- •1 Тәжірибелік жұмыс Қос күй диаграммасының құрамы және жіктелуі
- •1.3 Жалпы мәлімет
- •1.3.1 Қос күй диаграммаларының «керемет» нүктелері
- •1.3.2 Қос күй диаграммаларының жіктелу ұстанымдары
- •1.4 Жұмысты орындау тәртібі
- •1.5 Есептің мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •1.7 Ұсынылатын әдебиеттер
- •2 Тәжірибелік жұмыс Берілген пайдалану жағдайлары үшін илемділік пен құнының шектеулі талаптарын ескеру арқылы конструкциялық материалдардың негізін таңдау
- •2.1 Жалпы мәліметтер
- •2.1.1Материалды таңдау нысанасы
- •2.1.2 Конструкциялық қорытпалардың негізгі таңдау алгоритмі
- •2.2 Жұмыстың орындалу тәртiбi
- •2.2.1 Есептеу бөлімі
- •2.3.2 Жалпы мәлімет
- •Тәжірибелік жұмыс 3 берілген пайдалану температура аралығында ыстыққа берік қорытпаның негізін таңдау
- •3.3 Жалпы мәліметтер
- •3.4 Тәжірибелік жұмысты орындау мысалы
- •3.5 Жұмысты орындау тәртібі
- •3.6 Есептің мазмұны
- •3.7 Бақылау сұрақтары
- •3.8 Ұсынылатын әдебиеттер
- •Алюминий негізіндегі екі жүйелі күй диаграммасының критерийлерін анықтау. Легірлеу кешенін таңдау
- •4.3 Жалпы ақпараттар
- •4.4 Тәжірибелік бөлім
- •4.4.1 Қорытпаны синтездеу тапсырмасы
- •4.4.2 Күй диаграммасының критерийін есептеу
- •4.4.3 Алюминий қорытпаларының легірлеуші кешендерін таңдау
- •4.4.4 Алынған нәтижелерді талдау
- •4.4. Алюминий қорытпаларының қос күй диаграммасы
- •4.5 Жұмыстың орындалу реті
- •Есептеу мазмұны
- •4.6.2 Жалпы мәлімет
- •4.7 Бақылау сұрақтары
- •4.8 Ұсынылған әдебиеттер
- •5 Тәжірибелік жұмыс көп циклді жүктеме жағдайында жұмыс атқаратын конструкциялық болатты таңдау әдістемесі
- •5.3 Жалпы мәлімет
- •Механикалық
- •Коррозиолы-механикалық
- •Абразивті
- •Селективті аудару
- •Адгезиялы
- •5.6 Тапсырма
- •5.7 Есептің мазмұны
- •5.8 Бақылау сұрақтары
- •5.9 Ұсынылған әдебиеттер
- •6 Тәжірибелік жұмыс аспапты ыстыққа төзімді болатты таңдау әдістемесі
- •6.3 Жалпы мәлімет
- •6.3.1 Аспаптық болаттарға қойылатын талаптар
- •6.3.2 Қыздыруға төзімділік пен жылуға төзімділікті арттыру тәсілдері
- •6.4 Жұмысты орындау тәртібі
- •6.4.3 Термиялық өңдеу тәртібі:
- •6.4.4 Термоөңдеуден кейінгі микроқұрылым:
- •6.4.5 Дайын аспапты кезекті өңдеу:
- •6.5 Есептің мазмұны
- •6.6 Бақылау сұрақтары
- •6.7 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •7 Тәжірибелік жұмыс күй жүйелерін болжау және химиялық элементтер метажүйелерінің түсінігі
- •7.3 Жалпы мәліметтер
- •7.5Сурет Алюминий күйінің бастапқы уческелік метажүйе диаграммасы.
- •7.4 Жұмысты орындау тәртібі
- •7.5 Есептің мазмұны
- •7.6 Бақылау сұрақтары
- •7.7 Қосымша әдебиеттер тізімі
1.4 Жұмысты орындау тәртібі
1.4.1 Қос күй диаграммаларының анықтамалық әдебиеттерінен сынып күрделілігі түрліше күй диаграммаларын табы [4-13].
1.4.2 Бірігу, түйіндесу, үйлесу, қосылу және қиылысуға жауап беретін күй диаграммаларының элементтерін оқшаулау.
1.4.3 Таңдалған жүйеде дамитын физика-химиялық айналулардың барлық түрлерін сипаттау.
1.4.4 Күй диаграммаларының критерийлерін санау.
1.4.5 Қорытпаның пайдалану және технологиялық қасиеттеріне легірлеуші элементтердің әсері жөнінде негізделген қорытынды жасау.
1.5 Есептің мазмұны
Жұмыстың мақсаты.
Жалпы мәліметтер.
Суреттер мен күй диаграммаларын сипаттау.
Жұмыс бойынша қорытынды.
Бақылау сұрақтары
1.6.1 Күй диаграммасы дегеніміз не?
1.6.2 Күй диаграммасының элементі дегеніміз не, оның шекаралары неден түзілген?
1.6.3 «Керемет» нүктелер дегеніміз не, олар нешеу?
1.6.4 Күй диаграммасының элементтерін қосудың қандай тәсілдері бар?
1.6.5 Қолданыстағы күй диаграммалары қандай топтар мен сыныптарға жіктеледі?
1.7 Ұсынылатын әдебиеттер
1.7.1 Аносов В.Я., Погодин С.А. Основные начала физико-химического анализа. М.-Л. ОНТИ, 1947.876 с.
1.7.2 Воздвиженский В.М. Прогноз двойных диаграмм состояния. М.: Металлургия, 1975. 223 с.
