Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп КГ ТГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.13 Кб
Скачать

2 Кезең . Жағдайлық есеп.

СЭС қызметкерлері келесі көрсеткіштер арқылы операциялық бөлмеде қанағаттандырылмаған жағдай деген қорытынды шығарды: ауаның температурасы 20ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 80%, эффективті температура 16.8 ЭТ, ауа құрамындағы СО2-0.15%. Осы қорытынды негіздеңіз. Зерттеуге қандай құралдар қолданылды?Операция бөлмесін қалай жақсартуға болады?

Типтік тапсырма. Үйге шақырту кезінде сіз науқасқа «Тағамдық улану» болжам диагнозын қойдыңыз.

Диагнозды нақтылауға және басқа тағамдық улануларды болдырмауға қандай құжаттарды толтыру қажет?

17 нұсқа.

1 кезең. Ситуациялық тапсырма 1.

65 жастағы Н азаматтың 1 тәуліктік тамақтану рациондық анализі бойынша орнатылды: ақуыз 60г, май 150 г, көмірсулар 500г. Тамақтану режимін зерттеу нәтижесінде тәуліктік рацион мөлшері келесі түрде жіктеледі: таңғы ас 10%, түскі ас 30%, кешкі ас 60%. Науқас ми тамырларының атеросклерозымен ауырады және гиперхолестеринемия анықталды.

  1. Рационалды тамақтану принциптеріне сүйене отырып науқастың тамақтанауына баға беріңіз.

  2. Осы жағдайда артық салмақтың негізгі себебі неде?

  3. Осы патология алиментарлық аурулардың қай тобына жатады?

  4. Осы жағдайда антисклеротикалық бағыттағы тамақтану коррекциясының қай түрі қажет?

  5. Тәжірибелік дағдылар. Балалардың денсаулық топтары мен балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтырумен айналысу топтарын бөлу әдістемесін көрсетіңіз.

2 кезең. Ситуациялық тапсырма 2. СЭС еңбек гигиенасы бөлімінің дәрігерлері ағымдағы санитарлық бақылау кезінде зауыт қызметкерлерінің еңбек жағдайымен танысты. Жұмыс аумағындағы шаң – 35 мг/м3; СО – 3 мг/м3; жоғары жиілікті шу деңгейі 88 Дб екені анықталды. Ауа температурасы 25 С, ылғалдылығы – 80%. СЭС қызметкерлерімен қандай гигиеналық қорытынды шығарылды? Осы жағдайларда жұмысшыларда қандай кәсіптік аурулар туындауы мүмкін? Олардың диагностикасы мен профилактикасы қандай?

Типтік тапсырма. Аурухананың балалар бөлімі палатасын гигиеналық бағалау кезінде қандай көрсеткіштерді анықтау керек? Негізгі көрсеткіштердің нормативтері қандай?

18 нұсқа.

1 кезең. Ситуациялық жағдай №1

К қаласында соңғы 3 жылда тұрғындардың патологиялық өкпе бронхы облыстар арасында салыстырғанда орташа көрсеткіші өсуі туралы аталынып өтілді. Себепті анықтау мақсатында қалалық СЭС ауаның атмосфералық ауасына зерттеу жүргізді. К қаласындағы ауасын анықтау кезінде А затының деңгейі 0.8 ПДК, В затының концентрациясы 0.9 ПДК. Бұл екі зат ағзаға біріге әсер еткенде аддитивті әсер көрсетеді.

  1. Қаладағы ауаның гигиеналық ластануына баға беріңіз.

  2. Тұрғындардың аурушаңдығы мен ауаның ластануының арасындағы байланыс бар ма?

  3. Тұрғындардың аурушаңдық жоғарлауына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

  4. Қаладағы ауаның ластануының алдын алу бойынша іс-шараны күшейту қажет пе?

  5. Тәжірибелік дағды. Ауа райын медициналық бағалау және медициналық ауа райы болжамын құрастыру әдістемесін көрсетіңіз.

2 кезең. 120 орындық аурухана құрылысына – 2с∙80м жер телімі қарастырылады, емхананың қызмет көрсету радиусы 2 км-ден көп емес. Жер телімінің шекарасынан 40 м-де аудандық автомагистраль орналасқан. Жер телімі аумағында шу деңгейі – 50 Дб, палаталарда – 30 Дб. Осы жер телімінің аурухана құрылысына жарамдылығын бағалаңыз, аурухананың жер телімінде негізгі функционалдық аймақтардың орналасуына кеңес беріңіз.

Типтік тапсырма. Экологиялық жағымсыз аймақта өмір сүретін балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуына осы жағымсыз факторларды анықтау мақсатында қандай баға беруге болады?

19 нұсқа

1 кезең. Ситуациялық тапсырма 1. Қала сырты аумағындағы жылыжайлық шаруашылықта істейтін 35 жастағы К. есімді науқас әйел отбасылық дәрігерге тұрақты бас ауруына, жоғары дәрежедегі қозғыштық, ұйқысыздыққа шағымданып келді. Зерттеу нәтижесінде жылыжай қызметкерінде астено-вегетативті синдром, асқазанның жара ауруының белгілері анықталды. Қанның биохимиялық зерттеуінде қанда холинэстеразаның белсенділігі 30% төмендігі анықталды.

  1. Кәсіптік улануға диагноз қойыңыз, жағымсыз фактор ағзаға қандай жолмен әсер еткен?

  2. Еңбек шарты бойынша диагнозды қалай негіздеу керек?

  3. Осы жағдайда дәрігер қандай құжаттарды толтыруы тиіс?

  4. Осы жұмысшыға және толық жылыжай шаруашылығына байланысты қандай гигиеналық және реабилитациялық жағдайлар қажет?

  5. Тәжірибелік дағдылар. Науқастардың әртүрлі категорияларына гелиометеотропты реакциялардың жағымсыз әсерлерін зерртеу әдістерін атаңыз.

