Телемедицина тарихы
Телемедицинаға анықтаманы тек заманауи медициналық ғылымға анықтама бергеннен кейін анықтама бере аламыз.Медициналық информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар медицинаға шексіз мүмкіндік сыйлады,сонымен қатар «медициналық телематика» терминіне өмір сыйлады.Ресми анықтамасы ДДҰ(дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ,1997)бойынша-«медициналық телематика»-дүниежүзілік денсаулық сақтауға,эпидемиялық бақылау орнатуға бағытталған ақпараттықкоммуникациялық технологиялар арқылы медициналық көмек көрсету қызметі,жүйесі дегенді білдіретін құрамдас термин.1959 жылы АҚШ-та бірінші мәрте телевизионды байланыс арқылы психиатрдың консультациясы жүргізілді.Сол жылы АҚШ-та (Монреаль)коксианды кабель арқылы бірінші мәрте өкпе флюрограммасы берілген болатын.1970-1980 жылдары НАСА Аризон,Бостон,Канадағы телевидение арқылы клиникалық нақтыларды берген.Қазіргі таңда АҚШ-тың кем дегенде 40 штатында клиникалық телемедициналық бағдарламалар ,70 электронды жүйе жасалып шығарылған,телевизионды медицина мәселелімен 3 ұйым айналысады.КСРО-да медициналық ақпараттың дистанционды берілуі 60-шы жылдарда жүзеге аса бастаған.Әмбебап телемедициналық жүйелерді жасап шығару және эксплуатация мәселесі биотелеметриялық жүйелерді жасап шығару мен қолдануда үлкен тәжірибе бар ғарыштық медицинамен тікелей байланысты болған.Телемедицина көбінесе ғарыштық медицина үшін жасалған әдістерге негізделеді.1961 жылы адамның айға бірінші мәрте ұшуы барысында пульс көрсеткіштері тіркелген.Кейін ғарыштық медицина функционалды диагностиға жаңа әдіс кардиоинтервалографияны-жүрек ритмінің вариабельділігінің зерттеуін сыйға тартты.Заманауи орбиталық станциялар бортта медициналық зерттеулер үшін,керек консультация беру үшін ,ғарышкерлердің организмінің өмір сүру параметрлерінің кең спектрін бақылау үшін мықты телемедициналық кешендермен қамтылған.Ресейде бірінші телемедициналық әдісті қолдануы 1989жылы Уфадағы газ құбырының жарылуы кезіндегі және 1988 жылғы Армениядағы жер сілкінісінде 300ден аса клиникалық консультация беруге телемедициналық «көпірлер» мүмкіндік тудырған.Телемедициналық технологиялар клиникалық медицинаның әр түрлі саласында кең қолданыс тапқан.Дәрігердің практикасында қолданылатын өзіне тән технологиялық ерекшеліктері бар телемедицина бағыттары:
Телемедициналық консультация-телемедициналық қызметтің ең әйгілі және кең тараған түрі,телемедициналық консультацияның объектісі болып нақты науқастың клиникалық жағдайы,немесе клиникалық зерттеудің белгілі ақпараттары бола алады.Көбінесе радиологиялық зерттеудің ақпараттары практикада кең қолданысқа ие.Бірақ бұл бағыттың кемшіліғі бар,яғни ол нақас жайында толық ақпараттың болмауынан туындайтын ауруды немесе науқасты емдеу үшін қабылданатын шешімдер қиындығы.Консультациялық қолдаудың ерекшеліктеріне байланысты соңғы уақытта келесі терминдер белсенді қолданылады:телеонкология,телеофтальмология және т.б.
Динамикалық бақылаудың телемедициналық жүйелері-созылмалы дертке шалдыққан науқастарды бақылау үшін үй жағдайындағы стационар ретінде қолданылатын жүйе.Соңғы уақытта бұл бағыт «Үй жағдайындағы медицина» атауымен дербестене бастады.Бұл технологиялар өндірістік объекттерде операторлардың денсаулық жағдайын бағалау үшін қолданылады(атомды элекотростанцияларда).
Тотенше және катастрофалық жағдай,және ургентті жағдайлар телемедицинасы(ургентті телемедицина)-берілген телемедицина саласы төтенше экстремалды жағдайда омір қауіпсіздігін қамтамасыз ету,және телемедициналық технологияларды техногенді,табиғи катастрофаларда тұрғындарды ликвидациялау,соғыс жағдайында,террористтік актілерде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге бағытталады.
Телехирургия және дистанционды зерттеу-науқастың организміне арақашықтықта орналасқан маманнның әсер етуі.Қазіргі таңда екі негізгі бағыт бойынша дамып келеді:интерактивті режимде диагностикалық манипуляция кезінде медициналық аппаратураны дистанционды басқару,дистанционды басқарылатын робототехниканы қолдану негізінде хирургиялық операция жүргізу.
