Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теоретическая часть ЭМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.27 Кб
Скачать

Медициналық ақпарат

Телемедицинаның жұмыс станциясы медициналық ақпараттың кез келген түрін беруге бағытталған.Медициналық ақпараттың барлық түррі негізгі 4 топқа бөлінген:

1)Алфавитті-сандық

2)визуалды-графикалық:

А)сұршкалды

Ә)түрлі-түсті

Б)динамикалық

3)дыбыстық

4)комбинацияланған

Алфавитті-сандық ақпарат-Медициналық ақпараттың берілген түрі электронды поштаға арналған хабарлама немесе модемді байланыс арқылы болған екі маманның арасындағы диалог арқылы жүзеге асады.

Статистикалық визуалды-графикалық ақпарат-сұршкалды визуалды-графикалық ақпарат,бұл медициналық ақпарат категориясына:рентгенологиялық көріністер,эхограмма,эхокардиограмма,сцинтиграмма,томограммалар жатады.

Түрлі-түсті визуалды-графикалық ақпарат-берілген категорияға келесі медициналық көрсетілімдер жатады:терінің аумағы,көзге крінетін науқастың сірлі қабаттары, эндоскопиялық көрсетілімдер(көздің ішкі структуралары,асқорыту жүйесінің сірлі кабаты,отоскопиялық корсетілімдер, артроскопиялық және лапароскопиялық көрсетілімдер),микроскопиялық көрссетілімдер(қан жағымдары,цитологиялық және гистологиялықзерттеу материалдары,биомикроскопия және т.б.),диагностикалық жабдықтаумен генерацияланатын көрсетілімдер(түрлі-түсті доплерлік картирлеу,электрокардиограммалар,басқа да электрофизиологиялық көрсеткіштер)

Динамикалық визуалды-графикалық ақпарат-базалық жұмыс станциясы динамикалық графикалық медициналық видеоақпаратты енгізу,сақтау,жіберуге мүмкіндік туғызады.Осындай ақпараттың мысалы болып науқастың жүріс-тұрысы,мимикасы,сіңірлік рефлекстері,көз қарашығының жарыққа рефлексі,диагностикалық жабдықтаумен генерирленетін динамикалық көрсетілім.

Дыбыстық ақпарат-медициналық жабдықтаумен генерирленетін электронды түрде күшейтілген адам организмінің табиғи дыбыстары мен дыбыстық сигналдар.Дыбыстық ақпараттың мысалы ретінде емдейтін дәрігердің комментарийлері,неврологиялық немесе психикалық патологиясы бар науқастың сөйлеуі,тамақ патологиясына ұшыраған науқастың дауысы бола алады.Организмнің табиғи дыбыстары электронды стетоскоп арқылы күшейтіледі,базалық жұмыс станциясына дыбыс енгізу құралы арқылы енгізіледі.Ақпараттың осы типіне мысал(жүрек тондары,қантамырлық шу,ішектің перистальтикалық шуы),медициналық құралмен генерирленетін дыбыстық сигналдар мысалдары: (эхокардиография барысында кан ағыстың доплерлік сигналдары,флоуметрикалық сигналдар,феталды мониторлар сигналдары).

Ақпараттың комбинирленген түрі-базалық жұмыстық станцияда ең негізгі ақпараттың комбинирлеген түрі болып динамикалыө визуалды ақпараттың дыбыстық ақпаратпен біріккен түрі болып табылады.

Медициналық ақпаратты жіберудің стандарттары

Ақпараттың берілу стандарты(протокол)-компьютерлік жүйе функционалды элементтерінің бағдарламалық ережелері(жүйеге біріктірілген компьютер мен перифериялық құрал-жабдық арасындағы ақпарат алмасу ережелері).Медициналық ақпараттың барлық түрімен алмасудың көптеген стандарттары бар:ASTM,ASC,X12,HL7,DICOM және т.б.Сондықтан жиі медициналық ақпараттың біріккен стандартын ойлап табу мәселесі туындап отыр.Ең дамыған және пайдалануға қолайлылар Philips,Siemens,Acuson текті медициналық техника шығарушылардан қолдау табады.

