Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп КГ ТГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.13 Кб
Скачать

9 Тапсырма

1 жағдайлық есеп. 1. Еңбек шарттары ШРЕД сай келмейді (2 БЭР жылына). 2. Созылмалы сәуле ауруы. 3. Мутагенді, канцерогенді, эмбиротропты, тератогенді, иммунодепрессивті әсерлер, өмір сүру ұзақтығының қысқаруы. 4. Дозамен (аптасына 40 мБЭР немесе жылына 2 БЭР), уақытпен, қашықтықпен, экрандармен қорғау, герметизация, автоматизация.

Тәжірибелік дағдылар. Өндіріс уларының жедел, жеделдеу және созылмалы әсерлері кезіндегі улылығы зертханалық жануарларға тәжірибе арқылы зерттеледі. ЛД 50, жедел әсер табалдырығы, кумуляция коэффициенті, созылмалы әсер табалдырығы, арнайы және алыстатылған әсерлерінің болуын анықтайды.

2 жағдайлық есеп. Микроклимат температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, эффективті температура (17,1-21,7 ЭТ) бойынша талаптарға сай келмейді, ауаның салқындату қабілеті жоғары (5,5-7 мкал/см2/сек). Бұл суық тию ауруларының өсуіне себеп болуы мүмкін. Кондиционерлеу керек.

Типтік тапсырма. Мұндай науқасты диагнозын қою үшін кәсіптік патология бөліміне жолдау керек. Бұл бөлімнің дәрігерлері СЭС-ке тұрғылықты жайы бойынша немесе науқастың жұмыс орнына жолдама жібереді, СЭС 7 күн ішінде аурудың себебін анықтайды (гигиеналық нормативтерден жоғары зиянды фактордың болуы) және қажет болған жағдайда зиянды заттардың норматив деңгейіне дейін төмендеуі бойынша шараларды жүргізеді.

10 Тапсырма

1 жағдайлық есеп. 1. С бойынша гиповитаминоз немесе авитаминоз. 2. С дәруменінің қандағы немесе несептегі мөлшерін анықтау. 3. С гиповитаминоз бойынша функционалыд сынамалар (щипковая, қарсы қысыммен воронка). 4. С дәрумені тәулігіне 100 мг қабылдау, тағам құрамына көкөніс пен жеміи-жидектерді қосу.

Тәжірибелік дағдылар. Кәсіптік аурулардың аластатылған әсерлердің (мутагендік, тератогендік, канцерогендік, эмбриотропты, иммунодепрессивті) болуын жасушылырдың модельді тест-жүйелерінде, зерханалық жануарларда созылмалы әсер еткендегі табалдырық дозаларын анықтау мақсатында жүргізеді.

2 жағдайлық есеп. Жер учакесінің ауданы (40м), топтық бөлменің ауданы (1 балаға 40м), жасанды жарықтандыру (600 лк), ауа температурасы (18-22 С), ылғалдылық (40-60%) нормативтерге сай келмейді. Балабақшадағы балалар санын төмендету, жасанды жарықтандыруды жақсарту керек, ауаны кондиционерлеуді қолдану керек.

Типтік тапсырма. Дәрігерге физикалық дамуы, жылына ЖРВИ ауруларымен науқастану жиілігі, созылмалы аурулардың болуы (компенсация, субкомпенсация, декомпенсация сатысындағы) және даму ақаулары туралы деректер қажет. Осы денсаулық топтары бойынша бөлу критерийлері болып табылады.

11 Тапсырма

1 жағдайлық есеп. 1. Тамақтану калориялығы= 70х4 + 50х9 + 400х4=2330 Ккал, бұл науқас үшін қалыпты тамақтану. Нутриенттердің тепе-теңдігі А:М:К = 1:0,8:3 болуы керек (көмірсуларды азайту керек). Тәулігіне 6-8 рет тамақтануы керек. 2. Артық салмақ таматануға байланысты емес. 3. Екіншілік алиментарлық ауру (эндокринді патология болуы мүмкін). 4. Тағамға метионин (сүзбе), КҚМҚ омега-6 (өсімдік майлары) және омега-3 (теңіз балықтарының майлары), антиоксидантты дәрумендер (А, С, Е) қосу керек.

2 жағдайлық есеп. Бөлме суық және ылғалды, себебі ауаның салқындату қасиеті 600:60=10 (қалып 5,5-7 мкал см2 сек), ЭТ 17,1-21,7. Кататермометр, психрометр қолданылды. Бөлменің ауасын кондиционерлеу керек.

Типтік тапсырма. Ауа райын қалыптастыратын негізгі факторлардың – метеорологиялық синоптикалық, гелио- және геофизикалық, т.б. тәулік бойғы динамикасының деректері қажет. Осы факторлардың ауытқулары қаншалықты айқын болса ауа райы соншалықты биотропты болады. Ауа райын медициналық бағалау түрлері – Григорьев бойынша, Овчарова бойынша, Сеченов атындағы ҒЗИ, Ұлттық медициналық университеттің (Киев) жалпы гигиена кафедрасының классификациясы бойынша.