Телеоқытылу-біріншіден,медициналық кадрларды даярлау жүйесінің оқыту жүйесіне талемедициналық әдістерді енгізу.Бағыттың ерекшелігі болып бақылау және сертификациялауға телемедициналық жүйелерді енгізу және медициналық манипуляцияларды жүргізу барысында жүргізушіге бағыттаушылық оқыту әдісін енгізу.Екіншіден,соңғы жылдары науқастарды «телехабардарлық» ету қарқынды жүріп жатыр.Науқас қолжетімді түрде өзінің дерті жайлы ақпараттануы керек,оның диагностикалауын және емін(әсірісе хирургиялық) білуі тиіс.
Әскери телемедицина-әскери операцияларды жүргізу барысында телемедициналық технологияларды қолдану.Заманауи солдатты дайындау және баптау мемлекеттен көп қаржы талап етеді,берілген бағытты жетілдіру экономикалық жағынан мемлекетте ұтымды.
Мамандардың ойлауынша телемедицина арақашықтықта диагностикалау болып табылады,бірақ оның потенциалды мүмкіндіктері өте көп,жүйелік технологиялар науқастың бір клиникадан екінші клиникаға ауысқанда документалды түрде ауру тарихын беруге,сақатандыру және төлеу сұрақтарын оперативті түрде шешуге,медициналық персоналдың квалификациясын жоғарлатуға,медициналық технологиялардың және әдістердің кең көлемде енгізуге,дистанциялық медициналық консультацияларға,консилиумдерге,телеконференцияларға,телеманипуляцияларға(аппаратураны дистанционды түрде басқару және арақашықтықтағы хирургиялық операциялар) мүмкіндік тудырады.
Телемедицинаның дүние жүзінде дамуы-алғаш телемедицинаны практикаға енгізген дәстурлі медициналық үшін қол жетімсіз жерлері коп Норвегия болып саналады.Екінші жоба Францияда азаматтық және әскери флоттарының теңізшілеріне бола іске қосылған.Қазіргі таңда телемедициналық жоба дамымаған батыс Еуропа елі жоқ.Телемедицина
қазіргі таңда АҚШ-та қарқынды дамып жатыр.Осы уақытта дүние жүзінің көп елдерінде,мемлекетаралық ұйымдарда көптеген телемедициналық жобалар дайындалып жатыр.ДДҰ медицинадағы дүниежүзілік телекоммуникациялар жүйесін жасап шығаруды көздеп отыр.Тереңдей келсек, ғылыми құжаттармен және ақпаратпен электронды алмасу,телекоммуникациялық жүйені пайдалана отырып ақпаратты жоғарғы жылдамдықта қарастыру,видеоконференцияларды жүргізу,сырттай дискуссия мен жиналыстарды ұйымдастыру,электронды дауыс беруді қамтиды. Әр түрлі мақсаттарға қолданатын медициналық телекоммуникациялардың мемлекетаралық жүйелері даму үстінде:”Satellife”жүйесі-дамып келе жатқан мемлекеттерде медициналық білімдерді тарату және кадрларды даярлау бағдарламасы,”Planet Heres”-ДДҰ-мен ұсынылған дүние жүзілік ғылыми телекоммуникациялар жүйесі,мемлекетаралық ғылыми экспертиза және ғылыми бағдарламалардың координациясы.Еуропалық қауымдастық бірнеше жыл бұрын 70-тен астам ьмемлекет аралық жобаларды финанстаумен келеді,олар телемедицинаның әр түрлі аспектеріне бағытталған:жедел медициналық көмектен бастап(HECTOR жобасы),үй жағдайында емдеу үрдісін жүргізуге дейін(HOMER-D жобасы).Жобалардың басты мақсаты болып медициналық ақпарыттың тіркеуі мен формализациялауды,олардың берілу мен қабылдауын дайындайтын медициналық информатика әдістерінің дамуы болып табылады.Ақпаратты қысқарту алгоритмі өнделуде,ақпаратпен алмасудың стандартты формалары бастапқы ақпарат деңгейінде(көріністер,электрикалық белгілер,мысалы, электрокардиограмма және т.б) және ауру тарихы деңгейінде болады.Әр түрлі дәрігерлік және диагностикалық мамандықтарда автоматизацияланған жұмыс орны жасалу үстінде(Ульртадыбыстық диагностика,компьютерлік томография,рентгенология,биохимия).Жобалардың барлығы жақсы координацияланған,барлық анық жобаларды интеграциялайтын жобалар бар,(мысалы,ITHACA),және жеке жобаларды,ең жақсы шешімдерді бағалайтын жобалар(STAR).Барлық жобалар дубликацияланған,яғни,ЕЭО(Еуропалық Экономикалық Одақ)ең жақсы шешімдерді табу үшін шығындарды жоғарылату үстінде.Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 250-ден астам телемедициналық жобалар белгілі,олар өзара клиникалық (көпшілігі),оқытушылық,ақпараттық және аналитикалық болып
