Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
филос.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Глоссарий

  • АКСИОЛОГИЯ-құндылықтар ілімі, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның іс қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды прин-циптердің философиялық теориясы.

  • АҚИҚАТ-танушы субьектінің обьектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және дидактикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің обьективтік мазмұны.

  • АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ-Гегель философиясының негізгі категориясы, уни-версумды толық күйінде, шартсыз, нақты және тұлғалық жалпылық күйінде білдіреді.

  • АБСОЛЮТТІК РУХ-Гегельдің философиялық жүйесінде абсолюттік идея-сының өзіндік санасын жүзеге асыратын рух дамуының қорытынды звеносы.

  • АКСИОЛОГИЯ-құндылықтар туралы ілім, адам қызметінің бағытталғанды-ғын, адамның іс қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.

  • АНТРОПОЛОГИЗМ-философиялық концепция, оның өкілдері «адам» ұғы-мын негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам, ой-лау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға бола-ды деп тұжырымдайды.

  • АПЕЙРОН-шексіз. Анаксимандрдің пікірінше, формасы жоқ алғашқы зат, барлық заттар осы апейрондардан құралған. Натурфилософтар апейронды алғашқы бастау деп қабылдады.

  • АРХЕТИП-алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық психологияда инстинктілер мен қатар «ұжымдық бейсаналылықтың» қатпарларында бола-тын және жалпыадамзаттық символиканың негізін құрайтын, туа біткен пси-хикалық құрылымдар болып табылады.

  • ВЕРИФИКАЦИЯ-ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығын оларды эмпи-рикалық тексерудің нәтижесінде анықтауды білдіретін методологиялық ұғым.

  • ГЕНЕЗИС-шығу, қалыптасу, пайда болу, туындау, белгілі бір жағдайға, түр-ге, затқа, құбылысқа әкелетін даму дегенді білдіреді.

  • ДАО-дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, қытай философиясы-ның басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумның жоғары принципі, барлық бар нәрселердің алғаш-қы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан ту-ындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао универсалдық заңдылық, көктің өзі де дао заңына бағынады, яғни, адам жер мен көк заңда-ры арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат міндеті дао-ны игеру, яғни дұрыс өмір сүру.

  • АБСОЛЮТ ( лат. absolutus - шартсыз, шексіз) - идеалистік фило-софияның ұғымы, барлық бардың (сущее) біртұтас, жалпы, бастаусыз және шексіз деп пайымдалатын, кез-келген салыстырмалы және шартты болмысқа қарсы қойылатын рухани алғашқы бастауын білдіреді.

  • АНТИНОМИЯ (грекше - заңның өзіне өзі қайшы келуі) - 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалык негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.

  • АПОРИЯ (грекше арогіа - тығырық) - көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым.

  • АПОСТЕРИОРИ (лат.aposteriori - келесіден) - тәжірибеден алынатын білім.

  • АПРИОРИ (лат. a priori - тәжірибеге дейін) - тәжірибеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін ұғым.

  • АРАЛАСУ қазақ дүниетанымының категориясы, жеке адамның ғана емес, жалпы қазақ халқының өмір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандаста- рымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі.

  • АРХАТ Көне Үнді философиясының ұғымы, "жауды жеңуші" дегенді білді-реді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын бұзатын құштар-лық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

  • АСЫЛ АДАМ, БЕКЗАТ АДАМ (ЦЗЮНЬ-ЦЗЫ) - адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға" жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мұндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. Бұл ұғымға қарсы ұғым - "Төмен адам" ұғымы.

  • АТМАН бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: "мен", "өзімді", "дене". Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы - индивидуальдік және универсалдық космостық психикалық болмыс ретіндегі "адам". Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді делінгенмен, ол көбіне ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, "брахман" ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

  • БЕЙСАНАЛЫ (бессознательное) - кең мағынасында субъектінің санасында жоқ психикалық процестердің, операциялардың және жағдайлардың жиын-тығы. Бұл психикалықтың сана құбылыстарынан сапалық жағынан өзгеше ерекше саласы. Бейсаналы шын мақсаттары мен салдарлары сана деңгейінде түсінілмейтін жеке және топтық мінез-құлықты сипаттайды. Фрейд бейсана-лыны сананың қызметіне қарама-қарсы аса зор күш ретінде көрсетеді.

  • БИЛIK әлеуметтік қатынастар формасы, адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметі мен тәртібінің сипаты мен бағытына экономикалық, идеологиялық және ұйымдастырушылық-кұқықтық механизмдер аркылы, сонымен қатар беделдің, дәстүрлердің, күш көрсетудің көмегімен ықпал ете алу қабілетімен сипатталады. Басқару және бағыну принципіне негізделген қатынастар биліктің мәні болып табылады.

  • БОЛМЫС санадан төуелсіз өмір сүретін объективті дүниені білдіретін философиялық ұғым, Кең мағынасында болмыс, бірдеңенің жалпы түрде өмір сүруін білдіретін жалпы және абстрактілі ұғым.

  • БҰЛЖЫМАЙТЫН ИМПЕРАТИВ (категорический импера-тив) - Кант философиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максиме) қарама-қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адамгершіліктік ереже.

  • ДЕКОНСТРУКЦИЯ мәтінге қатысты ерекше стратегия, "деструкцияны" да, реконструкцияны да қамтиды. Термин метафизика дәстүрі ретіндегі европалық дәстүрді қайта түсінуді білдіреді, мұндағы басты нәрсе бұзу емес, позитивті мән құрастыру.

  • ДЕМИФОЛОГИЗАЦИЯ діни философтар мен теологтар қасиетті мәтіндерді қазіргі заман тіліне аударғанда қолданатын методологиялык, тәсілдерді белгілеуге арналған термин.

  • ДЕСТРУКЦИЯ философиялық онтологиялық конструкциялардың негіздеме-лерін айқындау. Деструкция, бір жағынан алғанда, антикалық дәстүр ашқан, кейін ұмытылыңқыраған мүмкіндіктерді ашады, екінші жағынан болмысты өз бетімен, шегіне жете түсінуге бағыттайды. Тарихи-философиялық кон-тексте деструкция адамның өзінің нақты уақытында өз мәнін табатын өзекті өмір сүру мүмкіндіктерінің бірі ретінде түсініледі.

  • ДЕФИНИЦИЯ заттың маңызды ерекшеліктерін немесе ұғымның мағынасын, мазмұнын және шекараларын айқындайтын қысқаша логикалық анықтама.

  • ДИАЛЕКТИКА табиғаттың, қоғамның, адамның және ойлаудың жалпы зан-дары туралы ғылым.

  • ДИСКУРСИВТІ пайымдық, логикалық, тікелей емес, сезімдік, тікелей, ин-туитивтіден өзгеше.

  • ДҮНИЕНІҢ ДІНИ БЕЙНЕСІ негізгі элементі - жалғыз Құдай бейнесі (моно-теистік діндер) немесе құдайлар санының көптігі (политеистік діндер). Қай уақытта болмасын, барлық діндер біздің эмпирикалық шындық өз бетімен өмір сүре алмайды және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, тек жаратылған, себебі ол екінші, нағыз, ақиқат шындықтың - Құдайдың жемісі, проекциясы деп есептейді.

  • ДҮНИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ БЕЙНЕСІ шындықтың жалпы қасиеттері мен занды-лықтары туралы түсініктердің іргелі ғылыми түсініктерді, принциптерді жә-не теорияларды жалпы қорыту мен синтездеу нәтижесінде құрастырылған тұтас бейнесі.

  • ДҮНИЕНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ көптүрлі. Бірақ бәрі адам және дүние қатынасының төңірегінде қалыптастырылған. Бұл қатынас материа-листік немесе идеалистік, диалектикалық немесе метафизикалық, объектив-истік немесе субъективистік тұрғыдан түсінілуі мүмкін.

  • ДХАММА (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (dharma) – бір-неше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда ілімі, рухани білімнің квинтэссен-циясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс зандылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы - болмыстың элементтері. Әлемдік про­цесс - себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі - абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.

  • ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ кең мағынасында дінге қатысты философиялық ұста-нымдардың, оның табиғаты мен функциялары туралы концепциялардың, құ-дайылықтың өмір сүруінің философиялық негіздемелерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға қатынасы туралы философиялық пай-ымдаулардың жиынтығы; тар мағынасында - құдайылық пен дін туралы ав-тономдық пайымдау, философиялық пайымдаудың ерекше типі.

  • ЕЛЕСТЕТУ 1) ертеректе қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі; 2) елестету арқылы жасалған бейне.

  • ЖАН (грекше psyche, латынша anima) - көне грек философтарының түсінігінде дене мен материяға қарама-қарсы субстанция, психикалық құбылыстардың, сезімдер мен ұмтылыстардың, тірі мақұлықтың негізі және оның санасының талпыныстарының жиынтығы.

  • ЖАТТАНУ бастапқы бірліктің бұзылуының нәтижесінде қалыптасатын, субъект табиғатының жұтандануына, өзгеруіне, бұрмалануына әкелетін субъект пен оның қандай да бір функциясының арасындағы қатынастар; сонымен қатар, осы бірліктің бұзылуы процесі.

  • ЖІГЕР адамның белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға саналы, мақсатты түрде ұмтылысы.