Телемедициналық жүйеде ақпараттың қалыптасуының реті

Халыққа телемедициналық қызмет көрсету жайлы ақпарат науқасты емдеуге қатысатын десаулық сақтаудың мекемесі дәрежесінде пайда болады.Медициналық көмекті алғашқы тіркеу қағаз түрінде медициналық мекеменің персоналымен жүргізіледі (дәрігер,орта медициналық персонал).Науқасты тіркеу барысында және тіркелген науқасқа сұраныс шығару барысында,керек жағдайда алғашқы тіркеудің қағаздағы ақпараттың электронды көшірмесі сұранысқа қыстырылады.Аудандық дәрежеде сұраныстың қалыптасуында сұраныс жайлы ақпарат облыстық дәрежеге жіберіледі.Облыстық дәреженің әр болімшесінде аудандық дәреженің бірнеше болімдері бекітілген.Аудандық дәрежеде телемедициналық консультация жүргізілгеннен кейін облыстық дәрежедегі консультант керек етілген жағдайда бар сұраныс негізінде жаңа сұраныс жазады,Республикалық маңызы бар клиникаға жібереді.Облыстық дәреже консультант ретіндеде, клиент ретінде де бола алады,Республикалық маңызы бар клиникаларға өзінің сұранысын жібере алады.Статистикалық есеп-беру мақсатында сұраныс жайлы ақпараттың барлығы телемедицинаның даму орталығына жіберіледі.Телемедициналық жүйенің барлық дәрежесіне,аудандық,облыстық,Республикалық маңызы бар клиника болсын,анықтау ақпараты жіберіледі(клинико-диагностикалық ақпараты бар көрсетілімдер,DICOM форматындағы көрсетілімдер).Телемедициналық консультацияда қолданылатын барлық медициналық ақпаратты(эпикриз текстін,рентгенограммаларды,клиникалық анализдерді) сандық түрге түрлендіру керек.Оның екі түрі бар:

-Зерттеудің визуалды әдістерінің сандық түрде біріншілей алу(ол үшін компьютерленген диагностикалық аппаратура қолданылады);

-Зерттеудің визуалды әдістерінің санды түрге өткізеді қағаздан,фотопленкадан.

Оптималды болып бірінші түрі табылады.Бірақ қазіргі таңда барлық медициналық мекемелер диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталынбаған болғандықтан жиі визуалды зерттеу әдісін санды түрге қағаз немесе фотопленкадан жүзеге асырады.Оның негізгі екі әдісті бар:сканирлеу және сандық фотосъемка(сандық камера арқылы жасалынған фотосъемка).Сканирлеу(дербес компьютердің перифериялық құралы-планшетты сканер арқылы) сонограмма,электрограмма,клиникалық көрсетілімдерді сандық түрге айналдыруға қолайлы.Сандық камера арқылы фотосъемка рентгеннограмма,МРТ секілді ақпаратты сандық түрге өткізуге арналған.Барлық сандық түрге өткізілген ақпаратты келесі түрге бөлуге болады:

-Негізгі диагностикалық ақпарат(рентгеннограмма,сонограмма,МРТ-грамма және т.б.);

-Қосалқы диагностикалық ақпарат(клиникалық көрсетілімдер,науқастың видеосъемкасы);

-Диагностикалық графикалық ақпарат(электрограммалар)

Сканирлеу

Планшетты сканер арқылы негізгі жұмыс приемдары:

  1. Ақпаратты қатты мөлдір емес тасушылардан сканирлеу(текст және қағаздағы графикалық көрсетілім,фотографиялар және т.б.)

  2. Мөлдір ақпарат тасушылардан(пленка) слайд-модуль арқылы ақпаратты сканирлеу;

  3. Мөлдір ақпарат тасушылардан өткізілетін жарықта ақпаратты сканирлеу;

Ең тиімдісі бірінші прием болып табылады.Оның көмегімен эпикриз,анализ бланктерін,сонограмма,термограмма,томограмманы сандық түрге өткізу болады.Екіншісі рентгеннограмма,МРТ-грамманы сандық түрге өткізу үшін қолданылады.Үшіншісі-(«аматорлы»)-сканерденқақпасын алып,пленканы үстелдік лампамен қарайды,бұл приемды шектен тыс техникамен камтамасыз етілмеген жағдайда қолданады.

Сандық фотосъемка(СФ)-заманауи телемедициналық станцияның әмбебап техникалық құралы.Дәл сол халаттың қалтасына сиятын сандық фотокамера телемедицинаны кез келген дәрігердің қолдану инструментіне айналдыра алады.Сандық фотокамераның негізгі жүмыс приемдары:

  1. Қағаздық,пленкалық,және т.б ақпарат тасушылардан зерттеудің визуализациялайтын ақпаратың СФ-ы.

  2. Locus morbi немесе науқастың жалпы жағдайы СФ-ы(сонымен қатар «сериялық снимоктерді алу мүмкіндігі» немесе науқастың қозғалысы,мимикасы,жүріс-түрысы түсірілген үнсіз сапасы төмен бейнебаяны).

  3. Емдік және диагностикалық процедура мен оталардың СФ-ы.

Архивтеу мақсатында жасалынған медициналық ақпараттың СФ-ы.Барлық телемедицинаға қажет етілген ақпарат сандық фотматқа өтіп дербес клмпьютерге сақталғаннан кейін оны структуралау керек.

Абонент сұранысының структурасы-

-Қысқа эпикриз(нақастың немесе телеконсультацияның идентификаторы,жынысы,жасы,диагноы,қысқаша анамнесткиалық ақпарат,сұраныс жіберу уақыты,консультация уақыты)-текстті формат

-Консультантқа арналған сұрақтар(«Диагноз?», «емдеу тактикасы?», «қабылданған емді бағалау?»)-текстті формат.

-Виизуализацияланатын ақпарат(рентгенограммалар,клиникалық көрініс,МРТ,компьютерлік томограммалар және т.б.)-графикалық файлдар.