Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
филос.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.86 Mб
Скачать

Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға дайындыққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Философия пәнінен практикалық сабақтардың мақсаты – лекция сабақтарында алынған білімді бекіту, философияныңтүйінді мәселелері мен тарихи дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін творчестволық игеру, студентердің ойлау және өз ойын ауызша жеткізе білу қабілетін дамыту.

Философия пәнінен практикалық-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан студенттен мұқият дайындық, ыждағаттылық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары, дайындыққа қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізіміфилософияның ОӘК-не кіретін силлабустан табуға болады.

Студент әрбір сұрақ мазмұнын толық, жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен Интернет материалдарын қолданумен шектелмей, әлемдік философиаларының ой өкілдерінің еңбектерімен танысып, талдай білу қажет.

Студент талқыланып отырған сұрақтың мазмұнын ауызша және өзі дайындаған қысқашаконспектілерге сүйеніп баяндай алады. Қысқаша конспектілер тақырыпты есте сақтауға және жақсы ұғынуға көмектеседі. Сұрақ мазмұнын оқулықтан оқып беру жауап болып саналмайды.

Семинар сұрағын баяндауда методикалық-техникалық,ІТ құралдары,схемалар мен слайдтарды қолдану тақырыпты тереңірек ұғынуға көмектеседі және жоғары балл (тақырыптың презентациясы) алуға ықпал етеді.

Сабақ айтуға дайындық барысында өз ойын логикалық түрде, мазмұнды, анық, айқын жеткізуге, шешен сөйлеп үйренуге басты назар аударған жөн.

Практикалық сабақтардың барлығына ортақ форма – студентердің практикалық сабақ тақырыбының сұрақтарын талқылау процесіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі.

Практикалық 1 сабақ. Философиялық білімнің негізгі сипаттары.

    1. Көзқарас және оның құрылымы

    2. Философиялық көзқарастың ерекшеліктері

    3. Философианың мәдениет жүйесіндегі орны

Әдебиет:

  1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

  2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

  3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: философия ғылымының зерттеу обьектісін анықтау, көзқарастың ерекше түрі болып табылатын философиялық көзқарастың ерекшеліктерін түсіну, философияның мәдениет жүйесіндегі орнын және адам мен қоғам өміріндегі рөлін көрсету.

Философия пәні бойынша оқу бағдарламасының жалпы құрылымына кіріспе болып табылатын бұл күрделі тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Философия – адамзат білімінің ең ежелгі және қызықты салаларының бірі. Философия – даналыққа құштарлық және дүниені ерекше интеллектуальдық меңгеруге талпыныс. Көзқарастың әлеуметтік-тарихи феномен және әлем мен ондағы адамның алатын орнына деген негізгі көқарастарды қорыту ретіндегі мәні. Дүниеге көзқарастардың негізгі типтері: мифологиялық, діни, өмірлік-тәжірибелік және философиялық.

Философиялық көзқарастың іргетасы - әлем және адамды ақыл мен білім тұрғысынан түсіну.

Философия – адамзаттың жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі және қоғамның рухани өмірінің маңызды компоненті. Философияның рухани квинтэссенция ретіндегі “мәңгілік” мәселелері.

Практикалық 2 сабақ.

1.Көшпелі өмір салты – қазақ дүние танымының қалыптасуының алғы шарттары.

2.Көне Үнді философияның ерекшеліктері, философиялық ерекшеліктері, негізгі ұғымдары және бағыттары.

3.Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері

Қазақ дүниетанымы қалыптасуының алғышарттары.

  1. қазақ дүниетанымының негізгі категориялары: Адам, Дүние, Өмір, Араласу, Кісілік.

Әдебиет:

  1. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

  2. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы, 1994.

  3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

  4. Сегизбаева О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: қазақ дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін және негізгі категорияларын талдау.

Тақырыпты дайындау барысында келесі мәселелерді қарастыру қажет:

Қазақ дүниетанымы қалыптасуы негізгі – көшпенді өмір салты. Көшпелілікті отырықшы өркениет өміріндегі абсурд құбылыс деп европоцентристік тұрғыдан түсіндіруге сын. Көшпенді өмір салтының ерекшеліктері. Табиғатпен үйлесімділік, мәңгі қозғалыс қалпында болу – дамудың негізі. Көшпенділер шаруашылығының практикалық сипаты. Көшпенді өмір салтының қазақ халқының адамгершілігі мен асқақ рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпалы.