  • ИДЕАЛДЫ объективті шындықтың субъективті бейнесі, адамның мақсатқа негізделген қызметі процесінде туындайды (субъективтік идеализм). ИДЕАЛДЫ барлық заттардың объективті өмір сүретін мәні (объективтік идеализм).

  • ИДЕЯ философиялық термин, "мән", "мағына" дегенді білдіреді және ойлау және болмыс категорияларымен тығыз байланысты.

  • ИММАНЕНТТІ затқа, құбылысқа немесе процеске ішкі тән қасиет немесе зандылық.

  • ИНТЕНЦИОНАЛДЫҚ феноменологияда - сананың дүниеге мәнқалыптас-тырушылық (смыслообразующая) ұмтылысы сананың затқа мәнқалыптас-тырушьлық қатынасы, түйсіктердің заттық интерпретациясы.

  • ИНТЕРПРЕТАЦИЯ тарихи-гуманитарлық ғылымдарда мәтіндердің мәндік мазмұнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; математикалық логикада, логикалық семантикада, ғылым философиясында - формальдық тілдің сөй-лемдерінің мағынасын анықтау.

  • ИНТЕРСУБЪЕКТИВТІЛІКсубъсктінің құрылымы, субъектінің ин-дивидуальдік көптігі фактісіне жауап береді және олардың қауымдас-тығы мен коммуникациясының негізі ретінде көрінеді.

  • ИНТУИТВИЗМ философиялық-методологиялық ұстаным, бол­мыс пен та-нымның соңғы негіздемесі ретінде шындықтың субъект пен объектіге бөлі-нуін жоятын, затқа тікелей, "тірі" енуді таниды.

  • ИНТУИЦИЯ білімді дискурсивті туындатусыз және дәлелдеусіз, проблема-лық ситуацияны тұтастай қамту арқылы тікелей алу процесі.

  • ИНЬ И ЯН (қытайша) - этимологиялық мағынасы "төбенің неме­се өзен жаға-сының көлеңкесі мен күнгейі" дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі рет-сіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенің рациональдік, "әйелдік" бастауы, Ян - бейсаналық, "ер адамдық" бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.

  • ИРРАЦИОНАЛДЫ ақыл-ой шеңберінен тыс, логикалық ойлау арқылы жету мүмкін емес, рациональдіге қарама-қарсы.

  • ИРРАЦИОНАЛИЗМ философиядағы идеалистік ағымдарды белгілейтін термин. Иррационализм рационализмге қарама-қарсы, таным процесіндегі ақыл-ойдың мүмкіндіктерін терістейді немесе шектейді және дүниені тану-дың негізі ретінде ақыл-ой жете алмайтын немесе оның табиғатына қарсы бірдеңені түсінеді, болмыстың өзін логикаға қарсы, иррациональдік сипатта деп тұжырымдайды.

  • ИСТОРИЦИЗМ тарихи білімнің логикалық-методологиялық, гносеология-лық және көзқарастық проблемаларын алдыңғы қатарға шығаратын фило-софиялық ағым.

  • ҚАБЫЛДАУ материалдық дүниенің заттары мен процестерінің сыртқы құ-рылымдық сипаттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сезімдік бейнесі.

  • КАЛАМ (арабша калам – сөз) ортағасырлық мұсылман философиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын зерттеп, түсінді-руді және қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік теология деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді.

  • КАРМА "іс-әрекет", көне Үнді философиясының ұғымы. Ең мардымсыз де-ген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уа-қытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар ту-ғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтиже-сінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы ад-амгершілік зандылығы карма деп аталады.

  • КАТЕГОРИЯ шындықтың, пікірлердің және ұғымдардың жал­пы және қара-пайым формалары, олардан басқа ұғымдар туындайды. Сонымен қатар, кате-гориялар таным объектілері болмысының алғашқы және негізгі формалары.

  • КЕҢІСТІК материя болмысының формасы, оның көлемін, барлық материал-дық жүйелердегі элементтердің өзара әсерін және болмыстың кеңістіктік-универсалдық, жалпы категорияларын сипаттайды. Кеңістік бір уақытта бірге өмір сүріп отырған объектілердің орналасу тәртібін білдіреді.

  • КЛЕРИКАЛИЗМ (латынша clericalis - шіркеулік) - католик шіркеуі мен он-ың басшысының беделін көтеруге және күшейтуге бағытталған талпыныстар жиынтығы.

  • КОСМОС (грекше - Ғалам) - хаосқа қарама-қарсы, реттелген, тұтас, жүйелі құрастырылған бірлік ретінде түсінілетін әлем, дүние. Дүниені реттілік пен үйлесімділіктен тұратын космос деп ең алғаш рет Пи­фагор атады.

  • КРЕАТИВТІЛІК - шығармашылықты тұлғаның, процестің, өнімнің мәдениет универсумын, индивидтің тәжірибесін немесе әлеуметтік маңыздылығын өзгертуде көрінетін тудырушы қабілеті.

  • КРЕАЦИОНИЗМ - дүниені жаратылыстан жоғары тіршілік етуші жаратқаны туралы діни ілім.

  • КРИТИЦИЗМ - философиялық және ғылыми-теориялық ойлауға тән ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның міндеті - ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған теорияларды теріске шығару деп пайымдайды.

  • КІСІЛІК - қазақ дүниетанымының категориясы, адамгершілігі мол, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адам болу дегенді білдіреді.

  • ҚОЗҒАЛЫС - материяның маңызды атрибуты, өмір сүру тәсілі. Табиғат пен қоғамда жүріп жатқан процестердің бәрі қозғалыс болып есептеледі. Ең жалпы түрде алсақ, қозғалыс - кез-келген өзгеріс, материалдық объектілердің өзара әсері және олардың күйлерінің ауысуы.

  • КӨЗҚАРАС - метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдардың, сенімдерінің, идеяларның, құндылықтық бағыттарының жүйесі.

  • КУМУЛЯТИВИЗМ - ғылым философиясының методологиялық ұстанымы, білімнің дамуы ақиқат білімдердің қордаланған мөлшеріне жаңа ережелерді біртіндеп қосу арқылы жүреді деп есептейді.

  • ЛИБИДО(лат. libido - құмарлану, қалау, ұмтылу) - Фрейд қалыптастырған психоанализдің негізгі ұғымдарының бірі. Фрейдтің түсінігінде либидо сексуалды сипаттағы құмарлық, көбіне бейсаналы түрде болады.

  • ЛОГОС (грекше сөз және мән-мағына) - Гераклит болмыстың тұтастығын, тұрақтылығын және гармониясын бейнелеу үшін енгізген философиялық субстанционалдық термин; ой, ұғым, ақыл-ой, дүниежүзілік зандылық мағыналарында түсініледі.

  • МАТЕРИЯ - (лат. material - зат) - дүниеде өмір сүріп отырған объектілер мен жүйелердің бәрінің шексіз көптігі, кез-келген қасиеттердің, байланыстардың, қатынастардың және қозғалыстың формаларының субстраты.

  • МАХИЗМ - XX- ғасырдың басында Мах, Авенариус және олардың шәкірттерінің және К.Пирсонның еңбектерінде ұсынылған ғылым философиясы мен методологиясындағы субъективтік-идеалистік бағыт.

  • МӘДЕНИЕТ - адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі, материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.

  • МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ - мәдениетті оның тарихи қалыптасуын және құрылымдық ерекшеліктерін толық қамти отырып зерттейтін философиялық пән.

  • МЕНТАЛИТЕТ - ұжымдық және жеке сананың терең деңгейі, бейсаналыны да қамтиды. Менталитет - индивидтің немесе әлеуметтік топтың іс-әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір түрде сезінуге және қабылдауға дайындығының, ұстанымдарының және бейімділігінің жиынтығы.

  • МЕТАФИЗИКА - бірінші түсінігі (аристотель бойынша) - болмыстың, білімнің және мәдениеттің тәжірибеден жоғары принциптері мен бастаулары туралы философиялық ілім. Екінші түсінігі - диалектикалык материализм метафизиканы диалектикаға қарама-қарсы, болмыстың қайшылықтар арқылы өзіндік сапалы дамуын терістейтін, дүниенің біржақты, тек ойдағы бейнесін құрастыруға бейім философиялық метод деп есептеді. Қазірігі кезенде бірінші мағынасы басымырақ.

  • МЕТОД (грекше metodos - жол, зерттеу) - таным жолы, белгілі бір мақсатқа жету тәсілі, шындықты теория немесе практикалық деңгейде меңгеру әдістерінің жиынтығы.

  • МЕТОДОЛОГИЯ - қандай да бір ғылымда қолданылатын танымдық құралдардың, методтардың, әдістердің жиынтығы. Танымдық және практикалық-өзгертушілік қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен принциптерін, құралдарын зерттейтін білім саласы.

  • МИФ ФИЛОСОФИЯСЫ - мифологиялық сананың құрылымын, мифтің мәдени-психологиялық құрылым ретінде атқаратын функцияларын зерттейтін философиялық сала.

  • МОДАЛЬДІК - кейбір объектілердің немесе құбылыстардың өмір сүруінің, процестің жүру барысының, сонымен қатар объектілер, құбылыстар, оқиғалар мен процестер туралы пікірлер мен логикалық пайымдаулар құрастыру және түсіну тәсілдерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы.

