Қазақстандағы телемедицинаның дамуы
Үлкен территориялы елдің денсаулық сақтау жүйесіне,материалды қамту және емдеу-профилактикалық мекемелер үшін мамндарды дайындауға ,орталық және алшақ орналасқан медициналық орталықтардың қатынасуының қиындығынан телемедицина жүйесін еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне енгізу өзекті мәселе болып табылады.Сондықтан ТМ жүйесін құрудағы басты мақсат-заманауи ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық жүйелерді қолдану арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі білім алу және медициналық қызметке жалпыұлттық қол жетімділікті қалыптастыру.Телемедицинаның дамуы жоғары дамыған елдерде дистанциондық консультативті көмек берудің экономикалық тиімділігін көреміз.Телеконсультацияны қолдану әлеуметтік маңызы бар,күрделі дифференциалданатын аурулар үшін маңызды.Ауыр жағдайда жатқан науқастар үшін,жоспарлы консультацияда,науқастардың динамикасын бақылауда,телеконсилиумдардың ұйымдастырылуында қолданылады.Науқастарды госпиталь алды консультациялау(алдын ала қойылған диагнозды нақтылау үшін,емдеу әдісін,немесе қашан қайда қанша уақыт ем алатындығын шешу мақсатында)маңызды болып келеді.[Казақстан медициналық журнал #5 (05) қараша]
Сырттай телемедициналық консультациялардың тиімділігінің жоғары болатынын ескере кеткен жөн:
-Телемедициналық әдісті оқу үрдісіне қолдану да тиімді.Дистанционды білім беру озінің қолайлылығымен ерекшеленеді(студенттер мен аспиранттар өзіне қолайлы уақытта,жерде оқи алады ),ал оның сапасы ЖОО-ғы іштей оку формасынан қалыспайды.Сонымен қатар телекоммуникациялық құралдар арқылы дәріс оқудың ерекшелігі-бірнеше аудандарда орналасқан орталықтарға дәріс оқытыла алады,соның арқасында бюджеттің қомақты сомасы үнемделеді.Дистанционды оқытылудың сырттай оқытылудан ерекшелігі-жаңа технологияларды қолдану арқылы ақпарат алудың жүйесінің қолайлығы.Ол курсқа қатысушылардың географиясын кеңейтіп қана қоймай,берілетін курстың тақырыптық диапазонын кеңейтеді.Дистанционды оқытылу оқудың уақытын қысқырта алады,студентпен оқытушының коммуникациясының жылдамдығы арқасында,электронды кітапханада өз бетімен дайындала алу мүмкіндігімен;
-Үнемділігімен(оқу алаңы мен техникалық құралдарды тиімді пайдалану мамандарды дайындауға кеткен шығынды азайтады);
-Технологиялығымен(оқу үрдісінде ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдану)ерекшелінеді.
Телемедицина-миллиондаған адамдардың өмірін өзгертуге қабілетті,атап айтқанда алыс аудандарда тұратын,медициналық көмекті қажет көлемде ала алмайтын ауылдық тұрғындар,немесе үлкен мегаполистарда немесе басқа елде орналасқан жоғарғы дәрежедегі медициналық қызметті алуға ниеттенген азаматтарға.Телемедицина денсаулық пен ауру арасындағы,тіпті өлім мен өмір арасындағы мәселені шеше алады десек те қателеспейміз.Жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу-емдік мекемелерінің науқасқа облыстық,республикалық орталықтарға консультация алу үшін болінетін қаржыны айтарлықтай үнемдейді.Орташа есеппен телеконсультациялар науқастың жол жүру және тұру ақысынан 5-7 есе арзанға түседі.Мысалы Астанада тұратын науқасқа Мәскеуге бару үшін кем дегенде 300-400 мың рубль қажет, ал телемедициналық консультация және диагностика 10-15 мың теңгені талап етеді.Телемедицинаны енгізу емдеу-профилактикалық көмектің сапасына айтарлықтай өзгеріс енгізеді,шығынды минимзациялаумен денсаулық сақтау жүйесін басқару,төтенше жағдайларда оның функционирлеуінің тиімділігін көтеру,мамандарды дайындау.Қазіргі таңда телемедицинаның нарығы жылдам өсуде.Телемедицина кең көлемде АҚШ-та,Еуропа елдерінде,Бразилида дамып көршілес Ресейдің Региондарында қолданылады.Дамыған елдердің денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу мысалы экономикалық эффект миллиардталған доллармен есептелетіні белгілі болды.
