Телеконсультация жүргізу
Телеконсультация-(синоним:алшақтанған,дистанционды консультациялау)-жоғарғы квалификацияланған шегерілмейтін немесе жоспарлы медициналық көмек көрсету үшін консультант пен клиент арасында нақты клиникалық жағдайды талқылайтын телемедициналық процедура,сонымен клиент пен консультант арасында географиялық арақашықтық болады.
Сырттай телеконсультация-(синонимдер:уақытқа шегерілген телеконсультация,асинхронды,жоспарлы,офф-лайн) абоненттің,консультант пен координатордың жұмысы белгілі уақытқа шегеріліп телемедициналық технологиялардың алуан түрі қолданылады(элекронды пошта,FTP-серверлері,Internet жүйесінің базасындағы форумдар).Клиникалық практикада жоспарлы медициналық көмек көрсетуге негізделген.
Іштей телеконсультация-(синонимдер:синхронды телеконсультация,шұғыл,он-лайн) абонент ,консультант,координатор бір телемедициналық технологияны немесе комбинирлеп бірнеше телемедициналық технологияны қолданатын (электронды пошта,видеоконференция,ICQ) дистанционды консультациялау түрі.Клиникалық практикада шұғыл(ургентті) медициналық көмек көрсету үшін қолданылады.
Инструктаж-жеке тұлғаны (санитар,парамедик) консультантпен біржақты видео- дауыстық байланыспен алғашқы медициналық көмекті көрсетуге кеңес беру мақсатында ұйымдастырылатын телемедициналық процедура.Синхронды телеконсультацияның бір түрі.Инструктаж алшақтатылған консультациялаудың жеңілдетілген түрі болып табылады.Оның ерекшеліктері:
-Тек алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қолданылады;
-Консультация барысында консультант клиникалық жағдайды талқыламай тек нақты алгоритмделген команда береді;
-Видеобайланыс тек біржақты болып келеді;
-Абонент ретінде жоғарғы медициналық білімі жоқ тұлға боладыү
Берілген телемедициналық процедура әскери медицинадакең қолданылады(шайқастан кейін алғашқы медициналық көмек көрсететін санитарларға консультация беруде),төтенше жағдай медицинасында(төтенше жағдай ошағында көмек беретін құтқарушыларға консультация беруде), «шұғыл медициналық көмек» қызметінде (кезекші бригаданың келуіне дейін медициналық қызметкер емес тұлғаларға консультация беру,парамедиктерді консультациялау).Біраз елдерде «9-11»,«шұғыл медициналық көмек» қызметтерінде парамедиктер бригадасы келгенге дейін науқастың туыстарына немесе кездейсоқ жанында болған азаматтарға міндетті түрде инструктаж жүргізеді.
Дистанционды манипуляция-емдік немесе диагностикалық аппаратурамен консультантпен синхронды телеконсультация немесе дисатанционды диагностика мақсатында дистанционды басқару.Қазіргі уақытта телеконсультациялар үшін арнайы жабдықтар ойлап табылған (телемикроскопия,телеотальмоглогия және т.б.) оларды косультант та,абонент те басқара алады.Дистанционды манипуляцияның кең тараған түрі-видеохирургия (хирургиялық роботтармен дистанционды басқару).Дистанционды манипуляция келесідей болуы мүмкін:диагностикалық,емдік(алшақтанған ассистирлеу,телеассистирлеу) немесе емдік-диагностикалық.Телеассистирлеу-аппаратураны ота жасау немесе манипуляция жасау болмесіне видео-аудиоақпарат енгізе алатындай қою,осының арқасында дәрігер-консультант ота жасау барысын,хирургтердің әрекетін бақылап кеңес бере алады.