  • МУТАЗИЛИТ (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - каламның беделді мектептерінің бірі, рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.

  • МУТАКАЛЛИМ - каламды жалғастырушылар, құр догматтарға сүйеніп қана коймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және т.б. мәселелерді кеңінен талқылады.

  • НАМЫС - қазақ дүниетанымының маңызды категорияларының бірі, әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын. ар-ұжданы мен сенімін, саналы тіршілік етуші ретіндегі "Менін" аса жоғары, өр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл-оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуін сипаттайды.

  • НАТУРАЛИЗМ - философиялық позиция, барлық бар болып отырғанды табиғатпен теңестіреді, табиғатты болмыстың бөлігі ретінде түсінуді терістейді және теориялық түсіндіруден жаратылыстан тыстың бәрін шығарып тастайды.

  • НЕОПОЗИТИВИЗМ (логикалық позитивизм) - позитивизмнің қазіргі заманғы формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызмет түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық құралдардың ғылыми танымдағы рөлін, білімді математизациялау мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалық базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті.

  • НОМИНАЛИЗМ (латынша nomen - ат, атау) - жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.

  • ОЙЫН – адамның өзін еркін көрсете білуі формасы, мүмкіндік дүниесіне реалды ашықтықты білдіреді және жарыс түрінде немесе қандай да бір ситуацияларды, мәндерді, жағдайларды көрсету (орындау, репрезентация) түрінде өрбиді.

  • ОНТОЛОГИЯ - болмыс туралы, бар болып отырған мен оның формалары, іргелі принциптері, болмыстың жалпы анықтамалары меи категориялары туралы ілім.

  • ӨЗІНДІК ЗАТ - Канттың түсінігі бойынша, танушы субъектіден тәуелсіз, өзі үшін өмір сүретін зат.

  • ӨЗІНДІК САНА - адамның өзін объективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниеге қатынасын, өзін тұлға ретінде, өзінің іс-әрекеттерін, ойларын, тілектерін түсінуі және бағалауы.

  • ПАНТЕИЗМ (грекше pan - бәрі және theos - Құдай) - Әлемді, дүниені, табиғатты құдайы сипатта түсінетін ілім.

  • ПАРАДИГМА - қазіргі заманғы ғылым философиясының маңызды категорияларының бірі. Ғылыми қоғамдастық қабылдаған, ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдердің, құндылықтардың және техникалық құралдардың жиынтығы.

  • ПЕРСОНАЛИЗМ - жер бетіндегі өркениеттің жоғарғы мәні ретіңде Тұлғаны және оның рухани құндылықгарын танитын философиялық позиция.

  • ПЛЮРАЛИЗМ - философиялық-көзқарастық позиция, болмыстың тәуелсіз және бір-бірімен бірікпейтін бастаулары және түрлері (онтологиядағы плюрализм), білімнің, теориялардың, методтардың (гносеологиядағы плюрализм) формалары мен принциптері, тең құқықты және егемен тұлғалар мен топтар (этика мен социологиядағы плюрализм), құндылықтар мен құндылықтық бағыттардың формалары мен принциптері сансыз көп және олар бір-бірімен бәсекелес және күресуші әр түрлі идеологияларда және сенімдерде көрінеді (аксиологиядағы плюрализм) деп пайымдайтын философиялық-көзқарастық позиция.

  • ПОЗИТИВИЗМ - нағыз шын, "жағымды" (позитивті) білімді жеке, арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана алуға болады және философия шындықты өз бетінше зерттеуге ұмтылатын ерекше ғылым ретінде өмір сүруге құқы жоқ деген принципке негізделген философиялық бағыт.

  • ПОСТПОЗИТИВИЗМ - неопозитивизді сынаудың негізінде XX ғасырдың ортасында пайда болды. Ғылыми білім мен ғылыми емес білімнің шекарасы -ғылыми білімнің тәжірибе нәтижелерінің көмегімен терістеле алатындығында деп түсініледі.

  • ПРАКТИКА - адамның материалдық, сезімдік-заттық, мақсатты қызметі, адам қоғамы мен танымның қозғаушы күші, жалпы негізі, оның мазмұны - табиғи және әлеуметтік объектілерді игеру және өзгерту.

  • ПСИХОАНАЛИЗ - психотерапия методы және бейсаналы психикалық процестер мен мотивацияларды басты деп есептейтін психологиялық ілім. XIX ғ. соңында - XX ғ. басында З.Фрейд қалыптастырды.

  • РАЦИОНАЛДЫ - адамның шындықты ақылды меңгеруі.

  • РАЦИОНАЛИЗМ (латынша ratio - ақыл-ой) - таным процесінің басты құралы ретінде ақыл-ойды, пайымды, ойлауды танитын метод және оның негізінде қалыптасқан философиялық бағыттар жиынтығы.

  • РЕДУКЦИОНИЗМ - ғылыми білімнің бірлігі проблемасын барлық ғылымдар үшін бірдей жалпы тіл жасау арқылы шешуге бағытталған методологиялық бағдарлама.

  • РЕЛЯТИВИЗМ — танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әр түрлі жағдайлар мен ситуациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.

  • САНА - объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы, адамға ғана тән формасы, оның адамдардың қоғамдық-тарихи қызметінің жал­пы формалары арқылы көрінетін дүниеге және өзіне қатынасы тәсілі.

  • СЕМАНТИКА - тіл білімі мен логиканың саласы, онда мәнмен, мағынамен және белгілер мен белгілік сөйлемдердің интерпретациясымен байланысты проблемалар зерттеледі.

  • СЕНСУАЛИЗМ - таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді.

  • СИМВОЛ - материалдық заттардың, оқиғалардың, сонымен қатар, сезімдік бейнелердің тікелей, сезімдік-денелік болмыстан өзгеше идеалдық мазмұнды білдіру қабілетін көрсететін ұғым.

  • СТРУКТУРАЛИЗМ И ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ - қазіргі заманғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет құбылыстарының көптүрлілігінің астарында объективті өмір сүретін логикалық құрылымдарды іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы. Струк­турализм өзінің негізгі міндеті деп тұрақты логикалық құрылымдарды, яғни объектілердің тұрақты байланыстарын іздеуді есептейді. Структализмнің жалғасы және өзіндік сыны постструктурализм болды, ол субъектінің құрылымдарға редукциясы мүмкін емес деп тұжырымдады, бұл адамға субъект ретінде қайта оралуды білдіреді.

  • СУБЛИМАЦИЯ - психологияда аффектілік құмарлықтарды әлеуметтік қызметтің және мәдени шығармашылықтың мақсаттарына қайта өзгертетін және аударатын психикалық процесс.

  • СУБСТАНЦИЯ – (латынша- substantia – негізінде жатқан)- өзгермейтін, мызғымайтын, бастауы басқада емес, өзінде,басқа арқылы емес, өзінің арқасында, өзінде өмір сүретін, бәрінің негізінде жатқан нәрсе.

  • ТАНЫМ – объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы.

  • ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ - тарихи процестердің онтологиялық сұрақтарын – тарихтың мәні және бағыты, негізгі тарихи дәуірлердің бөлінуі және реттілігі, тарихи процестің ерекшелігі, тарих пен табиғаттың, тарихи шығармашылықтағы еркіндік пен қажеттіліктің арақатынасы, сонымен қатар, тарих ғылымының гносеологиялық және методологиялық проблемаларын - қамтитын философиялық білім саласы.

  • ТӘҢІРШІЛДІК -табиғат діні, оған табиғат пен адамның бірлігін білдіретін, басты қағидалары - Тәңірге деген сенім, оны Көк-Космостың жоғарғы құдайы деп түсіну және ата-бабаны қастерлеу болып саналатын ежелгі тотемдік, анимистік, фетиштік түсініктер кіреді.

  • ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ -қазіргі замандағы техника феноменін философиялық-методологиялық және көзқарастың зерттеу бағыты. Техника философиясы техникалық білімінің құрылымы мен динамикасын сараптау, техникалық ғылымдардың методологиясы проблема­ларын, сонымен қатар, адамның шындықты техникалық игеруінің гносеологиялық және антропологиялық аспектілерін зерттейді. Қазіргі уақытта техника философиялық контексте кешенді, күрделі, көпаспектілі, қайшылықты құбылыс және адамзат өркениеті дамуының факторы ретінде қарастырылады.

  • ТЕХНОЛОГИЯЛЬҚ ДЕТЕРМИНИЗМ - қоғамдық-экономикалық құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор - өндірістің техникалық және технологиялық жақтарын өзгерту деп тұжырымдайтын методологиялық ұстаным.

  • ТЕХНОФОБИЯ - техникалық іс-әрекеттер мен объектілердің жаттанған дүниесін адамның өз болмысына қауіп төндіретін құбылыс ретінде қабылдауын бейнелейтін ұғым.

  • ТРАНСЦЕНДЕНТАЛЬДЫҚ - таным мүмкіндіктерінің априорлық (тәжірибеден тыс немесе тәжірибеге дейін) жағдайларына жататын.

  • ТРАНЦЕНДЕНТТІК - схоластикалық философияда туындаған термин, сезімдік тәжірибе шекарасынан шығатынның бәрін сипаттайды; діни және метафизикалық таным пәні.