Адам – қазақ түсінігінде табиғатты және өзін өзгертуші обьект.

Дүние, Өмір – адам болмысының жоғарғы құндылығы, басқа құндылықтардың негізгі және жалғыз мүмкіндігі.

Араласу қазақ халқы өмірінің мәні және барлық адамзат өкілдерімен бірлесе болмыс кешу тәсілі. Араласудың деңгейлері: қарым-қатынас, келіп-кету, сіз-біздесу, араласу, іштесу.

Кісілік – адам жетілгендігінің жоғары деңгейі.

      1. Ежелгі Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері.

      2. Буддизм – адамгершіліктік-этикалық ілім.

      3. Көне Қытай филосоиясының сипаттық ерекшеліктері.

      4. Конфуцийшілдік және даосизм – Ежелгі Қытай философиясының негізгі ағымдары.

Әдебиет:

      1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

      2. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы. 2001.

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үнді және Қытай философиясының

негізгі бағыт-мектерін, ұғымдарын игеру және белгілі ойшылдарының ілімдерімен танысу.

Тақырыпты зерттеудің түйінді мәселелері:

Ежелгі Үнді қоғамының рухани мәдениеті мен философиялық ойының дамуындағы Ведалардың рөлі. Ведалардың бөлімдері: Самхиттер, Брахмандар, Араньяктар және Упанишадалар. Упанишадалардың философиялық мазмұны. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептері.

Азап – буддизмнің негізгі категориясы. Нирвана – балмыстың мәңгі өзгергіштігі туралы ақиқатты игеру және дұрыс өмір сүрудің прициптерін бұлжымай ұстанудың көмегімен азаптан құтылу. Жалпы Үнді философиясы мен буддизмнің дүниежүзілік маңызы.

Қытай философиясы: прагматикалық сипаты және өмірдің практикалық жағына бағытталғандығы. Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері. “Өзгерістер Кітабы ”. Қытай философиялық негізгі түсініктері: дао, ци, жэнь, ли, у-вэй. Лао-цзы – даосизмнің негізін салушы. Даосизм философиясының ерекшеліктері.

Конфуций – Конфуций мектебінің негізін қалаушы. Ақсүйектерді құрметтеу, қоғамда қатал субординацияны талап ету – кейіннен Қытайдың ресми идеалогиясы болып жарияланған конфуциандықтың негізгі ережелері.

Антика философиясы

1. Милет мектебі мен Пифагор философясындағыАлғашқы бастау проблемасы. Демокрит пен Левкипптің атомисткасы.

2. Софистер мен Сократ философиясындағы адам проблемасы.

3. Платон және Аристотель философиясы.

4. Эллинизм философиясы.

Әдебиет:

  1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

  2. Интернет: www.phlosophy.ru

Сабақтың мақсаты: Философия ғылымының бастауы болып табылатын көнеГреция философиясының жалпы мазмұнын ашу, негізгі өкілдерінің көқарастарын игеру.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:

Милет мектебі – антика философиясының пайда болу ошағы. Бардың Алғашқы бастауының іздеу. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен ілімдері, олардың ортақ сипаттары. Пифагор, оның сан және өлшемдік туралы ілімі. Демокриттің болмыс пен бейболмысты бөлуі: әлемде барлығы атомдардан және олардың қозғалысынан тұрады.

Софистер даналықты ғана емес, адамгершілікпен шектелмей, іскерліктен, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқару білуден тұратын асыл қасиетке үйретуші ұстаздар. Софистердің риторикасы. Протагор “Адам дегеніміз барлық заттардың: тіршілік етіп отырғандықтан тіршілік етіп отырған және тіршілік етпей отырғандықтан тіршілік етпей отырған барлық заттардың өлшемі”. Сократтың этикалық философиясы, адамгершіліктік ұғымдарды анықтау. Сократ: “асыл қасиет дегеніміз – білім, өмірдің мәні мәселесі, Сократтың өлімі мәнді өмір ретінде ” Платон мен Аристотель флософиясы – грек философиясының ең биік дамуы. Платонның “Идеялар” теориясы: әр түсінікке болмыс сәйкес. Платонның жан туралы ілімі: жан өзінің денелік табиғатынан бұрын тіршілік етеді. Жетілген және әділетті, яғни идеалды мемлекет туралы ілім. Аристотель: категориялар туралы; материя мен форма туралы; болмысты зерттеу құралы ретінде логика туралы; адам жаны туралы; мемлекет туралы ілім.

