Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп КГ ТГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.13 Кб
Скачать

1 Тапсырма

35 жастағы ер кісі, көмір шахтасында жұмыс істейді. Еңбек өтілі 10 жыл. Өзінің шағымдарымен емханаға келді. Шағымдары: көкірек қуысының ауыруы, тұрақсыз көңіл-күй, физикалық жұмыс кезіндегі ентігулер, сирек жөтел. Өкпені рентгенологиялық тексеру нәтижесінде перифериялық бөлігінде көлемі 2-4 мм майда дөңгелек көлеңкелер байқалады.

Аспирациялық әдіспен шаңға сынама алынды. Шаңның концентрациясы 55 мг/м 3. Кремний диоксидінің құрамы 10%. Дисперсті препараттың көрсекіші бойынша шаңдар 2 мм көрсетті.

Диагноз қойыңыз және аурудың қай кезеңде екендігін анықтаңыз.

Қандай кәсіби фактор ауру себебі болды және неге?

Мұндай жағдайда қандай құжаттар толтырылады?

Гигиеналық, профилактикалық және ребилитациялық шаралар жүргізіңіз.

2 Тапсырма

Цех емханасына химиялық комбинаттың 35 жасар жұмысшысы шағымдарымен келді. Шағымдары: өзін жаман сезінуі, ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, шамадан тыс мазасыздық және қоқыныш сезімінің болуы. Жұмыс өтілі 5 жыл.

Тексеру барысында астено-вегетативті синдром, ассиметриялық қолдың тепе-теңсіздігі, ауыз қуысындағы гингивит және стоматит, қызыл иектегі қара дақтар. Қанда лимфо- және моноцитоз анықталды.

Кәсіптік улануға диагноз қойыңыз, басқа қандай тексеру жұмыстары қажет.

Диагнозды қалай дәлелдейсіз, ағзаға қандай зиянды факторлар әсер еткен?

Дәрігер қандай құжаттар дайындау керек?

Химияылық комбинатқа және науқасқа қандай профилактикалық шаралар қажет?

Қазіргі уақытта қандай профилактикалық шаралар қажет?

3 Тапсырма

Күнделікті диспансерлік тексерулерде аудандық емханада ауылшаруашылық агрохимикат қоймасындағы жұмысшы мынадай шағымдармен келді, бас ауруы, әлсіздік, бауыр аумағындағы ауырсыну, құсу, тұрақсыз дәрет.

Жұмысшыда астено-вегетативті синдром, гепатит белгілері анықталады. Аурухананың биохимиялық лабороторияның зерттеуі бойынша қанның құрамында холинэстеразаның активтілігінің төмендеуі 35%, эритро- және лейкопения, лимфоцитоз анықталды.

Кәсіптік ауруға диагноз қойыңыз. Аурудың туындауының себебі, ағзаға қандай фактор әсер етеді?

Кәсіптік аурудың диагнозын қалай дәлелдеу керек?

Осы жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыру керек?

Жұмысшы мен қоймаға қандай профилактикалық және ребилитациялық іс-шаралар жүргізу керек.

4 Тапсырма

Қалалық СЭС-тің жоспарлы, ағымды, санитарлық тексерулерде еңбек шартын, анықтауды емхананың рентгендік кабинетінде қызметкердің ішкі сәулеленуі аптасына 100мБэр, ал есеп бойынша жылына 5 Бэр.

Рентгендік кабинет пен еңбек шартына гигиеналық баға беріңіз.

Аталған жағдайда кәсіптік аурулар туындауы мүмкін?

Радиациядан қандай алыстатылған эффект туындауы мүмкін?

Радиациядан қорғану үшін қандай шарттарды сақтау қажет?

5 Тапсырма

Радиорелейлі желіде монтаждаушы, 28 жыл жоғарғы радиосәулелермен жұмыс жасады. 5 күннен кейін жұмыс басталғаннан көздің ащуы, жасауратуы, көздің дәлдінінің төмендеуі, жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүрек соғысы, тершеңдік, жүрек айну, тәбеттің болмауы, шағымдарымен дәрігерге қаралады.

Объективті белгілер: жүйке рефлекстің жоғарлауы, тұрақты жарық-қызыл дермографизм, гипернидроз алақандық АҚ 90 рет, пульс жиілігі 801 мин ритмді.

Кәсіптік ауруларға диагноз қойыңыз, себебін көрсетіңіз.

Кәсіптік ауруды қалай дәлелдейсіз?

Дәрігер аталған жағдайда қандай құжаттар толтыру қажет? Профилақтикалық және реабилитациалық іс-шараларды көрсетіңіз?