  • ТҰЛҒА - қоғамдық қатынастардағы индивид.

  • УАҚЫТ – материя болмысының жалпы формасы, атрибуты, болмыстың ұзақтығын және дүниедегі барлық материалдық жүйелер мен процестердің жағдайларының ауысуы реттілігін білдіреді.

  • УНИВЕРСАЛИЗМ – жан-жақтылық, көпқырлылық, бәрін қамтушы білім, тұтастыққа ұмтылу, универсумды тұтас ретінде қарастыратын, осы тұтастан жекені бөліп шығарып, түсіндіруге және ұғынуға тырысатын ойлау түрі.

  • ҰҒЫМ - ойлаудың логикалық формаларының бірі, ұғымда шындықтың заттары мен құбылыстары және олардың арасындағы байланыстар олардың жалпы және ерекше қасиеттерін анықтау арқылы жалпы түрде бейнеленеді.

  • ФАЛСАФА (грек сөзі философияның арабша айтылуы) - антикалық философиялық пайымдауды үлгі еткен араб ойшылдарының философиясы.

  • ФЕНОМЕН - мән ұғымымен байланысты және оған қарсы қойылатын ұғым. Шындықты мына түрде қарастырады: адам аңғал реализмнен ("заттарды көріп тұрмын") заттардың құбылысы (көрінісі) олармен бірдей еместігін түсінуге көшеді.

  • ФЕНОМЕНОЛОГИЯ (грек. Феномендер туралы ілім) - басында философиялық пәндердің бірі, кейінірек идеалистік философиялық бағыт, философиялық сананы натуралистік ұстанымдардан (объект мен субъектіні бөліп тастайтын) арылтуға, философиялық сараптаудың өзіндік саласына - сананың өз актілері және олардың мазмұны туралы рефлексиясына жетуге, танымның, адамның өмір сүруінің және мәдениеттің бастапқы негіздерін, толық сипаттамаларын анықтауға ұмтылды.

  • ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ - кең мағынасында-адамның табиғаты және мәні туралы философиялық ілім. Философиялық антропология, тар мағынасында, адамның және оның қатынастарының өмір сүруімен және түсінілуімен байланысты күрделі, көптүрлі проблемаларды қарастыратын философиялық білім саласы.

  • ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ГЕРМЕНЕВТИКА - бастапқыда (анти­ка дәуірінен) бұл сөз мәтіндерді түсіндіру өнері дегенді білдірді. XX ғ. бастап (М. Хайдеггер, Г. Гадамер, П. Анкер және т.б.) бұл терминмен рухани мәдениет феномендерінің мәнін түсіну және игеру туралы философиялық ілім аталады.

  • ХАРИЗМА - адамның ерекше рухани қабілеттілігі, басқа адамдар оны игерудің және әсер етудің қарапайым адамдарда жоқ жаратылыстан жоғары, құдайы күші деп түсінеді.

  • ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ - сапалық жаңа, бұрын ешқашан болмаған бірдеңе тудыратын қызмет.

  • ЭВРИСТИКА - анық емес жағдайларда проблемаларды шешу негізгі пәні болып табылатын метод немесе методологиялық пән. Эвристиканың басты проблемасы - қайшылықтарды жою.

  • ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (өмір сүру философиясы) - жалғыз нақты шындық ретінде адам болмысын танитын қазіргі заманғы иррационалистік философиалық бағыт. Экзистенциализмнің жалпы қағидасы–адамның өмір сүруі индивидтіңәлеуметтік өмір сүруімен салыстырғанда алғашқы.

  • ЭКСПЛИКАЦИЯ – дәл емес ұғымды дәлірек ұғыммен ауыстыру. Экспликация термині символдар мен шартты белгілерді бейнелеу үшін қолданылады.

  • ЭМПИРИЗМ(грекше emperia-тәжірибе)-таным процесін тек сезімдік тәжірибемен(эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиалық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.

  • ЭНТЕЛЕХИЯ(грекше entelechia-аяқталу, жүзеге асу)-мүмкіндікті шындыққа айналдыратын белсенді бастау, ал шындық мүмкіндіктің болуын жүзеге асатын форма деп түсінді және актуальдік іс-әрект ретіндеэнергия деп атады. Мысалы, дененің өзгеріп-қалыптасуындажүзеге асатын энтелехия – жан.

  • ЭПИСТЕМОЛОГИЯ – философианың бөлімі, онда таным табиғатының проблемалары, білімнің шындыққа қатынасы, танымдық процестіңжалпы алғышарттары зерттеледі, оның ақиқаттылығының шарттары анықталады

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Ф.4.09-33

28.05.2015 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

Философия

Кафедра философия және саясаттану

Тьютор К. Н.Аликенова

Мамандық барлық

Кредит саны: 3

Пән циклі міндетті

Студенттер саны 250

Әдебиет түрі

Шифр

Әдебиет атауы

Бар болуы

Ескерту

Кітапханада

және кафедрада

%

Негізгі

1

Ю3я73

Ә21

Әбішев Қ. Философия: Жоғары оқу орындары студенттері мен аспиранттарға

арналған оқулық / Қ. Әбішев.- Өңделіп және толықтырылып үшінші рет басылуы.- Алматы:

Эверо, 2004.- 256 бет.

100

40

2

Ю3я73

Ф52

Философия: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық / Құрастырған Т.

Ғабитов.- Толықтырылған 2-ші басылымы.- Алматы: Раритет, 2006.- 400 б.

250

100

3

Ю3я73

Қ43

Қасабек А. Тарихи-философиялық таным: Оқу құралы / А. Қасабек.- Алматы: КазГЗУ,

2002.- 264б.

10

4

4

Ю3

Н90

Нысанбаев Ә. Қысқаша философия тарихы / Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов.- Алматы:

Эверо, 2004.- 272бет.

10

4

5

Ю3я73

М91

Мырзалы С. Философия: Оқулық баспа / С. Мырзалы.- Алматы: Бастау, 2010.- 644б.

200

50

Қосымша

6

Ю3(2=Каз)я48

Ә14

Нүрышева Г.Ж. Философия. - Алматы: Інжу-маржан, 2013.

10

0,4

7

Ю3я73

А21

Г.К.Абдигалиева и др. Основы философии. Учебник. Алматы., 2012

30

13

8

Ш5(2=Каз)

М32

әл-Машани Ақжан. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.1: әл-Фараби көпірі / А. әл-

Машани.- Алматы: Алатау, 2005.- 296бет.

200

35

9

Ю3(0)

Ә52

Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 1-том: Ежелгі шығыс философиясы /

Құрастырған Ж.Молдабеков.- Алматы: Жазушы, 2005.- 560бет.

180

32

10

Ю3(0)

Ә52

Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 2-том: Антикалық философия /

Құрастырушылар Қ.Әбішев, Т.Әбжанов.- Алматы: Жазушы, 2005.- 568 бет.

11

Ю3(0)41я73

Е78

Есім Ғ. Фалсафа тарихы: Оқулық-хрестоматия / Ғ. Есім.- 2-ші басылымы.- Алматы:

Раритет, 2004.- 304бет.

50

20

12

Ю3я73

Ғ96

Ғылым тарихы мен философиясы: Оқулық / Алтаев Ж., Есім Ғ., Ғабитов Т.,

Байтенова Н.- Алматы: Қазақ университетi, 2006.- 416бет.

50

20

13

Ю3(2=Каз)я723

К14

Кактаева Т.А. Философия негіздері: Оқулық / Т.А. Кактаева.- Астана: Фолиант,

2006.- 180бет.- (Кәсіптік білім).

10

0,4

14

Ю3(0)415

Қ13

Қабылова А.С. Әбу Наср Әл-Фараби және араб-мұсылман философиясы: Оқу құралы /

А.С. Қабылова.- Алматы: Қазақ университетi, 2004.- 51бет.

10

0,4

15

Ю3(2=Каз)

Қ17

Қазақ халқының философиялық мұрасы.Жиырма томдық..1-том:Ежелгі көшпелілер

дүниетанымы / Құраст.Т.Ғабитов,Д.Кенжетай.- Астана: Аударма, 2005.- 496бет.- (Мәдени мұра)

16

Ч111я2

М35

Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік / Құраст. Т.Ғабитов.,А.Құлсариева

және т.б.- Алматы: Раритет, 2004.- 320бет.

17

Ю3я73

Н87

Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы: Оқу құралы / Г.Ж. Нұрышева.- Алматы: Зият

Пресс, 2005.- 180б.

50

20

18

Ю3(0)

Т21

Тарих-адамзат ақыл-ойының қазынасы:10 томдық.Т.2 Антикалық Грекия және Рим

тарихи ойы / Томның ғылыми сараптаушысы және ауд.ред.Ә.Қ.Шашаев.- Астана: Фолиант, 2005.-

416 бет.- (Мәдени мұра).

19

Ю3я73

Т89

Тұрғынбаев Ә.Х. Философия: Жоғары оқу орын.студ.арналған оқу құралы / Ә.Х.

Тұрғынбаев.- Толықтыр.,өңдел.,екінші басыл.- Алматы: Бiлiм, 2005.- 304бет.

100

40

20

Ю3я73

Ф52

Философия: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық / Құрастырған Т.

Ғабитов.- Толықтырылған 3-ші басылымы.- Алматы: Раритет, 2005.- 400 бет.