Грек демократиясының б.д.д. IV ғ соңындағы дағдарысы. Эллинистік философиясының және оның негізгі ағымдары стоицизм мен эпикуризмнің пайда болуы. Стоицизим идеалдары – сабырлылық және тыныштық. Эпикур: рухани тұрақтылықтың гедонистік этикасы.

Практикалық 3 сабақ.

1.Орта ғасырдағы мұсылман философиясы.

2.Орта ғасырлық христиан философияының даму кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.

1. Орта ғасыр философиясы дамуының кезеңдері. Аврелий Августин және Фома Аквинский ілімдері.

2. Реализм және номинализм: универсалийлер проблемасы.

3. Әл Кинди, әл Фараби, ибн Сина, ибн Рушд перипатетизмі.

4. Әл Ғазали және араб тілді философиясының теологиялық дамуы.

Әдебиет:

1. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. Алматы, 2000.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Орта ғасырлардағы Батыс және Шығыс философиясының ерекшелітерін, зерттеу мәселелерін талқылау.

Семинар сұрақтарына дайындалу кезінде келесі аспектілерге назар аудару керек:

Орта ғасырлық христиандық философия: Інжілдің діни-философиялық идеялары және антика философтардың ілімдері ортағасыр христиан философиясының негізі ретінде. Оның дамуының негізгі кезеңдері: алғаш патристика және классикалық патристика, схоластика.

Августин Аврелий ілімі: Құдай туралы, екінші реалдылық ретіндегі дүние туралы және тағдыр туралы.

Фома Аквинский: Құдай болмысының бес дәлелі. Философияны діни ілім ретінде түсіну. Томизм – католизмнің теориалық құралы. Реализм мен номинализм: универсалий табиғаты туралы пікірталас. У.Оккам: кез-келген танымның обьектісі болып тек жеке табылады.

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Философия тарихын зерттеудегі европоцентристіктерді жеңу. Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін.

Әл Кинди және арабтілді философияның бастауы. Ибн Синаның таным теориясы. Ибн Рушд: дін, теология және философия; ақылдың діннен басымдылығы. Латын аввероизмі.

Әл Ғазали: мұсылмандық теология. Ақиқатты іздеу, Аристотелизмді сынау, теология мен суфизмді татуластыру. Араб тілді философиясының маңызы, оның Европа философиясына дамуға әсер етті.

Практикалық 4 сабақ.

1. Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары. Антропоцентризм және гуманизм.

2. Орта ғасырлық ойлаудан Ренессанстықа өту кезеңі. Э. Роттердамский; М. Монтень; Н. Кузанский.

    1. Антропоцентризм және гуманизм – Ренессанс философиясының негізгі белгілері. Адам мәселесінің Қайта Өркендеу өнерінде бейнеленуі.

    2. Ортағасырлық ойлаудан Ренессансқа өту: Э. Роттердамский, М. Монтень, Н. Кузанский.

    3. Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым: Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей.

    4. Ренессанс дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия: Н.Макиавелли,Т.Мор, Т.Кампанелла.

Әдебиет:

1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

2. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: Ренессанс философиясының маңызын түсіну, негізгі философиялық, ғылыми және әлеуметтік идеаларын талдау.

Тақырыпты игеру барысында мына мәселелерге назар аудару қажет:

Қайта Өркендеу философиясының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын Ренессанс философиясын Орта ғасыр философиясымен салыстыра отырып талдау. Ренессанс және адамның асқақтатылуы. Адам - өзін-өзі жасаушы және әлемді игеруші. Адам мәселесі поэзияда және бейнелеу өнерінде: Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Леонардо да Винчи, Рафаль Санти.

Э. Роттердамскийдің “Ақымақтықты мадақтау”, М.Монтеньннің “Тәжірибелер” еңбектеріндегі адам еркіндігі идеясы.

Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым және оның жаңа ойлауды қалыптастырудағы рөлі.

Практикалық 5 сабақ.

Фрэнсис Бэкон - танымның эмпирикалық тәжірибесінің негізін калаушы. Рене Декарттың рационализмі.

1. Ф. Бэконның эмпиризмі және Р.декарттың рационализмі – Жаңа Дәуір философиясының ағымдары.

2. Д.Локк, Д.Беркли және Д.Юмнің гносеологиясы.

3. Р.Декарт, Б. Спиноза, Г.Лейбництің онтологиясы.

Әдебиет:

1. Батыс философиясының антологиясы. Алматы, 2002.

2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

Сабақтың мақсаты: Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм, рационализм және әлеуметтік-саяси бағыттарының негізгі өкілдерінің философиялық ойларын сараптау.

Талқыланатын мәселелердің негізгілері:

Философияда дүние туралы ғылыми түсініктің дамуы. Ф.Бэкон – танымның қазігі заманғы индуктивтік методының және ғылыми қызметті логикалық жүйелеудің негізін салушы. Ф.Бэкон эксперименттің таным барысындағы басымдылығы туралы. “Білім - күш”, “Идолдар” сыны. Р.Декарт рационализмі “Ойлаймын, демек тіршілік етемін”. “Универсалды математика” біртұтас ғылыми әдіс ретінде. Субстанциялар дуализмі.

Д.Локк: туа біткен білімдерді терістеу, эмпиризмнің дамуы, бірінші және екінші сапалар теориясы, табиғи құқық принциптері. Д.Беркли: субьект қабылдауларының салыстырмалылығы. Д.Юмнің агностицизмі: себептіліктің обьективтік сипатын танып білудің мүмкін еместігі.

Б.Спиноза: субстанция тралы ілім. Құдай субстанция, табиғаттың алғашқы негізі ретінде. Субстанцияның сипаттық белгілері. Спинозаның пантаизмі. Г.Лейбниц: әр түрлі субстанциялардың шексіз көптігі – монадалар туралы ілім. Монадалардың негізгі топтарының иерархиясы.

Практикалық 6 сабақ.

XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы

  1. Шарль Луи Монтескье табиғи факторлардың негізінде коғамның генезисі мен мәні туралы.

  2. Франсуа Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен кұқықтың алдында тең болу.

  3. Жан Жак Руссоның коғамдык келісім-шарт теориясы.

Сабақтың мақсаты: Ағартушылық философиясындағы теңдік, детерминизм және қоғамдық келісім-шарт теориясы туралы анықтау .

Талқыланатын мәселелердің негізгілері:

Ағартушылық философия XVІІІ ғ. Бұл уақытта өркениеттің орталығы Францияға көшеді. Содан соң философияда терең осы мемлекетте дамыған. Бірінші орынға әлуметтік мәселелер шығады. Адам мен қоғам, адамның өмірінің мәні, әлеуметтік қайшылықтардың себебі қандай? Деген сұрақтар шешімін табуға тырысқан.Философия материялистік бағытта дамиды. Осы дәуірдің атақты ойшылдары: Гольбах, Гельвеций, Дидро, Жан Жак Руссо, Вольтер. Ағартушылық дәуірі: ақыл мен сенімнің қарсы тұрыуы. Француз философтарының “Ғылымдар. өнер және кәсіптер энциклопедиясын” құрастыруы – ақыл, ғылым және білімді шексіз асқақтау. Француз ойшылдарының атеизмі, материализмі және антропологизмі. П.Гольбах: әлемнің алғаш негізі – материалдық бөлшектердің әр түрлі формалары. Ж.Ламетри: өмір, адам және сана – табиғаттың эволюциялық дамуының нәтижесі. Вольтер шығармашылығындағы еркіндік идеялары. Ж.Ж.Руссо философиясы.

Практикалық 7 сабақ.

Неміс классикалық философиясы

1. И.Кант философиясындағы гносеология және этика.

2. И.Фихте философиясындағы субьектінің белсенділігі проблемасы.

Шелингтің натурфилософиясы.

3. Г.Гегельдің идеалистік жүйесі және диалектикалық методы.

4. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі және гуманизмі.

