Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силл.енбек 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

Тақырып №3. Еңбек шарты.

Дәріс жоспары:

1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.

2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.

3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.

Негізгі ұғымдар: шарт, еңбек шарты,қызметкер мен жұмыс беруші

1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.

ҚР Конституциясы бойынша әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Азаматтар мұндай құқығын еңбек шартын жасасу арқылы жүзеге асырады.

Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Отандық заңдарға сәйкес:

кәсіп – адамының жұмыстарының, еңбек қызметінің ең басты түрі, білім туралы лайықты құжаттармен расталған;

мамандық – білім туралы лайықты құжаттармен расталған белгілі бір қызметке қажетті дайындық және тәжірибемен шыңдалған білім, іскерліктер және дағдылардың кешені;

біліктілік – белгілі бір қызметті орындауға қажет кәсіптік дайындық.

Еңбек шартының ұғымы үш өзара байланысқан аспектілерде қарастырылады: біріншіден, азаматтардың еңбек бостандығына құқығын іске асыру түрі сияқты; екіншіден, еңбек құқықтық қатынасының пайда болуы және өмір сүруіне негіз сияқты; үшіншіден, азаматтарды жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты сияқты.

Тек қана еңбек шартын жасасқаннан кейін қызметкер тап осы кәсіпорын, мекеме, ұйымның өндіріс ұжымына қосылады және оның ішкі тәртібіне бағынады.

2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.

Еңбек шартының тараптары жұмыс беруші (қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға) және қызметкер (жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша тікелей жұмысты атқаратын жеке тұлға) болып табылады.

Тараптарға қатысты заңнама жасқа шек қоюды бекітті, осыған сәйкес 16 жасқа жеткен тұлға тарап болуы мүмкін, ал белгілі оқиғаларда 14 жастан және 14 жасқа дейін. Осы жағдайларда ата-анасының (қорғаншысының, қамқоршысының) келісім беруі қажет. Олар кәмелетке толмағандармен еңбек шартына бірге қол қояды.

Кез келген шарттың мазмұны деп оның жағдайлары түсініледі. Тараптардың құқық өкілеттілігі және міндеттерін анықтайтын барлық жағдайлардың жиынтығы еңбек шартының мазмұнын құрастырады.

Жеке еңбек шартын жасау. Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда, кемінде екі дана етіліп жасалады және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартында көрсетілген жұмыстың басталу күні қызметкердің еңбек міндеттерін орындалуының басталуы деп есептеледі.

Жеке еңбек шарты болмаған немесе ол жұмыс берушінің тарапынан тиісті түрде рәсімделген жағдайларда жеке еңбек шартының күші жұмысқа нақты жіберілген кезден басталады.

Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

Жұмыс беруші үш күн мерзімде қызметкерді актімен таныстыруға міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны қызметкердің қол қоюымен куәландырылады.

Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған актінің тиісінше расталған көшірмесін беруге міндетті.

Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) қатысы бар өзге де актілермен, ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті.

Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар керек:

1) жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлігі);

2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР-ның аумағындатұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);

3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);

6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;

7) салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы құжат.

Жеке еңбек шартында:

1) тараптардың реквизиттері;

-жұмыс беруші - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері;

-жұмыс беруші – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу номері мен уақыты;

-жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, әкесінің аты және қызметі;

-жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы жеке басын куәландыратын құжатының атауы, номері , берілген күні;

-қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, номері берілген күні;

-әлеуметтік жеке кодының номері (ӘЖК);

-салық төлеушінің жеке номері (СТН);

2) еңбек функциясы (белгілі бір қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмысы);

3) жұмыстың атқарылатын орны;

4) еңбек шартының мерзімі;

5) жұмыстың басталу күні;

6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;

7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;

8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;

9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;

10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;

12) кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;

13) сақтандыру жөніндегі талаптар;

14) тараптардың жауапкершілігі;

15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.

Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.