100

40

21

Интернет: www.phlosophy.ru

анықтамалық

Ч111я2

М35

Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік / Құраст. Т.Ғабитов.,А.Құлсариева

және т.б.- Алматы: Раритет, 2004.- 320бет.

25

10

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1-ТАҚЫРЫП. Философияның мәні және мақсаты

1.Философиялық білімнің негізгі сипаттары.

2.Философияның функциялары.

3.Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.

Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.

Сократ: «Философия – ойлау арқылы ақиқатқа білімге жету».

Геродот: «Философия – білімді, ақылдықты сүю».

Аристотель: «Философия – ғылымдар негізі».

Ортағасырдың діни ойшылдары : Августин : «Философия – ақылдылыққа құштарлық » - дейді.Аквинат: «Философия – барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай)туралы ілім» - дейді. М.Монтень: «Философияның қайғылы, іш пыстыратын нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі – ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан – жарысын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі»- дейді. Т. Гоббс: «Философия адамның ақыл- ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі» дейді. Декарт: «Философия – даналық, адам танып- біле алатын заттар туралы егжей – тегжейлі, жан-жақты білім » - дейді. Фихте: «Ғылыми даму барысында оның шеңберімен жүріп кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты»- деген.

Осы анықтамаларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:

  1. Философия даналықпен,ақыл-оймен байланысты.Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo- сүйемін, sophia- даналық дегенді, басқаша айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.

  2. Философияның басы – таңдану.Сократ «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін »дегендей, таңданған адамзаттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

  3. Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.

Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады.Тәуелділік философияны көркейтпейді.Кеңестік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.

Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл – байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.

Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамныңі арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.

Философияның анықтамасы: Философия – бар болып отырғанды (сущее)тұтас, элементтері бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент – Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М.Әуезов: «Философия... – кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыққа сүйрейді. Философия:

  1. адамның қайдан жаралғанын шешпек;

  2. адамның жанын, ішкі халін тексермек;

  3. Адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.

Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ» дейді.

Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:

  1. Мен не біле аламын?

  2. Мен не істеуім керек?

  3. Мен не нәрсеге үміттене аламын?

  4. Адам дегеніміз не?

Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль, үшіншісіне – дін, төртіншісіне - антропология. Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді.

...Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады».

Көзқарас дегеніміз - адамдардың әлемге арналған жалпылы ойлар, түсініктер. Көзқарастың 3 түрі бар:

1.Миф

2.Дін

3.Философия

Кілт сөздері: философия, адам, мифология, дін, гносеология, методология, аксиология, футурология.

2 – ТАҚЫРЫП. Ежелгі дүние философиясы. Қазактардың алдыңғы философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы.

Қазактардың алдыңғы философиясы.

1. Көшпелі өмір салты – қазақ дүниетанымының қалыптасуының алғы шарттары.

2. Қазақ халқының өмір сүру салтымен байланымсты категориялар: Өмір,Өлім, Араласу, Намыс, Парыз, Кісілік.

Қазақ дүниетанымы көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. Ғылыми әдебиетте көшпелі өркениет туралы ортақ түйін – тұжырым жоқ. Европоцентризм көшпелі мәдениет туралы жағымсыз пікір қалыптастырғаны белгілі.

Шындығында, салмақты сараптау жүргізсек, көшпелі өмір салтының ерекшеліктері, мәдени шығармашылық – потенциалы өте мықты екендігін және оның қазақ дүниетанымының басты ұғымдарының қалыптасуына негіз болғанын көреміз.

1.Көшпенді қазақ халқы табиғатпен біртұтас, «адам - дүние» парадигмасын ұстанып өмір кешті және осы ерекшелік айқындаушы болды.

2. Көшпелілік қозғалыспен тығыз байланысты, ал қозғалыс жетілгендікке, жаңаруға үздіксіз ұмтылыс.

3. Көшпелілік өмір салтынан практикалық сипат береді.

4. Көшіп – қону, ұзақ жол қазақтардың бойында шыдамдылық, өзара түсіністік, қамқорлық, ұйымшылдық, тәртіптілік және тағы басқа адамгершіліктік қасиеттерді тәрбиеледі.

5. Отырықшылықта билік, еркіндікке ұмтылу мәселесі туындайды, ал көшпелі қоғамда адамдардың арасындағы қатынастар салт – дәстүрлер арқылы басқарылып, реттеліп отырады.

6. Көшпелі өмір кеңістігінің шексіздігі ерекше мәдениеттің, өнердің, шығармашылық шабыттың шарықтауына негіз болды.

Қазақ халқының философиялық дүниетанымының басты категориясы - өмір. Адам өмір кешіп жатқан дүние – құндылықтар дүниесі. Материалдық және руханилық долып бөлінетін осы құндылықтардың ең бастысы - өмір. Ол өзінен басқа құндылықтардың өмір сүруіне қажетті бірден – бір шарт және өлшем, өмір болмаса, құндылықтарда жоқ. Осы тұрғыдан талдасақ, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе - өмір. Қазақ халқы өмір мен өлімді салыстыра келіп, «мың күнгі тамұқтан бір күнгі жарық», «өлі арыстаннан тірі тышқан» немесе «тірі адам тіршілігін жасайды» деп, өмірді жоғары бағалайды. Қазақтың түсінігінше, адам тіршілікте өзінің өмірін барлық бағыттарда мүмкіндігінше өміршең етіп жаюы керек, өмір туралы көбірек ойланып оның әр күнін бағалап, маңдайға жазылған өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге ұмтылуы тиіс. Бұл іс адамның өз қолында. Өмірге мән беретін адамның өзі, оның іс - әрекеті. Дүниеге екі келмек жоқ, өмірден өз таба білуге адамның өзі жауапты.

1. Көне Үнді философияның ерекшеліктері, философиялық ерекшеліктері, негізгі ұғымдары және бағыттары.

2. Көне Қытай философияның идеологиялық – практикалық сипаты, негізгі мектептері және өкілдері.

Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері

Көне үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы – Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көнезаманның өзінде – ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.

Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болады. Варна – тұйық жүйе адамның варнадағы орны жәнеәрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар – ой еңбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вайшьялар – жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар – қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік – варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факорлардың бірі осы болуы да мүмкін.

Көне үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі - жеке адамның өміріғ оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым – қатынасы мәселелері болды.

Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:

  1. ғылыми оймен байланысының басты ерекшеліктері;

  2. жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;

  3. діни – мифологиялық оймен тығыз байланыстығылығы;

  4. философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;

  5. негізгі философиялық ұғымдардың мән – мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері

Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне Үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып – дамуында айқындаушы рөл атқарды.

Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері

1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемелекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемелекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемелекет болды.Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер – чжухоу, беделді отбасылар – дафу және ши, ең төменде – ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрина, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағыталды.

2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам-қарапайым «микрокосм», табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді.

3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.

4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді «инь-ян» мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.

Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік құбылыстармен байланысты қарастырды. Дүниенің бес бастауы: су, от, ағаш, метел, жер және табиғаттың бес құбылысы: жаңбыр, күншуақ, ыстық, суық, және жел бар деп түсінген және олар халықтың тұрмысына әсер етеді деп пайымдаған философтар олардың себептерін анықтауға тырысты.

Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: «И цзин» - «Өзгерістер кітабы», «Ши цзин» - «Өлеңдер кітабы» , «Шу цзин» - «Тарих кітабы».

Антика философиясы

1.Көне Греция философиясының ерекшеліктері, негізгі даму кезеңдері мен мектептері.

2.Милет мектебінің натурфилософиясы.

3.Сократ философиясындағы адам мәселесі.

4.Платон және Аристотель:ұқсас жақтары мен ерекшеліктері.

5.Эллинизм философиясының сипаты.

Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері

  1. Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.

  2. Грек философиясы өзінің бай мазмұнымен , жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.

  3. Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.

  4. Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалыптастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп болды.

Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері

Антикалық философияның алғашқы ошақтары: б.д.д. VII – V ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.

Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:

1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.

2) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.

3) Б.д.д. VІ ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиямының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.

Көне Греция философиясының негізгі өкілдері

Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және т.б. ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір – субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес – су, Анаксимандр – апейрон, Анаксимен- ауа деп түсіндірді.Осыған ұқсас пікір Элея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы – от, табиғат ешқащан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарам – қарсылықтардан тұрады.

Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді.Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілікпен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады.

Б.д.д. Vғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рациональдік танымға деген құштарлық күшейді.

Кілт сөздері: Даосизм, Буддизм, Веды, Упанишадтар, Нирвана, Йога, Ньяя, Вайшешика, Миманса,Трипитаки, Метафизика, Атом, Құдай, Апория, Диалектика, Қозғалыс.

3-ТАҚЫРЫП. Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы

1.Орта ғасырлық христиан философияының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.

2. Августин Аврелий, Томас Аквинатттың діни философиясы.

3. Орта ғасырдағы мұсылман философиясы.

4. Әл- Кинди және әл- Ғазали философиясы.

5. «Таза ағайындардың» әлеуметтік көзқарастары.