2 кезең. Ситуациялық тапсырма 2.

Санитарлық тексеру нәтижесінде студенттік жатақханада анықталды: 4х5х2.5 м өлшемдегі бөлмеде 4 адам тұрады, табиғи желдету нәтижесінде сағатына 40м3 ауа енеді. Ауа температурасы 21ºС, ауаның қозғалу жылдамдығы 0.1м/с, эффективті температура 22,5ºС ЭТ. Бөлме жағдайына гигиеналық баға беріңіз, қосымша қандай көрсеткіштерді зерттеу қажет?

Типтік тапсырмалар: мектептің медициналық бөлмесі мен емханаларда балалар мен жасқспірімдердің дамуын қалай анықтауға болады?

20 нұсқа

1 кезең. Ситуациялық есеп №1

Н қаласында соңғы 3 жылда тұрғындар арасында бауыр, бүйрек жіне ОЖЖ аурыуының саны көбейді. Осы аурулардың себебін анықтау мақсатында қалалық СЭС қоршаған орта нысандарына зерттеу жүргізді. Жұмыс барысында анықталғаны: қаланы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған су қоймасындағы су құрамында органикалық заттардың құрамы – 0,9 ПДК, сынап тұздары – 0,6 ПДК. Осы екі заттар ағзаға бірлесе әсер еткенде аддитивті әсер көрсетеді.

Гигиеналық баға беріңіз.

  1. Су қоймасының ластануына гигиеналық бағалау жүгізіңіз.

  2. Тұғындардың аурушаңдығы мен су қоймасының ластануы арасында байланыс бар ма?

  3. Осы аурулардың көбеюі тағы қандай қауіп факторын тудыруы мүмкін?

  4. Осы су қоймасына байланысты ұандай гигиеналық іс-шаралар жүргізу қажет?

Тәжірибелік дағдылар. Рационалды тамақтану принциптері бойынша адамның жеке тамақтануының адекваттылығын зерттеу бойынша әдістерді анықтаңыз.

№2. Ситуациялық есеп.

Операциялық бөлменің микроклиматын бағалау кезінде анықталғаны: ауаның температурасы 20ºС, салыстырмалы ылғалдылығы - 70%; эффективті температура- 16.8º3 Т. Ауадағы жалпы микроб саны операция алдында – 1000-1м3. Операциялық бөлмеге гигиеналық баға беріңіз, қандай құрал-жабдықтар пайдалану керек? Операциялық бөлменің жағдайын қалай жақсартуға болады?

Типтік тапсырма: аурухананың балалар бөлмесіне келіп түскен аурулардың жағдайын жақсарту мақсатында палатаның салқындату және ауа алмасу жылдамдығын қалай анықтау керек?

21 нұсқа

1 кезең. Жағдайлық есеп №1. Д қаласында соңғы 3 жылда облыстағы орташа көрсеткіштермен салыстырғанда тұрғындар арасында жедел және созылмалы бронхит, бронх демікпесінің күрт өсуі байқалды. Осы жағдайдың себебін анықтау мақсатында қалалық СЭС атмосфералық ауаға зерттеу жүргізді. Д қаласы ауасында ластаушылардың әртүрлі деңгейі анықталды. Соның ішінде А заты 0,8 ПДК деңгейінде, ал В заты 0,7 ПДК. Бұл екі зат ағзаға біріге әсер еткенде, аддитивті болады.

  1. Қала ауасының ластану деңгейіне гигиеналық баға беріңіз.

  2. Тұрғындар арасында патологияның өсуі мен ауа ластануының арасында байланыс бар ма?

  3. Тұрғындар аурашаңдығының артуына қосымша қандай себептер болуы мүмкін?

  4. Атмосфераны ластанудан қорғау үшін іс-шараларды күшейту қажет пе?

  5. Тәжірибелік дағдылар. Адамның тамақтануының калориялығы мен энергия шығынын анықтау әдістемеін анықтаңыз. Бұл зерттеулердің мақсаты неде?

2 кезең. Жағдайлық тапсырма №2. Бала 10 жаста, бойы135, дене салмағы 20,1 кг. Осы жасқа лайықты центилі.

Центиль 5 10 25 50 75 90 95

Бойы, см 115 116,5 124 128 133 139

Салмағы, кг 17,8 19,3 22,9 26,2 29,1 32,7 34,9

Баланың физикалық өсуіне баға беріңіз. Қандай себептер өсуін тежеу мүмкін?

Тағы қандай әдістермен физикалық өсуін анықтауға болады?

Типтік тапсырма: операциялық бөлмедегі науқаст пен мед. қызметкердің жылулық жағдайы мен бөлме микроклиматын кешенді бағалауды қалай жүргізеге болады? Операциялық бөлме микроклиматын қалай жақсартуға болады?

22 нұсқа

1 кезең. Жағдайлық есеп 1. Радиорелейлі желідегі 28 жастағы монтаждаушы, өте жоғары жиілікте радио сәулелендіру аймағында жұмыс істеген. Жұмыс жасаған кезінен 5 күн өткенде көз ауруы, көздің жасаруын, көз көруінің төмендеуін, жалпы әлсіздікті, бас ауруды, еңсесінің түсуі, жүрек соғысы, жүрек айну, асқа тәбеттің болмауын байқаған. Содан дәрігерге қаралуға мәжбүр болған.

Объективті: құрғақшылық рефлекстерінің жоғарлауы, қабақтар мен қолдардың треморы, ал қызыл анық дермографизм, алақанда гипергидроз. АҚ 150/90 мм/сын, пульс жиілігі – 80, ритмді .

  1. Кәсіби аурудың диагнозын қойыңыз және себебін анықтаңыз?

  2. Кәсіби аурудың диагнозын қалай анықтауға болады?

