- •050901 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының білімгерлеріне арналған «көлік түрлерінің өЗара әрекеттесуі»
- •Тараз - 2014 ж Әдістемелік нұсқауды дайындаған: «кТжТ» кафедрасының доценті, т.Ғ.К. Кокаев у.Ш., оқытушы, магистр Казыбеков а.К.
- •Тәжірибелік сабақ №1 Бірыңғай көлік жүйесі элементтерінің өткізу қабілеттілігі. Автомобиль жолдарының категориялары
- •Кесте 1. Автомобильдің есептік жылдамдығы
- •Тәжірибелік сабақ №2 Автокөлік кәсіпорны өнімділігі бойынша жоспарды орындауды есептеу
- •Аудандағы көлік балансын есептеу
- •Тәжірибелік сабақ № 4 Темір жолдың негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін анықтау
- •Жүк вагондары паркін пайдалану көрсеткіштерін анықтау
- •Тәжірибелік сабақ №5 Жол бөлімдері негізгі құралдарының қор қайтаруын анықтау
- •Тәжірибелік сабақ №6 Теңіз пароходы кеме жұмыстарының көрсеткіштерін есептеу
- •Порттың жүк телімінің механизациялау коэффициентін есептеу
- •Порт жүк айналымының өзгерісін анықтау
- •Әуе көлігі кәсіпорны жұмыс көрсеткіштерін анықтау
- •Әуе көлігі кәсіпорнының тікұшақтар паркін бағалау
- •Магистральді құбыр өткізгіш жұмыс көрсеткіштерін анықтау
- •Тәжірибелік сабақ №9 Тасымалдауды орындау сапасын бағалау
- •Теңіз пароходы бойынша тасымалдау табысының өзгерісін есептеу
- •Тәжірибелік сабақ №10 Ішкі су көлігі кәсіпорны еңбек өнімділігінің деңгейін есептеу
- •Тәжірибелік сабақ №11 Жолды басқару бойынша көлік жұмыстарының өзіндік құнының өзгеріс динамикасын есептеу
- •Қажетті әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Мұнай-газ және механика факультеті
«Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы
050901 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының білімгерлеріне арналған «көлік түрлерінің өЗара әрекеттесуі»
пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған
әдістемелік нұсқау
Тараз - 2014 ж Әдістемелік нұсқауды дайындаған: «кТжТ» кафедрасының доценті, т.Ғ.К. Кокаев у.Ш., оқытушы, магистр Казыбеков а.К.
Әдістемелік нұсқау «Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
Хаттама №1 «09» қыркүйек 2014ж.
«КТжТ» кафедра меңгерушісі___________ Семернин А.Н.
Кіріспе
Көлік жүйесі - дегеніміз тасымалдауларды орындау кезінде өзара әрекет ететін және бір-бірінен тәуелді көліктің алуан түрлерінің кешені. Әдетте « көлік жүйесі » термині мемлекетке, аймаққа немесе ірі қалаға қатысты қолданылады.
Қазіргі уақытта көлік жүйесінің құрамына көліктің келесі түрлері кіреді: темір жол көлігі, кейде рельстік көлік деп те аталады, теңіз, өзен (дәлірек айтсақ ішкі су көлігі); автомобиль, әуе көлігі, құбырлық көлік құбырларынан, өнім құбырынан (негізінен мұнай өңдеу өнімдерін айдау үшін арналған) тұрады және газ құбыры.
Көлік жүйесінің элементтеріне сондай-ақ келесілер: көліктің алуан түрлерінің кешені болып табылатын қала көлігі (метрополитен, трамвай, троллейбус, автобус және т.б.), өндірістік сондай-ақ ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың тікелей ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өндірістік көлік.
«Бірыңғай көлік жүйесі» - бұл көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық бірлігін айқындайтын түсінік.
Қатынау жолдары –жылжымалы тізбек қозғалысы үшін жарақталып, жабдық-талған құрылымы әртүрлі автомобиль жолдары, әуе жолдары, құбырлар.
Тасымалдау құралдары – бұл жылжымалы тізбек, құбырлар, контейнерлер, поддондар, айналымдағы және бір реттік ыдыс.
Жылжымалы тізбек – локомотивтер, вагондар, кемелер, ұшақтар, тікұшақтар, дирижавльдер, автомобильдер, жартылай тіркемелер, көлік тракторлары мен көлік капсулалары.
Техникалық құралдары мен механизмдер - жүк тиеу –түсіру машиналары, конвейерлер, қаптама түзетін бункерлер, сұрыптау машиналары мен т.с.с.
Басқару және байланыс құралдары - бұл ақпаратты жинақтауды, сақтауды, өңдеу мен таратуды қамтамасыз ететін қондырғылар кешені.
Тәжірибелік сабақ №1 Бірыңғай көлік жүйесі элементтерінің өткізу қабілеттілігі. Автомобиль жолдарының категориялары
1. Автомобиль жолдарындағы қозғалыс жолақтарының өткізу қабілеттілігін анықтау.
Шешуі: Қозғалыс жолағының бір сағат ішінде жеңіл автомобильдерді теориялық өткізу қабілеттілігін анықтау үшін, жол участогы тура және горизонталь кедір-бұдыр жабынмен қапталған жақсы жол жағдаында автомобильдердің бағаналы қозғалыспен жүру мүмкіндігі болуы шарт. Сонда жолдың өткізу қабілеттілігі былай анықталады:
,
авт/сағ
мұндағы, Ia – қозғалыстағы автомобильдің қасындағы автомобиль арасындағы интервал, секунд
қозғалыстағы автомобильдің қасындағы автомобиль арасындағы интервал мына формула арқылы анықталады:
,
сек
мұндағы, L – бір автомобильдің өтуіне келтірілген жол учаскесінің ұзындығы, метр;
v – автомобильдің есептік жылдамдығы (жолдағы ең жоғарғы рұқсат етілген жылдамдығы), км/сағ.
Автомобильдің есептік жылдамдығы жолодың категориясы мен жол учаскесінің күрделілігіне байланысты болады және төмендегі 1-кесте арқылы анықтаймыз.
Бір автомобильдің өтуі үшін келтірілген жол учаскесінің ұзындығы төмендегі сурет1. бойынша былай анықталады:
,
метр
мұндағы, l1 – жүргізушінің реакция жасау кезіндегі автомобильдің өту арақашықтығы жұмыстың дұрыс жағдайы бойынша – 1 секунд), м;
,
метр
l2 – автомобильдің алдыңғы және артқы доңғалақтары тежеу жолдарының айырмашылығы, м;
lб – қауіпсіздік арақашықтығы, м;
lа – автомобильдің ұзындығы, м;