«Ауылды мекендерде телемедицинаның және денсаулық сақтаудың дамуы»атты жобасы Республикамызда 2004 жылдан іске қосылған.Жобаның іске асырылуы 2 стадияға бөлінген.Жобаның 1-ші стадиясы 2004-2008 жылдарды құрайды.Жобаның 2-ші стадиясы 2009-2011 жылдарды құрайды.Жобаның іске қосылудың инвестициялық 1-ші стадиясында 2004-тен 2008-ге дейінгі жылдарда облыстық деңгейде келесі облыстарда телемедициналық жүйе қалыптасты:
-Алматы облысы(2004-2005ж.ж);
-Атырау облысы(2005ж.);
-Қарағанды облысы(2005ж.);
-Ақмола облысы(2006ж.);
-Қызылорда облысы(2006ж.);
-Шығыс-Қазақстан облысы(2007ж.);
-батыс-Қазақстан облысы(2007ж.);
-Оңтүстік-Қазақстан облысы(2007ж.);
-Жамбыл облысы(2008ж.);
-Ақтобе облысы(2008ж.);
-Маңғыстау облысы(2008ж.).
-2009жылы жобаға Солтүстік-қазақстан,Қостанай,Павлодар облыстарының 3 облыстық және 33 орталық аудандық ауруханалары енді.ҚР-ң Десаулық сақтау министрлігімен ,республикалық телемедициналық орталықпен республикалық деңгейдегі 2 клиникамен,Ақтөбе,Маңғыстау,Алматы,Жамбыл,Қызылорда,Солтүстік-қазақстан,Павлодар,Қостанай,Оңтүстік-Қазақстан,Шығыс-Қазақстан,Батыс-Қазақстан облыстарының телемедициналық орталықтарымен видеоконференцбайланыс орнатылған.Қазақстанның үлкен жер аумағы және алыс арақашықтықта орналасқан мыңдаған тұрғынды жерлер мен тұрғындар санының аздығы сапалы және оперативті медициналық көмек көрсетуге бөгет болады.Сапалы медициналық көмек көп компонеттен тұрады,олардың негізгі үшеуі:ең алдымен квалификацияланған дәрігер,дұрыс қойылған диагноз,науқасты емдеуге қажет медикаменттердің және медициналық жабдықтаудың болуы.Телемедицинаның мобильды медицинамен комбинация түрінде енгізу тұрғындар тығыздығының төмендігіне,дамымаған инфраструктурада,ландшафтың әр түрлілігінде,климаттық жағдайдың күрделілігінде,яғни,Қазақстанда өте қолайлы.Республикада телемедицинаны алғаш рет 2002 жылы ҚР-ның президентінің жұмысын басқаруының медициналық орталығында жүзеге асқан.2002-2005 жылдары УДП ҚР медициналық орталық жүйесінде телемедицинаны дамыту концепциясы қабылданған.Республикамыздың денсаулық сақтау тарихында алғаш рет 2004-і жылы 4-5 қарашада өткен МЦ УД ПРК-да 4-ші мемлекет аралық ғылыми-практикалық конференцияда Астана және Ессентуки(Ресей) арасында видеоконференциялық байланыс орнатылған.Сол конференцияда Н.Н. Блохин атындағы РАМН-ның онкология ғылыми орталығының профессорларымен,Б.И.Долгушинмен,И.Е.Тюринмен науқастардың телемедициналық консультациясы өткізілген.2005-жылдың 21-ші ақпанында төрт кардиологиялық науқас бакулев А.Н атындағы НЦССХ директоры академик Бокерия Л.А-дан телеконсультация алды.On-line ежимінде коронокардиографиялық,эхокардиогафиялық зерттеулердің нәтижелері және ЭКГ,УДЗ рентгендік суреттер қорытындылары берілген болатын.Медициналық орталықпен ұйымдастырылатын жыл сайынғы мемлекет аралык ғылыми-практикалық конференцияда(2005-ж.Қырғыз республикасындағы «Медициналық және санаторлы-курорттық көмекті басқару» және «Оқ-Жетпес» санатория негізінде «Қалыпқа келу медицинасы,реабилитация және физиотерапия мәселелері»)телемедициналық технологиялардың мүмкіндіктері қолданылады,видеоконференцбайланыс нақ қазіргі уақыт режимінде болады.Қазақстанда 2004ж. бастап ауылды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша телемедицина жобасы іске қосылған.Жобаны Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе «Мединтерлинк» Қазақстандық компаниясы жүзеге асырады.Жобаның жетекшісі медицина ғылымдарының докторы Болат Алибеков.Осы жоба арқасында ауылдық жерлердегі дәрігер мамандардың АҚШ-тағы,Нью-Джерси госпитальдеріндегі,Сент-Джордж баладар ауруларының орталықтарындағы әріптестерімен байланыс сеанстары жүргізілген.Бірнеше сағаттар бойы Америкалықдәрігерлер Қазақстандық әріптестерімен ауыр дертке шалдыққан науқас балалар және олардың диагноздары жөнінде әнгімелескен.Павлодар облыстық диагностикалық орталығы аудандық ауруханаларға үздіксіз негізде дистанционды консультация корсетеді.