  3. Осы жағдайға байланысты дәрігер қандай құжат толтыру керек?

  4. Қайта оңайту және профилактикалық шараларды атаңыз?

  5. Тәжірибелік дағды. Қоршаған ортаның ластануының дәрежесін бағалаудың әдістемесін атаңыз? (ластану мониторингі түрін)

2 кезең. Жағдайлық тапсырма №2.

Ауданы 40м2 құрайтын сыныпта 40 оқушы сабаққа дайындалып жатыр. Жарық коэффициенті 1:5; КЕО-1% құрайды. Жалпы жасанды жарықтану 110 лк; сыныптағы шу көрсеткіші – 55 ДБ. Сыныпқа гигиеналық бағалау жасаңыз. Сынып жағдайын қалай жақсартуға болады? Тексеру кезінде қандай құралдар қолданылды?

Типтік тапсырма. Науқастардың палатасындағы желдету жағдайын қалай анықтауға болады және келіп түскен науқастардың жағдайын қалай жақсартуға болады?

Палатадағы ауа алмасуды қалай жақсартуға болады?

Шектеу қалай қойылады?

Құрамында СО2 бар ауаның тазалығын қалай анықтау қажет?

2 кезең. Жағдайлық тапсырма 2.

Операциялық бөлменің ауасына орнатылған ауаның температурасы 20ºС, ылғалдылығы - 70%; эффективті температурасы – 16.8º3Т. ауадағы жалпы микроб саны операция алдында – 1000-1м3.

Гигиеналық баға беріңіз, қандай приборлар қолданылды?

Операция бөлмесінің жағдайын қалай жақсартуға болады?

Типтік тапсырма: аурухананың балалар бөлмесіне келіп түскен аурулардың жағдайын жақсарту мақсатында палатаның салқындату және ауа алмасуының жылдамдығын қалай анықтау керек?

23 - Нұсқа.

Жұмысшыларды кезекті дәрігерлік қарау кезінде, түрлі түсті металлды өңдеу жұмысшыларының шеткерлік қантамырында келесі өзгерістерді шақырған: тәуелсіз ретикулацитоз, базофильді қан түйіршіктері, гемоглобиннің түсіп кетуі анықталды. Науқасты қарап тексерілгенде терісінің сұр түстілігі және қызыл иекте сұр түсті кайма, қанда ауыр металдардың қосындысына оң нәтиже, зәрінде бұл сынама теріс нәтижелі, жоғары дәрежеде порфириннің болуы анықталды.

  1. Кәсіптік улану диагнозын қойыңыз. Ағза қандай металлмен уланған?

  2. Кәсіптік кланудың диангозын қалай дәлелдеу керекЮ

  3. Дәрігер осы жағдайда қандай құжаттарды толтыруы тиіс?

  4. Осы жағдайлардағы профилактикалық және реабилитациялық іс-шаралар жүргізу керек?

  5. Тәжірибелік дағды: қоршаған ортаның ластануының әсер етуді зерттеу үшін керекті бақылау зонасын таңдау әдістемесін анықтаңыз.

№2 кезең. Мектеп сыныбын санитарлық тексеру барысында анықталғаны: сыныптың ауданы – 40м2, 2 терезе – 2м2, КЕО – 0.75%. құлау бұрышы (парталық) 20ºС, барлық партада жасыл түсті маркировка бар. Орындықтың ара-қашықтығы - 3см, дифференциясы – 1/7 оқушы бойымен. Сыныпқа гигиеналық баға беріңіз, оны қалай жақсартуға болады? Оқушылардың арасында қандай патологиялық аурулар дамуы мүмкін, оның профилактикасы.

Типтік тапсырма: СЭС қызметкерлері сіздің ауруханаңыздың терапиялық бөлімін гигиеналық тексеруді жоспарлады. Негізгі қандай көрсеткіштер бойынша қандай нормативтермен салыстырып тексеріледі?

24 – нұсқа.

1 кезең. Емханаға 41 жасар автоцистерналы бензин тасымалдаушы жүк көлігінің жүргізушісі өз шағымдарымен келді. Шағымдары: басының ауруы, бас айналуы, әлсіздік, жүрек соғысының жиілігі, жүрек айнуы, денесінің дірілдеуі, жүрек айналасындағы қан қысымының жоғарлауы, тамағының ауруы, көздің жасаурауы. Өзін 3 күн бойы науқаспын деп ойлайды, автоцистернаны жуу кезінде басының айналғаны, әлсіздікті, содан соң ұйқысының келгенін, солаңқы, қатты жөтелді байқаған. Объективті: шырышты және тері қабаттарының түсі өзгермеген, ҚҚ 80/60 мм/сын, пульс жиілігі 54 рет/ минут, дене температурасы 35.6ºС, жүрек тоны әлсіреген, дәреті қалыпты.

2 кезең. Аурухананың 6 орындық палатасының ені – 4 м, тереңдігі – 7м, биіктігі – 3 м. Палатада 2 терезе, әр терезенің айналанған бөлігінің ауданы – 2,5 м2. Терезе ашық тұрғандағы шу деңгейі 14 сағаттан 17-ге дейін – 55 Дб, түнде – 30 Дб. Жалпы жасанды жарықтану – 55 лк. Желдету мөлшері – 60 м3/сағ., СО2 құрамы – 0,17%. Палатаға гигиеналық баға беріңіз. Палатада емдеу-қорғану режимін сақтау бойынша қандай іс-шаралар қажет?

Типтік тапсырма. СЭС қызметкерлері сіздің ауруханаңыздың операциялық бөлімін гигиеналық тексеруді жоспарлады. Негізгі қандай көрсеткіштер бойынша қандай нормативтермен салыстырып тексеріледі?