Теологияның негізгі қағидалары: 1) әлеуметтік статусының қандай екеніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адамзаттың түбі бар; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуеліОрта ғасыр философиясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блаженный)- 354ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері өте көп, негізгілері: «Құдай қала туралы», «Жан сыры» (Тәубә, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге бөлуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрығы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалаы, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайдыф: «Адам Құдайды іздегәсә келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды».Ең басты мәселе – космос, жеке адам мәселесі. Өзінді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұнғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзіңді өзің танып-біл дегеніміз - өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз - Құдайды еске алу, біздің танымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат – Құдайдың махаббаты. Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына»жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және өлетін әрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады. Бірақ Августин Платоның теориясын екі жерден өзгертеді:

  1. Идея Құдайдың ойлары;

  2. Құдай таза Болмыс ретінде басқа

Заттардың ьолмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзіің сәулесін түсіреді, Махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.

Августин Идеяны тану жанының ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ған тән тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.

Орта ғасырлық мұсылман философияның ерекшеліктері:

* ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен дінің бірін-бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.

* көпұлттылық – араб, парсы,түркі және т.б. ұлт филосфтары .

* негізгі философиялық тіл – араб тілі. Араб тілінде философия «фалсафа» деп аталады.

* Басты мәселелер – адам және оның тағдыры, адам және Құдай, адам және қоғам, онтология мәселелері.

Орта ғасырлық мұсылман философиясынының негізгі бағыттары

Қалам (сөз, тіл)- спекулятивтік теология. Спекуляция – тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Қалам – мұсылман қоғамының даму эволюциясының заңды құбылысы болды. Әр түрлі секторлар мен топатар Мұхаммед пайғамбар дүниеден өтекнненкейін ислам ілімінің уағыздарын қызу талқылау нәтижесінде пікірталас объектілерін анықтап, дұрыс шешім іздеп отырды. Белгілі Иран ойшылы Мортаза Мотаххари қаламға «исламдық көзқарастар туралы , яғи ислам тұрғысынан аоғанда не нәрсеге сенімді болу және не нәрсеге сену қажеттігі туралы ғылым» деген анықтама береді.

Каламды жалғастырушылар мутакаллимдер – құр догматтарға сүйеніп қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және тағы басқа мәселелерді кеңінен талқылады.

Каламның беделді мектептерінің бірі – мутазилизмде – (оқшауланушылар, бөлектенушілер) – рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.

Суфизм – «алладан басқа құдай жоқ» қағидасын «алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ» қағидасымен алмастырды. Суфизм – ислам дінінің рухы, мәні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.

Юсуф ибн Исхак әл Кинди (800-870) – араб философиясының көрнекті өкілі, «фалсафа» терминінің тарихта қалуына бірден-бір себепкер. Ұмыт бола бастаған грек мәдениетін қалпына келтіріп, жарыққа шығарған осы ойшыл деуге әбден болады. Ол зерттемеген ғылым саласы жоқ, логика, математика, этика, музыка салаларынан 240-қа жуық еңбек жазған. Ең бастылары – философия саласындағы зерттеулері. Аристотельдің ірі еңбектерін араб тіліне аударған әл Кинди оның философиясын аса құрметтеп, философияны танып-білгісі келген адам әуелі Аристотельді зерттеуді қолға алғаны жөн дейді: «Әрбір істің басшысы алла, бірақ білім бұлағы - Аристотель». Оның пікірінше, жеке адам, ол керемет қабілетті болған күннің өзінде де ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды, сондықтан бұрынғы заманда өмір сүрген басқа халықтар қол жеткізген білімді міндетті түрде игеру қажет. Даналыққа ие болатын адам - өзіне дейін өмір сүрген адамдардың интеллектуальдік жетістіктерін игерген адам ғана: «Ақақаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін алыс елдерден болса да . Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оныайтқан немесе бізге жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды:ақиқатпен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше – ақиқат кез-келген адамдынұрландырады».

Кілт сөздері: Құдай, Ақиқат, Номинализм, Схоластика, Әлем, Патристика, Реалистер.

4-ТАҚЫРЫП. Қайта Өркендеу дәуірі философиясы

1. Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары. Антропоцентризм және гуманизм.

2. Орта ғасырлық ойлаудан Ренессанстықа өту кезеңі. Э. Роттердамский; М. Монтень; Н. Кузанский.

3. Қайта өрлеу Дәуіріндегі өнер және ғылым. Л. Винчи, Н. Коперник, Д. Бруно, Г. Галилей ілімдері.

4. Қайта Өкендеу дәуіріндегі әлеуметтік – саяси философия. Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампанелла.

Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда XIY-XYII- ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезең мәдениетінің барлық саласында керемет жетістіктерге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасаған кезең. Осы дәуір философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалаған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептелінеді.

Қалыптастыру жағдайлары:

1) Европаның алдағы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан - өнеркәсіптік дамытуға, ауыл – селодан – қалаға көшу кезеңі басталды:

2) Ұттық мемлекеттер мен абсолютті монархия қалыптасты;

3) Жаңа тап – буржуазия пайда болды.

4) Терең әлеуметтік конфликтілер: Германияда Шаруалар соғысы, Франция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрді.

Осы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқарастар қажеттілігін туғызды. Бұл кезең орта ғасыр мен антикалық мәдениеттің жалғасы, әсіресе, антикалық мәдениетті қайта өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өркендеу деп аталуы да сондықтан.

Қайта Өркендеу дәуірінің даму үш кезеңнен тұрады: 1)гуманистік немесе антропоцентристік – XIY- ортасынан XY- ғасырдың ортасына дейін; 2) онтрологиялық мәселелер шешеілген неоплатонизм кезеңі - XY-ғ ортасынан XYI –ғ. Бірінші үштігінде дейін: 3) натурфилософиялық кезең- XYI-ғ. Екінші жартысынан бастап XYII- ғ. Басына дейін. Бұл жетудің салыстырмалы екендгі ескерткен жөн.

Ерекшеліктері:

1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі – Адам, ол космостық болмыстың құлы ретінде қарастырылса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтереді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды;

2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды;

3) Осы ғалымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғатпен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылады;

4) Философиялық ой өнерімен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғаты негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін игере алады. Ренессанс адамы – шаруашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығынада, ой сұлулығынада жете алды. Адам –дүниедегі ең әдемі, ең әсем тіршілік етуші. Осы эстетикалық негіз Өркендеу философиясын ерекше мазмұн береді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі асқақтылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін аса құнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі;

5) Ренессанс философиясына гуманизм – адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бағытқа және дамуға ие болу құқын мойындайты көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретіндегі Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі - гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат, саясаткер және т.б. білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа гуманистер мәдениетін жасауға талпынды. Олар өздерінде «философия» деген атақ беріп, философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды философ деп санамады. Гуманизмнің негізін салушылар: Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Ключчо Салютати және т.б.

Кілт сөздері: Гуманизм, Ренессанс, Гелиоцентризм, , Утопия.

5-ТАҚЫРЫП . Жаңа дәуір философиясы

1.ЖаңаДәуір философиясының жалпы сипаттамасы.

2.Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік бағыттар. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза.

3.Дж Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік-философияльқ концепциялары.

4.Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.

Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмүнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. XVII-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқынмен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді және өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсті.

Капиталистік өндіріс тәсілі ғылымға деген сүранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте ондіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсат етіп қойған европалық мемлекеттер ғылыми ізденістерге ерекше коңіл болуге мәжбүр болды, бүл өмір талабы еді. Ғылымдар академиясы да осы кезенде пайда бола баста­ды. Жаңа Дәуірде тәжірибе мен эксперименттерге негізделген ғылымдар, әсіресе математика, алгебра, аналитикалық геометрия, механика күшті қарқынмен дамыды, бүл фактор шіркеудің ролін томендетіп, атеизмнің терең тамыр жаюына әкелді.

Бірақ діннің де ықпалы жойыла қойған жоқ. Мемлекет басшыларына дін халықтың рухани азығы ретінде аса қажет еді, сондықтан да дін мен мемлекет одағының бүзылмауы үшін күрес үнемі жүріп отырды. Бірақ қоғамдық омірде оның секуляризациясы, шіркеуден тәуелсіздік, діни шыдамдылық (веротерпимость) үшін күрес молырақ орын алады, әрбір адамның діни таңдау еркіндігі үшін күрес үнемі жүріп отырады. Осы кезеңде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан - ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан - философиялық шығармаларда діни-теологиялық мазмұн әлі де болса мол болды. Дегенмен де философия ғылымға көбірек бет бүра бастады.

Бүл ерекшелік ағылшын философы Фрэнсис Бэконның (1561-1626) философиясынан анық байқалады. Дворяндар отбасында туып, Кембридж университетін бітірген Бэкон дипломатиялық қызметпен де айналысты, парламент мүшесі, танымал адвокат, шешен, белгілі жазушы ретінде де танылды. Негізгі еңбектері: "Жаңа Органон", "Тәжірибелер немесе адамгершіліктік және саяси қағидалар", "Жаңа Атлантида", т.б.

Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. Оның ойынша, философия ғылыми білімдердің көмегі аркылы адамға табиғатты игеруге көмектесуі қажет. Әйгілі "Білім - күш" (Знание-сила) деген қағиданың авторы Бэкон еді. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды.

Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері - қүдай, табиғат және адам. Бэкон философияны табиғи философия деп түсінеді, оның өзін теорияльқ және практикалық деп бөледі. Біріншісі табиғат қүбылыстарының себептерін түсіндірсе, екіншісі теориялық жаңалықтарды пайдалана отырып, адамға қажетті жаңалықтар ашады. Табиғи философияны Бэкон физика және метафизика деп жіктейді, оның негізінде - Аристотельдің себептілік ілімі. Себептер материалдық және іс жүзіндегі, формальдік және мақсаттық болып бөлінеді. Алғашқы екеуі тәжірибелік зерттеуде нақты көрінеді, себебі олар табиғатта болып жатқан нәрселердің жақын себептері, оларды зерттеу - физиканың міндеті. Бірақ бүл жеткіліксіз, формальдік себептер олардан терендеу, оларды талдайтын - метафизика.

Философияның соңғы бөлімі - адам туралы ілім. Адам индивид ретінде антропологияның, қоғам мүшесі ретінде азаматтық философияның немесе саясаттың пәні. Адам табиғатты өзіне бағындырып, адам патшалығын орнатуы қажет. Бүл істе оған көмектесетін практикалық философия, объективтік ақиқаттарды танып-білу тәсілі, бүл тәсіл "Жаңа Органонда" баяндалады. Бэконның түжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан қүтылуға тырысу керек. Бэкон бүл кемшіліктерді идолдар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды.

Барух Спиноза (1632-1677) Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда-саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бүрды. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек болғанымен, ол бірте-бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударды. Негізгі еңбегі - "Этика".

Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық зандар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау косылады. Спиноза адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерекше атап керсетеді. Бірак оның философиясында қүдай - табиғаттың егізі. Ол -субстанция, қүдайы табиғатта кездейсок ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғат. Спиноза адамгершіліктік ережелердің құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз.

Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мүңға бату - қүлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз "философиялық" деп атап жүрген көзқарас). Өмірде бәрі де өтпелі, қазіргі сәтсіздік - себептіліктің бір звеносы, әлем деңгейінде ол болмашы ғана нәрсе. Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бүл философи-ясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пай-далы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі қүбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді. Өмірден жиі түңілетін қазіргі заман адамына Спиноза философиясы аса пайдалы.

Томас Гоббс (1588-1679) - көрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мөселесін, оның әлеуметтік-қүқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: "Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтык мемлекеттің формасы мен билігі", " Азамат туралы", " Дене туралы", "Адам туралы".

Гоббс философия мен теологияны боліп қарастырады, Бэконның "екі ақиқат " теориясын терендете түсіп, философияны жоғары қояды, "фи­лософия - танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен қүбылыстарға қарай, екінші жағынан, қүбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия", - дейді.

Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін қүдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі - оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады.

Жаңа Дәуір философиясының тағы бір өкілі Джон Локк (1632-1704) Оксфорд университетінің түлегі, осы университетте грек тілі мен риторикадан сабақ берген. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысты, үкіметтің басқарушы қызметкерінде де болды, эмиграцияда да өмір сүрді. Негізгі еңбектері: "Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе", "Ақыл-ойды басқару туралы", "Басқару туралы екі трактат".

Локк эмпиризмді - білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп ырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік үғымдар да адамға біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезендерінде моральдық ережелердің бір-біріне үқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес. Локк қүдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды.

Кілт сөздер: Эмпиризм, Индукция, Дедукция, Рационализм

6-ТАҚЫРЫП. XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы

1. Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде коғамның генезисі мен мәні туралы.

2. Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен кұқықтың алдында тең болу.

3. Жан Жак Руссоның коғамдык келісім-шарт теориясы.

4. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы.

Ағартушылық философия XVІІІ ғ. Бұл уақытта өркениеттің орталығы Францияға көшеді. Содан соң философияда терең осы мемлекетте дамыған. Бірінші орынға әлуметтік мәселелер шығады. Адам мен қоғам, адамның өмірінің мәні, әлеуметтік қайшылықтардың себебі қандай? Деген сұрақтар шешімін табуға тырысқан.Философия материялистік бағытта дамиды. Осы дәуірдің атақты ойшылдары: Гольбах, Гельвеций, Дидро, Жан Жак Руссо, Вольтер. Олар материя деген ұғымды негіз қылып алады. Материя олар үшін ол қасиеттері бар денелердің жиынтығы. Материялизмдерді механикалық сипатталығы метафизикалық. Осы ғасырда Ньютонның заңдары ашылған. Содан соң дамудың бәр түрлерін механикалық заңдармен түсіндіруге тырысқан. Себебі табиғат бір қалыпты зертелінеді. Бірақ француз ойшылдар философиялық антропологияға, әлеуметтануға көп үлестерін қосады. Олардың пікірінше негізгі құндылық адам болу керек. Адам табиғаттың бөлшегі. Бірақ негізгі өмірі қоғамда өтеді. Содан соң адамның өмірінің қиын-шылықтарында кінәлі қоғам. Неге адам адам сияқты өмір сүре алмайды? Олар 3 негізгі себепті белгілейді:

1. Әлеуметтік қайшылықтардың себебі-билікте, философиялық монар-хияда. Монархия адамдарға еркіндікті, бостандықтарды бермейді, адамды ба-сып тастайды. Ал еркіндіксіз адам дами алмайды.

2. Дін адамды алданышты жолға түсіреді. Нақтылы өмірден өтірік көз-бояушылықты, жалған, жасалған өмірге тартады. Дін билікке адамды қанауға көмектеседі.

3. Халықтың қаранғылығы. Білімсіз адамды таптауда жеңіл. Қаранғы-лық адамды төмендетеді, намысты жояды. Ондай халықты басқару да жеңіл. Бәріне бағынады.

Осы себептерді қарастырып француз ойшылдары шешімдерді іздейді.

Шешім: феодалдық монархияны құлату керек. Оның орнына республикалық басқаруды орнату керек. Сол замандағы жиі кездесетін сөздер, ұрандар: ''Еңбек'', ''Бауырлық'', 'Бірлік'',' ''Бостандық''. Француз социалистердің пікірін-ше жаңа билікті өзгерту үшін әр түрлі әдістерді пайдалануға болады. Оның ішінде революцияға шейін. Француз ойшылдарын социалистер деп атау се-бебі олар әлуеметтік қайшылықсыз қоғамды ансаған. 2-шешім. Француз ойшылдар тек қана билікпен емес,дінмен де күреске шығады.Олардың пікірінше дін халық үшін-опиум (есірткі). Дін адамдарды қараңғы түрде ұстағанды дұрыс көреді. Француз социалистер діндердің негізгі кітаптарын сынға түсіріп оларда мыңдаған аса теориялық, логикалық кемшіліктерді табады.

Бұл дәуірді бекер ағартушылық деп атамайды. Француз тұлғалар мектептерді ашуға күреседі, оқулықтарды жазған, сөздіктерді, энциклопедияларды, оларды халықтың арасында таратуға тырысқан. Француз материалистер адамдарды бірінші орынға шығарып, оның тіршілігін өзгертетін жолдарды іздестіреді. Француз ойшылдар еркіндікті, бостандықты жай тандау деп түсінбеген, олар үшін еркіндік ол ерік емес, ол құқықтар, әдістемелік әлеуметтік мүмкіншіліктер. Әр адамда жұмыс істейтін мүмкіншілік болу керек, білім алатын мүмкіншілік және өз-өзін дамыта алатын, қоғамда дамыта алатын мүмкіншіліктер. Француз социалистер революциялық жолды да терістемеген. Себебі: мақсатқа жеті үшін әр түрлі әдістерді қолданған дұрыс дейтін.

Осы дәуірдің атақты ойшылдары - Жан Жак Руссо және Вольтер.

Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) Енбектер1 «қоғамдық шарт жөнінде», «Эмиль» немесе «тәрбие жөнінде» - философиялық онтологияда материалист. Дүниені құдай жаратты дегенге сенбейтін. Себебі ешқашанда ерекше күш болуы мүмкін емес дейтін. Материя ол кішкентай бөлшектердің байланысы. Жер жай ғана космостың бір элементі. Ал космос- кеңістікте де, уақытта да шексіз. Бірақ толық дінді жоюға болмайды деп санаған. Себебі халық дінсіз амаральді болып кетеді. Ештенеден қорықпайтың, жаманшылыққа жақын. Дінді қалдырған дұрыс, бірақ тәрбиелеу үшін, үйрету үшін. Ал ойлаудың бостандығына адамның қызметінің еркіндігіне дін кедергі етпеу керек. Жан Жак Руссоның негізгі шығармасы - ''Қоғамдық келісім туралы'' деп аталады. Оның пікірінше адамдар бірге өмір сүруге келісіп, бір-біріне көмектесіп әр жеке адамды бір тұтастықтың бөлігі ретінде қабылдап байланысты дамығаны дұрыс. Ондай қоғам әділетті бола алады. Әр адам өз еркіндігімен қоғамдық ұйымға кірсе, онда ол қоғамның дәріптерін сақтайды. Ал көпшілік жеке адамға жауапты болу керек. Бір-бірін қолдап, біріне көмектесу, бір-бірін түсіну ол қоғамның принциптері болған дұрыс. Ж.Ж.Руссо адамның өмір сүретін рационалды тәсілдерін іздестіреді. Бұл ойшылды ұлы гуманист деп бекер айтпайды. Ол адамдардың еркіндіктерін, бостандықтарын көбейту үшін көп күрескен. Ж.Ж.Руссо білім беру жолдарында да қарастырған. Халықтың қараңғылығын жоятын жолдарын да іздестірген. Мектептерді бар балаларға ашу керек деп есептеген. Ұқсасты идеяларды дамытқан-Вольтер. Франсуа Мари Аруэ Вольтер(1694-1778жж.) «Метафизикалық трактат», «Тарих философиясы».