Телеконсультация жүргізу барысына қойылатын деонтологиялық талаптар
Медицинаның техникалық даму барысында,жаңа мамандықтар шығу барысында,моральды-этикалық мәселелер туындайды жиі «дәрігер-науқас-компьютер» арақатынасындағы мәселелерге ұшыраймыз.Телемедицина жүйелері практикалық медицинаның әр саласында қолданылады.Этика принциптері мен деонтологияны негіздеу науқас пен медициналық персоналдың телемедицинаға медициналық көмек көрсетудің тиімді әдісі ретінде қалыптасуға ат салысады.телеконсультация жүргізудегі негізгі деонтологиялық талаптар:
-Дәрігерлік құпияның сақталуы;
-Моральды-этикалық нормалардың сақталуы («дәрігер-дәрігер»,«дәрігер-науқас»);
-Науқасты телеконсультацияның керектігі жайла ақпарат беру;
-Автоматизацияланған жүйе мен компьютерлік жүйелердің қауіпсіздік талаптарын ұстану;
Телемедициналық көмек көрсететін медициналық және техникалық персонал келесі талаптарға сай болу керек:
-Медициналық этика және деонтология принциптерін ұстану;
-Медициналық қызметкердің моральды мәдениетін қалыптастыратын заң шығарушы және регламенттейтін құжаттарға сай болу;
-Ятрогенияға алып соғатын сапасыз медициналық жұмыстан туындыларының алдын алу;
-Дәрігерлік қателерді анализдеп,алдын алу;
-Дәрігерлік құпияны сақталудың қамын жасау;
-Науқаспен және оның туыстарымен,әріптестермен қарым-қатынас этикасын сақтау.
Телемедициналық консультация жүргізу барысында телемедициналық орталықтың медициналық персоналының жүргізу міндеттері
(ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің 3 тамыз 2007ж. №471 бұйрығы)
Науқасқа телемедициналық консультация уақыты жайында айту,оның телемедициналық консультация үшін жазбаша түрде келісімін алу.
Телемедициналық сеанстың қатысушыларының барлығының ақпараттанғанына көз жеткізу.
КЕШЕНДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ НЕГІЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ОПЕРАТИВТІ БАСҚАРУ
Қазіргі таңда адамзаттың дамуы ғылыми-техникалық революцияның келесі дәрежесінде-кунделікті өмірге ақпаратты-коммуникациялық технологияларды енгізуге көшкелі отыр,денсаулық сақтау жүйесіне де.Күннен күнге дәрігерлік кабинетке тізімдердің ұлғаюы нәтижесінде науқастар дәрігер таңдауда көп альтернативалары жоқ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1)Основы телемедицины 2009 г.Беркинбаев;
2)Казахстанский Медицинский Журнал 2008г. №5 «Что такое Телемедицина?» О.Кичигина,Телемедицина:лечение,консультации,обучение,А.Цой;
3)Ординатор 2012г. №1;
4)Менеджер Здравоохранения РК 2015г. №2,оперативное управление в медицинских учреждениях на основе комплексной медицинской информационной системы,Кисикова С.Д;
5)Ординатор 2012г. №9,Развитие телемедицины,Сармолдаева С.А.;
6)Казахстанский Медицинский Журнал №13(февраль),Телемедицина-кратчайший путь к здоровью,Ольга Малахова;
7)Государственная программа «Информационный Казахстан-2020»
8) Концепция развития электронного здравоохранения Республики Казахстан на 2013-2020 годы
9)Приказ об утверждении Дорожной карты на 2014-2020 годы по реализации Концепции развития электронного здравоохранения Республики Казахстан на 2013-2020 годы
10)Дорожная карта на 2014-2020 годы по реализации Концепции развития электронного здравоохранения Республики Казахстан на 2013-2020 годы
11)«Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию стандартов»
12)Приказ 701 о развитии ЕИСЗ 2013.12.03
13)Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения»
14)Закон Республики Казахстан «О персональных данных»
15)Государственная программа «Саламатты Қазақстан» на 2011-2015 годы
16)Государственная программа «Информационный Казахстан 2020»