25 – нұсқа. №1

В Ауданы орталығында қолайсыз эпидемиологиялық жағдаймен байланысты өткір ішекті инфекциялардың бірнеше жағдайларды анықталған. Аудан орталығының негізгі көшеде 3 құдықтардан талдау өткізген. Талдаудың орташа қорытындысы қорытындысы: судың иісі мен дәмі – 1 балл; түсі – 10 градус, мөлдірлігі – 0.5 мг/л; тотықықыштығы – 8 мг/л, коли-индекс – 300, коли-титр – 3.

  1. Суға гигиеналық баға беріңіз.

  2. Судың қосымша қандай көрсеткішін тексеру қажет?

  3. Судың сапасы осы патологияның себебі бола ала ма?

  4. Осы ауылды жерде қандай эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу керек?

  5. Тәжірибелік дағды. Тұрғындар денсаулық жағдайын анықтау бойынша зерттеулердің эпидемиологиялық әдісін және негізгі әдістерін көрсетіңіз.

2- кезең. №2

Жиhаз зауытының цехын санитарлық тексеру барысында анықталған: ауа температурасы 24ºС, салыстырмалы ылғалдылық 60%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0.6 м/с, ауаның шаңдануы 41 мг/м3. Шудың жалпы деңгейі 90 дБ. Еңбек жұмысына гигиеналық баға беріңіз. Жұмысшылардың арасында қандай кәсіптік аурулар болуы мүмкін? Олардың диагностикасы мен профилактикасы қандай?

Типтік тапсырма: СЭС қызметкерлері сіздің ауруханаңыздың инфекциялық бөлімін гигиеналық тексеруді жоспарлады. Негізгі қандай көрсеткіштер бойынша қандай нормативтермен салыстырып тексеріледі?

26 – нұсқа.

П ауданында көптеген автокөлік және зауыттар қалдықтары әсерінен жағымсыз экологиялық жағдайға байланысты: қоршаған орта ластануының жалпы индексі (ауаның, судың және топырақтың) қоршаған орта нысандарының ластануын куәландырып отыр.

  1. Бірінші кезекте қала тұрғындарының денсаулғының қай көрсеткіштері нашарлайды?

  2. Осы көрсеткіштер туралы мәлімет алудың ұандай әдістері бар?

  3. Тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның басқа қандай факторлары әсер етуі мүмкін?

  4. Осы ауданда қоршаған ортаны қорғау қандай іс шаралар қолдану қажет?

  5. Тәжірибелік дағды. Негізгі нутриенттер бойынша адамның тамақтануын баланстығын зерттеу әдістерін көрсетіңіз.

27 – нұсқа.

1 кезең. Жағдайлық есеп №1

Ауыл шаруашылық В ауданында соңғы 10 жылда облыспен салыстырғанда өте жоғары дәрежеде пестицидтер қолданылды. Осы уақыт аралығында ауданда тұрғындар арасында жүйке жүйесінің, асқазан және тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылады.

  1. Осы ауылда пестициттердің қай топтары көп қолданылады?

  2. Осы аудандағы қоршаған ортаның ластану деңгейіне қандай гигиеналық баға бересіз?

  3. Аталған ауданның тұрғындарына тағы да қандай көрсеткіштер денсаулығына әсерін тигізеді?

  4. Пестициттердің тұрғындар денсаулығына зиянды әсерлеріне гигиеналық шаралардың негізгі түрлерін атап көрсетіңіз.

  5. Тәжірибелік дағдылар. Ағзаға витаминдердің қамтамасыз етуді және витаминдік статусты анықтау әдістемесін көрсетіңіз.

2 кезең. Жағдайлық есеп.

2 операциялық столы бар операция бөлмесінің ауданы 65м2. Жарық коэффициенті 1/5. КЕО-1% болады. Желдетудің енбелі-сормалы түрі орнатылған (+3 -4). Жасанды жарықтандыр, күндізгі жарықты люминсценттік шам арқылы – жалпы жарықтандыру 250 лк. Операциялық жұмыс жарықтандыратын шам 2000лк жарықты береді. Операция кезінде ауаның температурасы 25ºС, салыстырмалы ылғалдылық 85%. СО2 құрамы-0,07%, ауаның жалпы бактериялық құрамы операцияға дейінгі 1000В, 1м болады. Гигиеналық баға беріңіз? Операциялық бөлме жағдайын қалай жақсарту керек?

Типтік тапсырма. Қалалық СЭС-ке болашақ аурухана жер телімінің бас жоспарын ұсыну керек. СЭС қызметкерлері аталмыш жер теліміне қандай гигиеналық талаптар қояды?

28 нұсқа

1 кезең. Жағдайлық есеп №1. Н есімді 55 жастағы, артық салмақты азаматтың 1 тәуліктік тамақтану рациондық анализі бойынша орнатылды: ақуыз 100г, май 50 г, көмірсулар 300г. Тамақтану режимін зерттеу нәтижесінде тәуліктік рацион мөлшері келесі түрде жіктеледі: таңғы ас 10%, түскі ас 30%, кешкі ас 60%. Науқас ми тамырларының атеросклерозымен ауырады және гиперхолестеринемия анықталды.

  1. Рационалды тамақтану принциптеріне сүйене отырып науқастың тамақтанауына баға беріңіз.

  2. Осы жағдайда артық салмақтың негізгі себебі неде?

  3. Осы патология алиментарлық аурулардың қай тобына жатады?

  4. Осы жағдайда антисклеротикалық бағыттағы тамақтану коррекциясының қай түрі қажет?

  5. Тәжірибелік дағдылар. Азық түлік сапасын анықтау әдістерін және азық түлік сапасының классификациясын атаңыз.

