Сұрақ:Технологияның қай түрін таңдау керек(синхронды немесе асинхронды) ?
Синхронды телеконсультация жүйесін көбінесе ақпараттың динамикалық түрі басым медицина бағыттары қолданады психиатрия(дәрігермен науқастың қарым-қатынасы маңызды),кейінге шегерілмейтін хирургия.
Телеконсультацияның тенологиясының асинхронды түрі статистикалық ақпараты басым медицина бағыттарында қолданылады:травматология және ортопедия,дерматология,цитология,патология және т.б.
Клиникалық тәжірибеде технологиялар комбинирленеді деп айта кету керек.Сырттай түрді телеконсультация абонентпен консультанттың арасынағы ICQ,чат немесе «NetMeeting» бағдарламаның аналогын қолдана отырып диалог арқылы іске асады.
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің бірегей ақпараттық жүйесін құруда «Телемедицина» ақпараттық жүйе құрылды.
Байланыс арнасының өткізу қабілетіне қойылатын талаптар:
Телемедициналық жүйенің республикалық дәрежесіне:
Телемедицинаның даму орталығына (синхронды түріне)арналған телемедициналық арнаға 10Мбит/с-дан төмен емес;
Республикалық маңызы бар клиникалардың телемедицина орталықтарына(синхронды түріне) 512Кбит/с-дан кем емес;
Телемедициналық жүйенің облыстық дәрежесіне:
Облыстық арна (синхронды түрі) 2-8Мбит/с-дан төмен емес;
Республикалық арна(синхронды)1Мбит/с-дан төмен емес.
Телемедициналық жүйенің аудандық дәрежесіне:
Аудандық арна(синхронды түрі) 512Кбит/с-дан кем емес.
Жүйеде ақпарат тарату құралдары ретінде әр түрлі сандық электронды сақтаушылар(дискета,оптикалық дисктер,флэш-карталар) бар. Жүйенің структурасының негізін жүйенің серверлері мен пайдаланушылардың жұмыс станциялары құрайды.Жұйенің қауіпсіздігі кешеніне келесі іс-шаралар кіреді:
-Жүйе байламдарындағы негізгі теникалық құралдарды дубликациялау;
-Техникалық қызмет көрсету регламентін,ақпараттық қауіпсіздікті сақтау,резервті көшірме жасау және т.б. эксплуатационды құжаттарды талап ету;
Ақпараттық жүйе екі режимде функциялайды:
-On-line;
-Off-line.
On-line режимі дәрежелер арасындағы және жүйе байламдары арасындағы ақпарат алмасу жүйеге асады.Off-line режимі шегерілген консультация мен дәрежелер арасында немесе жүйе байламдары арасында байланыс болмаған жағдайда қолданылады.Жүйенің функционирлеу режимдеріне сәйкес телемедициналық консультация өткізудің келесі режимдерді ажыратамыз:
-Шұғыл консультация- on-line режиміндегі жоғарғы жылдамдықтағы байланыс арналарын қолданылатын консультация.Берілген консультация түрін жүргізу жағдайында сұраныс консультация біткеннен кейін шұғыл консультация жүргізу себебін айқындай толтырылады.Шұғыл конференция жүргізу барысында консультация қатысушыларының арасында жылдам видеоақпарат алмасіу жүреді.
-Шегерілген консультация-on-line режимінде де,off-line режимінде де жүргізілетін конференция.науқастың болуын қажет етпейді,консультанттардың қолайлы уақытында жүзеге аса алады.Берілген консультация сұраныс арқылы алдын ала абонентпен консультант арасында жоспарланып жасалады.off-line режимінде консультант сұранысқа телеконсультация жүргізбей ақ жауап бере алады.
-Тікелей консультация-науқаспен байланысып,on-line режимінде іске асатын консультация.Берілген консультация түрі салыстырмалы күрделі емес жағдайлар мен алшақтанған диспансеризация үшін қолайлы.Бұл жерде телемедициналық консультация жүргізу үшін берілген сүраныстағы ақпарат анализденеді.Осындай телеконсультация жүргізу барысында телеконсультация қатысушылары арасында тек видеосигнал өтеді.Консультацияның берілген түрі сұраныс арқылы консультант пен абонент арасында алдын ала жоспарланады.