5. К.Маркс пен Ф.Энгельстің материалистік ілімі.

Әдебиет:

1. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

2. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

Сабақтың мақсаты: Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің дүниежүзілік маңызы бар ілімдерін талқылау.

Берілген тақырып игеруге күрделі және маңызды болып саналады, сондықтан дайындық процесінде ерекше салмақтылықты талап етеді. Келесі мәселелерге назараудару қажет:

И.Кант – неміс классикалық философиясының негізін салушы. Кант гносеологиясы: априори (тәжірибеге дейін) білім түсінігі – тәжірибені ақыл мен трансценденталды категориялар көмегімен түсіну. Таныпбілімбейтін дүние “өзіндік зат” ретінде. Канттің антимониялар туралы ілімі. Кантттің категориялық императиві – ақылды практикалық қолдану. Кант адамның парызы мен абыройы туралы. Кант этикасы және қазіргі заман.

Гегельдің XIX-XXғ.ғ. философиясына ықпалы. Абсолютттік идея, Логос-тұтас, барлық бардың негізі ретінде. Рух – абсолюттік идеаның жүзеге асуы ретінде. Триада формасында даму. Гегельдің диалектикалық әдісі. “Бақытсыз сана” туралы түсінік.

Л.Фейербахтың антропологиялық материлизмі: адам – табиғи тіршілік етуші. Л.Фейербахтың сенсуализмін танып теориясындағы антропологизм ретінде түсіну. Адам – махаббат обьектісі. Фейербахтың гуманизмі: адамды жаттанудың әр түрлі формаларынан азат ету.

К.Маркс: жаттанған еңбектің мәнін ашу. Жаттану және жеке меншік. әлеуметтік проблематика – марксизмнің ядросы. Материалдық базис – қоғамдық өмірдің бүкіл жүесінің басты звеносы. Маркс ілімі және әлемдік философиясының әрі қарай дамуы. Ф.Энгельс табиғи ғылымдардың философиялық негіздемесі туралы.

Практикалық 8 сабақ.

1. Карл Маркстің ілімі. Позитивизм: ғылымның үстемдігін және философияның пәні мен рөлін өзгертуді жариялау. Огюст Конт.

2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм. Прагматизм философиясы.

1. С.Кьеркегер, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше шығармашылығындағы пессимизм мен иррационализмнің философиялық негіздемесі.

2. Позитивизм мен неопозитивизмнің философиялық проблемалары.

3. Экзистенциализм, оның негізгі бағыттары және ерекшеліктері.

4. Герменевтиканың негізгі мәселелері.

Әдебиет:

1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2001

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

Сабақтың мақсаты: XIX ғасырдағы Батыс философиясының сипаттық мазмұнын, негізгі мәселелерін сараптау.

Тақырыптың ең маңызды аспектілері:

А.Шопенгауэр – XIX-ғ. Философиясының басты бағыттарының бірі – “өмір философиясының” негізін салушы. “Өмір философиясының” рационализмді сынауға бағытталғандығы. Дүниенің мәнін ақылсыз ерік, соқыр күш ретінде түсіну: адам өміріндегі болып жатқанның барлығы тарих пен табиғат заңдары еріктің обьективтенуінің сатылары болып саналады,бейсаналыққа бағынады. Шопенгауэрдің пессимизмі: өмірдің бәрі – азап.

Ф.Ницше – Шопенгауэрдің “өмір философиясын” жалғастырушы және өзгертуші. Христиан құндылықтарын қайта бағалау. Ницшенің Аса туған адам туралы ілімі. Адамның бақыты – оның өсу және өзін анықтау процесіне ұмтылысында.

Къеркегордың экзистенциализмі мен “өмір философиясының” ортақ сипаттары. Трагикалық және экзистенциалдық таңдау мәселесі оның философиясының орталық проблемасы ретінде.

Позитивизм: тәжірибеге сүйенетін нәрсе ғана ақиқат. О.Конт: философияның міндеті – обьективті өмір сүретін материалдық әлем туралы нақты ғылымдардың мәліметтерін жалпылау және жүйелеу. Махизм: әлем “түйсіктер комплекстері” түрінде. Неопозотивизм. К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун: ғылыми теориялардың шын екендігін анықтау әдістерін жасау.