2 кезең. Жағдайлық есеп №2. Мектеп сыныбының ұзындығы - 6м және ені - 4м, сыныпта ұзындығы – 1.5м, биіктігі 2м 2 терезе бар. КЕО – 1%, терезеден алшақ тұрған партаның құлау бұрышы 25 С. Жасанды жарық люминсцентті шамның жарықтығы 200лк. Сыныпта 30 оқушы оқиды. Желдетудің қысқалығы 0.5, құрамындағы СО2-0,2%. Сыныпқа гигиеналық баға беріңіз, сынып бөлмесінің жағдайын қалай жақсартуға болады?

Типтік тапсырма. Қоршаған орта ластануының тұрғындар денсаулығына ісерінің мәселелерін тұрғындар денсаулығының қандай сапалық көрсеткіштері мен қандай құжаттардың көмегімен анықтаймыз?

29 – нұсқа.

1 кезең. Жағдайлық есеп №1. Емхананың рентген кабинетіндегі еңбек шарттарын жоспарлы ағымды бақылау кезінде қалалық СЭС қызметкерлері қызметкерлердің 30 сағаттық жұмыс кестесінде сыртқы сәулелену мөлшерінің дозасы 100м БЭР/сағ екенін анықтады .

  1. Ренген кабинетіндегі еңбек шартына гигиеналық баға беріңіз.

  2. Осы жағдайларда қызметкерлерде қандай кәсіптік ауру туындауы мүмкін?

  3. Медициналық қызметкерлерде радиацияның қандай алыстатылған эффекті болуы мүмкін?

  4. Аталған жағдайда радиацияға қарсы қандай іс-шараларды жақсарту қажет?

Тәжірибелік дағдылар. Зертханалық тексеруге тағамдық азықтардың сынамасын алу әдістемесін атаңыз. Қандай жағдайда тағамдық азықтар сапасына санитарлық экспертиза жүргізіледі?

2 – кезең. Санитарлық есеп №2.

СЭС қызметкерлері операциялық бөлменің қанағаттанарлықсыз жағдайын келесі көрсеткіштер арқылы қорытындылады: ауа температура 20ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 80% эффективті температура 16.8ºЭТ, құрамы СО2-0.15%. Қорытындыны негіздеңіз. Операциялық бөлме жағдайын қалай жақсартуға болады?

Типтік тапсырма: мектеп оқушыларында қажудың алдын алу үшін сабақ кестесінің қандай көрсеткіштерін зерттеу керек? Қажудың алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізу қажет?

30- нұсқа.

1 кезең. Ситуациялық есеп №1.

26 жасар И есімді сылаушы науқасты тексеру барысында анықталды: ол таңертең және кешке үйінде тамақтанатыны, түскі асын құрылыс комбинатының асханасында тамақтанатыны анықталды.

Науқастың айтуынша, түскі астан 2 сағаттан соң өзін нашар сезінгеннен үйіне қайтқан. Үйінде асқазан аумағында ауырсыну, әлсіздік, құсу пайда болды. Науқас түскі аста ішкен компоттың жағымсыз дәмі аузына келгеніне назар аударған. Объективті мәліметтер: дене температурасы 37.1%, пульс жиілігі – 76 соққы/мин,тынысы өзгермеген. Іш аймағы жұмсақ. Асқазан аумағында әлсіз ауырсыну. Үлкен дәреті қалыпты. Құсу. Аузында жағымсыз дәм бар екенін айтуда.

  1. Ауру диагнозын қойыңыз және негіздеңіз?

  2. Диагнозды қалай дәлелдейсіз?

  3. Осы жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыру қажет?

  4. Ұқсас аурулардың алдын алу бойынша гигиеналық іс-шараларды атап өтіңіз.

  5. Тәжірибелік дағдылар: сүт мысалындағы азық түліктерге санитарлық экспертиза әдістерін көрсетіңіз (негізгі көрсеткіштер, керекті құрал-жабдықтар).

2 кезең. Жағдайлық есеп №2. Р елді мекеніндегі құдық суын тексеру барысында анықталды: судың иісі – 3 балл, дәмі – 2 балл, түсті – 20 С, мөлдірлігі – 2,5 мг/л. Суға гигиеналық баға беріңіз. Судың бұл көрсеткіштерінің өзгеруіне не себеп болуы мүмкін? Су сапасын қалай жаұсартуға болады? Судың тағы қосымша қандай көрсеткіштерін зерттеу керек?

Типтік тапсырма. Мектеп оқушылары арасында көрудің бұзылуының, сколиоздың және жарақаттардың алдын алу үшін мектеп жиһаздарының қандай көрсеткіштерін зерттеу керек? Аталмыш көрсеткіштерге қалай баға бересіз?

  1. – нұсқа.

1 кезең. Жағдайлық тапсырма.

Ер адам 35 жаста 10 жылдан бері көмір щахтасында шахтер болып жұмыс істейді. Ол емханаға кеуде торының сирек ауруына шағымданып келді. Рентгенологиялық зерттеуде екі өкпенің перифериялық аймағында өкпе суретінің қарқынды фонында көлемі 2-4 мм болатын майда дөңгелек ошақтар анықталды. Аспирациялық тәсілімен шаңнан сынама алынды. Шаң конценртациясы 55мг/м3 тең. Шаңдағы кремний диоксидінің құрамы – 10%. Шаң дисперстілігін тексергіш препараты арқылы тексергенде шаң бөлшектерінің көпшілігінің көлемі 2 мм дейін болған.

  1. Кәсіптік ауру диагнозын қойыңыз?

  2. Аурудың себебіне қандай зиянды кәсіби факторлар әсер етті және неге?

  3. Бұл жағдайда қандай құжаттар толтырылады?

  4. Осы жағдайда гигиеналық, қайта оңалту, алдын-алу іс-шараларын ұсыныңыз.

  5. Тәжірибелік дағдылар: тағамның улану диагнозын нақтылау методикасын және тағамнан улану жағдайында құжаттарды толтыруды көрсетіңіз.

