Телемедицинаның технологиялық негіздері
ЕПМ-дің жұмысының тиімділігін арттыру үшін телемедициналық технологияларды қолдану ең перспективалы құрал болып табылады.Телемедицинаны қолдану тиімділігін дамыған инфраструктурасы бар медициналық жүйеде көре аламыз:
-Автоматизацияланған жұмыс орны,локальды есептеу жүйелері,ақпарат және білім базаларына негізделген емдеу мекемелерініңкешенді ақпаратталынған жүйелері;
-Талап етілітін өткізу қабілеті мен ғаламдық коммуникациялық жүйеге шығу мүмкіндігі бар оперативті байланыс жүйесі.
Телемедициналық жүйе мен желілерді жасап шығару денсаулық сақтауды информатизацияладың құрамдас бөлігі болып табылады.Диагностикалау,емдеу ,науқасты реабилитациялаудың әр этабында дәрігер коллегаларының тәжірибесіне мұқтаж.Регионалды телемедициналық жүйе(ТМЖ) науқастарды емдеу,диагностикалау, мәселелерін шешуге және әртүрлі медиицналық персонал арасында білім мен тәжірибе таратуға арналған. ТМЖ шешетін мәселелер:
-Алшақ орналасқан стационарлық медициналық пунктерде жұмыс істейтін дәрігерлерге науқасты емдеу мен диагностикалау барысында аөпараттық қолдау,кқмек көрсету.
-Регионалды денсаулық сақтау структурасында басқару және әдістемелік құжаттарды тарату мүмкіндігін арттыру және жылдамдату.
-Бетке ұстар медициналық оқытушылық және емдік орталықтардың білімі мен тәжірибесін дәрігер-практиканттарға тарату және дистанционды квалификациялық емтихан мен сертификация жүргізу.
Тмж денсаулық сақтаудың барлық мекемелерін қамтиды,орталық және регионалды басқару орталық,облыстық,аудандық клиникалар мен ауруханалар,медициналық академилар мен институттер,архивтер мен кітапханаларжәне басқа да ЕПМ-і. ТМЖ клесі талаптарға сай болуы керек:
-Тәулік юойы және күнделікті сервистердің барлық түрлеріне қол жетімділікті өамтамасыз ету;
-ТМЖ пайдаланушылардың идентификациямен қамтамасыз ету және барлық ақпаратты тиімді қорғау;
-ТМЖ-ң керек мөлшерде функционалды және географиялық кеңеюін қамтамасыз ету;
-Науқастарды емдеу,диагностика және реабилитация мәселелерін шешуге,медициналық персоналдың квалификациясын жоғарылату және оқыту үшін ,басқару ақпаратын жинау және тарату үшін қажет функциялар жинағымен қамтамасыз ету;
-Регионалды денсаулық сақтау жүйесінің нысандарын біріккен ақпараттық телемедициналық кеңістікке қосу;
-ТМЖ-ға бірігетін емдік мекемелеріндегі автоматизацияланған ақпараттық жүйесінің(АИС) ақпараттық инфраструктурасына негізделу.Егер АИС емдік-диагностикалық процессте қолданылса телемедициналық консультацияларды ұйымдастыру және жүргізу қажеттілігі төмендейді.Екінші аспект-науқастың электронды картасы регионның барлық ЕПМ ге қол жетімді болу арқасында қайтадан зерттеуден өту қажеттілігі болмайды.телемедицина Емдеу-диагностикалық процесстің тиімділігін арттыратын жүйе.ТМЖ-ң құрамына ТМЖ-ны байланысып құрайтын 4 элемент кіреді:
-Арна жасаушы орта-аумақтық бөлінген ортада әр түрлі типтегі ақпаратты беру мүмкіндігін тудыратын ақпараттық,бағдарламалық құралдардың,ақпарат тасушы және технологиялық шешімдер жиынтығы.
-Консультативті орталық-Штатында түрлі медициналық бағыттағы жоғары мамандандырылған дәрігерлері бар медициналық мекеме.дистанционды консультациялау,консилиум,емдік-диагностикалық процедуралар,оұытуды ұйымдастыру(семинар,дәрістерді жүргізу) ТМЖ-ң арақашықтықта орналасқан орталықтағы дәрігерлер үшін керек құрал-жабдықпен қамтылған.
-Диспетчерлік пункт-ТМЖ-ң ішіндегі әр элементінің ішіндегі немесе бөлектелінген ТМЖ-ң структурасы.Консультациялау сұранысын фильтрлеуге,консультациямен қамту және болжамдау,консилиумды ұйымдастыру функциясымен қатар,консультациялық орталықтың мүмкіндіктері жайлы ақпарат тарататын орталық болып табылады.
-Қашықталған пункттер-ерекше құралдармен қамтамасыз етілген медициналық мекемелер.Мекеме персоналы науқастармен қарқынды арақатынасқа түсіп,емдік,диагностикалық,реабилитациялық,профилактикалық кешендік шараларын іске асырады.Телемедицналық жүйеде қолдануға дәрігермен акустикалық немесе визуалды кері әсері бар және орнатылған жүйелік қолдауы бар арнайыланған медициналық құрал-жабдықтар сай келеді.Кардиология үшін ол ангиографиялық орнатылымдар және әр-түрлі эхографтар болуы,пульмонологияда бронхоскоптар,гастроэтерологияда-гастроскоптар,дерматологямен эндоскопияда-дерматоскоптар мен эндоскопиялық насадкалары бар видеокамералар.Қазіргі таңда көптеген елдерде телеконсультациялар үшін кең спектрлі техникалық және бағдарламалық құралдар қолданады:интернет технологиялары(электронды пошта,чат,ICQ,форумдар,тарату парақтары),ICDN арналары бойынша видеобайланыс,телеметриялық приборлар,видеотелефония,мобильды байланыс,пейджингтік жүйелер.Интернет технологялары асинхронды телеконсультацияға кең қолданылады;телеконсультацияның синхронды түріде-ICDN және видеоконференцбайланыстың басқа да түрлері қолданылады.Видеоконференциялар көрнекті және жарқын,телемедицинаның «визитті картасы» ретінде қабылданады.Телемедицина-ол видеоконференция деген пікір дұрыс емес болып табылады.Жоғарғы айтылғандарға байланысты телемедицинаның технологиялық шешімдерін 2 түрге бөлеміз:
-Іштей(видеоконференциялар);
-Сырттай(телеконференциялар).
Телеконференция-компьютерелер тізімін біріктіретін жүйе,ақпарат алмасуды қамтамасыз етіп,пайдаланушылар топтарында сырттай дискуссия жүргізеді.Жүйелік сервистің берілген түрі пайдаланушылардың хабарламаларын телеконференцияның барлық қатысушыларына таратуды қамтамасыз етеді.Асинхронды түрде телеконсультация жүргізуге пайдаланылады.
Видеоконференция-нақ осы уақытта арнайы видеоплаталармен,видеокамералармен жабдықталынған компьютерлер арқылы жүргізілетін телеконференция түрі.Дискуссия барысында оның қатысушылары бір-бірінен монитордан бақылай алады.Телеконсультацияның синхронды түрде жүргізуде қолданылады.
