Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силл.енбек 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.

Еңбек заңнамасында еңбек-құқықтық қатынастардың бұзылуына байланысты екі ұғым қолданылады:

1) еңбек шартын тоқтату

2) еңбек шартын бұзу .

Еңбек шартын «тоқтату» және «бұзу» ұғымдары еңбек құқықтық қатынастарының тоқтатылуын білдіреді. Еңбек шартының тоқтатылуы мерзімінің өтуімен және тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлармен байланыстырылады: қызметкерді әскери қызметке шақыру; қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда; сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда.

Еңбек шартын бұзу бір тараптың (жұмыс беруші немесе қызметкер) көңіл білдіруімен тоқтатылуын білдіреді және бұл бір мезгілде қызметкерді жұмыстан шығаруы болады. Еңбек шартын тоқтату тек қана заң негізінде ғана рұқсат етіледі.

Еңбек шартын тоқтатуды қызметкерді жұмыстан шеттетуден ажырата білу керек. Еңбек шартын тоқтату – жұмыс беруші немесе қызметкердің еңбек құқықтық қатынастарының тоқтату актісі. Қызметкерді жұмыстан шеттету еңбек құқықтық қатынастардың тоқтатуын білдірмейді, бұл жағдайда қызметкердің тек оның еңбек шартында белгіленген еңбек функцияларын орындауы тоқтатылады және сол уақытқа жалақыны төлеу тоқтатылады. Сонымен қатар қызметкерді жұмыстан шеттету уақытша шара болып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Жұмыстан шеттету кезінде қызметкердің жалақысы сақталмайды және жүктілігі мен босануына байланысты берілетін жәрдемақыларды қоспағанда, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен жәрдемақы төленбейді.

Қызметкерді жұмыстан шеттету оны шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы сақталады.

Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Қызметкер мен жұмыс берушінің жазбаша келісуі жеке еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзудың негізі болып табылады.

Еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасымен, егер бұл тарап екінші тарпқа жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкін. Бір тараптың екінші тарапқа ескерту мерзімі жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейін бір айдан кем болмауы керек.

Еңбек шартын бұзу және тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді.

Барлық қызметкерлерге бірдей еңңбек шартының жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуының негіздері Еңбек Кодексінің 54-бабында берілген.

Еңбек Кодексі азаматтардың еңбек ету құқығына заңды кепілдіктер орната отырып, еңбек шарттарының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қызметкерлерді әкімшілік бастамасымен Кодексте бекітілген негіздерсіз бұзуға тыйым салды.

Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.

Дәріс жоспары:

1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.

2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.

Негізгі ұғымдар: шарт, ұжым, ұжымдық шарт.