2 – кезең. Жағдайлық есеп №2

120 орындық аурухана құрылысында 120х60м жер қарастырылады. Бұл ауданда тұрғын үйлер бір-біріне жақын орналасқан. Емхананың радиусы 80м 2км-ден аспайды, ал көлік магистраль аудан шекарасында 40м. Жер телімінде шудың дәрежесі 50дБ болады. Аурухананың құрылысының жарамдылығына баға беріңіз, жер телімінде функционалдық аймақтарды орналастыру бойынша ұсыныс жасаңыз.

Типтік тапсырма. Қоршаған орта ластануының қауіптілігін бағалау үшін аналитикалық, медициналық және экологиялық мониторингтің қандай белгілерін талдау керек?

  1. нұсқа.

  1. Кезең. Жағдайлық есеп.

Б азаматы қарау барысында анықталды: 30 жасар азамат ауыл тұрғыны үйде, тамақтанады. Ауылдан азық-түлікті, тамақты сонымен қатар ұнды алады. Ол ұйқышылдық, қолының талуының болуын, құмырсқа жыбыры сезімін, қол-аяғының иілуінің қиындауын байқады. Содан кейін бет бұлшық еттің жыбырлап ауруын, жұтынуының қиындауын байқады. Объективті белгілер: дене температурасы 36,8 С. Пульс пен тыныс алуы өзгеріссіз. Тізе бұлшықетінің сілеймелі ауруы, құсу, бас айналу. Соңғы 2 жылда ауыл тұрғындары арасында ұқсас 3 жағдай тіркелген.

  1. Болжам диагноз қойыңыз.

  2. Бұл диагнозды қалай дәлелдеу керек?

  3. Осы жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы қажет?

  4. Осы жағдайға байланысты гигиеналық және алдын алу шараларын ұсыныңыз.

  5. Тәжірибелік дағдылар: аурухана палатасында температура-ылғалды режимді анықтау әдістемесін анықтаңыз.

  1. кезең. Жағдайлық есеп №2.

Қаланы ауыз сумен қамтамасыз ететін артезиандық скважинасынан су сынамасын алу барысында анықталды: органолептикалық көрсеткіштері қалыпты, құрғақ қалдық – 2300 мг/л, хлоридтер құрамы – 670 мг/л, сульфаттар – 750 мг/л, нитраттар – 32 мг/л, темір – 0,2 мг/л, фтор – 0,8 мг/л. Суға гигиеналық баға беріңіз. Су сапасымен байланысты қандай аурулар дамуы мүмкін? Тұрғындар арасында осы ауру деңгейін қалай төмендету керек?

Типтік тапсырма. Сіздің алдыңызға белгігі бір ауданында қоршаған орта сапасының тұрғындар денсаулығына әсерін зерттеу міндеті жүктелді. Осы зерттеулерге бақылау аймағын қалай таңдайсыз?

  1. нұсқа

1 кезең. Жағдайлық есеп №1.

Н қаласында облыс бойынша орташа көрсеткіштерге қарағанда тұрғындардың несеп тас ауруымен, артериальді гипертониямен және тіс жегісімен ауру деңгейі жоғары. Осы патологияның өсу себептерін анықтау мақсатында ауыз суға зерттеу жүргізілді. Қаланы ауыз сумен қамтамасыз ететін артезиандық скважинасынан су сынамасын алу барысында анықталды: органолептикалық көрсеткіштері қалыпты, құрғақ қалдық – 2300 мг/л, хлоридтер құрамы – 670 мг/л, сульфаттар – 750 мг/л, нитраттар – 42 мг/л, темір – 0,2 мг/л, фтор – 0,8 мг/л.

  1. Суға гигиеналық баға беріңіз.

  2. Осы аурулардың өсуі су сапасымен байланысы бар ма?

  3. Қалада басқа қандай аурулар дамуы мүмкін?

  4. Тұрғындар арасында аурушаңдықты қалай төендету керек?

  5. Тәжірибелік дағдылар. Аурухана палатасында ауаның салқындату қасиеті мен ауаның қозғалу жылдамдығын зерттеу әдістемесін көрсетіңіз.

2 кезең. Жағдайлық есеп №2.

Ауданы 6х7 м сыныпта 40 оқушы оқиды. Жарық коэффициенті: 1:6, КЕО 1%, жалпы жасанды жарықтандыру – 0,23%. 1/9 бойлы оқушылардың көпшілігінің парталар дифферециясы, отыру дистанциясы - +2. Сыныпқа гигиеналық баға беріңіз. Осы жағдайларда оқушыларда қандай аурулар туындауы мүмкін?

Типтік тапсырма. Сізге науқас өзінің жеке жағдайында дұрыс тамақтану бойынша ұсыныс жасауыңызды сұранды. Науқастың тамақтануының адекваттылығын нақты ұсыныс беру мақсатында қалай зерттеу керек?

  1. нұсқа

1 кезең. Жағдайлық есеп №1.

38 жастағы бояу, сырлау жұмысшысы, жұмыс өтілі 8 жыл. Мерзімді медициналық тексеру барысында еуде торынынң ауыруына, ол ауру кеуде торының жанама беткейлерінде сезінеді, ентікпе, жөтелге шағымданды. Рентгендік зерттеулер нәтижесінде деформацияланған тамырлы-бронхиалды өкпе суретінде көптеген майда дақты дұрыс емес домалақ пішінді, көлемі 2-4 мм ошақтар анықталды. Жұмысшының тыныс алу аймағынан аспираторлық тәсілмен ауа шаңдануынан сынама алынды. Тыныс алу аймағында шаң мөлшері – 30,4 мг/м3. Шаңның құрамында 50% кремний диоксиді бар.

  1. Диагноз қойыңыз, оны негіздеңіз және кәсіптік ауру кезеңін анықтаңыз.

  2. Аурудың туындауына қандай зиянды фактор себеп болды және неліктен?