Қазақстандағы телемедицинаның ұлттық жүйесі-Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі дилеммаға ұшыраған:біріншіден ол денсаулық сақтауды финастаудың жаңа түрін талап етсе ,екіншіден-квалификацияланған медициналық көмектің ортақ қол жетімділігін сақтап қалу керек.Телемедициналық жүйені енгізу денсаулық сақтау технологиясының жаңа формаларын денсаулық сақтаудағы дамыған элементтерін сақтай отырып енгізуге мүмкіншілік тудырады.Денсаулық сақтаудың прогрессивті моделін іздестіру квалификацияланған медициналық көмектің ортақ қол жетімділіктің талаптарына сай болуы керек.Заманауи жағдайда бұл алғашқы медициналық көмектің модернизациясы арқылы қол жетуге болады,ол Қазақстанның тарихи,әлеуметтік,географиялық,демографиялық жағдайына қарамастан сақталып,денсаулық саутаудың жаңа моделдеулеріне сай болуы керек.Информатизация және телекоммуникациядағы заманауи технологияларды дамыту Республикадағы алғашқы медициналық көмек жүйесін дамытумен қатар,заманауи технологияларды алшақ орналасқан аудандардағы азаматтарға қол жетімділігін дамыту.Медицинаның және денсаулық сақтаудың ең жылдам дамып келе жатқан саласы-нақты науқас жайлы клиникалық ақпаратты компьютерді және байланыс құралдырын пайдалана отырып шалғайдағы пунктке беру мүмкіндігін тудырған телемедицина болып табылады.Бұл әдіс көптеген денсаулық сақтау мен клиникалық медицинаның көптеген аспектілерін дамытуға септігін тудырады.Потенциалды түрде ол интеграцияланған ауылдық денсаулық сақтаудың медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ететін өзегі болуы мүмкін.Мысалы,Маңғыстау облысында тұратын жүрек-қантамыр жүйесінің немесе тыныс алу жүйесінің ақауы бар күрделі клиникалық жағдайдағы науқасқа 1000 және одан да көп арақашықтықтағы дәрігер көмек көрсете алады. Заманауи медициналық технологиялар тек тестті өндіріп қана қоймай,оларды электронды түрде үлкен ара қашықтықтағы медициналық орталықтарға байланыс құралдарымен беру мүмкіндігімен жасап шығару қабілетіне ие.Ол электорокардиография сияқты стандартты диагностикалық тесттермен қатар компьютерлі томография,Ультрадыбысты зерттеу,сандық рентгеноскопия сияқты күрделі технологияларды да қамтиды.тағы бір артықшылығы уақытқа қарамай осындай типті ақпараттарды электронды түрде сақталуы болып табылады(келешекте диагностикалауға қажет).
