- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
Дәріс жоспары:
1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Негізгі ұғымдар: тараптар, жұмыс беруші, қызметкер
1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады.
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыстағы заңнаманың негізінде қоғамдык еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары болып танылады.
Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар (келісім комиссиялары, бітістіру комиссиялары, еңбек арбитражы, еңбек заңдарына сәйкес еңбекті қорғауды қадағалайтын және бақылайтын органда) қатысады.
Алайда, бұл бір қарағанда оңай мәселе емес. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сәйкес арнайы қасиетке - құқықтық мәртебеге ие болуы тиіс. Бұл мәртебе оларға қоғамдық еңбекпен байланысты нақты құқықтық қатынастарға қатысу құқығын береді.
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады.
Құқықтық мәртебенің мазмұны келесі, негізгі элементтерден тұрады:
а)еңбек құқық субъектілігі (еңбек құқық-әрекет қабілеттілік пен деликт қабілеттілігі);
б) негізгі (статуттық) еңбек құқықтары мен міндеттері;
в) осы құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері;
г) еңбек міндеттерін бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек кұқығының әрбір субъектісінің құқықтық мәртебесін кұрайды.
2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Нарықтық экономикада қызметкердің, жұмыс берушінің өз құқықтарын жете біліп міндеттерін жауаптылық денгейінде атқаруы, жалпы еңбек тәртібін нығайтумен байланысты экономиканың өсуін және тиімділігін арттырады.
Құқық пен міндет өзара тығыз байланысты, былайша айтқанда құқық бар жерде міндет те болады. Еңбек қатынастары процесінде жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында болып тұратын еңбек дауы еңбек қатынастар субъектілерінің өз құқықтарын жете білмеуі мен міндеттерін тікелей орындамауынан немесе оған немқұрайлы қарау салдарынан болып тұрады. Мұндай жайт елдің экономикасында, тараптардың материалдық және моральдық жағына зиянын тигізетінін айтпасақ та, түсінікті.
Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1. Жұмыс берушімен еңбек кодексінде белгіленген тәртіптен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
2. бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсутісіз бірдей ақы алуға;
3. Қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
4. Егер басқа заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;
5. Демалысқа;
6. Өзінің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
7. Кепілдіктерге және өтемақы төлемдерін алуға;
8. еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
9. жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс-әрекетіне шағым жасауға;
10. біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне және т.б. құқылы.
Міндеттері:
1. еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
2. еңбек тәртібін сақтауға;
3. жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақатуға;
4. жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
5. адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлермүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6. еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
7. жұмыс берушіге келтірілген зиянды Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтеуге міндетті.
Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2. қызметкерлермен еңбек шартын Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
3. өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
4. өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
5. қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
6. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкірлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
7. еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкерлердің келтірілген зиянын өтетуге;
8. еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
9. қызметкерлерге сынақ мерзімін белгілеуге құқылы.
Міндеттері:
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақатауға;
2. жұмысқа қабылдаған кезде Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шартын жасасуға;
3. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
4. қызметкерлерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;
5. қызметкерлерге ҚР нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге;
6. қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
7. қызметкерлерді ҚР-ның еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
8. қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
9. егер жұмысты жалғастыруға қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
10. қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге және т.б. міндеттерді орындауға міндетті.