  3. Осы жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы тиіс.

  4. Осы жағдайда алдын алу және оңалту шараларын атаңыз.

  5. Тәжірибелік дағдылар. Әртүрлі ғимараттардағы микроклиматқа кешенді бағалау әдістемесін және оның тағайындалуын атаңыз.

  1. кезең. Жағдайлық есеп №2.

А ауданындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаз мезгілінде СЭС аудандағы су көзіне анализ жүргізді. Анализ барысында анықталды: су иісі – 2-3 балл, дәмі – 1-2 балл, мөлдірлігі – 1-2 мг/л, судың тотығуы: 5-6 мг О2 /л, коли-титр – 150-200. Суға гигиеналық баға беріңіз. Су сапасы аурушаңдықтың себебі бола ала ма? Су сапасын қалай жақсарту керек?

Типтік тапсырма. Дәрігерге келген науқастар арасында біріншілік және екіншілік алиментарлық ауруларды олардың емі мен алдын алу мақсатында қалай ажырату керек?

  1. нұсқа.

Жағдайлық есеп.

Аурухананың 6 орындық палатасының ені – 4м, тереңдігі 7, биіктігі – 3м. Палатада 2 терезе. Олардың әрқайсысының айналанған бетінің ауданы 2,5м2. Шу деңгейі – 55 дБ. Табиғи желдетудің көлемі сағатына 50м3. Жалпы жасанды жарықтандыру – 50лк, кезекші жарықтандыру – 3лк. Керуеттер әр қабырғада 3-ден, бас жағы терезеге қаратып орналастырылған. Палатаға гигиеналық баға беріңіз. Палатадағы науқастардың жағдайын қалай жақсарту керек?

Типтік тапсырма. Сізге келген гиперхолестеринемия мен артық салмағы бар науқастың тағам рационы мен режимін антисклеротикалық бағытта коррекциялау бойынша ұсыныс беріңіз.

  1. нұсқа.

1 кезең. Жағдайлық есеп №1.

К ауданындағы тұрғындар аурушаңдығын жаз мезгілінде зерттеу барысында жедел ішек инфекцияларының жоғары деңгейлері анықталды. Сол мезгілде жер бетілік су көздеріне СЭС қызметкерлері зерттеу жүргізді: су иісі – 2-3 балл, дәмі – 1-2 балл, мөлдірлігі – 1-2 мг/л, құрғақ қалдық – 800 мг/л, судың тотығуы 5-6 мг О2/л, коли-титр 150-200.

  1. Су сапасы ЖІИ өсуінің себебі бола ала ма?

  2. Су сапасының өзгеруінің себебі неде?

  3. Судың басқа қандай көрсеткіштерін зерттеу керек?

  4. Осы аудандағы эпидемияға қарсы шараларды атаңыз.

  5. Тәжірибелік дағдылар. Ғимараттағы жасанды жарықтандыру түрлерін бағалау әдістемесін анықтаңыз.

2 кезең. Жағдайлық есеп №2.

Мектеп сыныбының ұзындығы – 5м, тереңдігі – 6м, онда 30 оқушы оқиды. Парталар 3 қатарда орнатылған, жасыл түске боялған. Көптеген оқушылардың парталар дифференциясы 1/8 – 1/9. Орындық дистанциясы +1см. СК 1/8, КЕО – 1%. Жалпы жасанды жарықтану – 100 лк. Сыныпқа гигиеналық баға беріңіз. Балаларда қандайда бір функционалдық бұзылыстар немесе аурулар дамуы мүмкін бе? Сыныптың гигиеналық жағдайын қалай жақсарту керек?

Типтік тапсырма. Тағамдық азықтарды санитарлық зерттеу қажеттілігі қандай жағдайда жүргізіледі? СЭС зертханасында тағамдық азықтардың сапасын зерттеудің қандай әдістері қолданылады?

  1. нұсқа

1 кезең. Жағдайлық есеп №1.

5 жастағы К есімді баланы тексеру барысында анықталды: кеше балабақшаның орта тобы тәрбиешісімен бауға барып гүл терген. Серуен 1,5 сағатқа созылған. Қайтқан соң тәрбиеші баланың бетінің күрт қызарғанын, дауысының қырылдауын және көз қарашығының кеңейгенін байқады. Объективті мәліметтер: беттің қызаруы. Дене температурасы 38 С, пульс 140 соққы/мин., жиі тыныс алады. Ауыздың шырышты қабаттары құрғақ, дауыстың қырылы. Көз қарашығы кеңіген. Бала қозған, тынышсыз, көзіне жалған бейнелер көрінеді.

  1. Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Диагнозды қалай дәлелдеу керек?

  3. Осы жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы тиіс?

  4. Балабақшада қандай алдын алу шараларын жүргізе керек?

  5. Тәжірибелік дағдылар. Ғимараттағы желдету көрсеткіштерін анықтау әдістемесін көрсетіңіз. СО2 құрамы бойынша ауа тазалығын қалай анықтау керек?

2 кезең. Жағдайлық есеп №2.

Тәжірибелік сабақта анфимовтың корректорлы сынақ әдісінің кестесі бойынша студенттерде ақпарат алмасу жылдамдығы анықталды. Сабақтың басында сынақтың көрсеткіштері 6,3 бит/с, 1сағаттан кеін-6,8 бит/с және 2 сағаттан кейін-5,2 бит/с. Студенттің жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтаңыз. Халықтың уақыт алдылық жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуінің негізгі себептері қандай?

Типтік тапсырма. Тағамнан улану кезіндегі емдеуші профиліндегі дәрігердің әрекет тактикасын анықтаңыз. Тағамнан улану бұрқетпелерінің алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізе керек?

  1. нұсқа

1 кезең. Жағдайлық есеп №1.