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне телемедицинаны енгізу келесі мүмкіндіктерді тудырады:
-ҚР-ң алшақта орналасқан аудандарына кәсіби және квалификацияланған медициналық көмек ұйымдастыру;
-Күрделі ауруларға медициналық көмекті көрсетудің әр этабында медициналық консультациялардың эфектілігін көтеру;
-ҚР-ның денсаулық сақтау мекемелеріндегі науқастар жайлы ақпаратты дербестік талаптарына сай сақтау;
-Төтенше жағдайлардағы медициналық көмекті көрсетудің сапасын жоғарылату;
-Науқастардың арақашықтық мониторингі;
-Профессионалдық қасиеттердің кең көлемде таралуы;
-Аурышылықты бақылау,қоғамдық денсаулық сақтаудың жақсаруы;
-Дәрігерлерге де,науқастарға да жол төлемін қысқарту;
Қазақстандағы ұлттық телемедицина жүйесі өзара интеграцияланған иерархиялық структураны құрайды:
Бірінші дәреже-аудандық.Ол 14 облыстағы орталық аудандық ауруханалардағы 125 телемедиицналық орталықтан тұрады.
Екінші дәреже-облыстық.Ол 14 облыстағы облыстық ауруханалардан тұрады.
Үшінші дәреже-республикалық.Ол республикалық маңызы бар 20 клиниканы біріктіреді.Телемедицинаның даму орталығы,ҚР-ң десаулық сақтау министрлігі,14 облыстың денсаулық сақтауды басқару.
Аудандық телемедициналық орталықтар келесі келесі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген:
DiViSy DOR Personal программалық жабдықтаумен жабдықталынған аудио және видео ақпаратты өндеу кешені;
Желілік құрал-жабдық;Switch(коммутатор) 8порттық D-link;
Желілік фильтрлер;
АРС;
Лазерлік принтер;
Сканер;
Sony EVI-D100P видеокамерасы және аудиогарнитура;
Genius микрофоны;
Genius колонкалары.
Интеграцияланған видеокамерамен және Polycom VSX 6000 сандық устелдік микрофонмен видеоконференцбайланыс терминалы;
Диангоналі 106 см.-LG-Electronics теледидары;
Лизензияланған программалық жабдықтау;
Тумбамен интеграцияланған устел;
Медициналық құрал-жабдық;
ADC рентгендік суреттерді талдау,архивтеуге арналған кешен;
Logiq Book портативті сандық телемедициналық ультрасонограф;
12-каналды ЭК 12Т 01-«Р-Д»телемедициналық электрокардиографы.
Облыстық телемедициналық орталықтар келесі құрал-жабдықтармен қамтылған:
DiViSy DOR Personal программалық жабдықтаумен жабдықталынған аудио және видео ақпаратты өндеу кешені;
IBMx3500 серверлік құрал-жабдық;
Желілік құрал-жабдық;Switch(коммутатор) 8порттық D-link;
Желілік фильтрлер;
АРС;
Лазерлі принтер;
Сканер;
Sony EVI-D100P видеокамерасы және аудиогарнитура;
Genius микрофоны;
Genius колонкалары;
Конференцияларды интергрилденген басқару құралдары және Polycom MGC-50 көпнүктелі байланыс сервері;
Polуcom VSX7400e видеоконференцбайданыс терминалы;
Алдын ала орнатылған лицензияланған программалық жабдықтау;
Диангоналі 106 см.-LG-Electronics теледидары;
ADC рентгендік суреттерді талдау,архивтеуге арналған кешен;
Тумбамен интеграцияланған устел;
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің бірегей ақпараттық жүйесін құруда «Телемедицина» ақпараттық жүйе құрылды.
«Телемедицина» ақпараттық жүйесі:
Кез келген ақпараттық жүйенің құрамы келесі талаптарға сай болу керек:
Байламдардың кең территориалды орналасуы;
Берілетін ақпараттың кең көлемі;
Берілетін ақпаратттың жылдамдығы және қауіпсіздігі;
Орталығы облыстық орталықта байламдары аудан орталықтарында орналасқан «Жұлдыз» атты жүйенің топологиясы;
Нақты уақытта облыс орталығына кең көлемде аудио және видео ақпараттың жиналу және берілу қажеттілігі;
«Телемедицина» ақпараттық жүйесі кедесі мәселелерге квалифицирленген медициналық көмек алуга бағытталған:
-Диагноз қою;
-Болашақ емдік тактикаға;
-Медициналық іс-шараның өткізу мақсаттылығы(зерттеу алды,манипуляциялар және т.б.);
-Денсаулық жағдайын бақылау;
-Дәрігермен консультация керек/керек ,еместігін талдау.
