Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп КГ ТГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.13 Кб
Скачать

Тағам гигиенасы

1 Тапсырма

26 жастағы И. есімді сылау, құру жұмыстарын жасайтын науқасты сұрастыру барысында, таңғы және кешкі асты үйінде, түскі асты құрылыс комбинатының асханасында ішетіні анықталды. Науқастың айтуынша, 11 маусым күні түскі астан 2 сағат өткеннен кейін өзін жаман сезінген және жұмыстан үйіне кеткен. Үйіне жеткен кезде асқазан аймағында ауырсыну, әлсіздік, лоқсу байқалды. Науқас түскі уақытта ішкен киселдің дәмі жағымсыз екеніне көңіл бөлген.

Объективті мәліметтер: дене температурасы 37,10, пульс – 76 с/мин, дем алуында өзгеріс жоқ, іші жұмсақ, асқазан аймағында кішкене ауру. Дәреті қалыпты. Құсу. Науқастың аузында жағымсыз дәмнің келуі.

Ауруға диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.

Диагнозды қалай дәлелдеу керек?

Келтірілген жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы қажет?

Гигиеналық және емдік шараларды тағайындаңыз.

2 Тапсырма

В. Есімді науқасты тексеру барысында анықталды: науқас 30 жаста, колхозшы, үйде тамақтанады. Тағамдық азық-түлікті, соның ішінде ұнды колхоздан алады. 10 мамыр күні шамамен сағат 12-де ұйқышылдықты сезінген, қолдың саусақтарында ұюы, құмырсқа өрмелегендей сезімдер, қол мен аяқтың иілуі қиындауы. Кейін бет бұлшық еттерінің өздігінен қимылдауы, жұтынудың қиындауы.

Объективті белгілер: дене температурасы 36,80 С. Пульс пен тыныс алу өзгеріссіз. Тізе бұлшықеттерінің өздігінен қимылдауы. Іштің аздап ауырсынуы. Құсу. Бас айналу. Соңғы 2 айда ауылда ұқсас 3 жағдай тіркелген.

Ауруға диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.

Диагнозды қалай дәлелдеу керек?

Келтірілген жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы қажет?

Гигиеналық және емдік шараларды тағайындаңыз.

3 Тапсырма

5 жастағы К. есімді баланы тексеру барысында қарастырылды: 20 маусым түскі астан кейін №3 балабақшаның орта тобы тәрбиешісімен далаға сеуренге шыққан, гүлдер терген. Серуен 1,5 сағатқа созылған. Қайтқан соң тәрбиешісі балада кенеттен бетінің қызаруын, дауысының сырылдауын және көз шарасының кеңеюін байқаған.

Объективті белгілер: бетінің қызаруы, дене температурасы 38 С, пульс 140 с/мин. Тыныс алуы жиі. Ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауы, дауысының сырылдауы, көздің қарашығының кеңеюі, бала тітіркеніп, галлюцинация байқалған.

Ауруға диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.

Диагнозды қалай дәлелдеу керек?

Келтірілген жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы қажет?

Гигиеналық және емдік шараларды тағайындаңыз.

4 Тапсырма

Е. есімді науқасты тексеру барысында алғашқы көмек көрсетілу кезінде анықталды: науқас 18 жаста, студент, студенттер асханасында тамақтанады. Науқаспен әңгімелесу барысында анықталды: 18 мамыр күні аузының құрғауын, жұтынудың қиындауын, көз көрудің нашарлауын (тұманда көрген сияқты) байқаған.

Объективті мәліметтер: дене температурасы 38,8 С. Пульс 70 соққы/мин. Іш аймағында ауырсыну сезімі жоқ. Көз шарасы кеңейген және жарыққа жауап бермейді. Ауыздың шырышты қабағының құрғауы. Дауыстың сырылдауы, жұмсақ таңдайдың төмендеуі.

Ауруға диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.

Диагнозды қалай дәлелдеу керек?

Келтірілген жағдайда дәрігер қандай құжаттар толтыруы қажет?

Гигиеналық және емдік шараларды тағайындаңыз.