- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •2 Кезең . Жағдайлық есеп.
- •1 Тапсырма.
- •2 Тапсырма.
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •8 Тапсырма
- •9 Тапсырма
- •10 Тапсырма
- •11 Тапсырма
- •12 Тапсырма.
- •13 Тапсырма
- •14 Тапсырма
- •15 Тапсырма
- •16 Тапсырма
- •17 Тапсырма
- •18 Тапсырма
- •19 Тапсырма
5 Тапсырма
3 айлық нәресте жасанды «Малыш» тағамымен тамақтандырылады. Рахитке қарсы профилактикалық мақсатта Д витамині берілді. Анасы 3 тамшының орнына 10 тамшыдан күніне 1 реттен 3 ай берді. Анасы келесі белгілерді байқаған: нәрестенің бозарғанын, аз тамақтанатынын, тамақтандырған соң құсуын, сұйықты қомағайланып ішетінін, бірнеше сұйық нәжістің болғанын. Дәрігер тексеру барысында терісі таза, бозарған, тіндердің тургоры төмендеген, үлкен еңбек 1,5х1,5 см., шырышты қабаттарының құрғаған, ішкі ағзалары өзгерген. Лабораториялық тексеру барысында зәрде кальций тұздарының мөлшері артқандығы анықталды.
Баланың қазіргі жағдайын анықтаңыз.
Д витаминінің күнделікті мөлшерін анықтаңыз.
Қажетті кеңес беріңіз.
Осы жағдайда рахитке қандай профилактикалық шара жүргізілуі қажет?
6 Тапсырма
Жатақханада тұратын 1 топ студент дәрігерге төмендегі шағымдарымен шағымданды: жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, тез шаршау, қызыл иектерінің қанауы, ісінулер. Сұрастыру барысында анықталды: студенттердің дұрыс тамақтанбайтыны, көбіне қалбырдағы өнімдермен, концентраттармен тамақтанған. Қарау барысында қызыл иектерінің қанағыштығы анықталды.
Болжам диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
Студенттерге қандай объективті адекватты тексеру әдістерін ұсына аласыз?
Жатақханада тұратын барлық студенттерді қамти отырып қандай әдістермен жалпы тексеру өткізуге болады?
Осы аурулардың алдын алу бойынша кеңестер беріңіз.
Коммуналды гигиена
1 Тапсырма
Н. қаласында тұрғындардың артериальді гипертониямен, тіс жегісі орташа көрсеткіштерінің жоғары деңгейі анықталды.
Осы патологияның жоғарылау себебін анықтау мақсатында ауыз суға зерттеу жүргізілді. Қаланы сумен қамтамасыз ететін артезиандық скважина суын зерттеу барысында анықалды: органолептикалық көрсеткіштер қалыпты, құрғақ қалдық – 2300 мг/л, хлорид құрамы – 670 мг/л, сульфат – 750 мг/л, нитрат – 42 мг/л, темір – 0,2 мг/л, фтор – 0,8 мг/л.
Суға гигиеналық баға беріңіз.
Жоғарыда аталған аурулар санының артуы ауыз су сапасымен байланысы бар ма?
Қалада тағы қандай аурулар болуы мүмкін?
Тұрғындар арасындағы ауру көрсеткішін қалай төмендетуге болады?
2 Тапсырма
К. ауданында тұрғындар арасындағы аурушаңдық жаз мезгіліндегі үлкен көлемді жедел ішек инфекциясы белең алған.
Су көздерін тексеру барысында су көздерінің аумақтарында төмендегідей қорытынды шығарылды: судың иісі – 2-3 балл, дәмін көргенде – 1-2 балл, лайлылығы - 1-2 мг/л, құрғақ қалдық – 800 мг/л, судың қышқылдығы – 5-6 мг/л, коли-титр – 150-200.
Судың сапасы жедел ішек инфекциясын шақыруы мүмкін ба?
Судың құрамының өзгеруіне не себеп болуы мүмкін?
Судың көрсеткіштерін қалай қосымша анықтауға болады?
Осы аймақта эпидемияға қарсы шараларды көрсетіңіз.
3 Тапсырма
О. қаласында соңғы жылдары тыныс алу жүйелері ауруларының күрт өскендігі анықталды. Тексеріп анықтау барысында сол аймақтағы ауадан қалалық СЭС тексерілді. Қала ауасының біршама ластанғаны анықталды. Соның ішінде қышқылдық азот мөлшерінің 0,8% жоғарылауы, көмірсу оксидінің концентрациясының 0,6 % жоғарылауы анықталды. Осындай қоспалар адам ағзасына едәуір өзгеріс әкеледі.
Қала ауасының ластану деңгейіне гигиеналық баға беріңіз.
Қала ауасының ластануы осы патологияның жоғарылауының себебі бола ала ма?
Тұрғындар аурушаңдығының артуына тағы басқа қандай факторлар әсер етуі мүмкін?
Ауа ластануын төмендету үшін қандай гигиеналық шараларды жүргізу қажет?
Еңбек гигиенасы