Жүйеде үш иерархия дәрежесі бар:
1.Жүйенің республикалық дәрежесі:
-Телемедицина даму орталығы;
-Республикалық маңызы бар клиникалардың телемедицина орталықтары
2.Жүйенің облыстық дәрежесі:
-Телемедицинаның облыстық орталықтары.
3.Жүйенің аудандық дәрежесі:
-Телемедицинаның аудандық орталықтары.
Телемедицинаның даму орталықтарының функцияларына мыналар кіреді:
-Ұлттық телемедициналық жүйенің координациясы мен мониторингі;
-телемедициналық қызмет көрсетулердің статистикалық есеп беруі мен саналуы.
Республикалық маңызы бар клиникаларда келесі мәселелер шешіледі:
-Шағымдамаларды қабылдау;
-Шағымдамалар бойынша қабылданған шешімдерді тіркеу(алдын ала дайындалған телеконсультация,консультациядан бас тарту,қосымша ақпарат сұрау.)
-Телемедициналық консультацияларды жүргізу;
-Облыстық байламдарға және Телемедицинаның даму орталықтарына шағымдама бойынша қосымша ақпарат және қорытындыларды жіберу;
Облыстық дәрежедегі орталықтарда келесі мәселелер шешіледі:
-Шағымдамаларды қабылдау;
-Шағымдамалар бойынша қабылданған шешімдерді тіркеу(алдын ала дайындалған телеконсультация,консультациядан бас тарту,қосымша ақпарат сұрау.)
-Телемедициналық консультацияларды жүргізу;
-Облыстық байламдарға және Телемедицинаның даму орталықтарына шағымдама бойынша қосымша ақпарат және қорытындыларды жіберу;
-Шағымдамаларды Республикалық маңызы бар клиникаларға жіберу.
Облыстық дәреже өзін консультант ретінде де,республикалық маңызы бар клиниканың телемедициналық орталықтарына шағымдамаларды өндеп жіберіп клиент ретінде де бола алады.Науқасты тіркегенде және тіркелген науқасқа сұраныс дайындау үстінде талап етілген жағдайда алған тіркеуге алынған кездегі қағаздық ақпараттың электронды көшірмесі сұранысқа қыстырылады.Аудандық дәрежеде дайындалған сұраныс облыстық дәрежеге беріледі.
Телемедициналық орталықтың аудандық дәрежесімен өзге Республикалық маңызы бар клиникалармен қарым-қатынасы облыстық дәрежеде жүзеге асады,телемедициналық жүйенің әр облыстық байламында аудындық орталықтардың белгілі бір көлемі бекітілген.
Телемедициналық жүйенің аудандық дәрежесіндегі орталықтар басқа аудандық дәрежедегі орталықтарға қарым –қатынасқа тусуге тиым салынады.
Республикалық және облыстық дәрежедегі орталықтар басқа дәрежедегі орталықтардың қатысуынсыз қарым-қатынасқа түсе алады.
Облыстық дәрежедегі орталықтар арасындағы қарым-қатынасқа тиым салынған.
Аудандық және республикалық орталықтар арасындағы қарым-қатынас облыстық дәрежедегі орталықтар арқылы жүзеге асады.
Жүйе келесі шағын жүйелерден тұрады:
-клиент;
-консультант;
-Телемедициналық сеансты жүргізу;
-есеп беруді дайындау;
-транспорттық шағын жүйе;
-администрациялау.
«Клиент» шығын жүйесі:
Берілген шағын жүйенің мақсаты клиенттердің қабылданған сұраныстарды көріп,болашақта телемедициналық сеансты жүргізу және жүргізілген телемедициналық сеанстың қорытындыларын толтыру болып табылады.Шағын жүйе келесі модульдерден тұрады:
-Телемедициналық консультацияларға жаңа сұраныстарды дайындау;
-Телемедициналық консультацияларды жүргізу кестесін көру;
-Сұрасныстарды қараудың қорытындыларын тіркеу;
-Архивтік ақпаратты қарау.
«Телемедициналық сеансты өткізу» шағын жүйесі:
Берілген шағын жүйе клиентпен консультант арасында телемедициналық консультацияны өткізуді қамтамасыз етеді.
