- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
Әрбір құқық саласының, соның ішінде, еңбек құқығының да өз жүйесі бар. Еңбек құқығы саласының жүйесі - бұл оның нормаларының құрылымы және орналасу тәртібі. Бұл кезектілік еңбек құқығы қатынастарының туындау, даму және тоқтатылу барысына қарай құрылады.
Еңбек құқығы қатынастары - бұл еңбек құқығының нормаларымен реттелген еңбек қатынастары, бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қызметкердің еңбегін пайдалану жағдайлары жөніндегі заңды байланыс: қызметкер адал еңбек етуге міндетті, ал жұмыс беруші - тұрақты түрде жалақыны төлеп отыруға және еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға міндетті.
Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше бөлімдер.
Еңбек құқығы жүйесінде еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың барлық элементтеріне қатысты бар нормалар көрініс береді. Олардың жиынтығы еңбек құқығының Жалпы бөлімін құрайды. Азаматтардың еңбегін қолданудағы қоғамдық қатынастардың кейбір топтарын реттейтін құқық нормалары еңбек құқығының Ерекше бөлімін құрайды.
Еңбек құқығының Жалпы бөлімі сол саланың мәнін, әдісін және жүйесін, еңбек қатынастарын реттеудің принциптерін, еңбек құқығының қайнар көздерін, субъектілердің құқықтық жағдайларын, еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ еңбек құқығы ғылымының мәнін қамтиды. Бұл мәселелердің барлығы еңбек құқығының нақты тарауларын (институттарын) терең зерттеудің іргелі негіздерін құрайды.
Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың кейбір элементтерін реттейтін және еңбек қатынастарына қатысушылардың құқық субъектілігін белгілейтін құқықтық нормаларды қамтиды. Тиісінше, еңбек құқығы жүйесінде құқықтық институттар, яғни еңбек қатынастарын құрайтын бөліктерді реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы өзінше бөлек алынады. Ерекше бөлімге еңбек құқығының мына негізгі институттары кіреді: жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастыру, еңбек шарты, ұжымдық шарттар мен келісімдер, жұмыс уақыты және демалыс уақыты, еңбек ақы, жеке еңбек шартына отырушылардың материалдық жауапкершілігі, еңбек тәртібі, еңбекті қорғау, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің шет елдерде еңбек ету жағдайы, еңбек даулары.
Еңбек құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдері өзара тығыз байланысты, олар бірін бірі толықтырады.
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері.
Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады және оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Еңбек кодексі» еңбек құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын қайнар көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан босату (немесе қызметке қабылдау, ауыстыру, тәртіптік жаза тағайындау) туралы бұйрығы құқыққолдану актісі болып табылады.
Жалпы алғанда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар көздер жүйесін құрайды, мұнда олар өз мәні, бағыныстылығы бойынша ҚР Конституциясынан, еңбек туралы халықаралық-құқықтық актілерден және республиканың басқа міндеттемелерінен, сонымен қатар ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, ҚР «Еңбек кодексінен» және өзге де заңға сәйкес актілерден тұратын ұжымдық шарттардың нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар, әлеуметтік-әріптестік келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды.