XX ғ экзистенциализмі Европадағы терең әлеуметтік дағдарыстардың бейнесі ретінде. Философиялық талдау обьектісі – адамның өмір сүруі мәселесі, абсурдті қоғамнан жаттанған адамның сезімдері мен уайымы. Экзистенциализмнің категориалдық аппараты: жалғыздық, азап шегу, күйзелу, тасталғандық, үрей. Неміс экзистенциализмі. М.Хайдеггер: экзистенция - өзіндік сана негізі, адам болмысының орталығы. К.Ясперс: адам болмысының және оның өмірінің мәнінің “шекаралық жағдайларда” ашылуы. Француз экзистациализмі. Ж.П.Сартр: экзистенциализм гуманизм ретінде. Адам тек “проект” қана, ол өзін өзі қалыптастыруы тиіс. А.Камю:адамға абсурд дүние қарсы тұрады. Итальяндық экзистенциализм. Н.Аббаньяно: экзистенциализмнің позитивті сипаты.

Герменевтика – түсіну философиясы. Мәтінді талқылау мәселесі. В.Дильтейдің гременевтика рух туралы ғылым әдістемесі деп түсінуі. Г.Гадамер түсіну механизмдері (тіл, қимылдар, өзара үнсіздік сақтау) туралы. Түсіну – диалог процесінде өмірді “ұстап алу”. Мәтін философиялық рефлексия феномені ретінде.

Практикалық 9 сабақ.

1.Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.

2. Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.

1. Қазақ философиясының бастаулары: әл Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Иасауи философиясы.

2. Ш.Уәлихановтың философиялық және қоғамдық саяси көзқарастары.

3. Ағартушылық философиясы және Ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні.

4. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары.

5. Ш.Құдайбердиевтің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері.

6. XX-ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының философиялық көзқарастары.

Әдебиет:

1. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

2. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлем: әлеуметтік-философиялық талдау. Алматы, 2000.

3. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001

4. Сегизбаев О.А. История казахской философии. Алматы, 2001.

5. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1994.

Сабақтың мақсаты: Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін,даму кезеңдерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Қазақ философиясы дамуының негізгі сатылары. Қазақ философиясының бастаулары – ежелгі түркі ойшылдарының философиясы.

Әл Фараби философиясы. Антикалық даналықтың әл Фараби шығармашылығында дамуы: философияның зерттеу обьектісін анықтау; болмыстың негізгі заңдары мен категорияларын; танудың формаларын, сатыларын және тәсілдерін сараптау; логика бойынша зерттеулер. Екінші Ұстаздың әлеуметтік-этикалық доктринасы: “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат”.

Ж.Баласұғынның “Құтадғу білік” еңбегіндегі адамгершіліктік категориялар.

Қ.А.Иасауидің “Диуани Хикмет” еңбегіндегі түркі суфизмінің еркшеліктері.

Ш.Уәлиханов: келешекке бағытталғандық, қазақ қоғамының саяси құрылымын, әлеуметтік жағдайлары мен тарихи болмысын зерттеу.

Ы.Алтынсарин: халықтың болашағы – білімге деген ұмтылыста. Адмгершілік пен білімнің бірлігі. Алтынсариннің гуманизмі: адам біртұтас адамзат тегінің өкілі ретінде. Адал еңбек пен шаманы білу – адам бақытының негізі.

Абайдың философиялық антропологизмі және экзистенциализмі. Абайдың “Қара сөздері” және қазіргі заман. Адамның жағымсыз қасиеттерін сынау. Абай шығармашылығындағы руханилық және таңдау еркіндігі мәселесі.

Шәкәрімнің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Сенім мен ақыл мәселесі. Шәкәрімнің этикасы: ар-ұждан – адам өлшемінің критериі.

Практикалық 10 сабақ.

Болмыс категориясы. Болмыстың түрлері. Материя категориясы. Қозғалыс. Кеңістік және уақыт.

1. Монизм, дуализм және плюрализм концепсияларындағы субстанция проблемасы. Материя философиялық категория ретінде.

2. Қозғалыс, кеңістік және уақыт – материяның өмір сүру формалары.

3. даму және жалпы өзара байланыс принципі.