«Транспорттық» шағын жүйе:
-хабарламаларды кепілді түрде жеткізу;
-Басқа байламдардан хабарлама алу;
-Ақпараттың нақтылыгын тексеру.
Шағын жүйе келесі модульдерден тұрады:
-хабарлама жіберу;
-хабарлама қабылдау.
«Администрациялау» шағын жүйесі:
-Анықтамалық ақпаратты жаңарту;
-Пайдаланушылардың тізімдік ақпараттарын басқару;
-Жүйеге пайдаланушылық құқығының қорғалуын басқару;
-Шағын жүйелермен және жүйе модульдерімен арақатынас.
Шағын жүйе келесі модульдерді қамтиды:
-Анықтамалық ақпараттың жаңаруы;
-Хабарлау;
-Қауіпсіздік.
Кешенді тағайындау- оқиға алаңынан видео және аудио ақпаратты оперативті түрде ақпараттты жинау және анализдеу орталықтарына жіберу.Байланс арнасы ретінде жер үстіарналары қолданылады.Видео ақпарат кез келген видео және SVGA құралдарында (монитор,телевизор,плазмалық панельдер,проекциялық кешендер) қарала алады.Кешеннің мүмкіндіктері:
-Әр-түрлі құралдардан видеосигналдарды сандық түрге өткізу:USB,профессионалды видеокамера,видеомагнитофон,теледидар,видеошығыстары бар кез келген медициналық құрал-жабдықтар және т.б.
-Дыбыстық сигналдарды әр-түрлі микрофондардан сандық формаға айналдырып енгізу.
-Монитр экранында видеоақпаратты көрсеткізу;
-Нақты уақытта видеокөріністі жіберу,алдыңғы уақытта өндеу мүмкіндігімен;
-Көріністердің параметрлерін жөндеу;
-Болашақта архивтеу және өндеу мүмкіндігі бар видеоақпарат басу.
-Арналар параметрлерінің жіберу процессінде дистанционды мониторинг жүргізу.
Телемедициналық жүйелерде Қазақстанда жер үсті,волоконды-оптикалық,спутниктік ақпаратты беру жүйелері қолданады.
Телеоқыту
Телемедициналық консультациялармен қамтумен қатар телемедицинаның маңызды компоненті болып телеоқыту табылады.МГУ дағы фундаментальды медицина факультетінің АҚШ-тың білім беру бағдарламалары мен дәрістерді қабылдау бірінші тәжірибесі,МГУ-дан АҚШ қа білім беру бағдарламалары мен дәріс беруі,интернет жүйесінде оқыту материалдарының таралуы телемедицинаның телеоқыту компоненті Ресей медицинасында бірегей оқыту жүйесінің пайда болуына алып келетіні сөзсіз.Әлемдік телемедицина бойынша 189 жобаны анализдей отырып 48%-ы медициналық оқытумен байланысты екенін көрдік.Уақытылы медициналық көмек көрсету,мамандарды қайта оқыту мәселелерінің кешенді шешімі болып арақашықтықтағы консультациялау әдісі,дәрігер-практиканттарды және зерттеуші ғалымдарды ақпараттық қолдау,үздіксіз арақашықтықта оқыту және т.б. болып табылады.Телемедицинаның оқыту бөлімінде екі аспект бар:
Біріншіден,телемедицина технологияларын және байланыс арналарын студенттерді дистанционды оқыту,дәрігерлердің квалификациясын жоғарылату үшін қолдану.Екіншіден,оқыту және сертификация.Республикалиқ және облыстық телемедициналық орталықтар телемедицинаны қолдана отырып медициналық жұмыскерлерді оқыту (қабылданған жоспар мен тақырыптарға сай,келісілген денсаулық сақтау органымен,медициналық дәрісті жүргізу арқылы,видеосеминар,кнференция арқылы)мүмкіндігіне ие.Осындай дәріс жүрген кезде лектор аудиториямен интерактивті байланыста болады.ақпаратты коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы дәрігер және орта медициналық персонал үшін теоретикалық және тәжірибелі дайындықты қамтитын үздіксіз профессионалды білім алу мүмкіндігі туды.Дәррістер видеоконсультация секілді көпнүктелі режимде өтуіне болады,сол арқылы дәріс бірнеше ауданда орналасқан тыңдармандарға оқылуы мүмкін.