1.7.3 Гуляев Б.Б. Физико-химические основы синтеза сплавов. Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та, 1980. 192 с.
2 Тәжірибелік жұмыс Берілген пайдалану жағдайлары үшін илемділік пен құнының шектеулі талаптарын ескеру арқылы конструкциялық материалдардың негізін таңдау
2.1 Жұмыстың мақсаты: құны минималды жағдайында беріктік пен илемділіктің берілген көрсеткіштерімен жұмыс істеуге қабілетті ерекше талаптарды ескере отырып конструкциялық қорытпаның негізін таңдау методикасын игеру.
2.2 Құралдар мен материалдар: негізгі компонент (темір, алюминий, никель, мыс, магний) ретінде қолдануға болатын таза металдардың механикалық қасиеттерді анықтамалық материалдары олардың негізіндегі таза металдар мен төменлегірленген қорытпалардың құнды биржалардың мәліметтері бойынша құны.
2.1 Жалпы мәліметтер
Қазіргі заманғы жіктеуі бойынша [1], кәдімгі орталарда (ауа атмосферасында) қалыпты температура мен пайдалану жағдайында белгілі жүктемеге қирамай шыдайтын материалдарға конструкциялық материалдар мен қорытпалар жатады. Қорытпа негізгі және легірлеуші компоненттерден құралады. Ол құрамына кіретін элементтердің әсерлесуінің өнімі. Қасиеттердің сипаты мен шамасын анықтайтын металл немесе металдар, әрдайым легірлеуші компоненттер немесе қоспалар болады. Олар қорытпаға оның құрылымы мен қасиеттерін басқару мақсатында арнайы енгізілген компоненттер.
2.1.1Материалды таңдау нысанасы
Материалды ұтымды таңдау – материалтанушылар мен конструкторлардың маңызды міндеті, өйткені машинаның сенімділігі, тиімділігі, үнемділігі бір жағынан оның конструкциясына, ал екінші жағынан оның тетіктеріне қажет материалын дұрыс даңдауына байланысты болады.
Қазіргі таңда оңтайлы материалды таңдаудың бірыңғай методикасы жоқ, жарамды материалды таңдаудың дара (жекеленген) ғана ұсыныстары бар. Жеке жағдайларда түрлі тетіктердің тағайындалуына байланысты әдеттегі материалдар қолданылады. Дегенмен, жалпы жағдайлар бар, оларды келесідей етіп тұжырымдауға болады - егер материал негізгі үш талаптарға жауап берсе, онда оны дұрыс таңдалған деп санауға болады:
пайдалану сенімділігі – σВ шамасымен қамтамасыз етіледі;
технологиялылық – δ салыстырмалы деформациямен бақыланады;
үнемділік – өндірістің пайдалылығын анықтайды.
Материалдың жұмыс істеу қабілеттілігі басты талаптардың бірі болып саналады. Пайдалану сенімділігі, материалдың бекітілген шектеу мен қажетті уақыт аралығында өзінің тағайындалған немесе шартты жұмысын сол кезеңде тоқтаусыз қаматамасыз ету қабілеті. Әрбір нақты жағдайда, сенімділіктің басты сипаттамасы оның негізгі пайдалану шартымен анықталады. Серіппелер үшін – шыдамдылық шегі, себебі олар ұзақ уақыт бойы ауысымды жүктеме жағдайында жұмыс атқарады. Мойынтіректер үшін қажуға төзімділік аса маңызды, ал газ турбиналарының күрекшелері үшін – ыстыққа беріктік және т.с.с. Бұл талаптардан басқа материалдардың қасиет көрсеткіштері бірнеше талаптарға сай болу қажет, бірақ әрбір жеке материалдың шектеуші қасиеттері басыңқы болу қажет.
Материалға қойылатын екінші талап – оның технологиялылығы, демек материалдың қандайда бір тәсілдермен өңделуге жарамдыллығы. Пішімі күрделі тетіктерді алудың ең арзан тәсілі – құю. Сондықтан отыру, сұйықаққыштық, балқу температурасы, жанғыштық және т.б. қасиеттерін ескере отырып жақсы құю қасиеттеріне ие металды таңдау керек. Егер пайдалану қасиеттері құюды пайдалануды керек етпесе, демек қысыммен өңделетін материал жеткілікті мөлшерде соғылуға икемді салқын және ыстық күйінде икемді болу керек. Сонымен қатар түйіршіктің мұрагерлігі мен қызусынғыштығы ескерілу керек.
Пісіруді қолданған кезде қалыптаулықпен қатар пісірілгіштік те технологиялық қаситтердің басты біреуі болып саналады, демек жарықшасыз, көп мөлшерде қалдық кернеусіз және басқа да ақауларсыз берік тігіс түзу бейімділігі. Тетікті кесумен дайындағанда лайықты материал қажет, ол құрал-сайманның жылдам тозуын болдырмау және сынғыш жоңқа түзу арқылы беткі қабаттың тазалығын қамтамасыз ету керек.
Өндірістің экономикасы көп жағдайларда, шешуші рөл атқарады. Материалды таңдағанда, оның құнының арзанын іздеу қажет. Бірақ көп жағдайларда өнімнің өзіндік құны дайындау және өңдеу технологиясына байланысты болады. Сонымен, тиімді материалды таңдау пайдалану сенімділігі және технологиялылықпен тығыз байланыста экономикалық сипаттамаларды есептеуге негізделу керек.
Эксплуатациялық сенімділік пен технологиялығы, материалдың экономикалық талаптарына сай бағасы қарастырылу керек.