Кілт сөздері: Антропология, Қоғам, Монархия, Феодалдық монархия.

7-ТАҚЫРЫП. Классикалық неміс философиясы

1. Классикалық ұғымы. Неміс классикалық фшософиясының пайда болуының әлеуметтік-мәдени шарттары, ерекшеліктері.

2. И.Кант - классикалық неміс философиясының негізін салушы. И.Канттың гносеологиясы мен этикасы.

3. Г.В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары.

Философиялық сөздікте классика деген ұғымға - classicus (латынша) -тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділікке ұмтылу; ұлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес құндылық болып есептелетін ең озық, ұлы туындылар, классика қызуқандылыққа, ретсіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.

Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы - тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қайталанбас тұлға, теңдесі жоқ құндылык. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із калдырған ойшылдар.

Неміс классикалык, философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:

1) Германия үшін XVIII-ғасыр - Ағартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы - білім. Біліммен тым әуестену қаупі XVIII-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рациональді, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуициядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.

2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет өзін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгермандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, монархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.

3) Бұл ерекшелік Пруссия королдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылумен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Прусия казарма ғана емес, ғылымдар академиясын дамытқан ел болды.

Иммануил Кант (1724-1804) - неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисберг университетінің дін факультетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика, математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Философияға кештеу, 45 жасында келді.

Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қарсы екі дүниенің сезім арқылы қабылданатын феноменальдік және ақыл арқылы танылатын ноуменалъдік дүниенің субъектісі. Феноменальдік дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершіліктік идеалдар мен құндылықтар үстем интеллигибельді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі қайшылықтың – табиғат пен еркіндіктің арасында таңдау жасауға мәжбүр. Кант осы екі дүниеиің ара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып, ноуменальдік бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының көмегімен адамгершіліктік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді Кант екі түрге бөледі: шартты және міндетті түрде орындалуға тиіс, бұлжымайтын ережелер.

Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (1770-1831) адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос табиғатын атап көрсетеді. Біріншіден, ол өзінің мазмұнын анықтаушы денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі - философия.

Кілт сөздер: Диалектика, Априори, Апостериори, Рух

8-ТАҚЫРЫП. XVIIIғ.соңы - XXIғ. басындағы философия.

1. XX- ғасыр философиясының негізгі мәселелері және бағыттары.

2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм.

3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис­тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм.

4. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Герменевтика: Г.Гадамер.

Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрыңғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады жоне ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, экзистенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуге болады, бірақ айқын білінетін ерекшсліктері де бap.

ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер, әсіресе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар

күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни, ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрактарға жауап беруге кабілетсіз еді, "Жалпы адам дегеніміз не?"деген сұрақпен шектелмей, "Мен кіммін?" сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Осындай бағыттардың бірі – психоанализ – ХХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австралиялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша "саналыдан" (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан» (бессознательное) және "саналының алдындағыдан" (предсосознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді.

Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрде Фрейд сананың алдындағы деп атайды.

Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.

Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психо­лог, социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын, табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы коюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша, Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді.

Позитивизм - қазіргі заманғы таным теориясының бағыты. Оның негізін қалаушы - француз философы Огюст Конт (1798- 1857). Позитивистердің пікірінше, "болмыс", "материя", «сана» және т.б. ұғымдарға, абстрактылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына, математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзінің дамуында үш кезеңнен өтті:

1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті - объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп пайымдады. Бұл кезеңнің өкілдері - O.Koнт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

2) махизм -дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, филосо­фия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі - австриялык физик Э.Мах.

3) неопозитивизм - ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салыстырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты. Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімдерді тексерудің негізігі принциптері ретінде верификицим, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Постмодернизм - монизм философиясын терістеп, плюрализм философиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сан түрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс философтары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (1879-1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (1930-2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және т.б.

Кілт сөздері: Экзистенциализм, Герменевтика, Персонализм,Структурализм,

Неокантианшылдық, Постпозитивизм, Прагматизм.

9-ТАҚЫРЫП. Қазақ философиясы

1.Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі дүние туралы түсінік

2.Абай іліміндегі адам мәселесі

3.Ш.Құдайбердиевтің философиялық - діни көзқарастары

4.Қазақ ағартушылық философиясы, оның ерекшеліктері

Қазақ философияның дамуында бірнеше саты бар: біріншісін алғы филосо-фия деп аталық. Оған тән нәрсе объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырата білетін сана. Екінші белесті философиялық кезен деп атауға лайық. Оған тән қасиет объективтілік пен субъективтілікті жоғары денгейде ажыра-татын сана.Үшінші белес теориялық – методологиялық қасиеттерімен жан-дандырылған, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.

Қазіргі замандағы қазақ философиясы. Оның өзіндік тарихи ғылымын қазақ философиясының метотарихы деп атаса да болар еді. Бұның бір ерекшелігі зерттейтін объектісі осы заманның ауқымынан шығып, келе-шекті, қазіргіні, өткенді жүйелі түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп, екшеуі, сондықтан өз бойында жана типті ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және жанартуы.

Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ой-лардың құрамдас бөлігі ретінде осыдан екіжарым мың жыл шамасында өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой үрдісінен өшпес іс қалдырған Анахарсисты айтуға облады. Ортағасырлық кезеннің атақты өкілдері - Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмед Үгінеки, Аббас Жауһари, Махмұт Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайри, Камалиден Сығанаки. Әл-Фараби: “Фусул ал-мада-ни”,”Мұсылман Ренессансы”, “Ғылымдардың шығуы”, “Ізгі қала тұрғын-дарының көз қарасы”, “Ақылдың мәні туралы”, “Философиялық трактаттар” т.б. сияқты көптеген философиялар еңбектер. Жүсіп Баласағұн: “Құдатғу білік”, “Мың бір түн”, “Жолбарыс терісін жамылған батар”, Қожа Ахмет Иассауи: Б.з.1104-1167 “Дуани Хикмет”. Махмұт Қашқари: Б.з.1030-1126“Диуани лұғат ат- түрік”; Мұхаммед Хайдар Дулати Б.з. 1499-1551«Тарих-и Рашиди». Ахмет Үгінеки: “Ақиқат сыйы”, “Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайында”.Сүлеймен Бақырғани: “Хакім ата” (“Бақырған”), “Ақыр заман”.15-17 ғасырлардағы қазақ жырауларының ішінен Шалкиіз жырау Тіленшіұлы, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Сарыұлы, Доспамбет жырауларды білеміз.Ағартушылық идеологияның өкілдері: М. Дулатов ”Оян, қазақ!”, «Бақытсыз Жамал». М. Жұмабаев “Тәңір”, “Мен кім?”, “Тез барам”, А. Байтұрсынов”Қазақ өкпесі”, “Тәні саудың жанысау”, “Қазақша оқу жайынан”, Ә.Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, М. Шоқаев, Ж. Аймауытов. Орыс революционер- демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы – демократтарының жанына жақын келеді. Оладың кейбірі (Уалиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г. Чернышевскидің, Н.А. Добралюбовтың, А.И. Герцинның, В.Г. Белинскидің еңбектерімен, ал кейбірі (Уалиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.

Кілт сөздері: Демократ, Шамандық, Мұсылмандық, Жырау.

10-ТАҚЫРЫП. Болмыс - онтологияның орталык категориясы

1. Болмыс ұғымы, оның мәні және ерекшелігі

Болмыстың түрлері

2. Материяның философиялық ұғымы және әлемнің материалдық бірлігі принципі

3. Қөзғалыс - болмыстың жалпы тәсілі

4. Кеңістік пен уақыт - материя болмысының түрі

Болмыс онтологияның негізі ұғымы. Дүниенің байланысты, түтасты, бірлікті дамуын бейнелейді. Болмыстың негізгі түрлері – табиғи, материалды болмыс, элеуметтік болмыс, рүхани болмыс, адам болмысы.

Онтологиялық ұғымдар: материя және түр /форма/, себеп жэне салдар, мүмкіндік жэне шындық, мән және құбылыс, кездейсоқтық жэне қажеттілік.

Болмыстың ең бірінші анықталатын түрі – материя. Материя ұғым ретінде дүниенің тэуельсізді, объективті дамуын бейнелейді. Материя реалды шындық деп те анықтайды. Материяның түрлері - зат және алан. Қазіргі ғылым материяны система ретінде зерттегенде – геосфераны, биосфераны, ноосфераны айырады.

Материяның тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс ол тұрақтылық пен өзгерушілік, үзіктік пен үзіліссіздік. Кейбір ойшылдар қозғалысты қуат пен шатастырыды. Ондай ілім энергетизм деп аталады.

Материяның формалары – кеңістік жэне уақыт.

Кілт сөздері: Энергетизм, Қозғалыс, Кеңістік, Уақыт, Болмыс, Материя.

11-ТАҚЫРЫП. Даму принципі: диалектика және синергетика