4. Философиядағы сана мәселесі.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алмты, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: онтологияның зерттеу обьектісін анықтау, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, даму категорияларын талқылау.

Тақырыптың маңызды сұрақтары: Субстанция болмыстың өзгермейтін жойылмайтын негізі ретінде. Субстанция мәселесін монистік, дуалистік және плюралистік тұрғыдан шешудің ерекшеліктері. Материя категориясы туралы антикалық түсінік. XIX-ғ. соңы-XX-ғ. басындағы ғылыми жаңалықтардың материяны түсінудегі рөлі. Материяның лениндік анықтамасы қозғалыс және болмыстың өзгергіштігі. Материя мен қозғалыстың бірлігі. Материя қозғалысының формалары және олардың өзара байланысы. Ф.Энгельс материя қозғалысының түрлері туралы. Қозғалыс формаларын түсінудегі механицизм, редукционизм және энергетизм. Кеңістік пен уақыт қозғалыстағы материяның атрибуттары ретінде. Кеңістік пен уақытты субстанционалдық және реляциондық тұрғыдан түсіну. Кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттері.

Практикалық 11 сабақ.

«Тұтастық», «жүйе», «кұрылым», «бөлік» және «элемент» категориялары.

Синергетика методологиясы.

1. Синергетика методологиясы.

2. Диалектика және метафизика.

Сабақтың мақсаты: Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктерін,даму кезеңдерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Енді танымдағы ең жалпы (универсалды, яғни, философиялық) методологияға келер болсақ, ол:

A) барлық ғылым саласында қолданылады

B) оның негізгі қағидалары нақтылы жүріп жатқан зерттеудің басынан аяғына дейін басшылыққа алынады.

Ғылымда универсалдық методология қағидаларының болуы Дүниеиің біртұтастығымен байланысты. Өлі, тірі табиғат, қоғам өмірі, ойлау үрдістері - бәрі де белгілі бір ең жалпы даму заңдылықтарына бағынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сонау көне заманнан бастап Дүниетану саласында екі бір-біріне қарсы тұрған көзқарас пайда болды. Олар - диалектика және метафизика.

Көне заманда стихиялық диалектиканың негіздері Шығыс пен Батыста бірдей қалыптаса бастады. Дүние - ағым, өзен, - деді Гераклит. Қытай данасы Лао-цзы болса, қарама-қарсылықтың бір-біріне өтетінін айтып қана қоймай, одан өмірге керек қағидалар шығарды. "Қиындықты жеңу үшін жеңілден баста, ұлылыққа жету үшін кішіден баста, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек (әйтпесе, бақытты екеніңді қайдан білесің)..." т.с.с.

Практикалық 12 сабақ.

Эпистемология.

  1. Таным – шындықты бейнелеу формасы

  2. Адам – таным субьектісі

  3. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және тағы басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Гносеологияның негізгі зерттеу мәселелерін, танымның формалары мен тәсілдерін талқылау.

Келесі мәселелерді талдау қажет:

Танудың көптүрлілігі. Білімнің қарапайым, ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс формалары. Сенсуализм және рационализм. Сезімдік тәжірибе және рационалды ойлау, олардың негізгі формалары.

Танымның субьектісі мен обьектісі. Бейсубьектілі таным теориясы. Адам танымының субьектісі ретінде. Адамның танымдық қабілеттері. Алғы шарттық білім: айқын және айқын емес алғы шарттық білім, тұлғалық білім теориясы (М.Полани).

Философиядағы және ғылымдағы ақиқат мәселесі. Ақиқат мәселесінің философия тарихында зерттелуі. Ақиқаттың объективтілігі. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқаттың өлшемі. Ақиқат,адасу және жалған. Скептицизм және агностицизм.

Практикалық 13 сабақ. Философия адамның мәні туралы. Философиялық антропологиядағы адамның «синтетикалық» концепциясы: М.Шелер, А.Гелен, Г.Плеснер.

1. Философия тарихындағы адам мәселесі.

2. Философиядағы гуманистік дәстүр.

3. Адам, жеке адам, тұлға.

Сабақтың мақсаты: Адамның қалыптасу ерекшеліктерін, даму кезеңдерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

Еңбек құндылық ретінде. Адам және адам дүниесі. Өмір және өлім мәселесі. Адам және жаттану: себептері, мәні, тарихи формалары. Еркіндік ұғымы. Еркіндік адамның мәні және құндылығы.

Қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Оның санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мүмкін емес, бірақ табиғатқа белгілі бір дәрежеде мән беретін, оны қабылдайтын -адам.

Екінші табиғат - адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өндеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі.

Практикалық 14 сабақ. Қоғамның типтері. Қоғамның әлеуметтік кұрылымы. «Мәңгілік ел» идеясы.

1. Қоғам философиялық зерттеу обьектісі ретінде.

2. Тарихтың формациялық және өркениеттік концепциялары.

3. Қоғамдық сана және оның формалары.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Әлеуметтік философияның негізгі мәселелерінің қарастыру және қоғамның тарихи дамуы туралы концепцияламен танысу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Тарих өткен шақ туралы универсалды білім типі. Тарих философиясының зерттеу обьектісі – тарих қозғалыстың бағытталғандығы мен кері айналмайтындығын танып-білу. әр түрлі заман философтары тарихтың мәні туралы. “Қоғам прогресі” түсінігі, прогрестің өлшемі.

Қоғам дамуының екі концепциясы: формациялық және өркениеттік. К.Маркстің қоғамдық - экономиколық формация теориясының мәнін сыни талдау. К.Маркс: еңбек өнімділігі мен өндіріс құралдарының прогресі қоғамдық-экономикалық формацияның қозғаушы күші ретінде.

Тарихи дамудың өркениеттік концепциялары. О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин – тарихты сызықтық процесс деп түсінушілікке қарсы шығушылар. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдардың көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестері.

Қоғамдық сана және оның формалары. Қоғамдық сана мен жеке сананың өзара байланысы жалпы мен ерекшенің арақатынасы ретінде. Қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігі. Жеке сананың қоғамдық сананың дамуына тигізетін әсері.

Қарапайым және теориялық қоғамдық сана. Қоғамдық психология эмоциялар, қайғыру және көңіл-күй саласы ретінде. Қоғамдық психологияны зерттеудің маңыздылығы. Қоғамдық психология – белгілі бір қоғамның идеяларының, теорияларының, көзқарастарының жүйесі. Қоғамдық идеология құру механизмі. Идиологизация және деидиологизация теориялары.

Практикалық 15 сабақ. Негізгі жаһандық мәселелер.

Сабақтың мақсаты: Жаһандық ерекшеліктерін анықтау, негізгі ойшылдарының көзқарастарын талдау.

Тақырыпты зерттеу барысында келесі аспектілерге назар аудару керек:

  • Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шешу жолдарын табу үшін алдымен оның өзара тұтас байланыста бірлікте болатын адамзат қоғамдастығының дүниежүзілік проблемалар толқынының өткірлігін кеңдігін ұғынып түсініп алуды қажет етеді.

  • Бұл дегеніміз барша мемлекеттер және халықтар проблемалары ортақ бір планетарлық экипаждың (ұжымның мүшесі) ретінде сезіну. Адамзаттың техногендік заманда аман сау әрі қарай өмір сүруі, саясат пен халықаралық қатынастарда зорлық-зомбылықты болдырмауға, ядролық қарусыз дүниені құруға және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды мойындап, олардың әлеуметтік және ұлттық мүдделерін ең биік бірінші орынға қоюды қажет етеді.

  • Дағдарысты құбылыстардан шығу жолы ретінде:

  • - адам мен табиғаттың ара қатынасының алшақтығын жойып,  қайта жақындату туралы гумандық және этикалық идеялар ұсынылады.

  • - жалпы болмыспен, әлемдегі өзге де көршілерімізбен, жермен, ауамен, сумен, ағаштармен олардың болмыстағы орнын, өзінділігі мен субъективтілігін ескере отырып қатынас жасауымыз керек. Қазіргі кездері белең алып отырған жасылдар қозғалысы, экологиялық қозғалыстар эзотериялық өмір салты, педагогикалық және психологиялық эксперименттер қарапайым тамақтану, мәдени дем алу, шынығу, медитацияның әр түрлі формалары және т.б. болашақ әлемдік өркениеттің не оның баламасының нышандарына мән беру болып табылады.