О. қаласында соңғы жылдары тыныс алу жүйелері ауруларының күрт өскендігі анықталды. Тексеріп анықтау барысында сол аймақтағы ауадан қалалық СЭС тексерілді. Қала ауасының біршама ластанғаны анықталды. Соның ішінде қышқылдық азот мөлшерінің 0,8 ПДК жоғарылауы, көмірсу оксидінің концентрациясының 0,6 ПДК жоғарылауы анықталды. Осындай қоспалар адам ағзасына едәуір өзгеріс әкеледі. Қала ауасының ластану деңгейіне гигиеналық баға беріңіз.

1. Қала ауасының ластануы осы патологияның жоғарылауының себебі бола ала ма?

2. Тұрғындар аурушаңдығының артуына тағы басқа қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

3. Ауа ластануын төмендету үшін қандай гигиеналық шараларды жүргізу қажет?

4. Тәжірибелік дағдылар. «Ауыз су» мемлекеттік стандарты бойынша ауыз суға баға беру әдістемесін көрсетіңіз.

2 кезең. Жағдайлық есеп №2.

Операциялық бөлме аумағы 40м2, 1 операциялы үстелінен тұрады. Ауаның орташа температурасы 20 С. Салыстырмалы ылғалдылығы 70%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,4 м/с. Ауадағы СО2 құрамы 0,17%. Жарықтың коэффициенті 1:3, жалпы жарықтандыру люминесцентті 200 лк шырақтармен жүргізіледі. Көлеңкесіз шырақ операциялы аумақта 7000 лк жарық береді.

Операциялы бөлмеге гигиеналық баға беріңіз?

Операция бөлмесінің жағдайын қалай жақсартуға болады?

Типтік тапсырма. Отбасылық дәрігерге тұрғындар дүкеннен сатып алатын сүттің сапасына шағымданып келді. Дүкендегі сүт партиясын санитарлық зерттеу үшін қандай көрсеткіштерді анықтау керек?

  1. нұсқа

1 кезең. Жағдайлық есеп №1.

Алғашқы көмек көлемінде 4,5 жастағы С есімді баланы қарау барысында анықталды: түскі астан кейін балабақша балалары бауға серуенге шыққан. Серуен 2 сағатқа созылған. Балабақшаға оралғаннан 1 сағат өткен соң балада лоқсу, іш тұсында қатты ауру пайда болды. Объективті белгілер: дене температурасы 36,8 С, пульс 90 соққы/мин. Ауыздың шырышты қабаттарының түсі қалыпты. Тыныс алуында өзгеріс жоқ. Асқазан тұсында күрт ауырсыну, жиі лоқсу. Дәреті сұйық.

  1. Ауру диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Диагнозды қалай негіздеу керек?

  3. Осы жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы керек?

  4. Балабақшадағы қажетті алдын алу шараларын атаңыз.

  5. Тәжірибелік дағдылар. Мемлекеттік стандарт бойынша ауыз судың органолептикалық қасиеттерін анықтау мен стандарттарын атаңыз.

2 кезең. Жағдайлық есеп №2.

Тереңдігі 5м, ұзындығы – 6м, биіктігі 3 м мектеп сыныбында өлшемі 1,2*2,0 м екі терезе бар. КЕО – 1%. Сыныпта 30 оқушы бар. Жасанды жарықтандыру люминесцентті шамдар көмегімен атқарылады, жарықтану – 100лк. Сабақ соңындағы СО2 көлемі – 0,15%. Жасанды желдету арқылы сыныпқа сағатына 100м3 ауа кіреді. Мектеп сыныбына гигиеналық баға және сынып жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс беріңіз.

Типтік тапсырма. Аурухананың терапевтикалық бөлімшесінде науқастар жағдайын жақсарту мақсатында ылғалдылық көрсеткіштері мен ауаның қозғалыс жылдамдығын қалай зерттеу керек?

  1. нұсқа.

1 кезең. Жағдайлық есеп №1.

Алғашқы көмек көлемінде Е есімді науқасты қарау барысында анықталды: науқас 18 жастағы студент, студенттік асханадан тамақтанады және азық түлікті базардан алады. Науқаспен әңгімелескен соң ол аузының құрғағанын, жұтынудың қиындауын, көрудің бұзылғанын (тұманда көргендей) айтты. Дәрет бұзылмаған. Объективті белгілер: дене температурасы 36,1 С, пульс 70 соққы/мин. Іші ауырмайды, басқанда жұмсақ. Көз қарашығы кеңейген және жарыққа жауабы жоқ. Шамалы птоз, ауыздың шырышты қабаты құрғаған. Дауысы қырылды, жұмсақ таңдай шамалы түскен.

  1. Ауру диагнозын қойыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Диагнозды қалай негіздеу керек?

  3. Осы жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы керек?

  4. Осы жағдайда қажетті алдын алу шараларын атаңыз.

  5. Тәжірибелік дағдылар. Операциялық бөлме микроклиматын зерттеу әдістері мен олардың нормативтерін атаңыз.

2 кезең. Жағдайлық есеп №2.

П ауылы қолданатын өзен суының сынамасын зерттеу барысында келесі көрсеткіштер анықталды: құрғақ қалдық – 2500 мг/л, хлоридтер – 420 мг/л, сульфаттар – 650 мг/л, нитраттар – 50 мг/л, темір – 0,5 мг/л, фтор – 0,1 мг/л, тотығуы – 7 мг О2/л, коли-титр – 200. Мұндай суды алдын ала өңдеусіз пайдалануға бола ма? Мұндай суды пайдаланғанда қандай аурулар дамуы мүмкін? Су сапасын қалай жақсарту керек?

Типтік тапсырма. Сізге келген гиперхолестеринемия мен артық салмағы бар науқастың тағам рационы мен режимін антисклеротикалық бағытта коррекциялау бойынша ұсыныс беріңіз.

ЖАУАПТАРЫ