

— маңыздылық;

— сенімділік;

— әділетті әрі тура көрсету;

— бейтараптық;

— сақтық;

— толықтылық;

— салыстырмалық;

— дәйектілік.

Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.

Түсініктілік принципі

Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.

Маңыздылық принципі

Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуы мен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:

— алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;

— бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.

Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.

1) Уақытылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отырылуы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.

2) Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.

3) Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.

Сенімділік принципі

Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.

Салыстырмалық принципі

Қандай да бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығымен мазмұндылығы арта түседі.

Сақтық принципі

Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.

Есептеу принципі

Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.

Үздіксіз принципі

Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.

Мәнділік принципі

Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмек тесуі керек.

Бейтараптық принципі

Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауы арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.

Әділетті әрі тура көрсету принципі

Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.

Толықтылық принципі

Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болуы үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.

Дәйектілік принципі

Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.

Есеп қисап жұмысының мақсаты үкіметіміздің экономикалық саясатымен анықталады. Әрбір қоғамның экономикалық теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни, қоғамның бір қалыпты жоспармен дамуы, есеп – қисап көрсеткіші болмаса іске асуы мүмкін емес. Себебі мемлекеттік даму бағыты есеп-қисап мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады. Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп. Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер қойылады.

Бухгалтерлік есептің басты міндеті – кәсіпорынның шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау. Бұл мақсаттың орындалуы есеп – қисап жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі, барлық кәсіпорын шаруашылығының нәтижесін есеп-қисап алады. Яғни, ол көрсеткіштер жоспардың орындалуы барысын көрсетеді.

Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау көрсеткіштермен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.

Бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшіктің түгелдігін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы.

Оның молшылығы – еліміздің экономикалық қуатының деңгейін, әрбір кәсіпорын шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын көрсетеді.

Мемлекет меншігінің ішінде белгілі орын алатындары- өндіріс қоры, өндіріс құрал-жабдықтары, ақша қаражаттары, тұтыну тауарлары. Осы көрсетілген мемлекет меншіктерінің түгелдігін қорғауда бухгалтерлік есептің орны өте жоғары. Осы орайда, айта кететін бір жағдай материалдық жауапкершілік есебін тиянақты бір жүйеде жүргізу ерекше орын алады. Себебі материалдық жауапты адаммен (мекемемен) есеп-қисап уақытылы жүргізілмесе ол жағдай есеп-қисап жұмысының барлық нәтижесін жоққа шығарады.

Бухгалтерлік есептің тағы бір міндеті – кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесі көрсету.

Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық есеппен өзін- өзі қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлар шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасайтын принциптерге негізделген.

Негізгі принциптер мыналар:

1) қажетті ресурстарды кәсіпорынға немесе бірлестіктерге жарғылық устав арқылы анықтау;

2) шаруашылық дербестік;

3) өндіріске жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен ақшалай түрінде жалғастыру;

4) өз шығынын өзі өтеу және рентабельділік;

5) өндірістің дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық жағынан мүдделі ету, экономикалық ынталандыру;

6) шаруашылық қызметіне ақшалай өлшем арқылы бағалау жасау.

Осы айтылған шаруашылық есеп принциптерін негізге ала отырып, әрбір кәсіпорын-мақсаты мен міндеттері жарғы арқылы белгіленген дербес шаруашылық орны бола алады. Оның өз жоспары, тиянақты балансы және мемлекеттік банктерде өзінің есеп айырысу счеттары болады.

Қорыта келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айналмалы қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын тиянақты есепке алу арқылы орындалады.

Бухгалтерлік есеп заңына сәйкес, бухгалтерлік аудит стандарттар талабына қарай үйлестіру қажет.

Қазақстан Республикасында 1995 жылы 26 қаңтар айында №2732 Президентіміздің Указы бойынша “Бухгалтерлік есеп” туралы заңына сәйкес, (1 қаңтар) 1997 жылдан бастап заң ретінде іске қосылған “Бухгалтерлік счеттардың бас жоспары” бойынша еліміздегі бухгалтерлік есептің міндеттері анықталған.

Олар:

1) кәсіпорындарды, заң тұлғаларын, барлық субьектілерді тағы басқа жеке субьект шаруашылығы туралы анық, толық мәліметтер мен қамтамасыз ету;

2) мемлекетіміздің тексеруші, бақылаушы мекемелерінің субьекті шаруашылығында заңдылықты кәсіпкерлігін бақылау үшін қажет информациямен қамтамасыз ету.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.

4. Бухгалтерлік есеп мәні мен объектілері / Бухгалтерлік есеп — кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі; кәсіпорынның ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі. Ол қабылданған ережелер бойынша құжаттардың белгіленген нысандарын пайдалана отырып жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп-қисаптың зерттеу объектілері — ақшалай нысанда тұлғаланған шаруашылық құрал-жабдығы, олардың өндіріс, орналасу, айналыс барысындағы қозғалысы, сондай-ақ олардың құралу және пайдаланылу көздері Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнеледі. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:

Қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушыларымен, транспортық ұйымдармен арада туындаған қарым – қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады:

Өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептеп шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі:

Өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері, өткізу жөніндегі шығындар (буып –түю, орау, іріктеу тасмалдау):

субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет күшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.

Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс үйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көздеген мақсаты бойынша жіктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]